Әріптестің сөзін бөлу. Көпшілік жағдайларда эмоционалдық тұрғыдан ширыққан жағдайда әңгімелесушінің сөзін бөлу ашулану мен ширығудың ұлғаюына алып келеді, бұл қақтығысқа қосымша түрткі болып шығуы мүмкін. Бұл жердегі ұсынымдар қарапайым: оған қаншалықты жауап бергің келіп тұрса да, әңгімелесуші сөйлеп болғанша, күту қажет.
Әріптесті кемсіту. Түсініктеме беруді қажет етпейтін тармақ, себебі, тіпті ең салмақты адамның өзі кемсітумен байланысты жағдайларда өзін әзер ұстап қалуы мүмкін.
Әріптеске, оның сөздеріне, қылықтарына теріс баға беру. Әдеттегі нұсқа, дау жағдайында біз әңгімелесушімізге оның пікірі ештеңеге тұрмайтынын, бұл салада біз ғана маман екендігімізді, және т.б. өте жиі айтамыз. Әрине, бұл тек «отқа май құю» ғана.
Өзі мен әріптесінің арасындағы айырмашылықты баса көрсету. Күрделі жағдайларда сондай-ақ жиі кездесетін тағы бір фактор, бұл жағдайда бір немесе екі әңгімелесуші де бір-біріне «мен бұл істе әккімін», «сен үстел астына жаяу барып жүргенде, мен осы жерде жұмыс істегенмін» және осыған ұқсас бірдеңелерді айтады. Әріптеске мұндай сөздердің ұнамайтындығы түсінікті.
Ортақ іске әріптесінің қосқан үлесін кемітіп, өз үлесін арттырып көрсету. Өзін басқа біреуден азырақ істеді деп кінәласа, немесе жалпы бүкіл жұмысты дәл сол басқа біреу жасады десе, ешкімге де ұнамайды.
Ұсақ-түйек тиісулер. Проблеманы егжей-тегжейлі талдаудың орнына әңгімелесушілердің бірі екіншісін мардымсыз, ұсақ қателерде кінәлап, сол арқылы жауапкершіліктен кеткісі келетіні сирек емес.
Проблеманы шешу үшін уақыт тапшылығын қолдан жасау. Бұл тармақ әдетте әріптестердің бірі проблеманы шешкісі келмегенде көрініс береді, және ол осыны істемеу үшін сылтаулар ойлап табады. Мысалы: «Менде тек бес минут қана уақыт бар».
Әңгіме қарқынын шұғыл жылдамдату. Жағымсыз әңгімені тезірек аяқтауға тағы да бір әрекеттену.
Әріптесін толығымен түсінбеу немесе түсінгісі келмеу. Әдетте, бізді естіп, түсінгісі келмеген жағдайда, өзара құптауға болатын нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі айтарлықтай төмендейді.
Әріптеспен эмоционалдық байланыстың болмауы немесе оны жоғалту. Мұндай мінез-құлықтың ең қарапайым мысалы – бала ата-анасының эмоционалдық сөздерін елемей, сол арқылы ахуалды одан сайын ширықтыра түседі.
Әріптеспен кеңістіктік жақындықтан және көз байланысынан қашқақтау. Бұл да өмірде жиі кездеседі, әңгімелесушілердің бірі көзін аударып әкетеді де, бұл екіншісін ашуландырады, себебі, адамның тыңдап отырғандығын немесе тыңдамай отырғандығын түсінбейсің. Дәл осы әңгімеде арақашықтықты арттыруға да қатысты – бұл әңгімені жалғастыруды қаламау ретінде қабылданады.
Парақтың осы бөлігін талдап болғаннан соң, қақтығысқа арналған тағы бір ойынды өткізуге және «Ширыққан қақтығысты жағдайдағы мінез-құлық» деп аталатын парақтың екінші бөлігін қарастыруға болады. Мұнда екі маңызды мезет сипатталған. Біріншісі – әріптестің талаптарына қалай дұрыс қарауға болатындығы, адамның ашынып тұрғанын және дәл осы себептен өзін осылай ұстайтындығын түсініп, оған қалай ренжімеу керектігі туралы ұсынымдар. Бұны қақтығыстан шығудың бірінші сатысы ретінде қарастыруға болады. Екінші сатыда біз әріптеске өз ойын айтып, аздап сабасына түсуіне мүмкіндік береміз. Ары қарай біз онымен проблемамен күрестегі әріптестер екендігімізді, оған көмектесуге дайын екендігімізді және көмектескіміз келетіндігін көрсетуге тырысамыз. Егер біздің кінәмыз болса, алдымен мұны мойындап, кешірім сұрауымыз және бұдан шығатын жолды ұсынуымыз керек. Егер біздің кінәмыз болмаса, біз сонда да кешірім сұраймыз (бірақ бұл жағдайда, біз «кешіріңіз» деп айтқанда, бұл кінәны мойындау емес, жай ғана сыпайылықтың белгісі), содан кейін өзіміздің қатысымыз жоқ екендігін айтамыз да, өз көмегімізді ұсынамыз.
Осы ережелер мен ұсынымдардың барлығын толық көлемде орындау міндетті емес, нақты жағдайға бағдарлану қажет.