«психологияны оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары


Педагогикалық бағалау жүйесінің әдіснамалық негізі ретінде



бет33/92
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#14181
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   92
Педагогикалық бағалау жүйесінің әдіснамалық негізі ретінде В.П. Беспальконың критериалдық-бағдарлы оқыту технологиясы шыққан . Оның критериалды бағалау теориясындағы негізгі ережелер дәстүрлі білім беру процесінде оқу шарттарының параметрлері әрдайым тіркелген (барлығына бірдей оқу уақыты, ақпаратты беру амалы және т.б.), ал тіркелмеген болып оқу нәтижелері қалуда жүргені негіз ретінде алынған.


  1. Психологиялық бақылаудың қызметтері.

. Диагностика (гректің "айқын", "анық" білім деген мағынада қолданынады). Диагностика - зерттелетін объекті немесе үрдіс туралы алдын-ала ақпарат алудың жалпы тәсілі. Психология ғылымында кеңінен таралған негізгі диагностикалық әдістерге бақылау және эксперимент жатады. Бақылау адамның психикалық өмірін зерттеу әдісі ретінде психологияда жиі қолданылады. Бақылаудың көмегімен жеке психикалық үрдістерді (ес, зейін, ойлау), жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін зерттейді, олар сырттай әртүрлі адамзаттың іс-әрекеттері (еңбек, оқу, ойын), психикалық қалпы (көңіл-күй, эффект) түрінде аңғарылады. Бақылау әдісі адамның психикасының, сыртқы көрінісін зерттеу табиғи өмір жағдайында іске асады. Зерттеуші адамдардың іс-әрекеті мен қылықтарын бақылау арқылы олардың психикалық өмірінің ерекшеліктері туралы бағалай алады, демек, сыртқы объективтік факторлардан адамның ішкі субъективтік дүниесін түсінуге бағытталады. Психологиялық бақылау мақсатты болуы қажет: бақылаушы кімді не үшін бақылайтынын нақтылы білуі және түсінуі керек. Олай болмаса, бақылау кездейсоқ деректерді жинақтауға айналады. Психологиялық бақылау белгілі жоспармен немесе бағдарламамен жүргізілуі тиіс. Бақылау бағдарламасы бақылаушыны күні бұрын дайындалған зерттеу мәселелері және деректермен қамтамасыз етеді. Белгіленген жоспарсыз немесе бағдарламасыз бақылаудың негізгі бағыты жойылады, соның салдарынан адамның психикалық іс-әрекетінде негізгі және маңызды жағы назардан тыс қалуы мүмкін. Бақылауды бір жүйелі жүргізіп отыру керек. Бір жүйелі бақылау бақылаудың тұрақты жағдайын сақтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар бақыланатын деректердің арасында тығыз байланыс жасауға жағдай тудырады.Психологиялық бақылау, ереже бойынша, ұзақ уақытты қажет етеді. Бақылау неғұрлым ұзақ мерзімге жүргізілсе, соғұрлым бақылаушы мол деректер жинақтауға мүмкіндік алады, яғни тереңірек және сенімдірек психологиялық қорытынды жасайды. Көп жағдайда ұзақ мерзімді бақылау шәкірттердің жас ерекшеліктерін зерттеуде қолданылады, мәселен, тілі мен ойлауын дамыту ерекшеліктері, эмоциялық ерекшеліктері мен ерік-жігер іс-әрекеттері, қызығуы мен бейімділігі, мінез бітісі мен қабілеттілігі




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет