75. Психологияны оқыту әдістемесінде ақпараттық комуникативтік техникаларды қолданудың психологиялық- педагогикалық acпeктiлері.
Оқыту технологияларын қолдану мәселесі педагогиканы оқыту тәжірибесінде өзекті болып табылады. Технология туралы жалпы мәліметті қарастырайық.
Оқыту технологиясының тарихи алғышарттары ХХ ғасырдың бірінші жартысында білімді тексеруге арналған техникалық құрылғылармен тығыз байланысты. Бұл білім беру саласындағы оқытудың техникалық құралдарын ойлап табуға негіз болды. Біраз уақытқа дейін оқыту технологиясы білім беруде техникалық құралдарды пайдалану деп ұғынып келді. ХХ ғ. 50-жылдардан бастап техника мен техникаландыру сөздері технология және технологиялау деген жаңа бағыттармен алмастырылды.
Психологияны оқыту тәжірибесінде ақпараттық технологияны қолдану кең көрініс тапқан. Д.Ш. Матрос пікірі бойынша, кез келген әдіс пен технология ақпараттық технология деп танылады. Бұл қорытындыға ол оқытудың үнемі оқытушыдан білім алушыға ақпарат берумен байланысты болғандығы үшін келген. Сонымен қоса, педагог үшін ең бастысы студенттің қабылдайтын ақпаратын сапалы меңгеруі үшін оны өңдеу жолдарын іздестіру болып табылады. Осылардың барлығына келісе отырып, «оқытудың ақпараттық технологиясы» терминін педагогика ғылымына енгізу білім беруде компьютерлік және басқа да ақпараттық техникаларды (байланыс құралдары, телекоммуникациялық желілер және т.б.) қолдану екендігін мойындаймыз. Біз оқытушы қолданған дидактикалық құралдардың үйлесімділігі арқылы кез келген оқыту технологиясын ақпараттық технологияға жатқызуға болады деп қорытынды жасаймыз.
Психологияны оқыту барысында оқу міндеттерін шешуге бағытталған оқу бағдарламалық құралдары (электронды оқулықтар, электронды курстар, дәрістер, слайд-дәрістер, мультимедиялық презентациялар және т.б.) кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |