Тестілеу. Рейтинг. Бағалау және баға. Психологиялық бағалауды ұйымдастырудың әдістемелік негіздері.
Тест сөзі ағылшын тілінен аударғанда «сынақтан өткізу», «тексеру», «зерттеу» деген мағынаны білдіреді. Ең алғаш рет оқушылардың білімін тексеру үшін тестіні ағылшын педагогы Дж. Фишер 1864 жылы қолданды. Тест – адамның ақыл - ой дамуын, қабілеті мен ерік қасиеті т.б. психофизиологиялық сипаттарын сынауға арналып, қалыпқа түсіріліп жасалынған (дайындалған) тапсырмалар жиынтығы.
Ал педагог ғалым В.П.Беспалько білім стандарты туралы ой тұжырымдамаларында оқушылардың игерген білім сапасын тексеру мәселелерін зерттей келе тестке мынадай анықтама берген. “Белгілі дәрежедегі іс әрекетті орындауға арналған тексеру, тапсырмаларын қамтитын білімді игеру сапасының нақты бағасын анықтау құралы тест болып табылады”.
Аралық бақылау - пән бойынша бір бөлімді (модульді) аяқтағаннан кейін жүргізілетін оқу жетістіктерін бақылау түрі болып табылады. Академиялық кезеңнің бір пән шегінде 2 реттен кем өткізілмейді (теориялық оқытудың 8-ші және 15-аптасында).
Бағалау — оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Бағалау, көбінесе, баға қоюдың синтездік түрі (1-ден 5-ке дейінгі ранг) арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |