Миға шабуыл технологиясын психологияны оқытуда пайдалану арқылы зейін мен дағды қалыптастыру
Миға шабуыл әдісін 1941 жылы А.Ф.Осборн ұсынған болатын. Миға шабуыл – топ мүшелерінің белгілі бір тақырып бойынша белсенді жұмыс істей отырып, соған қатысты айтылған идеяларын өз ішінде талқылап, ортақ келісімге келгендерін негіздеп жазып ұсыну әрекеті. Мақсаты;Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша ой салу.Жаңа сабақ бастар алдында осы әдіс бойынша сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашуға болады. Тиімділігі:Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеуарқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау керек, қағазға түсіріліп, талқылау жұмысы болады.
Психологияны оқуға қажетті бағдарламалық құралдар: ұғымы, қызметтері. Ғаламтор желісінің дидактикалық қызметі
Ғылымның қай саласында болмасын техника, жаңа ақпараттық технологияларды бағдарламалық құралдарды қолдану дәстүрге еніп келеді, Оқыту процесіндеде жоғарғы нәтижелі білім кепіліне айналып келеді.
Оқуға қажетті бағдарламалық құралдар –оқыту үрдісін белсендендіру және білім алушының нәтижелі дамуы үшін қолданылатын оқыту обьектісі. Бағдарламалық құралдарды бүгінде оқыту процесінде көрнекі құрал ретінде, оқуда ізденіс аппараты, белсенділік пен ынтаны жоғарылату құралы ретінде қолданып келеді. Бұл педагог жұмысын жеңілдетіп, білім алушылардың қызығушылығымен белсенділігін арттырып, білім нәтижесін жоғарылатудың үлкен мүмкіндігіне айналды. Тақырыпты түсіндіруде, меңгертуде, қайталауда, практикалық сабақты меңгеру барысында маңызы зор. әсіресе оқытушылар арасында кеңінен тараған бағдарламалардың бірі – PowerPoint, ворд, ехсел, т.б.