74. Тірек сызбаларды пайдалана отырып дәрістерді тиімді ұйымдастырудағы әдіснамалық ерекшеліктер.
Тірек-сызбасына ғылыми анықтама берсек ‒ білім алуда оны меңгеруге, есте сақтауда, талдауда білімнің көзі ретінде пайдаланатын сызба құрал. Тірек-сызба – сабақтың бейне жоспары. Тірек-сызбаны пайдаланудың нәтижесі – тақырыптың тұтастығын, қисындылығын, ықшамдылығын, көрнекілігін қамтамасыз етеді, оқушылардың білімін тиянақтайды, алған білімін оңай еске түсіруге көмектеседі. Оқушыларға сапалы білім беру, оқу бағдарламасындағы білімді қамту мен кеңейту жүйесін жүзеге асырудың тиімді жолы – тірек-сызбаларды пайдалану. Тірек-сызбалар арқылы білім беру әдістемесінің негізгі ұстанымы – оқу материалдарын оқушының жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктеріне байланысты ойлау әрекеттерін ойластырып, саналы да сапалы меңгерту жүзеге асырылады.
Тірек-сызбаларды пайдалану мұғалім үшін тиімді, тақтаға бормен жазып жатудың қажеттігі азаяды, барлық сабақ барысы оқушының көз алдында тұрады, оқу мазмұнын қысқаша баяндап шығу арқылы, көптеген оқушыны бағалау мүмкіндігі туады. Тірек-сызбалар білім берудің үш мақсаты – оқыту, тәрбиелеу және дамытуды орындау кезінде мынадай дидактикалық қызметтерді: үйрету, бағыттау, тексеру жүзеге асырады. Материалды ең алғашқы кіріспе сабақта қысқаша – тезистік дәріс түрінде бергеннің өзінде, сөйлесу бөлімінде көптеген ойын түрлері арқылы материалды 7 ретке дейін қайта қайталап оқып, оқушының білімінің берік болуына, оның өз бетімен көп ізденіп тырысуына, әр деңгейлік тапсырманы орындау барысында шығармашылық дағдысы қалыптасуына, оқушыларды ұжымшылдыққа, тіл коммуникативтілігінің артуына, пәнге қызығушылығының артуына көп көмегін тигізеді.лып табылады.
Сонымен, тірек-сызбаларды дәрісте пайдаланудың артықшылықтары:
1. Оқушы үшін:
оқушының теориялық білімін жүйелі түрде қалыптастырады, жинақтайды, тиянақтайды;
оқушының ой-өрісін дамытады, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттырады;
оқушының өз ойын дәл, қысқа, көркем, таза тілмен жеткізе білуге үйретеді;
оқушының шығармашылық қабілеттерін арттырады, ізденуге үйретеді;
пәнге деген қызығушылығын арттырады және уақытты дұрыс пайдаланады.
2. Мұғалім үшін:
мұғалім оқыту технологиясы ұтымды пайдалануға дағдыланды;
кәсіби біліктілігі артады;
оқушыны үйрете отырып, өз ойын нақты, дәл жеткізеді;
топтық жұмыс жасауға мүмкіндік туады;
оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуға жағдай жасалады;
сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану мүмкіншілігі молаяды;
оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік туғызылады.
Достарыңызбен бөлісу: |