Заманауи психологияға қойылатын қойылатын кәсіби-тұлғалық талаптар. Мектеп психологы мәдениеті. Психологтың кәсіби құзіреттілігі.
Психолог тұлғасына ұсынылатын талаптардың ішінен келесі сипаттамаларды бөліп көрсетуге болады: психолог жалпы жоғары қабілеттерге ие болуы, зерек, ақылды, бостан ойлайтын, тереңнен ойлайтын сарапшы, тәжірибелі болу керек. Психолог әлеуметті белсенді, адамдармен жұмыс жасауды ұнату, әлеуметке тану (құптау), адамдарға қайрымдылықпен қарау, белсенді топтарды тез құрайтын, жоғары дамыған байланыс құзыреттілікке ие болуы қажет. Сондай «тамаша» психолог неше түрлі субъектілермен өзара іріктеу сұрақтарына құзыретті, жеке мүддені топтық мүдделерге бағындыратын, ар-намысты, адал, борыш пен жауапкершілік сезімі бар, күшті, қайратты болуы тиіс. Ол батыл, тәжірибелік сұрақтарды тез шешеді. Осы талаптар үлгі болып қарастырылады, жалпы бағдар болып саналады.
Психолог тулғасына қойылатын талаптарды келесі сипаттамалар бойынша көрсетуге болады:(Р.В. Овчарова).
1. жоғары ақыл – ой қабілеттері;
2. адамдармен жұмыс жасауға ,белсенді топтарды оңай құрастыруға бейім;
3. есте сақтау қабілеті жоғары;
4. бірлескен іс - әрекеттерді жақсы көру, жауапкершіл, өзіне бағындыра алу,практикалық сұрақтарды тез шеше алатын; Психолог - білім беру мекемелері ұжымына кәсіби психологиялық мәдениетті алып келетін маман. Маман ретінде психологтар процестің жанама түрде де жүруіне себепші болуы ықтимал: өз әрекеттерімен, мінез-құлқымен, адамдарға, өмірге деген өз қатынастарымен. Құзіреттілік - жеке тұлғаның теориялық білімі мен практикалық тәжірибесін белгілі бір міндеттерді орындауға даярлығы мен қабілеті. Кәсіби білімді маманның құзіреттілігі сол маманның жеке тұлға ретіндегі қасиеттерінің және ішкі психикалық жағдайларының күрделі жүйесі, оның кәсіби қызметі мен қабілетін іске асыру[2]. Демек, жаңа формацияда білім беру саласының барлық процесінде қызмет ететін педагог-психологтардың кәсіби біліктілігіне қойылатын талап жоғары.
Проблемалық оқыту теориясы (А.Данилов, М.Н.Махмутов, М.И.Скаткин, И.Я. Лернер.) Писхологияны оқытуда проблемалық оқыту арқалы дәріс-әңгіме ұйымдастыру Проблемалық оқыту технологиясы - оқушылардың іс-әрекеттік белсендіру және күшейту негізіндегі педагогикалық технологиялардың бірі.
Проблемалық оқыту - проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблемалық оқыту теориясын В.Т. Кудрявцев, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, А.М.Матюшкин, М.Н.Скаткин өз еңбектерінде жан-жақты зерттеген. Проблемалық оқыту теориясының негізін қалаушылар оқудағы ойлану қызметі тек қана жаңа білімді меңгеріп қана қоймай, сол мақсатқа жетудің жаңа тәсілдерін де үйрену деп есептейді.
М.И.Махмутов: «Білім мен білім алу әрекеті арасындағы өзара байланыс оқушы өзі білмейтін нәрсемен танысқанда, оны түсінуге тырысқанда пайда болатын қайшылықтардан шығу жолын іздегенде ғана тығыз болады. Өйткені, ол жаңа білімді игеру барысында ізденіс жасап, әрекет етеді», - деп көрсетеді.А.М.Матюшкиннің анықтамасы бойынша, «оқытудағы ойланудың негізгі қызметі тек қана жаңа білім алып, жаңаша әрекет етуге мүмкіндік беретіндігінде. Проблемалық оқытудың мақсаты – ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижеге жету жолының өзін де, процесін де меңгеру, оқушылардың таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту Проблемалық оқытудың міндеттері: - оқушылардың білім жүйелері мен ақыл-ой және практикалық қызмет тәсілдерін меңгерту; - танымдық дербестігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;- оқушылардың өз бетінше ойлау қабілеттерін дамыту
Достарыңызбен бөлісу: |