«психологияны оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары


Мектеп психологиялық жүйе және ғылыми басқару нысаны ретінде



бет42/92
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#14181
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   92
Мектеп психологиялық жүйе және ғылыми басқару нысаны ретінде.

Мектеп - педагогикалық жүйе жəне басқару нысаны. Педагогикалық жүйе өз бетімен дамып, басқарылады жəне бірнеше компоненттерден құралады. Педагогикалық жүйені басқару ол, біріншіден, оның толықтылығын сақтайды. Екіншіден, басқа жеке компоненттерге əсер етеді жəне өзгеруіне ықпалын тигізеді. Педагогикалық жүйенің реттелуі осылайша жалпыламалық қажеттілігін  қанағаттандыру  үшін,  көздеген  мақсатқа  дəл  көрсетілген   уақытында   жетуі тиіс. Осы мақсат педагогикалық жүйенің мазмұнын ашады. Басқа жүйе сияқты педагогикалық жүйеде жеткен жетістіктеріне байланысты мазмұндалады. Мектепті педагогикалық жүйенің басқару нысаны ретінде қарастыру басқару қызметінің ұстаздарға, қызметкерлерге, оқушыларға көзделген мақсатқа жету үшін түрлі əдіс-тəсілдердің қолданылатындығын білдіреді. Мұндай жағдайда педагогикалық жүйе өз көздеген мақсатына жетеді жəне компоненттерімен жаңарып отырады . Педагогикалық жүйеде ең маңызды жүйе қалыптастырушы фактор болып ұстаз бен қатысушылардың, баланың жеке басының өсуіне, өзін-өзі тануы мен дамуына негізделген.

Мектептің психологиялық қызметінің міндеті оқушыларды таңдап алу емес, оқушылар жəне сынып ұжымы жайлы психологиялық ақпараттарды олардың оптимальды дамуын жандандыруға жағдай туғызу. Педагогикалық жүйе ретінде мектепті басқару барысында, бір жағынан, оның тұтастығын сақтауға, екінші жағынан- ондағы жүйе бірліктерінің əрекеттеріне ықпал жасаумен оларды өзгертіп, реттеуге мүмкіндік беруі қажет. Педагогикалық жүйенің өзіндік қызметтері қоғам қажетінен туындаған мақсаттардың дəл мезетінде орындалып баруына бағытталуы қажет. Мақсаттар мектептің педагогикалық жүйесінің мазмұнын айқындайды, ал сол мазмұнның іске асырылуы, өз кезегінде көптеген , əрқилы əдістер мен формаларды ойластыруды керек етеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет