Психологияны оқыту әдістемесінің пәні, тапсырмалары. Психологияны оқыту үрдісінің сипаттамасы, оқытудың формалары. Мектептегі оқытудың ерекшеліктері



бет30/38
Дата02.06.2023
өлшемі147,03 Kb.
#98377
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38
Кафедралар ұжымдарының даярлайтыны:
1.Өздік жұмыстың тасырмалар жүйесі
2.Баяндамалар мен рефераттар тақырыптары
3.Лабораториялық жұмыстар, жаттығулар, үй тапсырмалары т.б. үшін нұсқаулар мен методикалық түсініктемелер
4.Курс жұмыстарының диплом жобаларының тақырыптары
5.Міндетті жеке қосымша әдебиеттің тізімі
Өздік жұмыс әрекетшілдік сипатта болғандықтан, оның құрылымында осындай жұмысты атқаруды мынадай компоненттерді көрсетуге болады: себепшілдік бөлігі, нақты міндеттерді қою, орындау тәсілдерін таңдау, орындаушылық бөлігі, тексеру. Осыған байланысты өздік жұмысты табысты орындауды қамтамасыз ететін шарттарды бөліп көрсету керек:
1.Оқу тапсырмасының себепшілдігі (не үшін, неге жағдай жасайды)
2.Таным мақсатының нақты қойылуы
3.Алгоритм жұмысты орындау тәсілдері, студенттің оны орындау әдістерін білуі
4.Оқытушының есеп беру формасын, жұмыс көлемін, тапсыру мерзімін анық белгілеуі
5.Консультациялық көмектің түрлерін анықтауы ( консультациялар- бағыт сілтеуші, тақырыптың проблемалық)
6. Бағалаудың, есеп берудің т.б. критирилері
7.Тексерудің түрлері мен формалары (практикум, бақылау жұмыстары, тесттілер, семинар т.б.).
Өздік жұмыс студенттің қайталап беру және творчестволық процестерін қамтиды. Осыған байланысты студенттердің өз бетімен жасайтын іс-әрекетінің үш деңгейі тағайындалады:
1.Қайта жаңғырту деңгейі
2.Қайта құру деңгейі
3.Творчестволық, ізденушілік
1.Жаттығу өздік жұмысы мынадай үлгімен орындалады: есеп шығару, кесте толтыру, сызба, т.б. Студенттің танымдық іс-әректі оның тануынынан, ой елегінен өткізуінен, есте сақтауынан көрінеді. Мұндай қалыптағы жұмыстың мақстаы-білімді бекіту, біліктілігін, икемдерін қалыптастыру.
2. Қайта құру өздік жұмыстары. Мұндай жұмыстың барысында шешімдердің қайта құрастырылуы, жоспар жасау, тезистер, аннотациялар жасау іске асады.
3.Шығармашылық өздік жұмыс проблемалық ахуалды талдауды, жаңа ақпараты алуды талап етеді. Студент өз бетімен шешудің құралдары мен әдістерін таңдап алуға тиіс (оқу зерттеу тапсырмалары, курстық және дипломдық жобалар)
Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру және табысты жүргізу үшін керегі :
1. Аудиториялық жұмыстың барлық формалары бойынша СӨЖ ұйымдастыруға комплекті жүргізу.
2. СӨЖ-дің барлық деңгейлерін қабыстыру.
3. Орындау сапасын бақылауды қамтамасыз ету (талаптар, консультациялар)
4. Тексеру формалары
Оқытушылар студенттерге түлектердің квалификациялық сипаттамаларының негіздерімен таныстыруы және қандай жолмен барлық оқу процесі мен әрбір пән маманның мінездемесіне енетін кәсіптік және жеке басының сапаларын қалыптастыруға жағдай туғызатын түсіндірулері қажет. Өздік жұмыс-оқу процесінің маңызды формасы болғандықтан, студенттердің назарын, квалификациялық сипаттамасының қандай параметрлерін қалыптастыруға тікелей әсер ететінін, мәселен, жылдамдық, ахуалды болжай білуі мен оған белсенді араласуы өзінше бағалай білуі т.б. Осының арасында студент өз еңбегінің оң нәтижелерін көруі және оның оқудағы табыстары жанама түрдегі қызығушылықтан тікелей өз қызығушылығына көшуіне жағдай жасайтынын сезінуі тиіс.
Осындай себептерді қалыптастыру оқытушының студент табысына шын пейілімен мүдделі болуына жағдай жасайды. Оқудағы саналылық та ең маңызды факторлардың бірі. Студенттердің материалды түсінетініне көңіл аудармай, сабақ жүргізуге болмайды.Егер студентердің әуелгі деңгейі күткендегіден төмен болса, онда программа мен СӨЖ-дің тапсырмаларына тиісті өзгерістер енгізуі қажет. Сонымен оқытушы студенттердің әуелгі білімдері мен біліктіліктері туралы білуі және оларды мақсаттарымен, оларды игеруді құралдарымен және тексеру құралдарымен таныстыруы керек. СӨЖ-ді орындаудың саналы түрде болуын келесі сипаттамалар қамтамасыз етеді.
Өздік жұмыс үшін таңдап алынған материалдың методологикалық түсініктілігі;
Білімнің күрделілігі, «дамудың жақын аймағына» сейкестігі, яғни орындаудың қолдан келуі;
Пәннің логикасын және игерілу психологиясын ескере отырып, материалдың бірізділікпен берілуі;
Студенттердің оқу мүмкіндіктеріне қарай, өздік жұмыс үшін алынған материалды мөлшерлеп беруі;
Өздік жұмыстың әрекетшілдік бағдарлануы.
Оқу мазмұнының төрт құрамдас бөлігіне бағдарлана отырып-білім, дәстүрлі тапсырмаларды шеше білу, творчестволық іс-әрекет тәжірбиесі, әсерлі-бағалау іс-әрекетінің тәжірбиесі-әрбір пән үшін білімнің іргелі ядросын және практикалық сабақтар үшін арнаулы міндеттерді мұқият таңдап алып, осы материалдардан өздік жұмыс үшін проблемалар мен тапсырмалар жиынтығын бөліп алу керек. Инженердің жаңа машиналар мен механизмдерді құрастыру қабілеті, жаңа технологиялар жасау, бірегей өндіріс жағдайында басқа мамандық иелерімен жемісті қарым-қатынас орната білуі қажет екенін ұмытпау қажет. Сонымен қоса, оның еңбегінің нәтижелілігі жалпы мәдени деңгейіне байланысты. Ол жоғары болған сайын, оның ой-өрісі кең және ауқымды ойлау қабылеті жоғары, соғұрлым оның проблеманы нақтылы қою мен оны шешуде мүмкіндігі айқын. Жоғары мәдени деңгей «мағлұматтар банкінің» сандық жиынын анықтайды, маманның бүгін болмаса да ертеңгі жұмысында қажеттілігі болатын білім қорын айқындайды.
Өзіндік жұмыстың тапсырмаларын даярлау кезінде оқытушылар өз пәнінің инженерлік мамандыққа сәйкес профильдену талаптарын басшылыққа алуы тиіс. Инженер қашанда таңқаларлықтай логикалық шешім табады, яғни ол қарапайым жүйелі тұжырымдаманы басшылыққа алады. Оған жүйе мен оның элементтері, олардың арасындағы байланыстар маңызды. Инженерлік еңбек білімнің синтезіне негізделген, оған қоса экологияға, экономикаға, эргономикаға және т.б. Инженерлік зерттеу және жобалау идеяларды модельдерге, оған кейін есептеу схемаларына көшіреді. Инженер үшін маңыздысы терең білім емес, білім негізінде жаңаны туғызу.
«Jngenieuz» сөзінің өзі французшадан аударғанда «өнертапқыш» дегенді білдіреді.
Осы принциптердің бәрін студенттердің өздік жұмысын әзірлеу кезінде ескеру керек. Тапсырмаларды пішіндеу кезінде олардың қолданбалы сипатын, болашақ мамандықпен байланысын және методологиялық ерекшеліктерін, «инженерлік ойды» қалыптастырумен ұштастыру шарт.
Жоғарыда айтылғандар инженерлік ВУЗ-дағы пәннің кәсіптік бағдарлануына қойылатын нақтылы талаптар жиынтығын тұжырымдауға мүмкіндік береді:
Материалды таңдап алу мен айтып түсіндіру квалификациялық ситаттамада көрсетілген мақсаттарға жетуді қамтамасыз етуі және өз мамандығы үшін берілген пәннің қолданбалы маңызды түсінуге жағдай жасауы керек.
Тапсырмалар материалы әдістемесі, түсінікті, жалпылама біліктілікті жасап шығару құралы болуға тиісті.
Кез-келген пәннің теориялық бөлігінде білімнің іргелі ядросы бөліп көрсетіледі: «ядролар» арасындағы көптеген байланыстарды анықтау және көрсету студенттер санасында дүниенің ғылыми бейнесін және қазіргі заманға таным методологиясы туралы түсінікті қалыптастыруға көмектеседі.
Міндеттер мен тапсырмаларды құрастыру кезінде олардың мазмұнын мамандықпен байланыстыру, студенттерді объектінің ойша моделін қалыптастыруға және есептік схеманы таңдауды негіздеуге үйрету керек.
СӨЖ үшін жекелеме тапсырмаларды даярлау туралы айтқанда адамдардың әртүрлі интеллектуалдық сапаларын ескерту қажет. Жай ойлайтын «жылдам милы», «идеялар генераторы» және осы идеяларды ғажап түрде соңына дейін апаратын адамдар болады. Кейбіреуі жеке жұмыс істеуді, басқалары-ұжымдық еңбекті қалайды. Шындығында, әртүрлі ой иелері бірін-бірі толықтыра отырып қоғамды гармонияландырады. СӨЖ-ді орындаған кезде студенттерге олардың мінезіндегі кемшіліктеріне қарап біріктіруге көмек жасау керек. Төмендегі ұсыныстар студенттердің мінез-құлқындағы ерекшеліктеріне байланысты оқытушылардың дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі:
Аудиториялық сабақтарды жүргізгенде барлық студенттер қандай да бір өздік жұмыстар минимумын міндетті түрде орындайтын, ал тәуірлеу дайындығы барларға күрделендірілген тапсырма беретін етіп ойластыру керек;
СӨЖ-дің табысты орындалуын үнемі тексеріп отыру және оқытушының жекелеме консульциясы болуы шарт. Мұнда оқытушының студентпен жекелей педагогикалық қатынасы принциптік маңызы;
СӨЖ-дің табыстылығы оның орындалуы бойынша методикалық нұсқау берілуіне байланысты. Семестрдің басында оқытушы бірінші сабақта студенттерді СӨЖ-дің мақсаттарымен, құралдарымен, көп еңбекті талап ететінімен, орындау мерзімімен, тексеру формаларымен және өзіне өзі тексеру жолдарымен таныстыруы құажет. Өздік жұмыс графигі төменгі курстарда да қажет, ал жоғарғы курстарда студенттерді өз жұмысымен дұрыс жоспарлай білуге баулу керек;
Кез-келген пән бойынша практикалық сабақтарға арналған үй жұмыстарының пакеті мынаны қамтуы тиіс: барлық типті есептер, ол бойынша тексеруден табысты өту үшін сол есеғптерді шешу әдістерін игеруі; түсініктердің, фактлердің, заңдардың және әдістемелердің жиынтығы, оларды білу жоспарланған біліктілікті игеру үшін қажет және осында нені жатқа білу керек екені көрсетеді,
Тапсырмалар пакетін семестрдің басында берілгені қолайлы және оның тапсыруылу мерзімін де айту керек;
Кез-келеген пәнді оқып үйрену кезінде «кіріспе тексеріс» жүргізу дұрыс болады. АОС-ты қолдана жүргізсе тіпті жақсы. Мұндай тексеру біліміндегі кемшіліктерді анықтап, жоюға көмектеседі;
СӨЖ үшін тапсырмалар екі бөлімнен тұрады-міндетті және факультативті, осы пән бойынша қабылеті жоғарылау студенттер үшін, оларды орындау қорытынды тексеріс кезінде ескеріледі;
практикалық сабақтарда тапсырмаларды жеңіл және табысты орындайтын студенттерді анықтауы қолайлы. Оларға қиындатылған жеке тапсырмалар беруге болады, НИРС ке қатысуға ұсыныс жасауға және «консультаттар» дайындап, әлсіз студенттер көмексесуге пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет