«психологияны оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары


Психологияны оқытуда белсенді әдіс тәсілдердің қолданылуы. Әдістерді таңдау мен жүргізу



бет17/92
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#14181
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   92
Психологияны оқытуда белсенді әдіс тәсілдердің қолданылуы. Әдістерді таңдау мен жүргізу

Оқытудың белсенді әдістері – студенттерді оқу материалын меңгеру процесінде белсенді ойлау және практикалық іс - әрекетке жұмылдыратын әдістер. Оқытудың белсенді әдістері оқытушы мазмұндайтын дайын білімді игеру және оларды қайталау әдістері жүйесін пайдаланудан тұрмайды. Ол ең алдымен белсенді танымдық және практикалық іс - әрекеті процесінде студенттердің білім мен шеберлікті дербес меңгеруіне қатысты болады.

Оқытудың белсенді әдістері ерекшеліктері :

1. Білімді берік, саналы меңгеруге жеткізетін практикалық және ойлау іс - әрекетінің бірлестігі;

2. Танымдық іс -әрекетінің белсенділігі үшін жағдай туғызады;

3. Дәлелдік (себептік) дәрежені көрсетеді;

4. Таным процесі сезімдік және ақыл – ой нәтижесін береді;

5. Таным процесінде жетекшілік етудің әкімшілік стилін теріске шығарып, оқушының студенттермен іскерлік негізіне байланыс орнатуды негіздейді;

6. Шығармашылдықтың жоғары деңгейінде дамуын қамтамасыз етеді;

7. Оқытудың белсенді әдістерін студенттердің өзін - өзі басқару тәрбиесін жинақтауына әсерін тигізеді.

Оқытудың белсенді әдістерін топтастыру. Оқытудың белсенді әдістері оқу процесінің әр түрлі кезеңдерінде пайдалануы мүмкін. Білімді тұңғыш игеру кезінде, білімді бекіту және жетілдіру кезінде, шеберлік пен дағдыны қалыптастыру кезінде. Оқытудың меңгерілген әдістерін белсенді және белсенді емес деп бөлуге болмайды. Танымдық іс-әрекет белсенділігінің алуан түрлі тәсілдерін пайдалана отырып, оқытушы студенттердің танымдық белсенділігін көтеруге қол жеткізеді.

Оқытудың белсенді әдісі мен түрлеріне мынаналарды жатқызуға болады: іскерлік ойындар, проблемалық, студенттердің баяндамалары мен ақпараттық хабарлары, кері байланысты дәрістер, дәріс – диалог, тренинг, дөңгелек столдар, пікірталас, ұжымдық - танымдық, оқу және т.б.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет