«психологияны оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары


Психология бойынша практикалық сабақтарды ұйымдастыру мен жоспарлаудың әдістемелік аспектілері



бет25/92
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#14181
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   92
Психология бойынша практикалық сабақтарды ұйымдастыру мен жоспарлаудың әдістемелік аспектілері

ЖОО-да оқу процесінде практикалық сабақтар (ПС) өткізіледі. Олардың қызхметі – пәнді терең зерттеу. Олардың формалары әртүрлі болып келеді: тіл сабақтары, лабораториялық (зертханалық) сабақтар, семинар сабақтары, практикумдар. ПС студенттердің практикалық міндеттерді шешу үшін алынған білімін қолдану дағдысын қалыптастыруда ерекше орынға ие. ПС-дың мақсаты – дәрісте жалпыланған формада алынған білімді тереңдету, кеңейту, бөлшектеу және кәсіби іс-әрекеттің дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау. Олар ғылыми ой және сөзді дамытады, студенттердің білімін тексеруге мүмкіндік береді және кері байланыс құралы болып табылады. ПС-дың жоспары дәріс курсының жалпы идеяларына және бағытына сәйкес құрылады. ПС-дың әдістемесі әртүрлі, ол оқытушының жеке ерекшелігіне байланысты болып келеді. Дәріс жэәне ПС аралығында студенттердің өздік жұмысы жоспарланады. ПС-дың құрылымы көбінесе бәріне ортақ: - оқытушының кіріспе сөзі;- белгісіз, анық емес материал бойынша студенттердің сұрақтарына жауап беру;- практикалық бөлімі (реферат талдау, пікірталас, есеп шығару, баяндамалар, жаттығу жұмыстары, бақылау, эксперимент және т.б.);- оқытушының қорытынды сөзі.Бұнда жеке тұрғыдан келу және педагогикалық қарым-қатынас ерекше мәнге ие. Студенттер өз мүмкіншіліктерін, қабілеттерін, тұлғалық әлеуетін ашуға мүмкіндік алуы тиіс.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет