Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе оқу-әдістемелік құрал Алматы 2011


БЕЛСЕНДІ ЛИДЕРДІҢ, ЖЕТЕКШІНІҢ РОЛІ



бет8/82
Дата15.02.2023
өлшемі303,94 Kb.
#68025
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82
БЕЛСЕНДІ ЛИДЕРДІҢ, ЖЕТЕКШІНІҢ РОЛІ


«Жетекші адамдардың белсенділігін анықтайды, олардың іс-әрекеттерін бағыттайды, түсіндіреді, ұғындырады, жетекшілік етеді, басқарады, қалғандарын үйретеді. Бұл роль туралы мұғалімнің, нұсқаушының, режиссердің, бастамашының және қорғаушының ролі ретінде айтуға болады. Жетекші өзінің билігін ашық көрсетеді. Ол оны топ мүшелеріне үнемі ықпал етіп отыру үшін пайдаланады: оларды әлденеге итермелейді, қорғайды, қолдайды, сынайды және еліктіреді. Осының бәрі топтың өз жетекшісінен күтетін және тым болмағанда бас кезінде оны көргісі келетін рөлдері. Осылайша басқарылатын топта пациенттер терапевтке көбінесе нұсқау, қолдау және кеңес алу үшін жүгінеді, олар оның пікірін білгісі келеді және оған өте тәуелді болады».
Тренингтік топтарда мұндай тәсіл тек тренингтің ең бастапқы кезінде, оның өзінде ең жұмсақ түрінде кездесуі мүмкін. Әйтпеген жағдайда, топ үнемі нұсқау, бағалау, кеңес алу үшін жаттықтырушыға жүгініп, үнемі одан «дұрыс» мінез-құлықты айтып жіберуін өтінетін болады, және өздіктерінен әрекет етушіліктерін толығымен жоғалтады. Мұндай позиция жаттықтырушының өзі үшін де қауіпті – беріліп кетіп, барлығын үйретіп, жөн сілтейтін, нәтижесінде бәрін басқаратын «гуруға» айналып кетуі мүмкін.
ТАЛДАУШЫНЫҢ РОЛІ


«Психоаналитикалық бағыттағы психотерапияның әр түрлі нұсқаларында, мысалы, аналитикалық топтық психотерапияда, топтық психоталдауда және т.б. терапевт әке мен шешеге деген инфантильді, оң болсын, теріс болсын, сезімдерді тасымалдауды жүзеге асыру үшін үнемі басы-қасында болуы керек. Сондықтан ол пациенттер үшін кіршіксіз таза ақ қағаздай болуға міндетті. Ол өзін әбден бойкүйез ұстайды, бәрін енжар тыңдайды, өзін еш жағынан көрсетпейді, ештеңеге кеңес бермейді, ештеңені сынап-мінемейді, өз сезімдері мен бағалауларын еш көрсетпейді. Талдаушы пациенттер үшін таныс емес тұлға, жұмбақ, қиял, мызғымас және жайдары жан болып қалуы тиіс. Пациенттер оның алдында отбасылық қатынастардың әр алуан түрлерін көрсетуі, оларды көрсету үшін (тәжірибе жүргізілетін ретінде) қажетті материал ретінде пайдалануы мүмкін болса да, оның өзі ештеңеге араласпайды, оның жеке тұлғасы оларға мүлде таныс емес».
Жаттықтырушының топтағы мұндай мінез-құлқы топ өздігінен жұмыс істеуге қабілетті болғанда ғана мүмкін болады. Тренингтің бас кезінде жаттықтырушының мұндай мінез-құлқы тек топтың наразылығын тудырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет