«психологияны оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары


Орта кәсіби білім беру ұйымдастырудағы пән бойынша бақылаудың формалары: емтихан, коллоквиум, жобалау жұмыстары т.б



бет13/92
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#14181
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   92
Байланысты:
Психологияны окыту адистемеси Исатаева (1) (Автосохраненный)

Орта кәсіби білім беру ұйымдастырудағы пән бойынша бақылаудың формалары: емтихан, коллоквиум, жобалау жұмыстары т.б.

Бақылау көрсеткіштері оқу нәтижесін талдау үшін басты себебі болып табылады. Бақылау мәлеметтері білім алушының іс-әрекет бағасын және нәтижесін қарастырып қана қоймай және де барлық білім беру мекемесінің оқу-тәрбиелік жұмысының жағдайын талдайды. Бақылау білімалушының тұлғалық, оның танымдық қабілеттерінің дамуы үшін үлкен мүмкіндіктер береді. Бақылау түрлеріне қарай: бастапқы, ағымдық, аралық, қорытынды болып бөлінеді.

Бастапқы (диагностикалық) бақылау білім беру процесін табысты басқару үшін қажет. Білімалушының бастапқы даярлық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, соның негізінде оқу материалының рұқсат етілген күрделілігін бағыттайды. Бастапқы бақылаудың талданған деректері оқытушыға оқыту әдістемесіне, дидактикалық материалдарға және т.б. өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.

Ағымдық бақылау оқу материалын меңгеру барысы мен сапасы жөнінде үздіксіз ақпарат алуға, оқу процесіне жедел түрде өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.Ағымдық тексеру – бұл тексеру емес, бұл оқыту, өйткені ол оқу материалын қайталау, шоғырландыру және талдаумен байланысты.

Аралық (мезгілдік) бақылау пән бойынша (тарау, тақырып, модуль және т.б.) үйренушілердің оқу материалын қандай деңгейде меңгергендігін анықтауға мүмкіндік береді. Әдетте оны семестрде 1-2 рет өткізеді.Аралық бақылау түрлері: коллоквиум, бақылау тапсырмалары, реферат, сызба жұмыстар, бақылау жұмыстары. Онда ағымдық бақылау мәліметтері де ескеріледі.



Қорытынды бақылау пәндер тізімі немесе белгілі бір оқу пәні бойынша білімнің қорытынды нәтижелерін анықтайды.Қорытынды бақылау – біріктірмелі. Ол курстан курсқа ауыстыруда және семестрлік емтихан, мемлекеттік емтихан, дипломдық жобаны қорғауда және т.б. жүзеге асырылады.

Емтихан – студенттердің білімін қорытынды тексерудің және бағалаудың арнаулы формасы. Ол (1944 жылдан енгізілген) студенттердің білімін жинақтауға және бір жүйеге келтіруге, оларды оқу жылы бойынша оқуға ынталандырады, оқу жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестік шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет