Пунктуациясы


Дефис арқылы жазылатын сөздер



Pdf көрінісі
бет3/15
Дата08.01.2017
өлшемі1,06 Mb.
#1448
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

 
Дефис арқылы жазылатын сөздер 
 
Дефис  орфографиялық,  сызықша  пунктуациялық  таңбаға  жатады. 
Сондықтан  дефис  келген  жерде  кідіріс  жасалмайды.  Бұл  оның  сызықшадан 
ажыратылатын  басты  белгісі.  Екіншіден,  дефис  сызықша  секілді  сөйлемнің 
мазмұнына  еш  әсер  етпейді.  Үшіншіден,  шартты  түрде  алғанда,  дефис 
сызықшадан қысқаша болады. 
 
Дефис арқылы жазылатын сөздер 
қос 
сөзд
ер 
екі сөзден 
тұратын 
ғылыми 
дәреже, 
атақтар не 
мамандықты 
көрсететін 
атаулар 
қосалқы 
мүшелі 
күрделі 
атаулар 
реттік сан 
есімдер 
цифрмен 
жазылса 
ақ, ай, 
ау, ды, 
ді, ты, 
ті, 
мыс, 
міс 
шылау
лары 
кей 
одағай 
сөздер 
түркі, 
парсы т.б. 
халықтар 
есімдерінің 
соңында 
келетін 
паша, бей, 
заде, оғлы 
сынды 
тұлғалар 
араб 
халықтары 
есімдерімен 
келетін әл, 
аш, ар, аз, 
эд, бен 
сияқты 
элементтер 
басқы 
әріптермен 
қысқарған 
сөзге, %, ° 
таңбалары бар 
цифрмен 
жазылған сан 
есімге, жеке 
әріп түрінде 
алынған 
объектіге 
жалғанатын 
қосымшалар 
басқа тілде 
дефиспен 
жазылатын 
жалқы 
есімдерге 
ата-
ана 
вице-министр  кафе-
бар 
58-үй 
айтқан
-ды 
моһ-
моһ 
Осман-
паше 
әл-Фараби  ПМПИ-ге 
Дон-
Кихот 
 
53-жаттығу.  Мәтінді  оқып,  онда  дефистің  неге,  қандай  жағдайда 
қолданылғанын түсіндіріңіздер. 
Киіз  үйлердің  жанында,  от  басында  адамдар  әңгіме-дүкен  құрып  отыр. 
(Ш.А.)  Вагон-ресторанда  адам  онша  көп  емес  екен.  (С.Ш.)  Жидебайға  

 
21 
қайтардың алдында Абай әкесінен көші-қон жайын сұрастырған. (М.Ә.) Үлкен 
үй  мен  қонақ  үйдің  арасына  тартылған  кермеде  Құнанбайдың  ер-тоқымы 
ерттелген  ұзын  торы  ат  тұр  екен.  (М.Ә.)  Ауыл  үстінен  қашқандарын  иттер 
қуып,  Ботақан  бойы  азан-қазан  болды.  (М.Ә.)  Азынаулақ  қойлар  мен  төртті-
бесті ірі қараның айналасында қатын-қалаш, кәрі-құртаң, ер-азамат көп-көптен 
келеді.  (М.Ә.)  Үлкен  күміс  қаптырмамен  бір-ақ  жерден  түймелеген 
қызылмауыт камзолының қынама белі болымсыз желмен тербеле солқылдаған 
көк  шыбықтай  сүйкімді.  (Д.Ә.)  Ол  орта  жастарды  жағалатқан  ашаң  жүзді, 
мұрынды, жұмыр ақ саусақты Фан-Штейн еді. (Ғ.Мүс.) Бала у-шу, малай қиқу, 
мал  маңырап,  ит  жаң-жұқ.  (Ж.А.)  Жасыбай  көлі  сол  таудың  қойнауында 
қызылды-жасылды  кәрден  кесеге  құйып  қойған  зәм-зәм  суындай  мөп-мөлдір. 
(Б.М.) 
 
54-жаттығу.  Дефис  арқылы  жазылатын  он-он  бес  кісі  есімдерін  жазып, 
олардың қай тілден енгенін айтыңыздар. 
 
55-жаттығу.  Дефис  арқылы  жазылатын  сөздерге  мысал  келтіріп,  кестені 
толтырыңыздар.  
Дефис арқылы жазылатын сөздер 
Мысалы 
қос сөздер 
 
екі сөзден тұратын ғылыми дәреже, атақтар не мамандықты көрсететін атаулар 
 
қосалқы мүшелі күрделі атаулар 
 
реттік сан есімдер цифрмен жазылса 
 
ақ, ай, ау, ды, ді, ты, ті, мыс, міс шылаулары 
 
кей одағай сөздер 
 
түркі, парсы т.б. халықтар есімдерінің соңында келетін паша, бей, заде, оғлы 
сынды тұлғалар 
 
араб халықтары есімдерімен келетін әл, аш, ар, аз, эд, бен сияқты элементтер 
 
басқы әріптермен қысқарған сөзге, %, ° таңбалары бар цифрмен жазылған сан 
есімге, жеке әріп түрінде алынған объектіге жалғанатын қосымшалар 
 
басқа тілде дефиспен жазылатын жалқы есімдерге 
 
 
56-жаттығу.  Көп  нүктенің  орнына  қажетті  қос  сөздердің  бірін  қойып, 
жаттығуды орындаңыздар, мақал-мәтелдерді жаттап алыңыздар.  
1)  Атыңнан  айырылсаң  да,  ...  айырылма.  2)  Әдептілік,  ...  –  адамдықтың 
белгісі.  Тұрпайы  мінез,  тағы  жат  –  надандықтың  белгісі.  3)  Қырықта  қылау 
түсер, ... қырау түсер. 4) Жақсылықтың ... жоқ. 5) Үйдің ... қыс түскенде білінер, 
адамның ... басыңа іс түскенде білінер. 6) ... қадірін – балалы болғанда білерсің, 
ағайынның қадірін – қаралы болғанда білерсің, жанашырдың қадірін – жалалы 
болғанда білерсің. 7) Жақсы болса жан серігің – әйел болар, ... бәрінен жақын 
болар. 8) ... сөйлесең, жылан іннен шығады, ... сөйлесең, ақыл естен шығады. 9) 
...  көсем  болар,  ...  шешен  болар.  10)  Ақымақтың  ...  болмайды.  11)  Ақымақ  ... 
айтады,  ақылды  ...  айтады.  12)  Өзімдікі  дегенде  өгіз  қара  күшім  бар,  кісінікі 
дегенде ... ісім бар. 13) ... би болсаң, Балқан тауға сыймассың, бір данаға жол 

 
22 
берсең, жанған отқа күймессің. 14) ... белдер бар, аса алмай жаудың аты өлсін, 
ағайынмен тату бол, айыра алмай жат өлсін. 15) ... арық қазсаң, ... су ішерсің.  
 
Қажетті сөздер: жылай-жылай, ар-ұят, ер-тоқымыңнан, бас-басыңа, сақал-
мұртқа, ерте-кеші, алыс-жуығы, ата-ананың, аға-іні, жылы-жылы, қатты-қатты, 
көре-көре,  ішкен-жегенін,  сөйлей-сөйлей,  асу-асу,  ала-құласы,  анау-мынау, 
көрген-білгенін, жылы-суығы, күле-күле. 
 
57-жаттығу.  Төменде  берілген  қос  сөздердің  сыңарларын  тауып 
жазыңыздар. 
Ыдыс-..., жалт-..., некен-..., аста-..., ұрда-..., жөн-..., ақын-..., ата-..., ұп-..., ет-
..., ағалы-..., сөйлей-..., ертелі-..., қоян-..., қап-..., қолма-..., көзбе-..., қошемет-..., 
қуаныш-...,  құлаш-...,  қыңқыл-...,  қым-...,  қыл-...,  мән-...,  мейір-...,  мектеп-..., 
мұрат-..., ойын-..., ой-..., оқу-..., өкпе-..., пресс-..., салон-..., салт-..., сұп-..., тай-.... 
 
Қажетті  сөздер:  арман,  суық,  төк,  жық,  қыбыр,  жөнекей,  мақсат,  күлкі, 
қолпаш,  сана,  жазушы,  ағарту,  ана,  ұзын,  сөйлей,  кеш,  қатты,  бюро,  қол,  көз, 
вагон,  қайғы,  құлаш,  сыңқыл,  қиғаш,  қолтық,  жай,  мет,  наз,  шапағат,  жұлт, 
интернат, саяқ, інілі, аяқ, тулақ. 
 
58-жаттығу.  Қос  сөздердің  әрқайсысына  он  мысалдан  келтіріп,  кестені 
толтырыңыздар. 
Мәндес қос 
сөздер 
Сыңар мәнді 
қос сөздер 
Қарсы мәндес қос 
сөздер 
Қайталама 
қос сөздер 
Күшейткіш буынды 
қос сөздер 
Ата-ана,  
Бала-шаға,  
Ұзынды-қысқалы,   Қалт-қалт,  
Қып-қызыл,  
 
59-жаттығу. Төмендегі сөздерді пайдалана отырып қос сөз жасаңыздар. 
Биік,  жоғары,  секең,  бырт,  сарт,  қора,  қыз,  ілгерінді,  жеті,  мая,  кіші,  әрі, 
аласа,  қарсы,  аяқ,  табақ,  ағайын,  айтыс,  арман,  арпа,  атақ,  ат,  аумалы,  әзіл, 
бағыт,  бау,  дау,  дүние,  ем,  жал,  жол,  кедей,  көрші,  күнімен,  қадір,  қамыт, 
қорлық, құда, құрал. 
 
60-жаттығу.  Төмендегі  зат  есімдерге  реттік  сан  есімдерді  қосып,  емле 
ережесіне сай жазыңыздар. 
Ғасыр, бала, жыл, ғимарат, қаңтар, апта, дәуір, сәуір, бөлме, пәтер, мұғалім, 
оқушы, тапсырма, жаттығу, желтоқсан, бастық. 
 
61-жаттығу.  Төмендегі  сан  есімдерді  емле  ережесіне  сай  жазылуын 
анықтап, бағанға бөліп көшіріңіздер. 
 
Үлгі: 
Дефис арқылы жазылатын сөздер 
Дефиссіз жазылатын сөздер 
Жиырма-отыз,  
Елу бес, 
 

 
23 
1  Мамыр,  жиырма  отыздан,  2  курс,  төрт  жүз  елудей  қой,  2012  жыл,  22 
Наурыз, 9 сынып, бес он, жиырма үш, 27 үй, 7 қабат, ХХІ ғасыр, 5 студент, бес 
жүз  елу  алты,  жүз  жүзден,  екіден  бір,  бес  жарым,  қырыққа  жуық,  сексеннің 
тоғызы. 
 
62-жаттығу.  Дефис  арқылы  жазылатын  он-он  бес  географиялық  атау 
жазып, олармен сөйлем құрастырыңыздар. 
 
63-жаттығу. Төмендегі сөздердің емлесін есте сақтаңыздар. 
Ассалаумағалайкүм,  атсалысу,  Аллауакбар,  Алла  тағала,  Аязата,  аяқдоп, 
аяқмәшине, Адамата, азғана, алғы сөз, алтынтой, алыпсатар, Асанқайғы, асүй, 
атүсті,  ауасуытқыш,  ауызашар,  ашықхат,  әлхамдилла,  әлейкүмассалам,  әр 
алуан,  әртүрлі,  кез  келген,  баз  баяғы,  бастан-аяқ,  бірнегізді,  бісміллә, 
демалысүй, Ер Тарғын, ер-азамат, ер-тоқым, ерке-тотай, Жарықбас, Жәбірейіл, 
жәрекімалла,  Жезтырнақ,  Зеңгібаба,  иншалла,  иіссу,  иіссабын,  көрсеқызар, 
күйеубала,  Қамбарата,  Қаңбақшал,  қарасөз,  Қорқытата, Қыдырата,  қызжолдас, 
мақтауқағаз,  мекенжай,  мектепішілік,  мерейтой,  мүшелтой,  мұзкәмпит, 
Ойсылқара, ойтүрткі, онжылдық, өмірдастан, поп-жұлдыз, пікірталас, сегізаяқ, 
сенімхат, синьор, сүт кенже, Таскемпір, тас-талқан, тоқымқағар, тоқішек, ұлан-
байтақ, ұлан-ғайыр, Ұмайана, хал-ахуал, шала-шарпы, Шекшеката. 
 
64-жаттығу. Төмендегі сөздердің бірге, бөлек, дефис арқылы жазылатынын 
ажыратып, бағанға бөліп жазыңыздар. 
Абыр(күбір), 
авиа(апат), 
авиа(зауыт), 
авто(бекет), 
авто(жол), 
ағайын(жегжат),  ағаш(үй),  ағаш(тарақ),  ағаш(көмір),  ағып(таму),  адал(ақы), 
адам(күн), адам(сағат), азу(ағаш), азу(тіс), айыл(тартпа), айыр(көмей), ақ(бата), 
ақ(бидай),  ақ(бөкен),  ақ(желек),  ақ(жол),  алма(ағаш),  алма(кезек),  арпа(бидай), 
арпа(шөп),  ауыз(су),  ауыз(үй),  ашық(хат),  аэро(сурет),  аэро(флот),  әзіл(ажуа), 
әлде(бір),  әр(кез),  әр(қашан),  әулие(әнбие),  баға(тізбе),  бағыт(шам), 
банк(аралық),  бас(бармақ),  бас(сүйек),  бек(сұлтан),  бел(құда),  бел(омыртқа), 
бет(сүйек),  бір(күндік),  бір(нәрсе),  бір(бақайлы),  веб(сайд),  Жеті(қарақшы), 
жеті(нан),  инфра(құрылым),  инфра(күлгін),  ит(жығыс),  көз(мөлшер),  көк(сүт), 
көк(шөп),  көк(мұз),  көк(бақа),  көк(бауыр),  көк(шыбық),  көк(кептер), 
көк(шыбын), көңіл(ашар), күл(талқан), күні(ертең).  

 
24 
Шылау және одағай сөздердің жазылуы 
 
Шылау сөздердің жазылуы 
Бірге  
Бөлек  
Дефис арқылы  
ма,  ме,  ба,  бе,  па,  пе,  соң,  да,  де, 
та,  те:  барған  соң  –  барғасын, 
айтасың ба – айтамысың, уда-шу 
Дейін,  шейін,  мен,  бен, 
пен, 
және, 
қарай, 
сияқты, таман т.б. 
ақ,  ай,  ау,  ды,  ді,  ты,  ті, 
мыс, міс 
Мұнда  келгесін  Ебейсін  өзінің 
дағдылы  кәсібіне  кірісіп,  жұрттың 
тері-терсегін 
шай, 
шекерге 
айырбастай бастады. (Ә.Н.) 
Күні  бойы  мұз  ойған 
жігіттің  кешке  қарай  екі 
алақаны  дуылдап  жанып 
кетті. (Ә.Н.) 
Екі  жігіт  Еламанды  екі 
жағынан 
тырп 
еткізбей 
сығып  ұстап  тұрған-ды. 
(Ә.Н.) 
 
65-жаттығу.  Төмендегі  жаттығудан  шылау  сөздерді  тауып,  қалай 
жазылғанын түсіндіріңіздер. 
 І. Тек көз байланып, ымырт үйрілгесін ғана әр үй  от жағып, қазан көтеріп, 
дастарқан басына дөңгелене отырады. (Ә.Н.) – Екеуміздің жүрегіміз бір соғады-
ау! Көремісің? Айтқаныңа қуандым. Мені де өзіңдей көр!  – деп қалды. (М.Ә.) 
Ызғырық  жел  сүйегінен  өтіп  бара  жатқасын  асығыс  қымтанып,  төңірекке  көз 
тастады.  (Ә.Н.)  Болмағасын  жаңқаны  былай  тастады  да,  Оразқұл  маралдың 
басымен  жекпе-жекке  шықты.  (Ш.А.)  Көк  тайғақ  мұз  күндіз  көз  қарығандай 
жалтырап  жатқан-ды.  (Ә.Н.)  Торы  атқа  тақымы  тигесін-ақ  асықпады.  (Ә.Н.) 
Аққан  жұлдыздың  ізіндей  шаңға  қарап-ақ  адамдар  Гүлсары  шауып  бара 
жатқанын  жазбай  танитын.  (Ш.А.)  Бүгін  болыс  сайланатын  күн  болғасын 
жұрттың  бәрі  елеңдесіп,  жел  жаққа  құлағын  түріп  отырған-ды.  (Ә.Н.)  Жаңа 
адамдар келген соң, үлкендердің өзге істері мен сөздері бөгеліп тоқырап қалған. 
(М.Ә.)  –  Ей,  менің  балаларым,  мына  бала  қонағың  тартымды  жатыр-ау  өзі, 
ойлаймысыңдар? – деп, жақсы жадырап, шын бейімденді. (М.Ә.) 
  
ІІ. Еңлік пен Кебек қуғыннан қашып, аңдай боп, мына Орда тауын паналап, 
азғантай ғана дәурен сүрген-ді. (М.Ә.) Әлі де желісі үзілмеген ой соңында келе 
жатқан Абай жастарға тағы бір сөз тастады. (М.Ә.) Базаралы да мына жиынның 
ақылы  мен  ақынын  барламай  қалған  жоқ.  (М.Ә.)  Сейіт  орнынан  атып  тұрып, 
кафедраға  қалай  жетіп  барғанын  да  білген  жоқ.  (М.Әуб.)  Аршабаев  мінбеден 
түскен  бойда  ел  алдына  өзім  шықсам  ба  екен  деп  ойланып  отырған.  (М.Әуб.) 
Бұл  жалғыз  Сейітке  емес,  Қадыр  мен  Әшімхан  үшін  де  тосын  хабар  еді. 
(М.Әуб.)  Қарсы  дауыс  бергендерді,  не  қалыс  қалғандарды  санап  жатқан  да 
ешкім  жоқ.  (М.Әуб.)  Сейіт  жайлап  басын  өзіне  бұрын  таныс  бірінші  терезеге 
келсе, төрт-бес-ақ адам екен. (М.Әуб.) Ерболдан бөлінгеннен кейін Мағаш пен 
Ақылбай сол өздерінің дос ортасына қайтты. (М.Ә.) 
 

 
25 
66-жаттығу.  Көркем  шығармадан  шылау  сөздердің  жазылуына  екі-үш 
мысал теріп, кестені толтырыңыздар.  
Шылау сөздердің жазылуы 
Мысалы 
Бірге 
 
Бөлек 
 
Дефис арқылы 
 
 
67-жаттығу. 
Төмендегі 
шылауларды 
қатыстыра 
отыра 
сөйлем 
құрастырыңыздар. 
Қарай,  туралы,  түгіл,  үшін,  тарта,  соң,  бұрын,  қатар,  бірге,  мен,  бірақ,  да, 
кейде, өйткені, әйтпесе, ма, ше, ғана, ау, мыс. 
 
68-жаттығу. Шылаулармен тұлғалас келетін қосымшаларға мысал келтіріп, 
өзара салыстырыңыздар. 
Үлгі:  
Шылау түрі 
Шылаумен келген сөйлем  
Қосымшамен келген сөйлем 
Да, де, та, те 
Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.  Тоқтығыңда 
жараспаған, 
аштығыңда қараспайды. 
Ды, ді, ты, ті 
Жолшыбай 
аптап 
ыстық 
еңсемізді 
көтертпей қойған-ды. 
Қызылбалақ  оқыстан  дүр-дүр 
сілкініп қалды. 
 
69-жаттығу.  Жақша  ішіндегі  шылау  мен  қосымшаларды  өзара  ажыратып, 
мақал-мәтелдерді көшіріп жазыңыздар. 
І. Бейбіт ел(де) береке бар. Туған жердің ауасы(да) шипа. Басшысыз ел(де) 
береке  болмас.  Есің  бар(да)  елің  тап,  есер  болмай,  етек  жап.  Естімеген  ел(де) 
көп.  Қалыптан  шықсаң(да),  халықтан  шықпа.  Көзсіз  күнелтсең(де),  көпсіз 
күнелте  алмайсың.  Біз(де)  кісі  болармыз,  атқа  кісен  салармыз.  Дүние(де)  тас 
қатты, тастан(да) бас қатты. Темір сырын от(та) танытады, адам сырын жоқ(та) 
танытады. Жақсының басына іс түссе, ашынар(да) ашылар. Жаманның басына 
іс түссе, бір тулар(да) басылар. Жаман(да) болса аман болсын. Көшкен жұрттың 
қадірі  қонған(да)  өтер,  ер  жігіттің  қадірі  өлген(де)  өтер.  Үй(де)  оңбаған 
түз(де)(де) оңбайды. Жақсы(да) жаттық жоқ, жаман(да) жақындық жоқ.  
 
ІІ.  Тау(мен)  тау  кездеспейді,  Адам(мен)  адам  кездеседі.  Ел(мен)  көгерген 
еленбес. Көшер(мен) елге жұрт жаман, кетер(мен) қызға үй жаман. Жаман(мен) 
егес, жақсы(мен) кеңес. Қожа(мен) молданы басындағысынан білерсің, бек(пен) 
төрені  қасындағысынан  білерсің.  Аталы  сөзге  арсыз  қайырар,  ақ(пен)  қараны 
шындық  айырар.  Хан  ұйғарса,  хан  түйесін  соймас(па)?  Көл(де)  жүрген  қоңыр 
қаз шөл қадірін білер(ме), шөл(де) жүрген дуадақ көл қадірін білер(ме). Он екі 
мүшең сау болса, жарлымын де(ме), жаныңда жараң болмаса, зарлымын де(ме). 
Жаңбыр(мен) жер көгереді, алғыс(пен) ер көгереді. Сауысқан шоқыған(мен) тоқ 
болмайды.  
 

 
26 
Одағай  сөздер  естілуінше  (айтылуынша)  жазылады.  Сондықтан  бір  одағай 
екі-үш түрлі болып жазылуы мүмкін: ойпырай, ойпырой, ойпыр-о-ой, ойпырмай, 
ойпырмау. 
 
70-жаттығу.  Төмендегі  жаттығудан  одағай  сөздерді  тауып,  жазылуына 
назар аударыңыздар. 
– Зарлық сұлу қыздармен билегенде дорбасын қайда тастап кетеді екен, ә? – 
десіп, бүйрегі бүлк етпей, жан-жағымызда үлкен бар демей-ақ ыржалақтап тұр. 
(М.Әуб.) – Апыр-ай, ә...  – деді Ғабең  орнынан тұрып, зал ішін  ерсілі-қарсылы 
кезіп кетті. (М.Әуб.) Шіркін, жазу деп Қадырдың жазуын айтсайшы! (М.Әуб.) – 
Япыр-ай,  Алексей  Иванович  сияқты  ғалым  емес,  мұншама  тілді  қайдан 
үйренген? (М.Әуб.) – Әттең, шіркін бала шақ! – деген Базаралының өз бетімен 
айтқан  арманды  тынысы  дәл  Абайдың  ішімен  сырласудан  туғандай.  (М.Ә.)  – 
Масқара! Шұбардың құсы дуадақ ілудің орнына, дуадақтан жапа шегіп, қорлық 
көріп қалыпты ғой! – дейді. (М.Ә.) – Әй, жігітім, тоқташы былай! – дей беріп 
еді,  Далбай  қамшысын  сілтеп,  ақырая  берді.  (М.Ә.)  –  Е,  қарағым-ай,  сенің 
басыңа  да  бұлт  үйірілген  екен  ғой.  (М.Әуб.)  –  Ойбай-ау,  ағатай-ау,  мұныңыз 
не? Ауруханадан кеше шыға сала жер қазып жатқаныңыз қалай! (М.Әуб.) 
 
71-жаттығу. 
Төмендегі 
одағайларды 
қатыстыра 
отыра 
сөйлем 
құрастырыңыздар. 
Моһ-моһ, бәрекелді, шіркін-ай, ойпырм-ай, ау-у-у, мәссаған, түуһ, уһ, ура-а-
а, пай-пай, шөре-шөре, паһ-паһ, әттеген-ай. 
 
Қосымшалардың жалғануы 
 
Қосымшалар  сөздің  соңғы  дыбысының,  буынының  әуенімен  үндесіп,  бірге 
жазылады: біл-ім-ді, дарын-ды, парасат-ты т.б. 
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар: -бан, -гер, -кент, -хана, -стан, 
-еке, -жан, -қар, -кеш, -дар, -көй, гөй, -қор, -қой, -мар, -маш, -нікі, -дікі, -тікі, -
паз, -тал, -уар, -мен, -бен, -пен. Мысалы, еңбекқор, өнерпаз, тілмаш т.б. 
Жалқы  есімдер  й,  ш  дауыссыз  дыбыстарына  аяқталса,  -ев  (-ева),  басқа 
дауыссыз дыбыстарға аяқталғанда, -ов (-ова), дауыстыларға аяқталса, -ин (-ина) 
қосымшалары жалғанады: Сәтбай + ев – Сәтбаев, Сейфолла + ин – Сейфуллин, 
Шахан  +  ов  –  Шаханов.  –ов,  -ев  жұрнақтары  арқылы  жасалған  фамилияларға 
қосымша  түбірдің  соңғы  буынының  жуан-жіңішкелігіне  қарай  жалғанады: 
С.Жүнісовке, С.Исаевтың. 
Әріптерден қысқарған сөздерге қосымшалар оның айтылу әуеніне қарай, ал 
олардың  ішінде  дауысты  дыбыс  болса,  сол  дыбыстың  айтылу  әуеніне  қарай 
дефис  арқылы  жуан  не  жіңішке  болып  жалғанады:  ПМПИ-ге,  ПМУ-дың,  ТУ-
144-ке. 
 
72-жаттығу.  Көп  нүктенің  орнына  тиісті  қосымшаларды  жалғап,  мәтінді 
көшіріңіздер. 

 
27 
Түпкі таза түрін сақтаған тіл 
Қазақтар... тіл... – түпкі түрін, түркі сипатын сақтап қалған тіл. Рас, оған да 
бірен-саран  жат  сөз...  енгені  байқалады.  Бірақ  ол  сөз...  қазақ  тілі...  үндестік 
заңы... бағынып, бірыңғай халық тілі... қорына қосылып кеткен. Қазақ тілі... осы 
тазалығ... мен табиғилығ..., сондай-ақ көп таралғандығ... бұл тілдегі  мұралар... 
менің көбірек жинап, оған әдебиет нұсқалары... құрастырған жинақтар... толық 
бір томын аударуыма себеп болды. Оның үстіне қазақ... басқа бауырластары... 
қарағанда сөз... тапқырлығ... мен шешендіг... де маған әсер етті. 
Қазақтар...  тіл...  әуезді  де  әсем,  шебер  де  шешен,  әсіресе,  сөз  сайысына 
келгенде  олар...  алғырлығ...  мен  өткірліг...,  тауып  сөйлейтін  тапқырлығ... 
таңғалдырады. (В.Радлов) 
 
73-жаттығу.  Көп  нүктенің  орнына  көрсетілген  қосымшалардың  тиістісін 
қойып, олардың түрліше жалғану себебі мен жасалу жолын түсіндіріңіздер. 
-ға,  -ге,  -қа,  -ке:  малта...  ұқсау,  қой...  шапқан  бөрідей,  ой...  кеткен  жандай, 
үй...  түскен  ұрыдай,  майдан...  түскен  батырдай,  көл...  біткен  құрақтай,  арба... 
басқан пішендей, арна... құйған селдей, толқын... батқан кемедей, аяқ... түскен 
қақпандай. 
 
-ның,  -нің,  -дың,  -дің,  -тың,  -тің:  алтын...  сынығындай,  мір...  оғындай,  ат... 
тағасындай, түйе... үлкендігіндей, сиыр... бүйрегіндей, есек... қодығындай, аю... 
табанындай,  елік...  көзіндей,  киік...  лағындай,  ителгі...  тамағындай,  аққу... 
мамығындай,  құс...  ұйқысындай,  жылан...  зәріндей,  балық...  уылдырығындай, 
кесіртке...  басындай,  жаз...  раушан  гүліндей,  қайын...  қабығындай,  аяз... 
ызбарындай,  домбыра...  қос  шегіндей,  құман...  тұтқасындай,  ине...  көзіндей, 
таз... басындай, қаңтар... аязындай. 
 
-нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен: ұйқы... оянған кісідей, шойын... құйғандай, 
серке... сұлу пішінді, бетеге... биік, жусан... аласа, сүт... ақ, су... таза, бал... тәтті, 
есек...  жуас,  тұрымтай...  алғыр,  тас...  қатты,  жел...  жылдам,  күн...  құдіретті, 
тау...  үлкен,  су...  тұнық,  дария...  мол,  алтын...  ардақты,  күміс...  салмақты, 
найза... өткір, түйме... сұлу, есік... жалпақ, қыл... нәзік, шыны... аппақ.  
 
74-жаттығу.  Төменде  берілген  кісі  аттарына  -ев,  -ева,  -ов,  -ова,  -ин,  -ина 
қосымшаларының  тиістісін  жалғаңыздар.  Фамилияларға  кісі  есімдерін  қосып, 
оларды ақын-жазушы және зерттеуші-ғалым деп бөліп топтастырыңыздар. 
Құнанбай,  Серғали,  Сейфолла,  Исай,  Алтынсары,  Кеңесбай,  Әбдік, 
Жүнісбек,  Әбіш,  Ахтан,  Ысқақ,  Жүніс,  Бектұр,  Шаймерден,  Сыздық,  Әбу, 
Жүсіп,  Есенжан,  Аманжол,  Сайранбай,  Есенберлі,  Хасан,  Жұмабай,  Сәтбай, 
Жансүгір, Мұқан, Нүрпейіс, Қордабай, Кемеңгер, Торайғыр, Мүсіреп, Оралбай, 
Әуез, Қали, Көбей, Дулат, Мырзабек, Қайдар. 
 
75-жаттығу. Баспасөз материалдарынан қысқарған сөздерді тауып, олардың 
қандай жолмен қысқарғанына назар аударыңыздар. 

 
28 
76-жаттығу.  Төмендегі  қысқарған  сөздерге  түрлі  қосымша  жалғап, 
жаттығуды орындаңыздар. 
АҚШ, ҚазҰПУ, ПМУ, Газ-53, БТА, ИнЕУ, ТМД, 30 %, пединститут, ЯК-42, 
ҚР  ҰҒА,  БҰҰ,  медколледж,  ПМПИ,  ИЛ-62,  кг,  25°,  ҚарМУ,  ТУ-104,  ҚБТУ, 
медпункт, АН-24, МАИ, мм, км. 
 
77-жаттығу. 
Төмендегі 
сөздерге 
үндестік 
заңына 
бағынбайтын 
қосымшаларды жалғап, сөйлем құрастырыңыздар. 
Мейір,  көке,  сауда,  дәм,  сәуле,  Құм,  кінә,  тіл,  арба,  қас,  әсем,  жем,  еңбек, 
аға,  күнә,  діл,  дәрі,  өсім,  бас,  білім,  бата,  бейнет,  қалам,  майдан,  айла,  кәсіп, 
әзіл,  бәле,  бала,  Асан,  сән,  пайда,  өнер,  дұға,  Асқар,  ақыл,  есеп,  Өзбек,  сезім, 
сөз, қалам, ем. 
 
Қосымшалардың жалғануы 
Мысалы 
Нд, нз, нк, нг, мп, мб, мт, кт, вт, фт, пт, ск дыбыстарына аяқталатын сөздерге 
қосымшалар ы, і дәнекер дыбыстар арқылы жалғанады 
фактісі, 
киоскілер 
Сс,  лл,  тт,  пп,  ст,  кст,  сть,  зд,  кк  дыбыстарына  біткен  сөздерге  қосымша 
жалғанғанда  түбірдің  соңғы  дауыссыз  дыбысы  түсіріліп  жазылады.  Алайда 
жалқы есімдер бұл заңдылыққа бағынбайды 
съезге, 
металға, 
Гриммге 
Соңғы  екі  дауыссыздың  арасында  жіңішкелік  белгісі  бар  сөздерге  қосымша 
буын үндестігі бойынша жалғанады 
асфальтқа, 
рельске 
Жіңішкелік  белгісіне  аяқталған  көп  буынды  сөздерге  қосымша  буын  үндестігі 
бойынша жалғанады 
лагерьге, 
фестивальға 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет