«психологияны оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары


Оқу материалы қазіргі психологияның ғылыми және практикалық жетістіктеріне сәйкес болу үшін қолданылатын психологияны оқытудың принципі



бет59/92
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#14181
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   92
Оқу материалы қазіргі психологияның ғылыми және практикалық жетістіктеріне сәйкес болу үшін қолданылатын психологияны оқытудың принципі

Ғылымилық принципi. Оқытудың ғылымилық принципiне орай оқушыларға ғылыми бiлiмдер мен ғылыми əдiстердi меңгерту керек. Бұл принциптiң астарында жатқан заңдылықтар: дүниенi танып бiлуге болады, адам өмiрiнде ғылымның рөлi күннен күнге өсуде, оқытудың ғылымилығы оқытудың мазмұны жəне мұғалiмнiң iс-əрекетi арқылы жүзеге асады. Мысалы, педагог ғылым жаңалықтарын адам үшiн қызмет ететiнiн түсiндiре отырып, оқушыларда дүниеге диалектикалық, ғылыми-материалистiк көзқарас қалыптастырады. Принциптi iске асыру үшiн педагог орындайтын негiзгi талаптар: - Бiлiм мазмұнын педагогика, психология ғылымдарының қазiргi даму дəрежесiне сəйкестендiру, жаңа əдiс-темелер мен жаңашыл ұстаздардың тəжiрибесiн қолдану. - Оқушылардың ғылыми диалектикалық ойлау қабiлетiн дамыту, бастауыш мектептiң өзiнде тек индукциялық ғана емес, дедукциялық оқытуды енгiзу. -Шəкiрттерге жаңа ғылыми ұғымдарды түсiндiру, жүйелi түрде қайталау, пайдалану, қолдану, iске асыру. - Оқыту əдiстерi арқылы оқушыларды ғылыми əдiстермен таныстыру, оларды iзденушiлiкке, шығармашылыққа баулу, зерттеу тəсiлдерiн пайдалану үшiн кiтаппен, анықтамалармен жұмыс iстеуге ынталандыру. - Əрбiр ғылымның ашқан жаңалықтарын оқушылар санасына жүйелi түрде қарапайым ұғымдармен берiк түрде жеткiзу мұғалiмнiң негiзгi мiндетi. - Ғылымдағы жаңалықтардың жан-жақты байланыс-тарын көрсетiп оқушылардың бiлiм деңгейiмен ұштастыру, жаңа пəн сөздердi қолдану. - Белгiлi ғалымдардың өмiрбаянымен, олардың қосқан үлесiмен оқушыларды таныстыру. 



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет