«психологияны оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары


Лабораториялық сабақтарға қойылатын талаптарға мыналар жатады



бет66/92
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#14181
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   92
Байланысты:
Психологияны окыту адистемеси Исатаева (1) (Автосохраненный)

Лабораториялық сабақтарға қойылатын талаптарға мыналар жатады:

Бірінші талап: сабақ үлкен қомақты болмауы тиіс. Сабақта міндетті түрде көп әдістемелерді қолданудың не күрделі, көлемі үлкен әдістемелерді және әр түрлі зерттеу процедурасын қолданудың қажеті жоқ. Тек қана студенттердің осының көмегімен сенімді мәлімет алу мүмкіндігі туралы немесе қандай да бір теорияның ақиқаттығына көз жеткізу үшін ғана қолданған жөн.

Екінші талап: оқытушының міндетті түрде студенттер алған тестік немесе басқа да фактілер жөнінде теориялық интерпретация жасауы. Егер тест студенттердің өздеріне жасалса, жекелеген студентер бойынша алынған көрсеткіштерді көпшілік алдында талдауға болмайды, бұл сол адамды кездесоқ ренжітуге не сол адамның өзінің бойындағы «кемшілікке» қатысты уайымдауына негіз болуы мүмкін. Тестілеу немесе сауалнама нәтижелері көпшілік алдында талдануы мүмкін, бірақ мұның барлығы жасырын болуы қажет. Студенттер онсыз да талдау барысына өздері қорытынды шығара немесе оқытушыға сұрақ дайындай отырып зейін сала бақылайды.

Үшінші талап - оқытушы талдаудан қорытындыны осы зерттеу процедурасының мүмкіндіктеріне ғана қатысты жасамай, зертте объектісіне айналаған психологиялық феномендердің өзінің мазмұны бойынша жасауы тиіс. Басқаша айтсақ, студенттер әдістемелер мен зерттеу бағыттарын үйрене отырып, олар сонымен қатар психология теориясы бойынша да білім алуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет