Өзін-өзі тәрбиелеу адамның жеке «Мендігін»- жүйелі түрде зерттеуін, қажымас қайраттылықты, үлкен ерік-жігерлік күшті қажет етеді. Неміс ақыны Ф.Логау былай деген:
«Өзіңмен өзің түскен күрес — ең қыйын күрес,
өзіңді өзің жеңген жеңіс – ең ұлы жеңіс».
Өзін-өзі тәрбиелеу адамның рухани қажеттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Өзін-өзі тәрбиелеудің маңызды бөлігі -мотивтерді, ынтаны дамыту.
Психологиялық-педагогикалық ғылымдарда өзін-өзі тәрбиелеудің кең қолданылатын тәсілдері болып өзіне-өзі баға беру, өзіне-өзі бұйыру, өзін-өзі құптау, өзін-өзі түзету және т.б. саналады.
Өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі бағалаудан басталады. Өзін-өзі бағалаудың негізін жеке адамның өзі қабылдаған құндылықтар жүйесі, тұлғаның жеке маңыздылықтар жүйесі құрайды. Өзін-өзі бағалау адамның өзін басқа адамдармен салыстыру арқылы қалыптасады, және осындай салыстыру табиғи түрде жүргізіледі де өте қызықты болды.
Дамыту - бұл ересек адамдардың ықпалымен оқу-тәрбие жұмыстарына, өзін-өзі дамыту үрдісіне жағдай жасап, барлық субъектілердің қатысуымен іске асатын үдеріс.
Ал шетелдің көрнекті психологтары К.Юнг бойынша тұлғаның өзін-өзі дамытуында даралық өсуге, жеке еркіндікке көңіл бөлінсе, А.Адлер бойынша ортаны басқаруға басқалардан артық, басым болу жолында білген-түйгенді бір арнаға ғана бағыттауға басым көңіл бөлінеді. А.Адлердің ойынша тұлғаның ішкі күштерінің өзін-өзі дамыту үдерісі әлеуметтену мен тұтастылыққа жету барысында атқарылады, мақсатқа бағытталған шығармашылық ұмтылысына байланысты
2. Психология пәнінің оқытушысы психология ғылымының теориясын ғана емес, тәжірибесін де меңгеруі қажеттігі психологияны оқыту әдістемесі пәнінінің негізін құрайды. Психология пәнінің оқытушысы үшін студенттерге психологиялық білімді берудің әдістері мен тәсілдері, құралдары мен мүмкіндіктері өте мол. Осыларға оқытушының педагогикалық бай тәжірибесі мен тұлғалық сапалары, ізденімпаздық талабы мен креативтілік қабілеті үйлесіп жататын болса, ондай оқытушы тек пән оқытушысы ғана болып қалмай, психолог маман ретінде де қалыптасып, өзінің жеке әдістемелік іскерлігін дамытуда биік деңгейлерге жете алады.
Оқушылардың креативтілік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру сабақ сапасының артуына септігін тигізеді. Теориялық білімнің терең бекіп, жүйелі қалыптасуы креативтілік жұмысқа берілетін тапсырма мен жаттығулардың дұрыс таңдап алынып, құрастырылуына байланысты болады. Креативтілік іс-әрекет креативтілік ойлаудан басталады. Креативтілік ойлау ол кез-келген жағдаятты шешу үшін барлық нұсқаларды ойдан өткізу арқылы жаңа нәтижеге қол жеткізу болып табылады.Креативтілік қабілетті дамыту үшін оқу процесін тиімді ұйымдастыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |