Психологияны оқыту ұстанымдары оның сипаттамасы.
Оқыту принциптері әрдайым оқытуда тұрған оқу үдерісінің обьективті заңдылықтары мен мақсаттарын бейнелейді.
Принциптер – оқыту үдерісін ұйымдастыру мен өткізуге жетекшілік жасайтын нормативтік талаптар [2, 247-бет]. Оқытудың барлық принциптері өзара байланысты, сондықтан оларды жүйе түрінде қарастырған жөн. Бұл жүйе жалпы дидактикалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік принциптерден тұрады. Дидактикада көрсетілген оқыту принциптерінің психологияны оқыту принциптеріне де тікелей қатысы бар екенін айта кеткен жөн. Енді сол принциптерге тоқталайық.
Жалпы дидактикалық принциптер– оқу мазмұнын жалпы мақсаттар мен заңдылықтарға сәйкес анықтайтын психологиялық теорияның, концепциялардың негіздері [3, 348-бет]. Олар мынандай принциптер:
-білім берушілік, дамытушылық және тәрбиелеу принциптерінің бірлігі психологиялық білім мен іскерліктер жүйесінің қалыптасуына, жеке тұлғалық қасиеттердің, мінез-құлықтың ерекшеліктерінің дамуына, аса кәсіби-мәнді құндылықтарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді;
-оқу үдерісінің мазмұны мен әдістерінің ғылымилық принципі ғылыми психологиялық білім мен психологиялық практика байланыстылығын анықтайды;
-оқытудың практикамен байланыстылығы принципі білім алушылардың шынайы психологиялық үдеріс кезінде психологиялық білімді қолдануын қарастырады;
-жүйелілік пен бірізділік принципі оқыту мен оқуды белгіленген бір тәртіппен жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл принцип психологияны оқыту үдерісінің және мазмұнының қисындық құрылуын талап етеді. Мысалы, психологияны оқытуда алдымен «Психологияның жалпы негіздері» бөлімін, одан кейін «Тәрбие теориясы», «Дидактика» бөлімдерін жалғастырып, «Мектептану» бөлімімен аяқтаған жөн;
-көрнекілік принципі білім алушыларға психология бойынша оқу материалын терең әрі саналы түрде өңдеу үшін оқылатын психологиялық құбылыстар мен нысандарды ұсынады;
-саналылық пен белсенділік принципі білім алушылардың оқу мақсаттарын айқындап, өз жұмыстарын жоспарлап, оқу міндеттерін шешудің тәсілдерін өз бетімен анықтайды, меңгерген білімдерінің мәнін түсінеді. Оқытудағы белсенділік дегеніміз оқудағы жедел ақыл-ойлық және практикалық жақтары мен психология бойынша білім, іскерлік, дағдыларының саналы меңгеру шарты мен нәтижесі болып саналады;
-беріктілік принципі білімнің білім алушылар санасында берік болып қалыптасқанын талап етеді, ол үшін студенттер танымдық белсенділіктерін танытып, оқығандарын практикада жиі қайталап, еске түсіріп отырулары керек;
-бағыттылық принципі психологиялық білім беру мазмұнының болашақ педагог тұлғасын дамытуға әрекет етеді;
-сәйкестілік принципі психологиялық білім беру мазмұнының психологиялық ғылымдардың даму тенденциясына және кәсіби-психологиялық іс-әрекеттердің ұсынған талаптарына педагогтарды даярлау нәтижелерінің сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |