Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе оқу-әдістемелік құрал Алматы 2011


Жаттықтырушы өзі үйрететін нәрсенің бәрін қаншалықты меңгеруі тиіс?



бет62/82
Дата15.02.2023
өлшемі303,94 Kb.
#68025
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   82
Жаттықтырушы өзі үйрететін нәрсенің бәрін қаншалықты меңгеруі тиіс?
Жаттықтырушы үйрете білуі тиіс. Үйрете білу және өзің жасай білу дегеніміз – әр түрлі нәрселер. Құтқарушы болу үшін, өзің суға бата білудің қажеті жоқ. Құтқара білу қажет.
Тренинг дегеніміз – әрқашан жаттықтырушыны жаттықтырушы ретінде дамыту үшін себеп. Жаттықтырушы топтан оны қалай алып жүру керектігін үйренеді. Қатысушы болуды емес, топты қалай алып жүруді. Бұл үнемі жүзеге асып отырады, өйткені, әрбір топ – әрқашан жаңа.


Жаттықтырушының конспект қолдануына және тренингте жазбалар жүргізуіне болады ма?
Барлығы да болады. Көптеген жаттықтырушылар осылай жұмыс істейді және, оның үстіне, бұны дұрыс деп санайды. Бірақ мен, жазбаларды пайдалана отырып немесе әлденені – аттарды немесе қандай да бір сөздерді жазып ала отырып, жаттықтырушы ұпай жоғалтады деп ойлаймын. Негізі, жаттықтырушы топта тым болмаса үш-төрт ұпай жинауы тиіс, ал бұл үшін мүмкіндік көп емес. Олардың бірі – «тап-таза»әлденеге қараусыз, шпаргалкасыз, тағы да бірдеңесіз жұмыс істеуге әрекеттену. Әрине, сіздің үстеліңізде қандай да бір қағаздар жатуы мүмкін. Және сіз топқа тапсырма бергенде, өзіңіз осы уақытта әлденені қарап немесе оларға әлденені белгілеп ала аласыз. Бірақ топта үнемі қағаз парақтарымен отыру менің өз басыма ұнамайды. Біріншіден, бәрі жаттықтырушының есте сақтау қабілеті аса жақсы емес екендігін көреді. Екіншіден, топ: «Ол не жазып алып жатыр екен? Бәлкім, біз туралы әлдене жазып жатқан болар», - деп ойлап қалуы мүмкін. Мұндай жағдай қатысушыларды ширықтырады. Сондықтан мен мұны артық деп санаймын. Бұдан басқа, жазбаларсыз жұмыс істеу сізді қандай да бір әзірленімдерден босатады да, сіз топтағы жағдайға көбірек бағдарланасыз және шынында да әлдеқайда кәсібилене түсесіз.


Көбінесе тренинг қатысушылары өздерінің қандай да бір жағдайда дұрыс ойнағанын, немесе дұрыс ойнамағанын жаттықтырушының қалай бағалайтындығын білгілері келеді. Көбі бірден кері байланыс болуын өтінеді. Жаттықтырушы не деп жауап беруі тиіс?
Жағдайға байланысты, бірақ ешқашан баға бермеуі тиіс. Қатысушының қандай да бір жағымсыз рольді жақсы ойнағандығы соншалық, топ эмоциялармен отырып, оған артық, жағымсыз әлдене айта бастайтыны болады. Ондай жағдайда адамды қорғау қажет. Егер ол өзінің ролін жақсы ойнаса, бұл оның шын мәнінде сондай екендігін білдірмейтіндігін айтуға болады. Актерлерді мысалға келтіруге болады. Ал талқылау кезінде біз нақты адамды емес, ал жаттықтырушы одан ойнап беруін сұраған рольді талқылайтындығымызды қосып айтуға болады. Егер ол бұдан жаман ойнаса, талқылау осындай қызықты болмас еді деп айтуға болады.
Егер сізге адамды қолдау қажет болып көрінсе, «Біз мұның қалай қиын болуы мүмкін екендігін көрдік. Жарайсың, сондай жақсы ойнадың, өйткені, енді, кез келген осыған ұқсас жағдайға ұшырағанда, сен өзіңді жайлырақ сезінетін боласың. Нәтиже деген осы», - деп айтуға болады.
Күннің немесе бүкіл тренингтің соңында топқа: «Қиын жағдайларға, айтарлықтай күрделі тапсырмаларға қарамастан, сендер бүгін өте жақсы ойнадыңдар. Бұл барлығына арналған тапсырма болатын, және сендер оны жақсы орындап шықтыңдар», - деп айтуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет