ХХ ғасырдың екінші жартысында психологияның оқыту әдістемесі пәнінің даму жағдайлары
Психологияны оқыту мыналарға бағытталады:
Жеке тұлғаның қабылдау мүмкіндіктері мен басқа адамдардың іс-әрекетін игеру.
Адамға өзін-өзі өзгерту мүмкіндігін қалыптастыру.
Пәннің мақсаты:Психология пәнін үйрету сапасын психологтың әртүрлі ортадағы іс-әрекетіне байланысты көрсету.
Пәннің міндетті:Студенттерге психология нәнінің ерекшеліктерін үйрету. Студенттер педагогикалық процесті басқарумүмкіндіктерін қалыптастыру. Студентке педагогикалық қабілетін жетілдіру. Ағарту іске қабілетін дұрыс ұйымдастыруталабын дамыту. Студенттерге профисионалдық білімді жетілдіруге және өз-өзін тәрбиелеуге көмектесу.
Сонымен қатар «психологияны оқыту әдістемесі» психология ғылымының негізгі базалық саласына жатады және «психологияны оқыту әдістемесінің» пәні білім беру (оқыту мен тәрбие) үрдісін ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтары, құралдары мен тәсілдері болып табылады.Психология пәнінің оқытушысы психология ғылымының теориясын ғана емес, тәжірибесін де меңгеруі қажеттігі психологияны оқыту әдістемесі пәнінінің негізін құрайды. Психология пәнінің оқытушысы үшін студенттерге психологиялық білімді берудің әдістері мен тәсілдері, құралдары мен мүмкіндіктері өте мол. Осыларға оқытушының педагогикалық бай тәжірибесі мен тұлғалық сапалары, ізденімпаздық талабы мен шығармашылық қабілеті үйлесіп жататын болса, ондай оқытушы тек пән оқытушысы ғана болып қалмай, психолог маман ретінде де қалыптасып, өзінің жеке әдістемелік іскерлігін дамытуда биік деңгейлерге жете алады.
Ақыл-ой әрекеттерін сатылы қалыптастыру теориясы /П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина/. Психологияны оқыту әдістемесінде ақыл-ой әрекетін сатылы қалыптастыру териясын жүзеге асыру жолдары Психологияны оқытуды үйретуде оқытушылардың алдындағы кезек күттірмейтін міндет - студенттің оқу іс-әрекетін қалыптастыру. Өз бетімен оқуға үйренбей, "өз ақылымен өмір сүруді"меңгермей студент жылдық білімді үнемі мұғалімнен алуға үміттенеді, ғылыми ойларды кітаптан жаттап, механикалық есте сақтауға бағытталады да, мұны практикалық жұмыста қолдануға ешқандай да қадам жасамайды. Бұл оның психологиялық тұрғыда ойлауына, адамдармен сауатты қарым-қатынас құруына кері әсерін тигізеді.Кеңестік психологияда аталған мәселені қарастыруда 50-жылдары П. Я. Гальперин мен Н.Ф.Талызина ақыл-ой іс-әрекетінің қалыптасу процесін зерттеумен айналыса бастады. «Сырткы, адам санасынан тыс тұрған дүние қалай ішкі ақыл-ой болып қалыптасып, оның санасының кажеттілігіне, ақылының меншігіне айналады?" - деген суракка жауап іздеу П. Я. Гальперинді ақыл- ой іс-әрекетін жоспарлы түрде кезең бойынша қалыптастырудың тұжырымдамасын біртіндеп құру туралы қорытындыға әкелді. Бұл тұжырымдама жалпы психологиялық маңызға ие. Бұл адам эволюциясы туралы, психикалық процестің түрлері (қабылдау, зейін, ойлау және т.б.) мен формалары туралы және олардың қалыптасу заңдылықтарының ен маңыздысы - педагогика тілінде «білім - шеберлік дағды"ретінде көрсетілетін ақыл-ой іс-әрекеті мен түсінікті қалыптастырудың негізгі заңдылыктары туралы ілім. Бұл дұрыс, психологиялық дәлелденген оқытудың теориялық негізі ретінде үлкен қызығушылық танытты және әдебиеттерде бұл ілім "ақыл-ой әрекетін қалыптастырудың кезеңдік теориясы"ретінде қарастырылады. П. Я. Гальперин тұжырымдамасында алынатын жаңа білім ойға бекітілетін арнайы әрекет түрлерінің жүйесі ретінде қарастырылаады..
Достарыңызбен бөлісу: |