Психологияны оқыту әдістемесіндегі көрнекілік. Табиғи эксперименттік жағдайдағы пәндік көрнекілік.
«Әдіс» термині гректің «methodos» сөзінен аударғанда мақсатқа, күтілетін нәтижеге жету тәсілі деген мағынаны білдіреді. Педагогикалық тәжірбиеде әдістер дидактикалық міндеттерді шешу жолы болып табылады. Дәстүрлі түсінік бойынша оқыту әдістері – бұл оқушыларға білімдер мен іскерліктерді беру тәсілі.
Білімдер мен іскерліктерді алу көзі бойынша оқыту әдістерін жіктеу кең таралған. Осыған сәйкес келесілерін бөледі:
1. Сөздік әдістер;
2. Көрнекілік әдістер;
3. Тәжірбиелік әдістер
Көрнекілік- оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр- сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Көрнекілік мұғалімнің шығармашылық ізденісі мен әдістеме жағалықтарына сергек қарап, сабақ барысында шебер пайдалана білуді талап етеді.
Көрнекіліктерді пайдалануға қазақтың ұлы педагогы Ы.Алтынсарин де зор көңіл бөлген. «Қазақ жастары ғылым, өнерді кітап сөзі деп қарамай, заттай, көзімен көріп ажырата білулері керек»,- деген.
Көрнекілік принципі. Бұл ертеден қолданылып келе жатқан принцип. Оның негізіне мынадай ғылыми заңдылық жатады: сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді түрліше қабылдайды. Ең сезімталы - көру мүшелері; Олар арқылы миға енетін ақпараттар оқушылардың есінде жақсы сақталады. Кейбір заттарды есте сақтау көрнекіліксіз мүмкін емес.
Шарттары:
• балалардың ақыл-ой жұмысы үшін формалар, бояулар, дыбыстар керек екенін естен шығармау;
• оқытудық алтын ережесі: көрініп тұрғандарды көрсету, еститінді естірту, иіскететінді иіскету, дәмін татып көретінді дөмін таттыру;
• көрнекілік - оқыту және ақыл-ойды дамыту құралы;
• оқушы ұғымдар және абстрактілік ережелерді түсіну үшін нақты фактілер, мысалдар келтіру;
Достарыңызбен бөлісу: |