Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе оқу-әдістемелік құрал Алматы 2011



бет35/82
Дата15.02.2023
өлшемі303,94 Kb.
#68025
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   82
«Портье»

Ойынға бес адам қажет. Біреуі бөлмеде қалады – бұл қонақүйдегі портье, төртеуі есік сыртына шығады.


Портьеге арналған нұсқаулық: «Сен қонақүйдегі портьесің, сенде төрт орын бар: бір орын бір орындық нөмірде, бір орын екі орындық нөмірде, бір орын бөлмеде он кереует тұратын жұмыс жатақханасында және баспалдақ астындағы жиналмалы кереует. Сенің міндетің: іссапарға жіберілген төрт адамды тыңдап, содан соң олардың дәлелдемелеріне бағдарлана отырып, осы орындарды олардың арасында бөліп беру. Әрбір адамды тыңдап болғаннан кейін, сен: «Орындар 15 минуттан кейін болады. Күте тұрыңыздар!» - дейсің. Ал барлық төрт жағдайдан кейін сен кімді қайда орналастыру қажет екендігін шешесің. Өз шешіміңді параққа жазып алып, талқылаудың соңында сен бізге нәтижелерді айтып бересің де, неліктен үміткерлерді осылайша бөлгендігіңді түсіндіресің».
Есік сыртындағыларға арналған нұсқаулық: «Сендер бұл қалаға екі аптаға іссапарға келдіңдер және сендердің міндеттерің – ең жақсы орынды алу (ең жақсы орын – бір орындық нөмір). Әрқайсыңа бір орындық нөмірді нақ саған беретіндей өз дәлелдемеңді ойластыру қажет. Портье барлығыңды кезекпен тыңдап шығады да, содан соң кімге бір орындық нөмірді беретіндігін айтады».
Бұл ойын шытырман оқиғалы – «іссапарға келгендер» басқа орындар туралы білмейді және бір орындық нөмірді алу үшін өз дәлелдемелерін дайындайды. Баспалдақ астындағы жиналмалы кереует үшін көптеген дәлелдемелер жарайтындықтан, көбінесе ойынның нәтижесі олар үшін тосын болып шығады. Мысалы, біреуі өзінің тым қатты қорылдайтындығынан да оған міндетті түрде бір орындық нөмір керек екендігін айтады. Бірақ мұндай үміткерді баспалдақтың астына да, жұмыс жатақханасына да жіберуге болады, себебі, біріншісінде ол ешкімге кедергі келтірмейді, ал соңғысында қорылдауға шамасы да келмейді.
Бұл ойынның талдауы шытырмандылықты сақтау үшін мынадай бірізділікте жүргізіледі: алдымен іссапарға келгендер өздерінің нені алғысы келгендіктерін және портье оларға бір орындық нөмірді береді ме, жоқ па, қалай ойлайтындықтарын айтады. Содан соң бақылаушылар сөйлейді. Олар, барлық орындар туралы біле отырып, кімді қайда орналастыратындығына қатысты өз болжамдарын мазмұндай алады. Соңғы кезекте портье өзінің кімді қайда және неліктен орналастырмақшы болып шешкенін айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет