Психологияны оқыту әдістемесінің пәні, тапсырмалары. Психологияны оқыту үрдісінің сипаттамасы, оқытудың формалары. Мектептегі оқытудың ерекшеліктері



бет29/38
Дата02.06.2023
өлшемі147,03 Kb.
#98377
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38
Байланысты:
2022 3 к МПП дәрістер кешені

11. Оқушылардың өзіндік жұмысы
1. Психология бойынша оқулықпен, дәптермен жұмыс.
2. Оқушылар үшін психология бойынша оқулықпен жұмыстың ерекшеліктері.
3. Психология бойынша оқу тапсырмасының ерекшеліктері.
Өзіндік жұмыс аудиториялық жұмысымен қатар оқу процесінің елеулі формасының бірі болып табылады. Оның табысты өтуі үшін оқытушы тарапынан жоспарлау және қадағалау керек, сонымен қоса өзіндік жұмыстың қажетті көлемінің мамандық бойынша оқу жоспарында орын алуын профильдік кадефралар, оқу бөлімі, методикалық қызмет тексеріп отыруы керек.
Педагогикалық әдебиетте өзіндік жұмыстың әртүрлі варианттары кездесетіндіктен біз мынадай тұжырымдаманы басшылыққа аламыз.
Өзіндік жұмыс- студенттердің жоспарлы жұмыс, оны тапсырыс бойынша жеке оқытушының методикалық басқаруымен, бірақ оның тікелей қатынасуынсыз студент жасайды.
СӨЖ әрбір пәнді игеру үшін ғана емес, жалпы өзіндік жұмыс жасау, оқуда, ғылыми жұмыста, кәсіби іс-әрекетінде проблеманы өзегімен шешуге, дұрыс шешім табуға, қиын жағдайлардан шығу т.б. дағдыларды қалыптастырады. СӨЖ маңызы бір пәннің көмегінен шығып кетеді, соған байланысты шығарушы кафедралар өзіндік жұмыстың дағдылары мен икемдерінің жүйелі стратегиясын қалыптастыру керек. Бұл жағдайда абитуренттердің дербестік деңгейіне қарау, түлектердің дербестік деңгейіне қойылатын талаптарға зер салу оқыту кезінде, ізделіп отырған деңгейге жеткізеді.
Білім берудің жаңа парадигмасына сәйкес, мамандануына және жұмыс тәртібіне байланыссыз кезкелген маман іргелі білімді игеруі, кәсіби дағдылар мен икемдерді, өз мамандығы бойынша творчестволық және зерттеушілік іс-әрекеттер арқылы жаңа проблемаларды шешуді өз ісі бойынша әлеуметтік-бағдарлаушылық тәжірбиесін үйренуі керек. Соңғы екі білім беру құраушысы студенттердің өзіндік жұмысы кезінде ғана қалыптасады. Бұдан басқа, кафедралардың міндетіне дербестік дифференциалды критерилерін даярлау, оның мамандыққа және іс-әрекет түріне (зерттеуші, жобалаушы, конструктор, технолог, жөндеуші, менеджер т.б.) байланыстылығын ескеру міндеттеледі.
Жоғарғы мектептің орта мектептен өзгешелігі мамандандыруында, бірақ ең негізгісі оқу жұмысының методикасы мен шәкірттердің дербестік дәрежесі. Оқытушы тек студенттердің танымдық жұмысын ұйымдастырушы ғана. Танымдық әрекетті студенттің өз жасайды. Өзіндік жұмыс барлық оқу жұмысының түрлерін аяқтаушы болады. Дербес іс-әрекетпен бекітілмеген білімнің қандайы болмасын, адамның қажетіне жарай алмайды. Бұдан басқа өзіндік жұмыс тәрбиелеуші маңызға ие: ол дербестікті дағдылар мен икемдердің жиынтығы түрінде қалыптастырып қана қоймайды. Қазіргі заманғы жоғары білікті маманның жеке басының құрылымында ерекшк дәл ойлайтын мінез-құлық ерекшелігін қалыптастырады. Сондықтан әр ЖОО-да әрбір курста оқытушының басқаруымен студенттердің өздік жұмыстары үшін материал ұқыптап, таңдап алынады. Оның формасы әр алуан ол үй тапсырмасының түрі типтері. ВУЗ-да семестр үшін өздік жұмыстардың кестесі жасалып, оған семестрлік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары қосылады. Кестелер- уақытты тиімді пайдалануға, ынталандыруға, ұйымдастыруға мәжбүрлейді. Жұмысты оқытушы үнемі тексеріп отырады. Өздік жұмыстың негізіне ғылыми – теориялық курс, студенттің алған білімдерінің кешені алынады. Тапсырмаларды бөлгенде студенттер оны орындау жөнінде нұсқаулар, методикалық сілтемелер, оқу құралдары қажетті әдебиеттің тізімін қоса алады.
ЖОО-да дербес өздік жұмыстың көптеген түрлері болады – лекцияға дайындық, семинарларға, лабораториялық жұмыстарға, сынақтарға, емтихандарға реферат орындауға, тапсырмаларға, курс жұмыстарына және жобаларына дайындық, ал қорытынды кезеңде - диплом жобасын орындау. Өздік жұмыс тиімдірек болады, егер ол жұппен орындалса, немесе оған 3 адам қатынасса. Топтық жұмыс себептілік факторын күшейтеді және өзара инеллектуалдық белсенділігін студенттердің танымдық іс-әрекетінің тиімділігін жоғарлатады, ол кезде өзара тексеріс көмек жасайды. Серіктің қатысуы студент психологиясын елеулі түрде қайта құрады. Жекелеме дайындық жағдайында студент өз іс-әрекетін субъекттивті түрде бағалап, оны толыққанды және аяқталған деп ойлайды, бірақ ондай бағалау қате пікір болуы мүмкін. Топтық жекелеме жұмыс кезінде топтық өз-өзі тексеруінде оқытушының түзетуі мүмкін болды. Бұл өз бетімен оқу іс-әрекетінің екінші түйіні жалпы жұмыстың тиімділігін қамтамасыз етеді. Өздік жұмыстың жоғары деңгейде болуы кезінде студент жұмыстың дербес бөлігін өз бетімен орындайды және оны курстас-серігіне көрсете алады.
Аудиториялық және өздік жұмыстарға берілген уақыт қатынасы дүниежүзінде 1:3,5 қатынасындай болады. Мұндай қатынас студенттердің оқу жұмысының осы түрінің зор дидактикалық мүмкіндігіне негізделеді. Өздік жұмыс мынаны мүмкін етеді:
Білімді тереңдетуді және кеңейтуді;
Танымдық іс-әрекетке қызығушылық қалыптастыруды;
Таным процесінің әдістерін меңгеруді;
Таным қабілеттерін дамытуды.
Сондықтан да ол мамандар дайындаудың тиімділігін жоғарлатудың басты қоры болып табылады. Өздік жұмысты ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен жетекші педагогикалық аспектлерін қарастырайық.
Студенттердің оқу іс-әрекетінің қалыптасқан білім беру формалары – лекциялар, практикалық, лабороториялық жұмыстар, семинарлар, өздік жұмыстар мен үй тапсырмаларының түрлерін анықтайды. Тексеру жүйесі де оның бағдарлауының негізін қалайды.
Лекцияда оқытушы студенттерге қажетті әдебиетті ұсынады және оларға оқулықпен түпдеректермен жұмыс істеу тәсілдерін түсіндіреді. Бұл жағдайда кіріспе және бағыт сілтейтін лекциялардың мүмкіндігі зор болады да, онда тақырыптың проблематикасы ашылады, оны игеру логикасы, әдебиет тізіміне сипаттама беріліді, өз бетімен оқып білуге арналған тараулары бөліп көрсетіледі.
Семинарлық және жобалық тапсырмалар жауаптардың, есептеулердің, шешімдердің тиімді варианттарын іздеу икемдерін жетілдіруге бағытталған болуы шарт.
Өздік жұмыс дидактикалық тірек материалдарын пайдалана отырып орындалады. Мұның өз студенттердің жұмысына түзету енгізу мен оның сапасын жетілдіруге жағдай жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет