Психомоториканы және сенсорлы үдерістерді дамыту 2 -сынып



бет6/13
Дата17.04.2023
өлшемі87,66 Kb.
#83611
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Психомоториканы ж не сенсорлы дерістерді дамыту 2 -сынып

Сергіту сәті «Біз гүлдерше өсеміз»
Жапырағы жайқалған
Сабақтары салалы
Желге ырғалып шайқалған


«Сенемін-сенбеймін» ойыны
Мақсаты: зейіннің тұрақтылығын дамыту.
Балалар шеңбер құрып отырады. Психолог допты кез келген бір балаға лақтырып, былай деп айтады:
- Піл ұшу біледі;
- Құстар апанда ұйықтайды;
- Балықтар құрлықта өмір сүреді, т.с.с.
Балалар педагог тек шындықты айтқан кезде ғана допты қағып алулары керек. Егер бала жаңылысып, допты қағып алатын болса, онда оған ескерту карточкасы беріледі. Бір ескерту алмаған бала «ең зейінді бала» болып есептеледі.
Нәтижесі: .............................................................................................................................................
Тексерген:
Күні
Сенсорлық дамуын анықтау
Мақсаты: әр түрлі сенсорлық құрамның біртұтас объектілерін, сапасымен белгісін тану;
Сабақтың тақырыбы:
Өту әдісі: Түсінік беру. Талдау.
Сергіту сәті
Нәтижесі:
«Суретте қандай затттар жасырылған?»
Әдістеменің мақсаты: қабылдауының даму деңгейін анықтау.
Нұсқау. Бұл әдістемеде балаларға бұрыннан таныс заттар бір суретке біріктіріліп салынған күйінде көрсетіледі. Зерттелуші осы суреттегі заттарды 1 минуттың ішінде атап айтуы қажет. Егер зерттелуші 1 минуттың ішінде аталған тапсырманы орындай алмаса, оны тоқтатуға тура келеді. Ал егер, зерттелуші тапсырманы 1 минутқа жетпей орындаса, барлық жұмсалған уақыт есептеледі. Әдістеменің нәтижесін мынадай балдық жүйе бойынша есептейді.
10 балл - бала суреттегі барлық 14 затты еш қиындықсыз 20 секундтың ішінде тапса
8-9 балл- бала суреттегі 14 затты 21ден 30 секунд аралығында тапса
6-7 балл- бала барлық затты 31 ден 40 секунд аралығындатапса
4-5 балл- бала барлық затты іздеуге 41 ден 50 секунд жұмсаса
2-3 балл- барлық затты табуға 51 ден 60 секунд жұмсалса
0-1 балл- барлық суреттегі заттарды 60 секундтан артық уақытта таба алмаса
Балдық жүйенің көрсеткіші.
10 балл-өте жоғары
8-9 балл- жоғары
4-7 балл- орташа
2-3 балл- төмен
0-1 балл- өте төмен



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет