Психологияны оқыту әдістемесінің пәні, тапсырмалары. Психологияны оқыту үрдісінің сипаттамасы, оқытудың формалары. Мектептегі оқытудың ерекшеліктері



бет35/38
Дата02.06.2023
өлшемі147,03 Kb.
#98377
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
2022 3 к МПП дәрістер кешені

Дербес компьютер – педагогика бойынша оқу сабақтарының әр түрлі кезеңдерінде қолданылатын әмбебап оқыту құралы. Сонымен қатар ол оқыту құралдарының кең көлемін қолданатын дәстүрлі оқыту аясына да ене алады. Дербес компьютер білім алушылардың белсенді түрде оқу іс-әрекетіне араласуына себепкер бола тұра, студенттердің оқу материалын түсініп, есте ұстауларына негіз бола алады.
Оқытудағы компьютердің негізгі қызметі – оқытушылық. Оқыту кезінде компьютерді қолданудың негізгі міндеттері мынандай:
1) оқу үдерісі кезінде кері байланысты қамтамасыз ету;
2) оқу үдерісін жекелендіруді қамтамасыз ету;
3) оқу үдерісінің көрнекіліктігін арттыру;
4) әр түрлі дереккөздерден ақпарат іздестіру;
5) оқылып жатқан үдерістер мен құбылыстарды модельдеу;
6) ұжымдық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру.
Мақсаты мен міндеттері жағынан компьютерлік оқыту бағдарламалары иллюстрациялық, кеңестік, тренажер-бағдарламалар, оқу-бақылау бағдарламалары, операциялық орта болып бөлінеді. Олардың бірі білім мен іскерліктерін бекітуге арналса, екіншілері жаңа ұғымдарды қалыптастыруға негіз болады. Білім алушыларға зерттеулердің, іс-тәжірибелердің тікелей қатысушылары болуға мүмкіндік беретін үйрету бағдарламалары да бар.
Проблемалық оқыту принциптерін жүзеге асыратын бағдарламалар да зор мүмкіндіктерге ие. Педагогиканы оқыту барысында нақтылы педагогикалық жағдаяттарды модельдеп, талдайтын бағдарламалар орны зор, олар әр түрлі жағдайларда шешім қабылдай алу іскерліктерін қалыптастыруға, бірлесіп әрекет етуге, өз қызығушылықтарын ортақ мақсаттарға тәуелді ете алуға негіз болады.
Бір бағдарламада бірнеше режимдердің тоғысуы сирек (оқыту, жаттығу, бақылау) кездеседі. Оқыту режимінде жұмыс істей отырып, бағдарлама экранға оқу ақпаратын шығарады, оны меңгеруге арналған сұрақтарын қояды. Егер жауабы қате болса, машина дұрыс жауабын табуға көмектеседі немесе дұрыс жауабын бірден айтып, жаңадан сұрақ қояды. Жаттығу режимінде тек сұрақтар мәтіні экранға шығады, қате жауап берілсе, толықтырулар айтылады, жауап нәтижелері сақталмайды, оларды ойлауға берілген уақыт шектелмейді. Бақылау режимінде тапсырмалар нұсқасын компьютер өзі таңдайды, ойлану уақыты шектеулі болады, қате жауап берілсе, дұрыс жауабы айтылып, түсіндіріледі. Соңынан қате жібергендер тізімі құрылып, баға қойылады.
Компьютерді оқыту құралы ретінде қолдану жолдары әр түрлі: бүкіл топпен жұмыс немесе жеке жұмыс. Көрсетілген жұмыс істеу жолдары аппарат құралдарының бар не жоқ болуына ғана емес, дидактикалық мақсаттарға да байланысты. Егер дәрісханада тек оқытушының компьютері ғана болып немесе оқытушы тапсырмаларды ұжымдық жұмыс арқылы орындатуды міндет етіп алса, ол оқытушылық компьютер арқылы оқу тобының жұмысын ұйымдастырады. Мұндай жағдай студенттердің әрқайсысының компьютермен жеке жұмыс істегенінен гөрі нәтижелі болады.
Педагогиканы оқыту барысында компьютерді қолдану тәсілін таңдау тікелей дидактиканың міндетіне сай болмақ. Компьютерлердің көмегінсіз білімді меңгертуге мүмкін емес жағдайда ғана оларды оқытуда қолдану керек. Студент компьютермен жұмыс істеу барысында тапсырмаларды, міндеттерді машина емес, өзі орындап отырғанын түсінгені дұрыс.
Компьютерлік телекоммуникация – ғаламдық компьютерлік жүйені пайдаланатын ақпараттық технологияның жедел түрде дамып келе жатқан түрі. Телекоммуникацияның қарапайым түрі – электронды пошта, қазіргі таңда педагогиканы оқыту үдерісінде кеңінен қолданылып келеді. Электронды поштаның мәні білім алушылардың оқу курсына қызығушылықтарын арттырып, коммуникативтік тәжірибесін кеңейтуінде және алынған деректер бойынша жазба тілдерін дамыту болып табылады.
Педагогиканы оқыту барысында электронды поштаны пайдалану телекоммуникациялық жобалар түрінде болады. Телекоммуникациялық оқу жобасы педагогика бойынша бір тақырыпқа арналады, білім алушылардың әр түрлі іс-әрекет түрлерінен құралады, сонымен қатар оқу ақпаратын алу мен талдаудан, уақыт көлемі жағынан бірнеше күннен бірнеше айға дейінгі уақыт көлемін қамтиды.
Электронды поштаны пайдаланудың төмендегідей практикалық мәні бар:
-әр түрлі оқу курстарын өткізетін педагогтар тәжірибесімен алмасу үшін;
-білім алушылар арасындағы өзара ұжымдық хабарламалармен алмасу үшін:
-жалпы сипаттағы хаттармен алмасу (ұсыным-хат, өз жетістіктері туралы әңгіме және т.б.);
-өткізілген іс-тәжірибелер, зерттеулер және орындалған жобалар туралы есеп-хаттар;
-үздіксіз педагогикалық іс-тәжірибе кезіндегі педагогикалық үдеріске қатысушылар іс-әрекетін датаграфикалық және феноменологиялық бақылау;
-компьютерлік телекоммуникациялық педагогикалық викториналар мен «марафондар» өткізу үшін.
Педагогиканы оқыту барысында компьютерлік телекоммуникацияның басқа түрлері де қолданылуы мүмкін:
-жіберілу тізімі (list- серверлер);
-хабарландырулардың электронды тақталары (ВВS);
-телеконференциялар;
-Gopher – және WWW серверлері.
Осы жағдайда қарым-қатынас жасаудың әр түрлі ақпараттық технологиялары қолданыста болады:
-көпшіліктің көпшілікпен қарым-қатынаста болуы;
-географиялық орналасуы жағынан шектелмеген қарым-қатынас;
-уақыт аясында шектелмеген қарым-қатынас;
-сөйлеу арқылы емес, мәтін арқылы қарым-қатынас орнату.
Ақпараттық және коммуникативтік мүмкіндіктерді кешенді пайдаланудың бір түрі – Internet. Ол педагогиканы оқыту барысында үлкен мүмкіндіктерге ие. Internet арқылы жұмыс істеу барысында алынған файлдардың үлкен санына негізделген білім беру контекстіндегі телекоммуникациялық құралдарды пайдаланудың негізгі идеяларын қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет