Психомоторлық координацияның даму деңгейінің диагностикасы әдістемесі. Сынақтан өтушіден әртүрлі дене қозғалысын жасау және обьектілерді манипуляциялаудағы талап
Моторика - адамның ең қиын және күрделі психикалық функцияларының қатарына жатады. Ол шартты рефлективті, көп звенолы, афферентті және күрделі құраммен сипатталады, өзіне көп деңгейді және деңгей астарын кіргізеді иерархиялық ұйымдастырылған жүйеден немесе күрделі функционалдық жүйеден тұрады. Бұл әр түрлі тектегі афферентті импульстер басқаратын және әрқилы жүйке жүйесінің құрылымдарымен реттелетін, әртүрлі қозғалыс актілерінің бірегей жиынтығы. Осының арқасында баланың қоршаған ортамен өзара әрекеттесу мүмкіндігі туындайды. Қимыл-қозғалыс координациясы моторика дамуында ең маңызды фактор болып саналады[1].
Моторика, мәселесін жүйелі түрде зерттеудің басталуы шетелдік әдебиеттерде E.Dupre, ал ресейлік әдебиеттерде Н.И.Озерецкийдің атымен тығыз байланысты. Қазіргі заманның отандық және шетелдік психология-педагогикалық әдебиеттерінде (Е.А.Аркин, Н.А.Бернштейн, М.Богданович, Н.П.Вайзман, А.Валлон, Л.С.Выготский, Л.Н.Галигузова, Г.Г.Григорьева, М.Жебровская, А.В.Запорожец, Н.П.Кочетова, М.И.Лисина, А.А.Люблинская, Е.М.Мастюкова, С.Л.Новоселова, Н.И.Озерецкий, Л.Н.Павлова, Д.В.Сергеева, Х.Спионек, В.Шерборн, С.Шуман, Н.М.Щелованов және т.б.) сияқты көптеген авторлардың балалардың моторикасының даму мәселесіне қатысты жүргізген зерттеулерінің нәтижелері ашылып көрсетілген[2].
Ерте және кіші мектеп жасындағы баланың қалыпты дамуын бағалау дәл осы моторлық және психомоторлық дамуының көрсеткіштері арқылы іске асады. Ересек мектеп жасындағы балаларда жеке ағзалары мен қимыл-қозғалыс мүшелерінің қызметтері әрі әрекеттері біртіндеп бір-бірінен ерекшеленіп, әр ағза мен мүше өз бетіне салыстырмалы түрде тәуелсіз қызмет атқара бастайды. Қозғалыс аясы мен психиканың дамуы бір-бірімен тығыз байланысты екенін ең алғаш грек философтары Аристотель мен Платон өз жазба деректерінде көрсетіп кеткен. Бірақта, дәл осы мәселені зерттеу мақсатында жүргізілген жұмыстар XIX-ғасырдың аяғы мен XX-ғасырдың басында ғана қолға алынған болатын. Балалардың бәрінде дерлік қозғалыс аясының, танымдық аясының, эмоционалды, ерік-жігер аясының дамуы жас көрсеткішінен айтарлықтай артта қалғаны анықталған және осы жағдайлар баланың барлық әрекет түрлерін игеру мерзімі мен сапасына кері әсерін тигізетіні бәрімізге мәлім. Мүмкіншілігі шектеулі балаларды мектеп жасына дейінгі білім беру мекемелерінде сәтті тәрбиелеу тәжірибиесі көрсеткендей, осы балалар үшін барлық арнайы жасалған жағдайлар балалардың психомоторлық дамуын белсендіріп, кемістіктердің жойылуына себепші екенін байқаймыз.Бала өмірінің алғашқы жылдарында моториканың, танымдық және ерік-жігер аясының тығыз байланыста жұмыс жасауы қозғалыс әрекеті барысында айқын көрінеді. Кейінірек уақыт өте келе осы аялардың әрқайсысы өзбетінше оңашаланып жеке жұмыс жасай бастайды. Алғашқыда тұтас бір жүйенің кейіннен уақыт өте келе жіктеліп, бөлшектене дамуы, даму көрсеткіштерінің ішіндегі ең маңызды белгісі болып табылады. Сонымен қатар баланың психомоторикасының дамуы жалпы қозғалыс әрекетінде өзгерістер мен жаңа элементтер, механиздер әрі жаңа құрылымдар қалыптастыратын үрдістердің пайда болуымен сипатталады (Л.С.Выготский, А.В.Запорожец, Ж.Пиаже, А.Н.Леонтьев, Л.Ф.Обухова, П.И.Чуприкова және т.б.). Баланың психомоторлық дамуының деңгейі әрі оның меңгерген біліктері мен дағдыларының алғышарттары баланың қоршаған ортасына және әлеуметтік ортасына тікелей байланысты. Тұқымқуалаушылық факторы баланың барлық психикалық және қозғалыс қызметтерінің дамуына міндетті түрде қатыса отырып, әр деңгейге әр түрлі сипатта әсер етіп отырады. Бала дамуының өзіндік ерекшелігі ол тарихта, қоғамда қалыптасқан қағидаларды, әдістер мен әрекеттердің түрлерін игеруден тұрады (Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин және т.б.). Қазіргі таңдағы отандық психологияда Л.С.Выготскийдан бастап, оқытуды баланың өзіндік әрекеттерінің әрі бала психологиясының дамуының негізгі факторлары ретінде қарастырады[3].
Сонымен қатар осылардың бәрі бірлесе жұмыс жасаған жағдайда ғана балада қозғалыс қызметінің дамуы сәтті болмақ. Демек бала моторикасының дамуы психиканың дамуы тәрізді адамзаттың әлеуметтік дамуы тарихында қалыптасқан мінез-құлық, жүріс-тұрыс әрекеттерінің статикалық әрі динамикалық құрылымын өмірбойы игеру арқылы жүзеге асады (А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин). Бұл ретте осы жоғарыда аталған дағдылардың барлығын толығымен меңгеріп, игеруі баланың айналасындағылармен тығыз қарым-қатынас жасауының негізінде жүзеге асады. С.Л.Рубинштейн ерікті қимылдың келесі негізгі түрлерін атап көрсетті, олар; дене күйінің қозғалысы-дененің қалпының сақталып немесе өзгеріп тұруын қамтамассыз ететін бұлшық ет аппаратының қозғалысы; локомациялық-жүру, жүгіру, секіру, ұстау, лақтыру, тұру сияқты әрекеттер түріне байланысты қозғалыстар; бет-әлпеттінің және дененің эмоциялық сезімдерді білдіруіне байланысты қозғалысы; моторика қызметіндегі қозғалыстың динамикалық аспектісі болып табылатын сөйлеу тілі-ол өз алдына барлық көрсеткіштері бойынша күрделі әрекет болып келеді; қозғалыстың аса маңызды түрі семантикалық қозғалыстар; түрлі жұмыстарды атқару барысындағы қимыл-қозғалыстар, еңбек әрекеті[4]. С.Л.Рубинштейннің пікірінше қозғалыстың негізгі ерекшеліктері оның күші, жылдамдығы, ырғағы, қарқыны, иілгіштігі, нақтылығы, координациясы, дәлдігі, ептілігі болып табылады.
Балалардың анық та айқын сөйлеуі - олардың толық әрі кең салалы дамуына қойылатын талаптардың негізгісі. Балалардың сөйлеу құзыреттілігі дұрыс және сөздік қоры бай болса, оларға өз ойын жеткізу оңайға түседі, қоршаған ортаны танудағы мүмкіндіктері кеңейеді, психологиялық дамуында белсеніс күшейеді. Балалардың сөйлеу құзыреттілігі жоғары деңгейде қалыптасуы ұсақ моторика тәсілдері мен құрылымына байланысты. Қол саусақтары қимылы алғаш дамитынын, содан кейін сөйлеу құзыреттілігі дами бастайтынын ғалым М.И. Кольцова жүргізген зерттеу жұмыстарында көрсеткен.
Демек, өзінің сипаты мен бағытына қарай әр түрлі болып келетін әрекеттер танымдық, эмоционалдық және қозғалыс компоненттерінің өзара тығыз байланысының мәнін толығымен көрсететін күрделі психомоторлық актілер болып табылады. Осылайша, әдебиеттерге жүргізілген талдау бізге моториканы түрлі, өзара тығыз байланысты әрі бөлінбестей біртұтас танымдық, эмоционалдық және қозғалыс компоненттерін біріктіретін дербес бір күрделі құрылым ретінде қарастыруға мүмкіндік береді[
Достарыңызбен бөлісу: |