Сергіту сәті
«Қолдану» жаттығуы.
Оқушыға таныс нәрсе көрсетіледі. Ол бұл нәрсені түрлі тәсілдермен қайда қолдануға болатынын табады. Мысалы: «Кірпіш тас», «Газет», т.б.
«Белгісін тап» жаттығуы.
Оқушыларға үш-төрт сөз беріледі. Мысалы: АЛМА, СИЫР, ТҮН. Осы сөздердің бір белгісін табуға тапсырма беріледі. (Алма - тәтті, сиыр – сүтті, түн – қараңғы). Оқушылар жаттыққан соң екі, үш белгісін таптыруға болады.
Нәтижесі: ........................................................................................................................................
Тексерген:
Күні
Сабақтың тақырыбы: Танымдылық іс –әрекетінің диагностикасы
Мақсаты: психологиялық көмек ұйымдастыруда оның өзекті және жақын даму аймағын анықтау;
Қабылдау және заттық –ойын әрекетін дамыту
«Аяқталмаған суреттер »
Сабақтың мақсаты :
«Аяқталмаған суреттер» әдістемесін пайдалана отырып тұтастай қабылдауды дамыту.
«Суретті есте сақтау » әдістемесін пайдалана отырып , көрнекі-бейнелі есте сақтау қабілетін дамыту.
«Фигураны ата» әдістемесі бойынша көру арқылы қабылдауды дамыту.
Суретке қарап мазмұның айтып беру барысында сөздік қорын молайту.
Сабақта денені тік ұстап, дұрыс отыруға тәрбиелеу.
Көрнекі –құралдар: әртүрлі суреттер, геометриялық фигуралар, ертегі кітапшасы.
Сабақтың барысы :
1.Ұйымдастыру кезеңі
-Баламен амандасу
-Баланы ыңғайлы отырғызу
-Жылулық шеңберін орнату арқылу баланың көңіл- күйін көтеру
«Аяқталмаған суреттер» әдістемесі.
Тұтастай қабылдауды дамытуға арналған әдістеме. Яғни балаға 2 нұсқа беріледі. Ол нұсқада үш суреттен орналасқан. Ол суреттер жартылай салынып , аяқталмаған. Бала сол суреттерді табуы қажет.
«Суретті есте сақтау » әдістемесі
Балаға бұрыннан таныс он сурет бейнеленген парақ бірден көрсетіледі. Бала әр суретке 2 секунд қарап есіне сақтауы тиіс. Сурет жабылып қойылады. Бала есінде қалған суреттерді айтып шығуы қажет. Тапсырманы қайталап орындату керек. Бала барлық суретті айтып болғанша тапсырма қайталанады. Жақсы орындаған үшін баланы мадақтау қажет.
Ойлау әрекетін дамыту. Қазір екеуміз қызық ойын ойнаймыз, мен саған қазір әртүрлі сөздер айтамын сен сол сөздер бойынша сурет, затты көрсетуін керек. Мысалы :
Айжан, Айгүл-------
Қыс, Жаз----------
Қуыршақ , доп ---------
Қалам, карандаш---------
Мысық, ит------------
Торғай , қарға-----------
Қызыл, көк-------------
Достарыңызбен бөлісу: |