«психологияны оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары


Өзіндік жұмыстардың түрлері.Студенттердің үлгерімін көтеруге бағытталған психологиялық-педагогикалық әрекеттер



бет58/92
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#14181
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   92
Байланысты:
Психологияны окыту адистемеси Исатаева (1) (Автосохраненный)

Өзіндік жұмыстардың түрлері.Студенттердің үлгерімін көтеруге бағытталған психологиялық-педагогикалық әрекеттер.

Колледж және жоғары оқу орнындағы оқытудың басты міндеті – өз бетімен жұмыс жасау, шешім табу, ойлау іскерліктерін дамыту.  Кредиттік жүйе  ойынша өзіндік жұмыстарға бөлінетін сағат санының көбеюі, білім алушының танымдық өзбетілігін және олардың әдебиет көздерімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады.  Педагогикалық жүйе ретінде қалыптасқан студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстары олардың танымдық белсенділігін, шығармашылық қабілетін арттырып, оларды тиянақтылыққа, ұстамдылыққа, бастаған істі аяғына дейін жеткізуге тәрбиелейді. Шебер оқытушы өзіндік ойдың пайда болуына жағдай жасап, оны қолдайды, ойдың зияткерлік құқығын сақтайды, әрбір нәрсеге өз күшімен, еңбегімен, белсенді іс-әрекетімен жету дағдысын дамытады. Кітаппен жұмыс, кітапханада жұмыс, пікірталастар, өздік тәжірибелер, проблемалық міндеттерді шешу, ғылыми әдебиетті, журналдарды оқу, пікір алмасу, өлең, мақала, шығарма, баяндама жазу – бұл білім алушылардың қабілеттерін дамытуды қамтамасыз ететін еңбек түрлері. Сондай оқытудың бір түрі – студенттердің өзіндік жұмысы.  тапсырмалар жасауда адамдардың интеллектуалдық сапаларынан шығу керек. «Жай ойлайтындар» бар, «жылдам қабылдайтындар» бар, «идеяны тудырушылар» бар, «идеяны орындаушылар» бар. Біреулер жеке жұмысты таңдаса, басқалары – ұжымда жұмыстануға бейім болып келеді.

Өзіндік жұмыс тапсырмалары сан алуан болып келеді. Атап айтқанда:

1.мәтін құрастыру, әңгіме жазу; сурет бойыншамәтін құрастыру; рөлдік және іскерлік ойындар

2.түрлі кестелерді толтыру;сөзжұмбақтар құрастыру.

Өзіндік жұмыс дегеніміз - сабақ үстінде алған

білімді мұғалімнің Көмегімен және бақылауымен, бірақ оның қатысынсыз орындайтын жоспарлы жұмыс.

Өзіндік жұмыстың тиімділігі:

1,зерттелетін тақырыптың, қарастырылатын мәселенің төңірегінде білімді

тереңдетуге;

2. өз пікірін айтып, оны дәлелдей алуға;ізденушілік қабілеті ұшталады

3.теория мен практиканы ұштастыра қолдануға мүмкіндік жасайды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет