«психологияны оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары


++++ Арнайы құралдарды пайдалану арқылы психологиялық сабақтарды ұйымдастыру сипаты



бет18/92
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#14181
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   92
++++

  • Арнайы құралдарды пайдалану арқылы психологиялық сабақтарды ұйымдастыру сипаты.

    Арнайы құрал-жабдықтарды қолдану арқылы зертханаларда өткізілетін психология сабақтарының түрлері: практикум; зертханалық жұмыстар; тәжірибелер жасау. Зертхана-практикалық сабақтар, практикумдар – оқушылардың мұғалімдер тапсырмалары жəне басшылығында зертханалық  тəжірибе жұмыстар орындауына арналған оқу ұйымдастыру формасы. Бұл оқу түрі пəн кабинеттерінде , зертханаларда, шеберханаларда, оқу-тəжірибе алаңдарында, оқушылардың өндірістік бригадаларының қатысуымен өндіріс комбинаттарында өткізіледі. 

    Зертханалық жұмыстар - студентке психикалық құбылыстарды, топтағы адамдардың қарым-қатынастарының әлеуметтік-психологиялык механизм ерекшеліктерін, т.б., анықтауға көмектеседі. Зертханалық жұмыстардың негізгі мақсаты психологияны ғылым ретінде танып-білудің негізгі ғылыми жолдарына үйрету. Дәрісте тыңдалған немесе негізгі әдебиеттен оқылған ғылыми ойлар зерттеулер арқылы тексеріліп, студенттің жеке тәжірибесімен бекітілгендіктен, жақсырақ меңгеріледі. Зертханалық жұмыстар арқылы студент тек теориялық жағдайды ғана емес, сонымен қатар кейіннен оның жеке бөліктерден құралған тұжырымдалған теорияға айналуы үшін, шынайы зерттеу негізінде қалай алынатындығын біледі.

    Зертханалық жұмыстардың негізгі максаты студенттерді психологияны танып-білуге және олардың өмірлерінде, практикалык әрекеттілігінде ұшырасатын адамдардың психологиялық ерекшеліктеріне зерттеушілік тұрғысынан келуге үйрету, Осыдан психологиялық зерттеудің әртүрлі әдістерін шыңдауға бағытталған тапсырмалар шығады: сауалнама, тестілеу,зерттеулік әңгімелер мен сұхбат жүргізу, сандық мәліметерге, видеоларға талдау жасау, жеке және топтық эксперименттерді ұйымдастыру, алынған мәліметтердің психологиялык интерпритациясы, т. б. Лабораториялық сабақ - оқу-зерттеу қызметі кезіндегі студенттердің теориялық-әдістемелік білімдері мен тәжірибелік ептіліктерін қосрлайтын оқытуды ұйымдастырудың формасы.




    1. Семинар сабақтары, практикалық сабақтың бір түрі ретінде және оның тарихы. Семинардың мақсаты мен педагогикалық міндеттері. Семинардың дидактикалық міндеттері. Семинарды даярлау және өткізу кезіндегі оқушы қызметінің мазмұны.

    Семинар — практикалық оқу сабақтарының бір түрі.

    Семинар- оқу процесін ұйымдастырудың күрделі және көп еңбектенуді талап ететін нысаны, себебі оның нәтижелі өткізілуі тек қана оқытушыларға ғана тәелді емес, көбінесе студенттердің сабаққа өзінше дайындалу дәрежесі мен зор ынта қоюына және олардың белсенділік көрсетуіне тығыз байланысты болды.

    "Семинар" сөзі латынның "seminarium" – егу дегенді береді. Білімді «егуші» мұғалім өз оқушыларына пікірін, білімін береді деп ауыспалымағынада қолданылған. Ежелгі грек және римдік мектептерде семинарлар пікірталас, оқушылардың баяндамасы, оқытушылардың қорытындысы түрінде қолданылған. XVII ғ. бастап оқытудың бұл формасы Батыс Европада, ал XIX ғ.-дан ресейлік және қазақстандық университтетерінде таралған. 



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   92




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет