«психологияны оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары


Психологияны оқыту үрдісі, оның ерекшеліктері. Оқыту үрдісінің құрылымы. Компонеттері мен қызметтері. Психологияны оқыту заңдылықтары



бет27/92
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#14181
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   92
Психологияны оқыту үрдісі, оның ерекшеліктері. Оқыту үрдісінің құрылымы. Компонеттері мен қызметтері. Психологияны оқыту заңдылықтары.

Оқыту үдерісінде студенттердің оқу іс-әрекеті ерекше орын алады. Адамның қоршаған ортаның шынайылығын танып білуі оның әрбір өмірлік қадамында, әрбір іс-әрекетінде (ақыл-ой еңбегі, әлеуметтік-пайдалы еңбек, көркем шығармашылығы және т.б.) жүзеге асатындығы барлығымызға аян. Осы орайда таным ерекше сипатқа ие болуы мүмкін. Тек оқыту үдерісінде ғана таным нақты ұйымдасқан, мақсатты бағытталған оқу-танымдық іс-әрекетті білдіреді.

Білім оқыту мазмұнының түйіні екеніні белгілі. Білім алушылардың білімдері негізінде іскерлік пен дағдылары, ақыл-ой және практикалық іс-әрекеттері қалыптасады; білім адамгершілік қағидаларының, эстетикалық талғамдарының және дүниетанымдарының негізі болып табылады.

Психологиялық білімді игеру – әртүрлі әрекеттер мен операциялар жиынтығынан тұратын күрделі үдеріс. Психологиялық жүйелер теориясына(В.П.Беспалько) сүйене отырып, біз таным үдерісінің кезеңдеріне сәйкес келетін психологиялық білімді меңгерудің бірнеше деңгейлерін анықтадық.

Психологиялық білімді меңгеру үдерісі бірнеше деңгейден тұрады. Әрбір деңгейдің өз сипаттамасы бар. Ең төменгі (нөлдік) деңгей түсіну үдерісіне сай болып келеді, ал ең жоғары деңгей (IV) шығармашылық деңгейі деп аталады. Психологияны оқу барысында студенттер бұл деңгейлерден міңдетті түрде өтеді. Олар алдымен психологиялық білімді репродуктивті түрде, содан соң продуктивті және шығармашылық түрде меңгереді. Білім алушылар психологиялық білімді меңгеру деңгейлерін білуі тиіс, өйткені психологияны оқу үдерісінің нәтижесін сол деңгейлермен салыстырукерек.

Психологияны оқыту заңдылықтарыоқыту үдерісінің компоненттері арасындағы байланысты көрсетеді. Заңдылықтардың жалпы және жеке, ішкі және сыртқы, дидактикалық және оқу-танымдық, психологиялық және ұйымдастырушылық түрлері болады. Заңдылықтардың мысалдарын қарастырайық.

Психологияны оқытудың мақсаты мен мазмұны қоғамның тұлғаның білім алу деңгейіне деген талабына байланысты болса, ол – жалпы заңдылық. Психологияны оқытудың нәтижелілігі оқушының саналы түрдегі іс-әрекетіне байланысты болса, бұл – жеке заңдылық.

Психологияны оқытудағы оқу үдерісінің тиімділігі білім беру орындарының материалды-техникалық жағдайына байланысты, бұл - сыртқы заңдылық. Психология бойынша оқу материалын меңгеру тереңдігі мен беріктігі оқушының белсенділігі мен дербестігіне байланысты, бұл - ішкі заңдылықтың мысалы.

Психологияны оқыту қорытындылары білім алушылардың оқытудың мақсатын түсіну мен қабылдауға тура пропорционалды деңгейде болса, бұл - дидактикалық заңдылық. Оқу материалын меңгерудің табысты болуы оқытудың проблемалық деңгейіне байланысты, бұл - оқу-танымдық заңдылық мысалы.

Білім алушының дамуы басқа адамдардың, яғни өзара тура және жанама байланыстағы адамдардың дамуына байланысты болса, бұл - әлеуметтік-психологиялық заңдылық. Оқыту үдерісінің тиімділігі оқытушының ұйымдастыруына және басқаруына байланысты болса, бұл - ұйымдастырушылық заңдылық.

Сондықтан да, психология оқытушысы бірігіп істеген іс-әрекеттің нәтижесі заңдылықтардың әртүрлі типтеріне байланысты екенін анық түсінген жөн.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет