Сұраулы сөйлемнің жасалуы
Ма, ме, ба,
бе, па, пе
сұраулық
шылаулар
арқылы
Сұрау
есімдіктері
арқылы
Сұраулық интонация арқылы
Баяндауыш
құрамында
ғой,
ше
шылаулары
келу арқылы
Баяндауыш
құрамында
шығар,
болар
сөздері
келу
арқылы
Баяндауыш құрамында
ә одағайы келу арқылы
Бүгін күн
қызарып
бұлтқа
батты,
ертең жел
көтеріле
ме,
жоқ
па? (Ә.Н.)
Бағып отырған
малыңды
тастап,
үй
тұрғызуға керек
дүниені қайдан
іздерсің? (Ш.А.)
Анау
адам
мұның сөзін
дұрыс түсінсе
жақсы,
түсінбесе ше?
(Ш.А.)
Топырлап
кіріп
жатқан
мына
кісілерді
де
қуанышына құтты
болсын
айта
келгендей көретін
болар? (Ә.Н.)
– Баламысың деген, ә?
– деді шал мұртынан
күліп. – Әуелі үйге
жетіп
алайық,
қалғанын
көрерміз.
(Ш.А.)
113-жаттығу. Сұраулы сөйлемдер қандай сұрау мәнді сөздердің
қатысуымен жасалып тұрғанын анықтаңыздар.
Шабандоздар дәл қазір неге үндемейді, бет-әлпеті неге сіресіп қалған, не
тыңдап келеді? (Ш.А.) Дәл осы жерде алдында отырған келіні емес өзге біреу
болса, Танабай мұндай сөздерді айтқызып қояр ма еді? (Ш.А.) Мүмкін, бұлар
өздерінің түнде көрген түсін бір-біріне баяндайтын шығар? (Ш.А.) Машинаны
алғаш көргендей қуаныш, алып ұшқан жүрек қайда кеткен, осынша неге
қуанды, осынша аптыққаны несі? (Ш.А.) Шалды ол қайдан қусын, бұл кетсе,
кім жұмыс істейді? Бұл шалсыз күн көре алар ма? (Ш.А.) Басқаларға торайдай
шұбыртып бергенде, бұған келгенде құдайдың көзі неге жұмулы? (Ш.А.) Көп
жылқы ана ауылдың шабындысына түскенін көрдің бе? (Ж.А.) Туған жердің
артығын, жазатайым іс етіп, күштілерге күш етіп, еріксіз елден айырылған,
шеттен дәмі бұйырған, жаттан сыйлау көрмеген ер білмесе, кім білсін? (Ж.А.)
114-жаттығу. Белгілі бір ақын не жазушымен кездесу ұйымдастырылса,
қандай сұрақтар қояр едіңіздер. Әркім бес сұрақтан дайындаңыздар.
115-жаттығу.
Ф.Оңғарсынова,
Т.Молдағалиев
өлеңдерінде
сұрау
белгілерінің қойылуына назар аударып, себебін анықтаңыздар. Әр ақынның екі
өлеңін алып талдаңыздар.
55
116-жаттығу. Көркем шығармадан сұраулы сөйлемнің әр түріне үш
мысалдан теріп, кестені толтырыңыздар.
Ма, ме, ба, бе,
па, пе сұраулық
шылаулар
арқылы жасалуы
Сұрау
есімдіктері
арқылы
жасалуы
Баяндауыш
құрамында
ғой,
ше
шылаулары
келу арқылы
жасалуы
Баяндауыш
құрамында
шығар, болар
сөздері
келу
арқылы
жасалуы
Баяндауыш
құрамында ә
одағайы
келу арқылы
жасалуы
Интонация
арқылы
жасалуы
Леп белгісі, оның қойылатын орындары
Леп белгісі – лепті сөйлемнен кейін қойылатын таңба. Лепті сөйлем деп
адамның көңіл күйін, түрлі сезімін білдіретін сөйлемді айтамыз.
ЛЕП БЕЛГІСІ
Қойылатын орындары
Лепті
сөйлемде
рден
кейін
Ұран,
үндеу
мәнді
сөйлемдер
ден кейін
Одағай,
қаратпа
сөз
сөйлем
басында
келіп,
көтеріңкі
дауыспен
айтылса
Бұйрық, тілек,
өтініш
мәніндегі
бұйрықты
сөйлемнен
кейін
Ішінде сұраулы
сөйлем
жасайтын
элементтері
бар,
бірақ
ерекше
бір
сезіммен
айтылған
сөйлемдерден
кейін
Ма, ме, ба, бе,
па,
пе
шылаулары
бар,
сәлемдескенде
айтылатын
сөйлемдерден
кейін
Шіркін,
дәл
осындай
жігіт
болып
өсер
ме
еді!
(Ш.А.)
Жасасын
бірлік,
бейбітші
лік!
Оны естігенде
Бекболат: – Е,
бәрекелді!..
Япырай!
Түгел
түсіп
пе? – деді.
(Ж.А.)
Төлеген әнтек
қипалақтап
тұрып: – Кәне,
жолдастар!
Тамаққа
жүріңіздер! –
деді. (Ж.А.)
Көзі
тостағандай,
терең, тұңғиық,
қандай тамаша
десеңізші!
(Ш.А.)
– Сәлеметсіздер
ме! – деді оған
бейтаныс
біреулер. (Ш.А.)
117-жаттығу. Леп белгісінің қойылу мәнін түсіндіріңіздер.
І. Қазақтың домбырасы мен қырғыздың қобызынан күмбірлеп шығатын күй
дәл осы лек-лек тасқын шабыс емес пе екен! (Ш.А.) – Үрбие-ау! Бетіңді
кішкене жуып жүрсейші! – деп, қазаншы қатынның алдына бір уыс бауырсақ
тастады. (Ж.А.) Шалқаңнан жатып алып, көк аспанның тұңғиық теңізін барлап
жатқан деген қандай рақат! (Ш.А.) Күлгенде де, ренжігенде де арасы қосылып
кететін қалың қара қасы қандай әдемі! (С.Ш.) Қала мен жолда талай күн бірге
болған уақытта бірде-бір сездірсеші! (М.Ә.) Сол уақытта Абай үлкен ықылас
56
білдіріп, айрықша бір тағзыммен төсін басып, қатты дауыстап: –
Ассалаумағалайкүм!.. – деп сәлем берді. (М.Ә.) Үй артындағы қоста Қартқожа
бала оқытып жатыр еді, бір күні Кәрібай қажы: «Бері шығып кетші!» – деді.
(Ж.А.) Енді бір басып еді, аяқ асты қарауытқан шұқыр болды, шұқыр түбінде
бірдеме ағараңдаған тәрізді, қимыл етті: – Ағатай-ай! – деді біреу ышқына
сыбырлап. (Ж.А.)
ІІ. Жапырақтар-ау, сыбдырлап жерге төгілгенше, шерлі сұлуға сая
болсаңдаршы! Ызғырық-ау, ызылдағанша жапанда жалғыз қалған баланың
әкесіне хабар берсеңші! (Ж.А.) «Заула отым, заула! Мазда отым, мазда! Қорқақ
аңдар, тілсіз жаулар! Қаш, маңыма жолама! Күйдіремін, өртеймін!» – дегендей
Ақбілек от тәңірге сүйініп, таң атқанша маздатып, жаны аман қалды. (Ж.А.)
Ақбілек қай үйге барарын білмей, дағдарып келе жатыр еді, дуана: – Анау үйге
барайық! – деп, адырдың бауырындағы үлкен қораны нұсқады. (Ж.А.) – Ойбай-
ау! Олар қайда? Көргеміз жоқ... – десіп, таңданып, олай да, бұлай да жүгірісті.
(Ж.А.) Дос алдында жауап беруден дұшпан қолында өлген жеңіл емес пе!
(Ш.А.) – Иә, сүйтіңдер, тізелесіп отырыңдар! Ұялатын үлкен кісі жоқ қой, –
деп, Ақберген де айтты. (Ж.А.) «Құлыным-ау!» – деп Қалиша құшағын жайып
құшақтай алғанда-ақ, Шәйза өзіне деген бір сұмдықтың болғанын сезіп еді.
(Ғ.Мүс.)
118-жаттығу.
Сұраулы,
хабарлы
сөйлемдерді
лепті
сөйлемге
айналдырыңыздар, қалай жасағандарыңызды айтыңыздар.
Бұғы ана баурына басып жылытпаса, ертелі-кеш сүтін беріп асырамаса,
бұлардың күні не болар еді? (Ш.А.) Жадағай шананың өн бойын алып теңкиіп
жатқан бір алаша бидайды қалай көтермек? (С.Ш.) – Басқалар әзір шатасқан
жоқ па? – деді Есілбай баласына. (Ғ.Мүс.) – Үстінде жабуы бар ма, немене? –
деді Қиналған қараңғыда толық айыра алмай. (Ғ.Мүс.) – Сиыры құрысын,
өлмесе өрем қапсын, керек болса ауылнайдың өзі асырап алар, енді ол қораның
маңына барма деп, «әлгіні» үйден шығармай қойдым... (Ғ.Мүс.) Бейсенбі,
Әбділда Жігітектің малды, әлді ауылдарынан атқамінер атаулыны жинап алып
ақылдасты. (М.Ә.) Қар басқан кең дала қыбырсыз, ұзақ жота үнсіз де момын
тыныштықта. (М.Ә.) Мағаш ақырын ғана жымиды да: – Әбіш аға, оныңыз рас
қой. Зорлау жоқ, апамдікі өтініш емес пе? Ал және осы өтініштің мезгілі жеткен
жоқ па еді? – деді. (М.Ә.) – Рас, солай бопты. Ал ендеше, істің артына,
аяқталуына ғана қараса, сол Базаралының әрекеті ел көпшілігін өкіндірер іс
болған жоқ па? Осыған сахарадағы кедейлер нендей байлау жасады? Және дәл
осы туралы өзіңіз не қорыттыңыз? – деді. (М.Ә.)
119-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып шығып, леп белгісінің қойылу мәнін
түсіндіріңіздер. Оны қабылдаудағы өз тебіреністеріңізді қандай тыныс
белгілерін қою арқылы жеткізер едіңіздер, ойларыңызды білдіріңіздер.
Шөгіп жатқан түйедей, ортасы кезеттеніп, денесін қошқыл қара түк басып,
қырарқасы тарақтай ирек-ирек болып, шудасы желкілдеп тұрған, мынау
өзіміздің Баян тауы! Жарықтық, қандай салауатты! Қандай айбатты! Міне,
57
Ащының бойы! Әне, Бөрікөл, Быламбай, Қарасор. Ана көрінген Мойылды. Ой,
шіркіндердің көзі жаудырап, самаладай болып жарасып тұрғанын-ай!
Анау сары адырдың иығынан түсіп, созылып келе жатқан қалың көшті қара!
Сүйіндіктің көші! Әлде бұл қай ауыл? Көші қалың, малы шоғыр не қылғанмен
көші бай ауыл ғой! Анау Ащының бойын өрлеп, сыпылдатып бара жатқан құс
салушылар-ау! Қаз, үйректі көк жендетің қырып жүр екен! Әне тастады. Түйді
дабылды. Жарқ етті. Алды білем. Атты қойды ғой. Не деген қыран! Балаларды
қара! Көштің артында қалып, тай, құнанмен жарысып келе жатқанын! Көк
құнан озды! Жоқ, құлалы да жетті, озады-ау енді, озады-ау! Айдасайшы, шірік
ит! Қап! Қарсы алдынан сиыршылар киліккенін көрдің бе? Жығылады-ау енді.
Жоқ, тоқтады. Әне бір сиыршы кейін қарай шапты. Арбасы қирап қалды-ау!
Сиыр ит сүйкенбей жүре ме? Бәрін бүлдіріп келе жатқан әне бір күйлеген
қызыл құнажын екен. Көп жылқы ана ауылдың шабындысына түскенін көрдің
бе? Байлардың осынысы жаман-ау! Жоқ, жер қорушылар да шапты.
(Ж.Аймауытов «Қартқожа»)
120-жаттығу. Көркем шығармалардан лепті сөйлемнің әр түріне үш
мысалдан теріп, кестені толтырыңыздар.
Одағайдың
көтеріңкі
дауыспен
айтылуы
арқылы
Ұран,
үндеу
мәнді
сөйлемдер
арқылы
Қаратпа
сөздің
көтеріңкі
дауыспен
айтылуы
арқылы
Бұйрық,
тілек, өтініш
мәніндегі
бұйрықты
сөйлемдер
арқылы
Ішінде
сұраулы
сөйлем жасайтын
элементтері
бар,
бірақ ерекше бір
сезіммен айтылған
сөйлемдер арқылы
Ма, ме, ба, бе, па,
пе
шылаулары
бар,
сәлемдескенде
айтылатын
сөйлемдер
арқылы
121-жаттығу. М.Мақатаев, М.Шаханов, Қ.Мырзалиев туындыларынан
лепті сөйлемі бар шумақтарды келтіре отырып, не себепті қойылғанын
анықтаңыздар. Әр ақынның екі өлеңін алып талдаңыздар.
Көп нүкте, оның қойылатын орындары
Көп нүкте – белгілі бір себептермен ойдың аяқталмай қалғандығын немесе
асығып-аптығып
сөйлеуге
байланысты
айтылмақшы
ойдың
толық
айтылмағандығын білдіру үшін қойылатын тыныс белгісі.
КӨП НҮКТЕ
Қойылатын орындары
Мысалы
Алынған дәйексөздің арасынан сөйлем не
сөздер қалдырылған жағдайда
Қол еңбектің органына айналумен бірге, өзі де
еңбек процесінде жетіліп дамиды: «... қол
еңбек органы ғана емес, ол сонымен қатар
еңбектің жемісі де». (К.А.)
58
Жазушы айтып келе жатқан оқиғаның
жалғасын созбай тоқтатқан жағдайда
Кім біледі, бұл түнгі жортуылдар әлі қаншаға
созылар еді, егер де мына бір жағдай
болмаса... (Ш.А.)
Айтып келе жатқан ойға кенет, тосын,
күтпеген не алшақ жатқан нәрсе қосылып
кетсе, оның алдынан қойылады
Сол жылы қызылшадан көп өнім алдық. ...
Жарықтық балажан еді ғой.
Сөйлеушінің белгілі бір себептермен (ентігу,
тұтығу, асып-сасу т.б.) сөздерін, ойын бөліп
айтқанда
– Мен ұл туған жоқ ... тек, осы қызым ...
Ақбалам болмаса ... – деп Сүйеу үйде, түзде
бірдей мақтанатын. (Ә.Н.)
122-жаттығу. Төмендегі сөйлемдердегі көп нүктенің қойылу себебін
түсіндіріңіздер.
Қайырып берген зеренді де алмай, ұршық ұстаған қолы тізесіне түсіп
отырып қалды ... (Ә.Н.) Тек бірақ рет Шораға деген сеніміне шек келтірді, бірақ
оған көбінесе Танабай өзі кінәлі еді... (Ш.А.) Құлыным, Қайырлым... қайда
жоғалып кеттің ... – деп, әлсіз ғана шыққан дауыс естіледі. (Ғ.М.) Гүлсары
сонда таныс соқпақ жолға түсіп, сонау өзен сыртындағы жайлауға тартып бара
жатады... (Ш.А.) Бағзы бір замандарда барымтаны осылай алып қашып, жаралы
батырларды жау қолына түсірмей қауіп-қатерден осылайша қаумалап алып
шыққан болар-ау... (Ш.А.) Күн райы қысып кетпесе, бірдеңе етіп лаждап
шығармыз, қайтеміз... (Ш.А.) Ойша санай бастады. «Шет тілін біледі, машина
жүргізе біледі... біледі... Би?.. Әрине, биді өте жақсы билеуге тиіс». (С.Ш.)
Аянғаны болған жоқ, қолынан келгенін жасады бәрі де... (С.Ш.)
123-жаттығу. Көп нүктенің сұралған әр түріне екі мысалдан теріп, кестені
толтырыңыздар.
Көп нүктенің қойылуы
Мысалы
Алынған дәйексөздің арасынан сөйлем не сөздер қалдырылған жағдайда
Жазушы айтып келе жатқан оқиғаның жалғасын созбай тоқтатқан жағдайда
Айтып келе жатқан ойға кенет, тосын, күтпеген не алшақ жатқан нәрсе
қосылып кеткенде
Сөйлеушінің белгілі бір себептермен (ентігу, тұтығу, асып-сасу т.б.)
сөздерін, ойын бөліп айтқанда
124-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, көп нүктенің қойылу себебін
түсіндіріңіздер.
Жолда
(үзінді)
... Ауылда жүргенде қысы-жазы дөң басында өтетін кеш, қазір тағы да бір
өзгеше боп серпілтіп, өз қуатын айрықша білдіріп, Абайға қатты әсер етеді...
Өзі салмаса да, Абай қаршыға салған үлкендердің қасына өткен жазда көп
еріп еді. Сонда ымырт жабыла бергенде, апақ-сапақта, кеш қараңғылығы
қоюланған сайын, көк қаршыға, өрттей қаршыға, секунд санап жалындай
шалқып, жайнай беруші еді... Абай өз ойын, өз көңілінің күйін мына кеште дәл
59
сол шабыттағы беті қайтпас қаршығадай сезді. Бүгін бір түрлі сергектік,
сезімділік бар...
Өзге күндерден дәл бүгінгі күннің уақиғалары әлдеқайда бөлек. Күндізгі
әкелер, әлгі Шөже, жаңағы Бөжейлер... Бір Қарқаралы қаласының алақандай
аясының ішінде болғанмен, осы адамдар арасы соншалық кереғар. Тіпті
дүниенің төрт бұрышындай алшақ жатыр. Бір жерде күш, бір жерде өнер, бір
жерде мінез... Аралары және бітімсіз боп, әр салада жатқаны несі!.. Бәрі бір
орынға жиылып, ынтымақпен бір арадан табылса не етер еді?..
Бұл ой Абайға ең алғаш келген ой еді де... және тіпті өз ойы сияқты көрінді.
Анығында: «ақыл, қайрат...», «ақыл мен бақыт, байлық» дегендердің өзара
дауы, таласы деген «парсы, түрік» тіліндегі кітаптардан былтырлар бір оқыған
нақыл әңгімесі бар-ды. (М.Әуезов «Абай жолы»)
125-жаттығу. Тыныс белгілерінің қойылуы мен қандай қызмет атқарып
тұрғанын талдап айтып беріңіздер.
Жер үстінде адам баласы болудан қасиетті не бар дейсің. Тек қандай
адамның баласы болу керек, соны айт. Бұған қосатын бір сөз – адамды езетін
адамның баласы болма, адамды езетін адамды адамға да санама...
Әрине, адам өмірінде көп қиындықтар ұшырасады. Онсыз өмірдің өзі де
өлімтікпен тең, сұр көлеңке болар еді. Күрес пен күлкі, қайғы мен шаттық, алыс
пен жақын, жеңіс пен жетіліс болмаса, бұл шіркіннің өзі де тоңған мұз, ұйыған
айран емес пе? Әңгіме таудай қиындықты тымақтай сілетін заман жасауда ғой.
Жасаймыз да ондай заманды!
– Иә, адам баласы болуға не жетеді дейсің: не көрмейсің, не білмейсің,
істегің келсе, не істемейсің. Тек істемесең ғана еш нәрсе қызықтырмайды, не
қинамайды, не қуандырмайды. Қуаныш-шаттыққа да бейжай, шақырылмаған
қонақтай ығысып қарап, орныңда таба алмай, кездескен бұтаққа іліге кетесің.
(Ғ.Мүсірепов «Адамның анасы»)
126-жаттығу. Көп нүкте қойылған сөйлемдерді қатыстыра отырып
мамандығыңызға байланысты шағын әңгіме жазыңыздар.
60
Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы
Кей кезде сөйлемнің айтылу ерекшелігіне қарай тыныс белгілері қабаттаса
қолданылады.
Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы
Сұраулы сөйлем
лептік
интонациямен
айтылғанда, сұрақ
басым болса,
сұрау белгісі
бұрын, көңіл күй
екпіні басым
болса, леп белгісі
бұрын қойылады
Сұраулы не
лепті сөйлемдегі
ой аяқталмаған
жағдайда сұрау
не леп белгісі,
сосын көп нүкте
қойылады
Жалғаулықсыз
қарсылықты
салалас құрмалас
құрамындағы
жай сөйлемдер
арасына үтір,
сызықша
қойылады
Төл сөз бен автор сөзі
арасына сызықша
үтірмен, леп
белгісімен қабаттаса
келеді, сондай-ақ
тырнақша мен үтір,
көп нүкте, нүкте,
сұрау, леп белгілері
қабаттаса қойылуы
мүмкін
Драмалық
шығармаларда
ремаркалар
келсе, ол
жақшаға
алынып,
жақшаның
ішіне не
сыртына нүкте
қойылады
Шіркін, сол
есіктің ар
жағындағы дүние
қандай екен?!
(Ш.А.)
Мүмкін, сонда
бала осы
бұзаумен бірге
мектепке барар
ма еді, қайтер
еді?.. (Ш.А.)
Сөз бергенге
ерме, – бөз
бергенге ер.
(мақал)
– Қалқам-ау, саған
не болды? – деді
баланы тоқтатып.
(Ш.А.)
Сазамбай
(ұшып
түрегеліп).
Кім, кім, не
дейді? (Ж.А.)
127-жаттығу. Сөйлемдегі тыныс белгілерінің қойылу мәнін түсіндіріп,
дауыс ырғағымен оқып көріңіздер.
Үйлеріне келсе-ақ есіктерін жауып алады, бұ не деген тірлік?! Есігін
құлыптап та адам өмір сүре ме екен? (Ш.А.) Әке деген сорлыға өз баласының
өзгеден естіп жатқан лағынеті мен жеген таяғын көру оңай ма?! (Ш.А.) Апырау,
сағына күткен сол ертең қашан келер екен десеңші!? (С.Ш.) Адам көңілі
ғажайып үндерге, ғажайып сырларға тұнып тұрған нәзік перне сияқты емес пе?!
(С.Ш.) Шешесінің жүрердегі сөзі есіне түсті ме, болмаса қазіргі көңіл күйіне
сай келді ме?.. (М.Ә.) Кейбір адамдар көбіне науқастан гөрі, мықты боп көріну
үшін, ақылды атану үшін, жұрттан артық саналу үшін, соны арман етіп, бар
жігер-қуатын соған жұмсап, дегеніне жете алмай өледі. (Кімнің ақылды
болғысы келмейді, кімнің көрікті болғысы келмейді, кімнің атақты болғысы
келмейді, кімнің әділ, кімнің қатал, кімнің батыл болғысы келмейді дейсіз?..)
(Ш.А.) Оларда пасықтық бар, – адамдық жоқ; қараңғы жауыздық бар, – жарқын
жүз жоқ. (М.Ә.) Ұлболсын жауап беруден, сөйлесуден тартынбайды, – неге
екені белгісіз, қаймығады. (Б.М.)
128-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп, дауыс ырғағын құбылта оқып, тыныс
белгілерінің ролін түсіндіріңіздер.
Ұран
Қазағым, қақтықпа, қамалма!
Ел болар қамыңды амалда!
Кетті түн, атып таң, шығып күн
61
Сал малды, сал жанды аянба!
Мал баққан, жай жатқан ел едік,
Бейнетті көп тартқан ер едік,
Қаны жат, тілі жат, діні жат
Жат елден таяқты жеп едік.
Жатқа жем бай едік, кен едік,
Бағың жоқ биліктен кім едік,
Партия сұрқия, қым-қиғаш,
«Басы аман» көп надан сен едің.
Зарыққан, талыққан шағыңа
Тап болды бостандық бағыңа!
Ұйымдас, ұрандас, жағалас!
Сен де мін бабаңның тағына!
Құның жоқ, қорлықта өшіп ең,
Терезең төремен болды тең.
Намыстан, қайраттан қатарға ен!
Басқадан кем болған сенің нең?
Ұраным, қорғаным, сен Алаш!
Жолыңа құрмалдық мал мен бас!
Өнер тап, өрге шап, қару ат.
Аллалап алға бас, ал Алаш!!! (Ж.Аймауытов)
129-жаттығу. Көркем шығармалардан қабаттаса келген тыныс белгілерінің
әр түріне үш мысалдан теріп, кестені толтырыңыздар.
Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы
Мысалы
Сұраулы сөйлем лептік интонациямен айтылғанда
Сұраулы не лепті сөйлемдегі ой аяқталмаған жағдайда
Жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерде
Төл сөз бен автор сөзі арасына
Ремаркамен келген драмалық шығармаларда
130-жаттығу. Өздеріңіздің қатты қуанған кездеріңізді еске түсіріп, сол
сезімдеріңізді тиісті тыныс белгілерін қоя отырып жазбаша түрде
суреттеңіздер.
62
СӨЙЛЕМ ІШІНДЕ ҚОЙЫЛАТЫН
ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ
Үтір
Нүктелі үтір
Жақша
Қос нүкте
Тырнақша
Сызықша
Ер өлсе
де, аты
өлмейді.
(мақал)
Әкесінің баласы
–
адамның
дұшпаны;
Адамның
баласы
–
бауырың.
(Абай)
Хакім
(құлағын
тігіп). Немене?
Біреу
келе
жатыр
ма?
(Ж.А.)
Жалғыз
қалған
кемпірдің неліктен
қалғаны да түсінікті
сияқтанды:
ауру
бала нарттай жанып
жатыр. (Ғ.Мүс.)
Жиылған
ауыл «бәлі»
десіп
Итемгенді
жақтады.
(Ғ.Мүс.)
Ер
азамат
белгісі
–
түзде мырза,
әрі
құл.
(мақал)
Үтір, оның қойылатын орындары
Үтір – ең көп қолданылатын тыныс белгі. Ол сөйлемнің мағынасына,
құрылысына байланысты қойылады.
ҮТІР
Қойылатын орындары
Бірыңғай
сөйлем
мүшелерінің
арасы
Қаратпа, одағай
сөздерден кейін
Қыстырма
сөздерден кейін
Оңашаланған
айқындауыш
сөйлемдерден
кейін
Құрмаластағы
жай
сөйлемдердің
аражігінде
Екі арада күрес,
сайыс, жамбы
ату, теңге ілу
сияқты ойындар
жүріп
жатты.
(Ш.А.)
Жігіттер, ойын
арзан,
күлкі
қымбат. (Абай)
Мүмкін,
онда
Момын шал да
дәл
мұндай
көрінгеннің
айдауында
жүрмес
еді.
(Ш.А.)
Қонақ
үйде,
дөңгелек
үстел
үстінде, қызғылт,
күңгірт
сәулесі
бар
тас
шам
жанып тұр. (М.Ә.)
Үй
іші
кедейленген соң,
Қартқожа
апасының
аулында
бала
оқытып тұр еді.
(Ж.А.)
Достарыңызбен бөлісу: |