«психологияны оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары



бет40/92
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#14181
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   92
Байланысты:
Психологияны окыту адистемеси Исатаева (1) (Автосохраненный)

Білімді толық меңгеру үдерісін басқару теориясын (В.С. Библер) және педагогикалық шығармашылық теориясы (В.И. Загвязинский, В.А.Кан-Калик) психологияны оқытуда пайдалану

Педагогикалық іс-әрекет кез келген әрекет сияқты сандық қана емес, сонымен қатар сапалық ерекшелікпен сипатталады. Мұғалім еңбегінің мазмұны мен ұйымдастырылуын өз іс-әрекетіне шығармашылық қарымқатынасының деңгейі негізінде ғана анықтауға болады. Педагог ісәрекетінің шығармашылық деңгейі өз мүмкіндіктерін алға қойған мақсатқа жету үшін қолдануынан көрінеді. Сондықтан педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық ерекшелігі оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Ғылым, техника, өнер сияқты сфералармен салыстырғанда педагог шығармашылығының мақсаты жаңа бір бағалы, әлеуметтік құндылықты құру емес. Шығармашылықпен жұмыс істейтін педагог, оның ішінде жаңашыл педагог өзінің педагогикалық жүйесін құрады. Педагогтың шығармашылық потенциялы жиналған әлеуметтік дағдымен, психологиялық және педагогикалық білімімен, жаңашылдығымен қалыптасады. Тәжірибеде дәлелденуі бойынша жоғары мамандырылған, білімін, мамандық квалификациясын жоғарлатып отыратын мұғалімдер ғана шынайы педагог бола аллады. Педагогикалық шығармашылықтың көріну саласы педагогикалық ісәрекеттің негізгі компоненттерінің құрылымымен анықталып, оның барлық жақтарында: жоспарлауда, ұйымдастыруда, жүзеге асырылуда, нәтижені талдауда көрінеді. Қазіргі ғылыми әдебиетте педагогикалық шығармашылық өзгермелі жағдайларда педагогикалық міндеттерді шешу процесі ретінде қарастырылады. Әр түрлі көптеген мәселелердің шешілуіне назар аударсақ мұғалім де басқа да адамдар сияқты өз қызметін белгілі бір эвристикалық ережелерді ізденуімен жүзеге асырылады, мысалы: педагогикалық ситуацияны, берілген ақпараттар бойынша нәтижені талқылау және алынған нәтижелерді бағалау арқылы, сонымен қатар жаңа мәселені қалыптастыру арқылы. Бірақта педагогикалық қызметті тек педагогикалық мәселелерді шешумен ғана шектелмейді, ол өзінің шығармашылық қызметінде танымдық, эмоционалды-еріктік, мативациялық сияқты тұлғалық компанентерді көрсетеді. Педагог шығармашылығы коммуникативті міндеттерді шешуде де көрінеді. В.А.Кан-Калик мұғалімнің шығармашылық әрекетінің логикалық-педагогикалоық аспектісін және субъективті-эмоционалды жағдайларымен қатар, ситуативті міндеттерді шешуде көрінетін коммуникативті іскерліктерді нақтылайды. Бұндай іскерліктердің алдыңғы қатарына өзінің психикалық және эмоционалды жағдайын басқару, әр түрлі тәсілдерді қолдана отырып назарды өзіңе қарата білу жатады. Шығармашылық адамды жеке бастық іскер сапалар, яғни оның креативтілігін сипаттайтын сапалар көрсетеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет