Сабақ құрылымы мен жіктелуі. Психология оқыту әдістемесі пәні бойынша сабақ жоспарын дайындау ерекшеліктері.
Сабақ құрылымы деп сабақтың барысында (45 минут) оның құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады. Бұл элементтерге мыналар жатады: сабақтың басталуын ұйымдастыру, сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою, түсіндіру, бекіту, қайталау, үйге тапсырма беру, сабақтың қорытындысын шығару. Сабақтың типі құрылымдық бөліктерінің бар болуымен және олардың дәйектілігімен белгіленеді.
Сабақтың жіктелуі :
1. Алғашқы сабақ - әр пәннен оқу жылының басында өтетін сабақтар.
2. Кіріспе сабақ - бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарынан кейін өтетін бірінші сабақ.
3. Жаңа білімді меңгерту сабағы - жаңа оқу материалы өтетін сабақ.
4. Пысықтау сабағы - өткен оқу материалын пысықтау сабағы.
5.Жаттығу сабағы - оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
6.Тәжірибелі сабақ - оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын көрсететін сабақтар.
7. Қайталау-қорыту сабағы - өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды қайталау-қорыту сабақтары.
8. Тексеру сабағы - оқушылардың білімін тексеретін сабақтар.
9. Білім сапасын бағалау сабағы - оқушылардың алған білімін бағалау сабақтары.
10. Қорытынды сабақ - оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын қорыту сабақтары.
Достарыңызбен бөлісу: |