Психологияны оқыту әдістемесінің пәні, тапсырмалары. Психологияны оқыту үрдісінің сипаттамасы, оқытудың формалары. Мектептегі оқытудың ерекшеліктері



бет34/38
Дата02.06.2023
өлшемі147,03 Kb.
#98377
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
2022 3 к МПП дәрістер кешені

13. Оқыту компьютеризациясы
1. Оқытуды компьютерлік техникаларды қолданудың психологиялық педагогикалық аспектілері.
2. Психология негіздерін оқытудың телекоммуникациялық жүйе мүмкіндіктері.
3. Электрондық пошта.
4. Интернет.
Оқыту технологияларын қолдану мәселесі педагогиканы оқыту тәжірибесінде өзекті болып табылады. Технология туралы жалпы мәліметті қарастырайық.
Сөздіктерде технология деген адамдардың нақтылы күрделі үдерісті өзара байланысқан жүйелер, рәсімдер мен операцияларға жіктеу арқылы жүзеге асыру тәсілін айтады. Бұл арада рәсім деп басты үдеріс (немесе оның бір кезеңі) жүзеге асыратын, нақтылы технологияның мәнін білдіретін әрекеттер кешенін айтамыз, ал операция – осы рәсім аясындағы міндеттерді практикалық жағынан шешу жолы .
Оқыту технологиясының тарихи алғышарттары ХХ ғасырдың бірінші жартысында білімді тексеруге арналған техникалық құрылғылармен тығыз байланысты. Бұл білім беру саласындағы оқытудың техникалық құралдарын ойлап табуға негіз болды. Біраз уақытқа дейін оқыту технологиясы білім беруде техникалық құралдарды пайдалану деп ұғынып келді. ХХ ғ. 50-жылдардан бастап техника мен техникаландыру сөздері технология және технологиялау деген жаңа бағыттармен алмастырылды.
Педагогиканы оқыту тәжірибесінде ақпараттық технологияны қолдану кең көрініс тапқан. Д.Ш. Матрос пікірі бойынша, кез келген әдіс пен технология ақпараттық технология деп танылады. Бұл қорытындыға ол оқытудың үнемі оқытушыдан білім алушыға ақпарат берумен байланысты болғандығы үшін келген. Сонымен қоса, педагог үшін ең бастысы студенттің қабылдайтын ақпаратын сапалы меңгеруі үшін оны өңдеу жолдарын іздестіру болып табылады. Осылардың барлығына келісе отырып, «оқытудың ақпараттық технологиясы» терминін педагогика ғылымына енгізу білім беруде компьютерлік және басқа да ақпараттық техникаларды (байланыс құралдары, телекоммуникациялық желілер және т.б.) қолдану екендігін мойындаймыз. Біз оқытушы қолданған дидактикалық құралдардың үйлесімділігі арқылы кез келген оқыту технологиясын ақпараттық технологияға жатқызуға болады деп қорытынды жасаймыз.
Ақпараттандыру мәселесіне арналған педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде «оқытудың ақпараттық технологиялары» ұғымына нақтылы түсініктеме берілмеген. Басқа дереккөздерден осы ұғыммен қатар «жаңа ақпараттық технологиялар», «компьютерлік оқыту технологиясы», «компьютерлік педагогикалық технологиялар» және т.б. ұғымдарды кездестіруге болады. «Жаңа» сын есімі педагогикалық дереккөздерде жиі қолданылады. Аталған контексте сөз жаңа енгізілім турасында болып отыр, ол әр түрлі іс-әрекеттің мазмұнын, соның ішінде педагогикалық іс-әрекеттің мазмұнын да өзгертеді.
Оқу үдерісін жаңа аппараттық және бағдарламалық құралдар көмегімен жандандыру «компьютерлік технология» терминін «ақпараттық технология» түсінігімен алмастыруға әкеп соқты. Ақпараттық технология әр түрлі ортамен және оған кіретін компоненттермен сипатталады: техникалық орта (негізгі міндеттерді шешу үшін қолданылатын техника түрі); пәндік орта (пәннің ғылым саласының нақтылы мазмұны); технологиялық (әдістемелік) орта (нұсқаулық, пайдалану тәртібі, тиімділік бағасы және т.б.).
Педагогикалық әдебиеттерде кездесетін бұл ұғым анықтамасының мазмұнды талдамасы екі түрлі тұжырымды іріктеп алды. Біріншісінің аясында ақпараттық технология білім алушылардың танымдық іс-әрекеттеріне сәйкес ақпараттық өнімдерді мақсатты түрде құрастыру, тасымалдау, сақтауды аз көлемдегі шығынсыз, жаңа оқыту құралдары мен әдістерін үйлесімді қолдану нәтижесінде ұйымдасқан дидактикалық үдеріс ретінде қарастырылады. Екінші амалы ретінде оқытудың техникалық ортасын қолданатын ақпараттық құралдар арқылы құрастыруды анықтау жолы танылды. Осылайша, бірінші жағдайда, технология оқыту үдерісі ретінде саналса, екіншісінде оқу үдерісінде арнайы бағдарламалық-техникалық құралдарды қолдану туралы айтылады.
Сонымен, оқытудың ақпараттық технологиялары дегенімізді тұтас кешенді компьютерлік және басқа да құралдарды қолданумен болатын дидактикалық үдеріс деп танығанымыз жөн.
Педагогиканы оқыту барысында оқу міндеттерін шешуге бағытталған оқу бағдарламалық құралдары (ОБҚ) (электронды оқулықтар, электронды курстар, дәрістер, слайд-дәрістер, мультимедиялық презентациялар және т.б.) кеңінен қолданылады.
Оқу бағдарламалық құралдары келесі аспектілерге сай болуы керек:
-психологиялық – аталған бағдарлама оқу уәжіне, педагогикаға оқу пәні ретінде қалай ықпал етеді, оған деген қызығушылықты арттыра ма, төмендетеді ме, машинада құрастырылып ұсынылған қиын әрі күрделі, дәстүрден тыс талаптары білім алушыларда қиындықтар тудыра ма;
-педагогикалық – бағдарлама қаншалықты көлемде педагогика курсының жалпы бағытын түсіндіре алады және де білім алушылар бойында педагогикалық іс-әрекет туралы оң көзқарастарын қаншалықты көрсете алады;
-әдістемелік – бағдарлама материалды меңгертуге дұрыс таңдалған ба, студенттерге ұсынылған тапсырмаларды таңдау дұрыс шешімін тапты ма, материал әдістемелік тұрғыдан дұрыс берілген бе;
-ұйымдастырушылық – компьютерді және жаңа ақпараттық технологияны қолданумен өткізілетін сабақ дұрыс жоспарланған ба, білім алушыға өзіндік жұмыстарды орындау үшін уақыт жеткілікті көлемде беріле ме және т.б.
Осы жайттардың басын ашып құрастыру өте үлкен еңбекті, арнайы іскерлік, дағды мен уақытты талап етеді. Сонымен қатар оқу сабақтарының сапасы (дәрістер, семинарлар) виртуалды иллюстративтік материалдарды әзірлеу мен өңдеу сапасына байланысты болады.
Кең таралған құралдың бірі – мультимедиялық презентация. Презентация – логикалық жағынан бірізді жүйеленген, мәтіндік және көру материалдары (фотосуреттер, суреттер, диаграммалар, бейнероликтер және т.б.) бар слайдтар. Презентация мақсаты студенттерге оқытылып жатқан тақырыптың мәнін түсіндіруге және оның негізгі ойларын есте берік сақтауға көмектеседі.
Слайдтағы материалдар айқын құрастырылып, оларда тек тірек тезистері, маңызды ұсынымдар, ойлар, түсініктер, суреттері болуы мүмкін. Сонымен қатар қатал дизайн, барлық слайдтарға ортақ шрифт, бірыңғай шаблон қолдану, сапалы оқылатын, көрінетін жазулар мен бейнелер болуы керек (Оқу құралының қосымшасында презентация жасаудың ұсыныстары берілген).
Презентация әзірлеу барысында мынандай ортақ ұсыныстарды қолдану керек:
-презентация үшін жинақталған оқу материалы айқын құрылымдалған, жүйеленген болуы тиіс;
-иллюстрациялауды қажет ететін оқу материалы іріктелініп алынуы керек;
-презентация әзірленетін тақырып бойынша немесе тұтас оқу материалы бойынша басты және жанама ақпаратты анықтап алып, мақсат пен міндеттерді тұжырымдау керек;
-презентацияны әзірлеудің жалпы сызбасы қисындық жағынан бірізді және параллельді байланыстар тізбегін құрайды (пәнаралық, ғылым аралық, пән ішілік және т.б.);
-презентацияның құрылымына жоспар-конспектісі кіреді, онда басты ұғымдардың анықтамасы, ойлардың қорытындылары, слайдтардың аты мен мазмұны, мәтін үзінділері, суреттер, сызбалар, кестелер, фотосуреттер, белгілер (графикалық бейнелер, басқа да символдар) беріледі;
-презентация түрін таңдап алу қажет. Ол екі типті болады: ажыратылымсыз (музыкалы және музыкасыз), кадрлық (музыкасыз). Ажыратылымсыз презентация дәріске дейін не одан кейін, ал кадрлық презентация лектордың сөйлеу барысында, дәріспен қатар жүріп отырады;
-презентация шрифті мен бейнелері ірі, нақты, анық, түрлі-түсті болуы арқылы оның сапасын айқындайды;
-мәтін мен бейнелер бір-бірін толықтырып отырулары керек;
-слайдтағы негізгі ойларға, анықтамаларға, ережелерге дәріс материалдарын бекіту үшін әлсін-әлсін оралып отырған дұрыс;
-видеотүсірілім мен анимация материалдарын қолдануға болады;
-слайдты ұсақ жазбалармен, әр түрлі иллюстрациялармен, жүгіріп, айналып тұратын жазулармен безендірудің еш қажеті жоқ, ол қызығушылықты төмендетіп, презентацияны бүкіл мән-мағынасынан ажыратады.
Осылайша, мультимедиялық презентациялар студенттердің қаралып отырған материалдың мәнін жете түсініп, есте сақтаулары үшін аса маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет