«психологияны оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары


Көрнекілік принципінің мәні. Психологияны оқытудағы көрнекілік. Оқу көрнекілігінің түрлері. Көрнекі материалдың қызметтері



бет56/92
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#14181
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   92
Көрнекілік принципінің мәні. Психологияны оқытудағы көрнекілік. Оқу көрнекілігінің түрлері. Көрнекі материалдың қызметтері.

Көрнекілік- оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр- сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Көрнекілік мұғалімнің шығармашылық ізденісі мен әдістеме жағалықтарына сергек қарап, сабақ барысында шебер пайдалана білуді талап етеді.

Көрнекіліктерді пайдалануға қазақтың ұлы педагогы Ы.Алтынсарин де зор көңіл бөлген. «Қазақ жастары ғылым, өнерді кітап сөзі деп қарамай, заттай, көзімен көріп ажырата білулері керек»,- деген.

Көрнекілік принципі. Бұл ертеден қолданылып келе жатқан принцип. Оның негізіне мынадай ғылыми заңдылық жатады: сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді түрліше қабылдайды. Ең сезімталы - көру мүшелері; Олар арқылы миға енетін ақпараттар оқушылардың есінде жақсы сақталады. Кейбір заттарды есте сақтау көрнекіліксіз мүмкін емес.

Шарттары:

•  балалардың ақыл-ой жұмысы үшін формалар, бояулар, дыбыстар керек екенін естен шығармау;

•  оқытудық алтын ережесі: көрініп тұрғандарды көрсету, еститінді естірту, иіскететінді иіскету, дәмін татып көретінді дөмін таттыру;

•  көрнекілік - оқыту және ақыл-ойды дамыту құралы;

•  оқушы ұғымдар және абстрактілік ережелерді түсіну үшін нақты фактілер, мысалдар келтіру;

Көрнекілік түрлері:

Табиғи көрнекі лік оқушыларды нақты объектілермен (өсімдіктермен, жануарлармен, минералдармен) таныстыруды талап етеді.

Эксперименттік көрнекілік арқылы оқушылар химиядан, физикадан тәжірибелер жасайды.

Суретті көрнекіліктің мақсаты - нақты дүниенің бейнесін көрсету (бейнесурет, картина, диафильм, диапозитив, мылқау кинофильмдер).

Көлемді көрнекілік: макет, үлгі, муляж, геометриялық фигуралар, панорама.

Дыбыстық көрнекіліктер: күйтабақтар, ұнтаспаға жазылған материалдар, т.б.

Символдық және графикалық көрнекілік: абстракты ой дамуына көмектеседі, себебі болмысты шартты белгілермен белгілейді. Олар: карта, жоспар, сызба, диаграмма.

Жанама көрнекілік жаңа бейнені бұрынғымен салыстырып, ол туралы түсінік қалыптастыру.

Көрнекілік – оқу материалын оқушы көңіліне оңай да әсерлі жолмен жеткізуші көмекші құрал. Ол бүтіннің бөлшегі секілді сабақтың бойында оның белгілі бір құрылымдық структуралық бөлшегіндей басқа құрамдас бөлімдерімен қабат-қабат қабысып жатуы қажет. Сонда ғана көрнекілік шәкірт білімінің тұтастығын арттырып, сабақ үрдісінің тиімділігін жүзеге асырады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет