«психологияны оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары


Семинар сабағын өткізудің тиімділігінің негізгі шарттары мен сипаттамасы



бет21/92
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#14181
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   92
Байланысты:
Психологияны окыту адистемеси Исатаева (1) (Автосохраненный)

Семинар сабағын өткізудің тиімділігінің негізгі шарттары мен сипаттамасы: дәріс курсы мен семинар сабағының бірізділікте болуы; семинар сабағының жоспарының болуы; студенттің белгілі бір тақырыпты терең игеруіне қатысты кеңес беру үшін оқытушының әдебиеттерді көп білуі; семинар сабағында студенттер жұмысына қатаң бақылау жасау; уақытты орынды пайдалану; студенттердің жауабын толықтырып, әр сұрақтан кейін қорытындылап отыру.

Семинар сабағын бағалау критерийлері: Мақсатқа бағытталуы:проблема қою, болашақ кәсіби қызметтің материалын пайдалана отырып, теорияны практикамен байланыстыру. Жоспарлау: профильдік пәндермен байланысты негізгі сұрақтарды белгілеу, әдебиет тізімінде жаңа оқулықтардың болуы. Семинарды ұйымдастыру: пікірталасты тудыру және оны өрбіту іскерлігі, барлық жауаптар мен баяндамаларды талдау, оқу уақытының пікірталаспен толықтырылуы, оқытушының өз іс-әрекеті. Семинарды өткізу стилі: қызу пікірталас тудыратын ұтымды сұрақтар қою, ойды да, қызығушылықты да оятпайтын пікірталас. «Студент-оқытушы» қарым-қатынастары:құрметпен қарайды, талап қоятындай, бейтарап. Топты басқару: студенттермен байланысты тез орнатуы, топта өзін сенімді ұстауы, студенттермен әділ және орынды әрекеттесуі, керісінше, өктем дауыс, жұмыста көшбасшыларға сүйенуі, басқа студенттерді енжар қалдыруы. Оқытушының ескерту жасауы: білікті, жалпы немесе ескертулер жасамайды. Студенттердің семинарда жазып алуы: күнделікті, сирек, жазбайды. 




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет