Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе оқу-әдістемелік құрал Алматы 2011



бет9/82
Дата15.02.2023
өлшемі303,94 Kb.
#68025
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82
Байланысты:
психологиялық тренингтер

ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРУШІНІҢ РОЛІ


«Түсініктеме беруші де, талдаушы сияқты, топты өз еркіне жібереді, оны басқармайды және оның іс-әрекетін тым белсенді бағыттамайды. Әйтсе де, азды-көпті бірқалыпты уақыт аралықтарында ол топты жинап, осы уақыт аралығында болғанның барлығын жинақтап қорытып, түсініктеме береді. Ол толығымен топтық үдеріске бағыт ұстайды және топқа өзіндік бір айна ұсынғандай болады. Егер түсініктеме берулер тұрақты түрде болып тұратын болса, олар кідірістер кезінде 15-20 минут ішінде жүзеге асады. Олар: а) терапевттің жеке өз атынан емес, ал топ қызметінің түйінделген сипаттамасы түрінде, өз сезімдері мен бағалау пікірлерін білдірмей ұсынатын бақылаулары; б) тізімдеу және барабар түсініктік аппаратты пайдалана отырып, жіктеу; в) топта ненің және не себептен болуы мүмкін екендігі жорамалданатын ғылыми болжамдар сипатында болуы мүмкін».
Көбінесе топтағы мұндай рольді жаттықтырушы топтың қорытынды шығаруына, қандай да бір ойынды топтық талқылауды жинақтауына көмектесе отырып, орындайды. Бірақ, сонымен бір уақытта, кейде жаттықтырушының топ қатысушысы ретінде өз пікірін білдіруіне немесе қатысушылардың өткізіп алған мезеттеріне олардың назарын аударуына болады.


ДЕЛДАЛДЫҢ НЕМЕСЕ САРАПШЫНЫҢ РОЛІ


«Делдал топта болып жатқан оқиғалар үшін толық жауапкершілік арқаламайды, алайда, ол ауық-ауық іс-әрекетке араласады және, ол белгіленген мақсатқа тиімдірек жылжитындай етіп, оны бағыттайды. Делдалдың өзі аса қатыса қоймайды, өз сезімдерімен бөліспейді, бірақ кейде не істеу керектігі туралы ақыл-кеңес береді, қандай да бір іс-шараның мазмұнын айтып береді не қолайлы сәтте, мысалы, психодрамалық көрініс қоюды немесе өз сезімдерін үнсіз білдіруді ұсына отырып, қандай да бір психотерапевттік тәсілді пайдаланады. Ол қатысушыларды қадағалап отырады және талқылауды үйлестіреді; егер ол әлдекімнің өзін еш көрсете алмай немесе тіпті жай ғана сөз кезегін ала алмай жатқанын көрсе, ол топты осы адамға өз пікірін айту мүмкіндігін беруге мәжбүрлейді. Топ оны көптеген мәселелерді түсініп-білетін және ақпарат бере, әлденені түсіндіре алатын сарапшы ретінде қабылдайды. Ол өктем түрде белгілі бір шешімдерді зорлап міндеттемейді, тіпті, қағида бойынша, тұтас топ қабылдаған шешімдерді байқамағандай кейіп танытып, қабылдамайды; өз ескертулерімен ол қандай да бір мәселеге немесе затқа әр түрлі жақтан келуге көмектеседі».
Мұндай роль – тренингтік топ үшін ең құптауға тұрарлық роль: жаттықтырушы топқа тек қажет болған жағдайда ғана көмектеседі. Егер бұл нақты жағдайды жылдамырақ және тереңірек түсінуге алып келетін болса, жаттықтырушы топтың сұрақтарына жауап беруден бас тартпайды.
Бірақ шын мәнінде тренингтік және терапевттік топтардың әр түрлі мақсаттары бар әр түрлі топтар екендігін түсіну қажет. Берілген нақты топтағы тренингте қалыптасқан және топ үшін ең пайдалы нұсқа тренингте роль таңдаудың оңтайлы нұсқасы болып табылады. Роль таңдаудың топтың даму кезеңіне байланысты болатындығы түсінікті: топ неғұрлым дамуда алға жылжыса, соғұрлым жаттықтырушы енжар роль ала алады; топ неғұрлым көбірек өз жаңалықтарын ашатын болса, қорытындылары мен ережелерін тұжырымдайтын болса, соғұрлым жақсырақ болады. Егер осының бәрін жаттықтырушы ұсынатын болса, топтың онымен дауласқысы келіп кетеді, бар болғаны сол.
Топпен жұмыс жасаудың бас кезінде мұндай енжар позицияны ұстануға болмайтындығы түсінікті, өйткені бұл ширығудың үдей түсуіне алып келеді, және нәтижесінде топ жаттықтырушыға қарсы бірігуі мүмкін. Тренингте мұндай бірігу мүлдем тиімсіз.
Жаттықтырушының негізгі мақсаты – кедергі жасамау, «көрпені өзіне қарай тартпау», ал тек қана көмектесу. Жаттықтырушының ролі, қалай болғанда да, қосалқы роль екендігін түсіну қажет. Топта жұмыс жасайтын ол емес, ал топ тренингте жұмыс жасайды. Жаттықтырушы, кез келген жақсы жетекші сияқты, топты тек оған қажет болған жағдайда ғана бағыттайды. Айталық, жақсы жетекші демалысқа кеткен кезде, оның ұйымы ол жоқта тамаша жұмыс жасайды, өйткені барлық үдерістер жолға қойылған. Топта да сол сияқты.
Тренингтерде жаттықтырушы топқа бір жарым-екі сағаттық үлкен тапсырма беріп, өзі кетіп қалатын, ал топ өздігінен жұмысын жалғастыра беретін жағдайлар өте жиі кездеседі. Жаттықтырушының болуы немесе болмауы оған көмектеспейді де, кедергі де жасамайды. Жаттықтырушы қайтып келгенде, олар әлі жұмыстарын жасап, өз жобаларын жазып, отырады. Әбден қалыпты жағдай.
Осылайша, жаттықтырушының топтағы оңтайлы ролі топтың өздігінен жұмыс жасауға үдей түскен дайындығына және жаттықтырушының осы өзгерістерді байқау қабілеттілігіне, сондай-ақ оның осы үдерістерге кедергі жасамауға дайындығына сүйенетіндігі туралы айтуға болады. Жаттықтырушының ролі, топтың өздігінен жұмыс жасауға қаншалықты дайын екендіктеріне қарай, соншалықты енжар болады. Жаттықтырушы, қажет болған жағдайда, әрқашан топқа көмекгесуте дайын болады. Басқаша айтқанда, ол қандай да бір белгілі рольді орындамайды, ал топ жұмысына қарай бейімделеді.
1.4. ТРЕНИНГТЕГІ ЖҰМЫС РЕЖИМІ
Тренингтегі жұмыс режимінің белгілі бір стандарттары болады. Қазір өткізілетін тренингтердің көпшілігі екі-үш күнге созылады. Шамасы, бұл стандарттар дұрыс мән мен өмірлік жағдайлардың негізінде қалыптасқан болу керек: бір жағынан, қызметкерлерді жұмыстан тұтас бір аптаға босату мүмкіндігі жоқ, екінші жағынан, бір күннің ішінде ештеңеге үйрене де алмайсың.
Бұрын тренингтер бес күнге созылатын болған – мүмкін, бұл олардың негізінен студенттермен өткізілетіндігінен және кестеге солай қою қолайлырақ болғандықтан болар. Қазіргі уақытта бағдарламалардың көпшілігі екі-үш күнге дейін қысқартылған. Бірақ кейбір жаттықтырушылар бағдарламаны циклдарға, 1-3 күннен екі-үш циклға бөліп тастаған.
Сондықтан, бес күннен артық уақытқа созылатын тренинг өткізу пайдалы емес – жаңа ақпарат пен жаңа мақсаттардың өте үлкен көлемі. Бұдан басқа, тренинг – қатысушылар үшін айтарлықтай ауыр процедура, топқа шамадан тыс күш түсетіндігі соншалық, оларға демалу үшін бірнеше күн керек болады. Екі-үш күндік нұсқаның жақсы жағы – тренингтен кейін іле-шала, эмоционалдық өрлеу жағдайында, қатысушылар бүкіл жұмыс аптасында жақсы жұмыс істеуге қабілетті болады. Көбінесе тренингтің демалыс күндері – сенбі және жексенбіде өткізілетіні болады, ал дүйсенбі күні барлығы жұмысқа шығулары және келесі демалыс күндеріне дейін жұмыс жасап шыға алатындай жағдайда болулары керек.
Кейде төрт күндік тренингті екі күннен, демалыс күндеріне екі кезеңге бөледі. Нәтижесінде қатысушылар үш апта демалыссыз жұмыс істейтін болып шығады, яғни, олар өздерінің жұмыстарында бес күн жұмыс істеп, содан соң екі күн тренингте, келесі аптада бес күн жұмыста және екі күн тренингте болады. Және дүйсенбіден бастап олар тағы да бес күн жұмысқа баратындығын есте сақтау керек, ал бұл – өте үлкен жүктеме.
Екінші жағынан, егер тренингті екі күн өткізіп, содан соң екі немесе үш аптадан кейін тағы да екі күн өткізсе, бұл да онша жақсы емес, өйткені осы кезеңдердің арасындағы байланыс жоғалады. Бірақ, әрине, тапсырыс берушінің де пікірін есепке алу қажет, сондықтан әр түрлі нұсқалардың болуы ықтимал. Аптасына бір күннен үш рет өткізгеннен гөрі үш күн қатарынан өткізу артығырақ деген қағидатты ұстанған дұрыс. Бірақ, сонымен бір уақытта, тренингтен соң жұмысқа барғанда тіпті мүлде жұмыс істей алмайтындай шаршағандықтарын айтпау үшін, топты тым қатты қалжыратуға да болмайды.
Тренингтің ең аз ұзақтығы – бір күндік тренинг, яғни, он академиялық сағат. Әрине, бүкіл бағдарламаны бір күнге сыйғызу өте күрделі, бірақ кейде тапсырыс берушінің шарттары осындай болады – тек қана бір күн. Бір күн ішінде, қалай болғанда да, қандай да бір нәтижеге қол жеткізуге болады. Бір күннен аз болса – ол тренинг емес, ал бар болғаны тренинг элементтері бар сабақ қана. Онда ол мүлде үш-төрт сағат қана болуы мүмкін. Әлденені айтып, бір-екі ойын өткізуге болады. Көбінесе бұл – жарнамалық немесе демонстрациялық деп аталатын тренинг, бірақ оның мақсаты басқа – қызығушылық тудыру және сонымен бір уақытта сол пайда үшін тренингтің өзіне келулері үшін әлі көп пайдалы нәрсеге үйренуге болатындығын ұғындыру.
Тағы бір нұсқа – тренинг күніне 2-4 сағаттан, аптасына бір немесе екі рет өткізіледі. Осылайша, тапсырыс берушінің тілегі бойынша, тренинг, мысалы, жұмысқа дейін немесе одан кейін қатар келмейтін бірнеше күн бойы өткізілуі мүмкін. Әрине, бұл екі немесе үш күн қатарынан өткізгеннен гөрі әлдеқайда жаман. Алайда, егер тапсырыс беруші тек осындай нұсқамен келісетін болса, онда келісуге тура келеді. Бірақ топтың әлдеқайда жаман жұмыс істейтіндігін түсіну қажет. Өйткені әрбір сабақта жарты сағат немесе тіпті бір сағат уақытты топты «сергітуге» жұмсау қажет, және жұмыс істеуге бар болғаны бір-бір жарым сағат қана уақыт қалады. Келесі жолы дәл солай. Оған қосымша, егер тренинг таңертеңнен басталатын болса, барлығының дерлік ұйқылары келіп тұрады, ал егер кешке болса, барлығы жұмыстан кейін шаршаңқы болады. Бірақ тіпті осындай жағдайда да жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады, және осындай тәртіпте қайсыбір уақыт жұмыс істеп, тапсырыс берушіні оқытып-үйретудің басқа тәртібіне көндіруге болады. Мысалы, аптасына бір рет бір күннен үш кезең немесе тіпті екі аптада бір рет. Бұл демалыс күндері (аптасына бір күннен) немесе екі демалыс қатарынан болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет