Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата08.01.2017
өлшемі1,06 Mb.
#1448
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

 
78-жаттығу. Көп нүктенің орнына емле ережесіне сай тиісті қосымшаларды 
жалғап, жаттығуды көшіріңіздер. 
І.  Жапсарына  өрнек  жүргізілген  майлы  көк  бояулы  оң  қабырғадағы  үлкен 
қара  сағат  күмбір-күмбір  қоңырауын  соғып,  вестибюль...  жаңғыртып  әкетті. 
(С.Ш.)  Төрт-бес  квартал  төменіректегі  жаңа  салынған  трамвай  паркі...  биік 
күмбезі күнге шағылысып, сәулесін Мәулен тұрған терезеге қадап тұр. (С.Ш.) 
Етектен жоғары қарай жамырай тартқан қалың қарағайлар да мына альпинис... 
ұқсап  бетті  биікке  сілтеген.  (С.Ш.)  Он  қадамдай  алда  жол  асфальт... 
шағылысқан  күн  сәулесі  қашқан  қоянның  құйрығы  тәрізді,  айнымас  бір 
қашықтықта  шапшаң  ілгері  сырғанап,  толқи  зырлайды.  (С.Ш.)  Кемпір  шалға 
біраз  кінә...  қарап  отырды  да  астыңғы  ернін  тістеп  алып,  қолындағы  көктеп 
отырған  дүниесімен  әуре  бола  берді.  (Ш.А.)  Алла  тағалам  сендерге  бір  бала 
беріп, соның іңгә... жылаған даусын естіген күні құдай маған ажалын жіберсе, 
арманым жоқ. (Ш.А.) Басында Құтжан өлген соң осы көктемде жұрт Жексенді 
кінә...  бастады.  (М.Ә.)  Қарқаралы  деген  округ...  әміршісі  –  Құнанбай  мен  осы 
Майыр. (М.Ә.)  
 
ІІ. 1) Темекі шеккен адамдарда миокарда инфаркт... жиі асқынып кетеді. 2) 
Бейімбет шаруалардың өмірін жақсы біліп қана қойған жоқ, ол сол өмірге үңіле 
қарап, өмір романтикасын, неше алуан конфликт... тапты. 3) Алғашқы адамдар 
бумеранг...  аң  аулауда  қолданды.  4)  Құрылыс  материалдарын  қандай  объект... 

 
29 
жіберудің  қажеттілігі  туралы  пікір  алысты.  5)  Қара  халықтың  съезд... 
қатысқаны үлкен жаңалық болды. 6) Әуелі әдемі костюм... әсерімен тұрып, әлгі 
әңгіменің түп төркінін аңғармаппын. 7) Қарағанды  митинг... өткен күні кешке 
Катченко Жабайдың екі бөлмелі ескі үйінде лекция жасап еді. 8) Гүлшат он екі 
килограмдық рюкзаг... қайыс батып ашыған арқасынан сыпырып алып, қасына 
қойып еді, енді қараса сол рюкзак жан біткендей қозғалып кетті. 
 
Қосымшалардың жіңішке түрде жалғануы 
Рк, рг, нк, нг, кс, кт, ск, 
лк,  нкт,  кль,  брь,  бль 
дауыссыздар  тіркесіне 
аяқталған сөздерге 
Ог, 
уг 
дыбыстары
на 
біткен 
сөздерге 
Соңғы  буынында 
не  бір  буынды 
сөздің  өзінде  и 
дыбысы келгенде 
Соңғы  буынында  ю, 
э,  ē  дауыстылары 
келетін сөздерге 
Жіңішкелік 
белгісіне 
аяқталатын 
бір 
буынды сөздерге 
полктер 
округке 
кассирге 
дуэльге 
оське 
 
79-жаттығу. Қосымша жалғанғанда түбірдің соңғы дыбысы өзгеріп кететін 
он бес сөз жазып, оның себебін түсіндіріңіздер. 
 
Қосымшалардың жуан түрде жалғануы 
Соңғы буынында не бір буынды сөзде 
у  дыбысы  бар  орыс  тілінен  енген 
сөздерге 
Орыс  тілінен  енген  сөздердің 
соңғы буынында я әрпі болса 
Х 
дыбысына 
аяқталған сөздерге 
автобусқа, курстың 
поляктар, разрядшы 
цехқа, тарихшы 
 
80-жаттығу.  Төмендегі  сөздерге  барыс  септік  жалғауын  қосып,  дұрыс 
жалғануын есте сақтаңыздар.  
І.  Акварель,  коллоквиум,  диск,  актив,  заряд,  гастроль,  дифирамб,  гонг, 
алкалоид,  грамм,  коттедж,  гладиолус,  дефольт,  инфаркт,  аллерголог,  колледж, 
алоэ,  аммоний,  антибиотик,  антрополог,  викинг,  апартеид,  дивиденд, 
журналист,  инстинкт,  артикль,  археолог,  дифтонг,  астероид,  контакт,  аффикс, 
бактериолог,  бенефис,  бифштекс,  бокс,  бромид,  диалект,  актер,  имидж,  киоск, 
консерв, консонанс, конспект, конфликт, коряк.  
 
ІІ.  Акваланг,  дирижабль,  аквариум,  бронхит,  аккорд,  бронетанк,  катафалк, 
акт,  вальс,  альпинист,  анод,  гидролог,  анапест,  антипод,  антракт,  антропофаг, 
аншлаг,  капсюль,  арабеск,  дифтонгоид,  аспект,  алкоголь,  ведомость,  аспирант, 
кабель,  атеист,  аффект,  ашуг,  аэронавт,  бакенбард,  баланс,  бандероль,  банк, 
акцепт,  барий,  белудж,  бемоль,  бланк,  блок,  блюминг,  браунинг,  бридж, 
букинист,  бумеранг,  бундестаг,  бутерброт,  варяг,  бульдог,  дебют,  демиург, 
диалог, дизель, дуэль, дуэт, иероглиф, интервью, каноэ, коллоид, консьерж. 
 
81-жаттығу.  Төмендегі  сөздердің  бірінші  тобына  дауыстыдан  басталатын 
қосымша,  екінші  тобына  дауыссыздардан  басталатын  қосымша  жалғап,  емле 
ережесіне сай жазыңыздар. 

 
30 
І.  Фестиваль,  жүрек,  князь,  ойын,  тап,  полк,  қас,  салық,  кітап,  принцип, 
халық,  тип,  тарих,  жап,  тарақ,  руль,  Донбасс,  кеп,  дуэт,  парк,  дизель,  балық, 
ансамбль, шаш, класс.  
 
ІІ.  Кристалл,  куә,  С.Жүнісов,  бұрын,  ҚазТАГ,  факт,  кубок,  күмән,  кінә, 
Гримм, ЮНЕСКО, Науаи, М.Әуезов, Қ.Сәтбаев, кросс, МТЗ-82, подъезд, киоск, 
Кузбасс,  сөз,  актер,  күнә,  ПМПИ,  Күләш,  тест,  педагог,  пассив,  фонд,  клуб, 
полюс, парад, Түрксіб, сән, геолог. 
 
Бас әріптің қолданылуы 
 
Бас әріппен жазылатын сөздер 
Мысалы 
Жалқы есімдер  
Павлодар, Манас 
Ең жоғарғы мемлекеттік қызмет аттары мен құрметті атақтар 
Президент Әкімшілігі 
Мемлекет,  республика,  жоғарғы  мекемелер  мен  ұйымдардың 
күрделі атауларының әр сөзі 
Қазақстан Республикасы 
Нүкте,  сұрау,  леп  белгілерінен  кейінгі  сөйлемнің  бірінші  сөзі, 
өлеңнің әрбір жолы 
Жанұя  –  шағын  мемлекет. 
Мен  –  президент,  сен  – 
премьер. (Қ.Аманжолов) 
Кісі аттарымен қабаттаса айтылатын тұрақты эпитеттер жалқы 
есімнің алдынан келсе 
Жаяу Мұса, Ер Төстік 
Корея,  индонезия,  бирма,  тайланд  т.б.  халықтардың  аты-
жөндерінің әрбір сөзі 
Ким Ир Сен, Хо Ши Мин 
Бас әріптермен қысқарған сөздер 
БҰҰ, ТМД 
Түрлі  мекемелер,  білім-ғылым  орындарының  т.б.  күрделі 
атауларының бірінші сөзі 
Павлодар мемлекеттік 
университеті  
Мифологиялық  «иелердің»,  «құдайлардың»,  «әулиелердің» 
аттары 
Ойсылқара 
Мал, құс, ит т.б. қойылған аттар 
Ақбоз, Тайбурыл 
Маңызды 
тарихи 
дәуірлер, 
революция, 
уақиғалар, 
мерекелердің аттары 
Ұлы Отан соғысы 
Бұрынғы ордендердің аттары 
Қызыл Жұлдыз ордені 
Ресми құжаттардағы шартты атаулар 
Жоғары мәртебелі 
Президент мырза 
Аса маңызды құжаттардың аттары 
Тіл комитетін құру туралы 
жарлық 
Ордендер  мен  медаль  аттары  және  құрметті  атақтардың 
бірінші сөзі 
«Ардақты ана» ордені 
Кітап, газет, журнал аттары 
«Қартқожа» романы 
Көше, алаң, парк, шоссе, көпір, жол т.б. аттарының бірінші сөзі  Жібек жолы көшесі 
 
82-жаттығу.  Сөйлемдердегі  бас  әріппен  келетін  сөздерді  анықтап,  жазылу 
себебін түсіндіріңіздер. 
І.  аздан  соң  ербол  абайлардан  бөлініп,  көлқайнарға  қарай  тартып  кетті. 
(М.Ә.)  қасым  пішенбаев  көмір  тапқаннан  кейін,  ол  баянауыл,  қарқаралы 
жерлерін сонау балқашқа дейін иемденіп алады. ұлы сібір темір жолын салуына 
байланысты  ХІХ  ғасырдың  аяқ  кезінде  екібастұз  көмірін  пайдалану  үшін 
«воскресен тау-кен акционерлік қоғамы» ұйымдасады. павлодар қаласына таяу, 

 
31 
ертістің  сол  жақ  жағалауындағы  воскресенская  пристанына  екібастұздан  тар 
табанды  темір  жол  тартылды  да,  сол  жолмен  екібастұз  көмірін  деров  ертіс 
арқылы  омбыға  тасытады.  (Ә.Нұрш.)  араб  басқыншылығынан  кейінгі  кездегі 
қараханид  кезеңінің  тілдік  ерекшеліктерін  сипаттайтын  жазба  материалдарға 
юсуф баласағұнның «құтадғу білік» атты поэмасы, махмұд қашқаридің «дивану 
лұғат-ат  түрік»  атты  лингвистикалық  еңбегі,  ахмед  югнакидің  «һибат-уль-
хакаик»  атты  еңбегі,  қожа  ахмет  яссауидің  шығармалары  («хикметі»)  жатады. 
(С.И.)  шығыстың  классикалық  әдебиетінің  қазақша  еркін  аудармалары,  яғни 
шығыс сюжеттерін қайталап қазақша жырлаған туындылар: «шахнаме», «ләйлі 
–  мәжнүн»,  «жүсіп  –  зылиха»,  «фархад  –  шырын»,  «ескендір»,  «мұңлық  – 
зарлық»,  «сейфүл-мәлік»,  «бозжігіт»,  «шахмардан»,  «шәкір  –  шәкірат»  т.б. 
(Р.С.) 
 
ІІ.  бұл  асқа  қарқаралының  арғыны,  жетісудің  жалайыры,  садыр-матайы, 
семіз-найманы, ылдидің уақ, бурасы, дағандының керейі бар, талай үлкен рулар 
келмек.  (М.Ә.)  күлкісі  көмір  болғыр  сейіттің  не  бүлдіріп,  не  қойғанын 
группадағылар  тұңғышбаев  келген  соң  бірер  минут  өтер  өтпесте-ақ  білген-ді. 
(М.Әуб.)  исаның  жайын  сөз  қылу  тәкежаннан  құтылудың  шарасы  емес-ті. 
(М.Ә.)  ХІХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХ  ғасыр  басында  жарық  көрген  кітаптар, 
газет-журналдар  («түркістан  уалаятының  газеті»,  «дала  уалаятының  газеті», 
«айқап»  т.б.)  тілінен  де  міне  осыны  байқаймыз.  (С.И.)  сондықтан  «алпамыс», 
«қамбар  батыр»,  «ер  тарғын»  сияқты  ежелгі  батырлар  жырлары  да,  «қыз 
жібек»,  «айман  –  шолпан»  тәрізді  лиро-эпостар  да,  қазақтың  профессионал 
ақындарының  өлеңдері  де,  жыр-дастан  болып  келетін  жаңа  туындылар  да 
«қисса-и» атымен басылды. (Р.С.) 
 
83-жаттығу. Төмендегі газет-журнал аттарын емле бойынша жазыңыздар. 
«ұшқын»,  «сарыарқа  самалы»,  «дала  уалаятының  газеті»,  «жұлдыз», 
«лениншіл  жас»,  «егеменді  қазақстан»,  «ана  тілі»,  «қазақ  әдебиеті»,  «айқап», 
«қазақстан  мұғалімі»,  «қазақстан  әйелдері»,  «түркістан  уалаятының  газеті», 
«абай». 
 
84-жаттығу.  Бас  әріппен  жазылатын  сөздерге  мысал  келтіріп,  кестені 
толтырыңыздар.  
Бас әріппен жазылатын сөздер 
Мысалы 
Ең жоғарғы мемлекеттік қызмет аттары мен құрметті атақтар 
 
Мемлекет, республика, жоғарғы мекемелер мен ұйымдардың күрделі 
атауларының әр сөзі 
 
Түрлі мекемелер, білім-ғылым орындарының т.б. күрделі атауларының 
бірінші сөзі 
 
Мифологиялық «иелердің», «құдайлардың», «әулиелердің» аттары 
 
Маңызды тарихи дәуірлер, революция, уақиғалар, мерекелердің аттары 
 
Бұрынғы ордендердің аттары 
 
Ордендер мен медаль аттары және құрметті атақтардың бірінші сөзі 
 
 

 
32 
85-жаттығу.  Төмендегі  шығармаларды  емле  ережесі  бойынша  жазып, 
авторларын анықтаңыздар. 
«кең  өріс»,  «ақбілек»,  «жапандағы  жалғыз  үй»,  «шұғаның  белгісі», 
«бақытсыз  жамал»,  «үркер»,  «жас  түлектер»,  «құлагер»,  «бай  баласы  мен 
жарлы  баласы»,  «москва  үшін  шайқас»,  «оянған  өлке»,  «ақ  жайық», 
«көшпенділер»,  «батыр  баян»,  «қызыл  жебе»,  «каһарлы  күндер»,  «ботагөз», 
«қилы  заман»,  «тар  жол,  тайғақ  кешу»,  «қалың  мал»,  «аласапыран»,  «инеш», 
«қан мен тер», «алтын сақина», «қамар сұлу». 
 
Шығармалардың  авторлары:  Ғ.Сланов,  Ә.Әбішев,  Т.Ахтанов,  С.Жүнісов, 
М.Мағауин,  Ә.Кекілбаев,  С.Шаймерденов,  Б.Момышұлы,  Қ.Есенжанов, 
І.Есенберлин, 
Ш.Мұртаза, 
М.Жұмабаев, 
І.Жансүгіров, 
С.Мұқанов, 
Ә.Нүрпейісов, Қ.Кемеңгеров, С.Торайғыров, Ғ.Мүсірепов, М.Әуезов, С.Көбеев, 
С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, Ы.Алтынсарин, М.Дулатов.  
 
86-жаттығу.  Төмендегі  сөздерді  тиістісін  емлеге  сай  бас  әріппен 
жазыңыздар. 
павлодар  мемлекеттік  педагогикалық  институты,  ақан  сері,  сыртқы  істер 
министрлігі,  біріккен  ұлттар  ұйымының  бас  ассамблеясы,  семенов-
тяньшанский,  ғылым  академиясы,  қазақ  ұлттық  педагогика  университеті,  ер 
төстік, қазақстан халық қаһарманы, баянауыл ауданы, қазақстан республикасы 
президенті,  тұйғын,  құран  кітабы,  жезтырнақ,  ұлттық  банк  қоры,  тіл  білімі 
институты,  бодуэн  де  куртенэ,  павлодар  облысының  әкімі,  қыз  жібек, 
қырғызстан  республикасы  жоғарғы  соты,  астана  қаласы,  біржан  сал, 
шалқұйрық,  жолбарыс,  жаңа  жыл,  шекшеката,  қазақстан  республикасының 
ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, инновациялық евразия университеті, тәурат, 
леонардо  да  винчи,  түрксіб  темір  жолы,  қазақстан  республикасы  білім  және 
ғылым министрлігі. 
 
87-жаттығу.  Көркем  шығармалар  мен  ғылыми-зерттеу  еңбектерінен  бас 
әріптің қолданылуына он бес мысал теріп, олардың жазылуын түсіндіріңіздер.  
 
88-жаттығу.  Жақшаны  ашып,  төмендегі  сөздерді  емле  ережесіне  сай 
жазыңыздар.  
батыс(еуропа),  судыр(ахмет),  жаңа(зеландия),  орта(жүз),  сейфүл(мәлік), 
солтүстік(корея),  қиыр(шығыс),  орта(азия),  қара(теңіз),  ер(тарғын),  аяз(ата), 
қамбар(ата), бұқар(жырау), ұлы(британия), асан(қайғы), шопан(ата), ұмай(ана), 
ұлы(жүз),  зеңгі(баба),  солтүстік(двина),  мадагаскар(аралы),  балуан(шолақ), 
қазыбек(би), 
екі(бас)(тұз), 
оңтүстік(америка), 
жаяу(мұса), 
жаңа(жер), 
апенин(түбегі), алдар(көсе). 
 

 
33 
89-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, өзіндік ойларыңызды айтыңыздар. 
 
Нан ардақты, адал дос 
Бір кезде болып нанға зар, 
Қадірін білген адамдар. 
Әулие тұтып нанды ұстап, 
«Нан ұрсын» деп қорғанар. 
Нан ардақты, адал ас, 
Кәрі, жас онан аттамас. 
Ақ дастарқан үстінде,  
Қол жумай оны ұстамас. 
Нандай жоқ қой асыл дәм, 
Жеп үйренген жасыңнан. 
Дастарқаннан нан кетсе,  
Береке кетер асыңнан. 
Ей, балалар, балалар, 
Болмаңдар, сірә, нанға тар. 
Өмірдің алтын арқауы – 
Нан қиқымын шашпаңдар.  
Жерде жатса, баспаңдар, 
Теріп алып, қастерлеп. 
Торғайларға тастаңдар. (Ө.Тұрманжанов) 
 
Тасымал 
 
Жазып келе жатқан жолға сыймаған сөз буын жігіне қарай тасымалданады: 
ба-лу-ан, тәр-бие, өне-ге-лі, сал-мақ-ты. 
Тасымалданбайтын сөздер 
Бір 
буынды 
сөздер 
Бас 
әріптен 
қысқарған 
сөздер 
Қысқартылған 
кісі 
есімі 
фамилиядан 
айырып 
тасымалданбайды 
Цифр 
арқылы 
таңбаланатын 
сандар 
қысқарған 
атауларынан 
бөлінбейді 
Сөздің  жеке  әрпін 
сол 
жолдың 
өзінде  не  келесі 
жолға  қалдыруға 
болмайды 
спорт, ұлт  ИнЕУ, ҚазҰПУ  С.Мұқанов 
5 т, 30 м 
і-лім, а-на 
 
90-жаттығу.  Төмендегі  сөздерді  қалай  тасымалдауға  болатынын  дефиспен 
(-) бөліп көрсетіңіздер. Тасымалдауға келмейтін сөздерді бөлмей көшіріңіздер.  
Үлгі: жұ-мырт-қа, ар-ман. 
Буын,  білім,  үлгі,  ынта,  тиін,  өнер,  жұмыртқа,  арман,  сауат,  қиял,  еңбек, 
әнұран,  бірыңғай,  абырой,  әділ,  амандық,  қасиет,  әлем,  ақыл,  зейін,  зиялы, 
инабат,  оқу,  өнеге,  әрекет,  өсиет,  ұлағат,  өмір,  ықылас,  ажуа,  ілім,  ПМПИ, 
М.О.Әуезов, 25 га, 5 кг, Ғ.Мүсірепов, БҰҰ, ҚР, сәуегей, Қазақстан, іріткі, суық, 
биыл, мұқият, құмырсқа, спектр, стенд, қияңқы, қиямет. 
 

 
34 
91-жаттығу.  Сөздерді  тасымалдауға  болатынын  бір  бөлек,  тасымалдауға 
болмайтынын бір бөлек көшіріп жазыңыздар. 
Қиын,  Адамата,  айқас,  А.Құнанбаев,  ақуыз,  мәдениет,  дүние,  айыл,  әзіл, 
Ресей,  Сәкен,  ақылы,  ҚазҰПУ,  5  метр,  ажал,  2011  жыл,  Ғ.Мұстафин,  қияр, 
суыр,  киіз,  сояу,  ағашаяқ,  алабұта,  ақыл-ес,  ашықауыз,  белағаш,  бесаспап, 
биялай, буынаралық, дүнияуи, иллаһи, кәусар, кейқуат, көкаяз, көзақы, әкімият, 
ащыот, ПМУ, 21 кг, 9 т, спорт, ұн, бауырсақ, әлем. 
 
92-жаттығу. Төмендегі жаттығудан тасымалдауға болмайтын сөздерді теріп 
жазыңыздар, ережесін түсіндіріңіздер. 
 
Аурудан аяған күштірек 
Сейіт орам үстінде жүгіріп бара жатқанда бір арбалы келіп, аңдаусыз соғып 
кетіп,  аяғын  сындырыпты.  Ойбайлап  жылап  жатқан  баланы  көріп 
шошынғаннан шешесі есінен танып қалыпты. Мұны көрген соң, Сейіт жыламақ 
түгіл  сынған  аяғын  орнына  салып,  таңып  жатқанда  да  дыбысын  шығармай, 
қабағын да шытпай жатты. Сонда сынықшы кісі: 
– Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың? – деп сұрады. 
Сейіт, шешесі шығып кеткен соң, демін алып, сынықшыға сыбырлап айтты 
дейді: 
–  Ауырмақ  түгіл  жаным  көзіме  көрініп  тұр,  бірақ  менің  жанымның 
қиналғанын көрсе, әжем де қиналып, жүдемесін деп, шыдап жатырмын, – деді. 
(Ы.Алтырсарин) 
 
93-жаттығу.  Берілген  сөздер  мен  сөз  тіркестерінің  жазылуы  мен 
айтылуындағы айырмашылықтарды түсіндіріңіздер. 
Көзқарас,  түкірік,  әркім,  көркем,  ақ  ала,  он  қап,  ақ  ешкі,  өнеркәсіп, 
Кеңесбаев, күрек, көбелек, ала кел, сарыкүйік, омыртқа, құс жолы, қара қағаз, 
әрқашан,  сиыр  қора,  Есжан,  сәнқой,  бес  жыл,  жұмысшы,  ақ  аю,  қара  өлең, 
қоңырқаз, қоңырау, сары аяз. 
 
94-жаттығу.  Естілуінше  жазылған  өсімдік  атауларын  орфография  заңы 
бойынша жазып, себебін түсіндіріңіздер. 
Айғабақ,  бійеғарын,  сұуғабақ,  қойамбеде,  айылғыйақ,  байалыш,  қышшөп, 
доңұссырт,  айагөз,  ешкіғұйрұқ,  жамаңғұлақ,  жөтөлшәй,  запраңгүл,  ійреккүл, 
ағжұусан,  ійтшұуа,  ағжүзгөн,  кійігот,  бұуұлдұқ,  көгнәр,  айұуот,  қарот, 
божжұусан,  ағжүгөрү,  ырайхаңгүл,  ақпас,  сабыңгөк,  ағмыйа,  саңрауғұлақ, 
айрауұқ,  ташшарған,  балбырауұн,  ақпійдай,  түйнөгөлөң,  айылжұуа,  қарөлөң, 
балғұурай, ійтмұрұн, сұупыйаз, шәйжапрақ, ійтшеміс, інжүугүл. 
 
95-жаттығу.  Айтылуы  мен  жазылуы  бірдей  зоологиялық  терминдерді  бір 
бағанға, айтылуы мен жазылуы бөлек зоологиялық терминдерді екінші бағанға 
топтап жазыңыздар. 
Ақбөкен, ақбалық, ақүрпек, алагүлік, алақұрт, аламан, арабалық, атсілеусін, 

 
35 
балара,  батбат,  берікбас,  бунақдене,  бұзаубалық,  бұраубас,  бұршаққоңыз, 
есекара,  жайра,  жарғаққанаттылар,  заузақұрт,  киізқұрт,  көкшыбын,  күнбалық, 
кірпікшешен,  кіс,  қаракүзен,  қарақал,  қарақұлақ,  қозыбас,  құмқұрт,  құршаян, 
мәлін, пайызторғай, сазқұндыз, семсербалық, сымыр, түзат, шіл. 
 
96-жаттығу.  Төмендегі  мәтінді  орфоэпия  заңдылығына  сәйкестендіріп 
жазыңыздар. Өзгеріске түскен сөздердің себебін түсіндіріңіздер. 
...Кәрі аңшы Ақшегірдің томағасын тартып, үндемей тасқа шүйіліп отыр еді. 
Бір  мезгілде  алыстағы  қағушының  айғайы  естілді.  Ақшегір  елең  етіп,  барлық 
үлкен денесі екі ғана отты шегір көз болғандай болып, қызыл тасқа шаншылып, 
қадалып  қалды.  Артынан  аз  уақытта  аңшының  қолынан  атып  жөнелді.  Сол 
кезде қызыл тастың аңшыларға қараған қарсы беттегі бір жарықтан түлкі етекке 
қарай  шұбатыла  берді.  Ақшегір  аңшылардан  бұрын  қабат  тастың  арасынан 
қылп еткен жонын көрген екен. Денесі ыстық оттай қайнаған шыдамсыз қыран 
жай отындай жарқ етіп, аспанға шықты. Етекке түсе алмай асығып, қарбаласып 
қалған  түлкі  ежелгі  кекті  жауын  кең  жерге  шығып  тоса  алмай,  қызыл  тастың 
қия  бетінде  құйрығын  шаншып,  керіп  тұрып  қалды.  Майданға  шығып, 
қызықтырып  тұрған  жерін  көрген  қыран  айналып,  аспандап  көтеріле  берді. 
Аспандаған  сайын  жынын  шақырған  қара  бақсының  қабағындай  төңкеріліп, 
қайта-қайта  түйіліп,  көтеріліп,  күші  мен  ызасын  жиып  жүрді.  Аяғында  жерге 
қарсы  қасқарып,  төсін  төсеп,  бір  екпіндеп  көтеріліп  алып,  бетін  бұра  сала 
түлкіге қарай шаншыла жөнелді. (М.Әуезов «Бүркіт аңшылығының суреттері») 
 
97-жаттығу.  Орфоэпия  заңдылығына  сәйкестендіріліп  берілген  мәтінді 
орфография заңы бойынша жазыңыздар. 
Сәукөлө  –  әйелдің  бас  кійімі,  онұ  ұзатылған  ғыздар  және  онұң  жанына  еріб 
жүрөтүн  ғұрбұлар  гійген.  Сәукөлөнүң  негізгі  бөлүктөрі  –  тәж,  төбө,  құлақ  пау 
және  артқы  бойұ.  Сәукөлөнүң  төбөсү  қыйық  конус  тәрізді  болұп  келеді.  Онұ 
асыл тас, алтын, күмүс, меруерт, маржанмен өрнөктөйді. Сәукөлөнүң төбөсүнүң 
бійіктігі  екі сүйөм, кейде  одан да бійік полады. Сәукөлөнү өлшөп пішіб алып, 
ішіне  астар,  сырт  жағына  бійдай  шүбөрөг  ұстап  жійі  етіп  сырыйды.  Одан  соң 
онұң  сыртын  қамқа,  дүрүйә,  торғұн  сыйақты  асыл  матамен  тыстайды. 
Сәукөлөнү  әшекейлеу  үшүн  онұң  тысының  сыртынан  зер  жіптен  тоқұлған 
оқаларды белдеулөп басады. Онұң етегін мақпалмен не қара барқытпен әдіптеп 
көмкөрөді.  Ал  маңдай  тұсұна  зер  не  жібек  шашақтың  шоқтарын  тағады. 
Шашақтың сәукөлөгө  жалғасқан  тұсұн асыл тастан көз  орнатқан  алтын, күмүс 
түйрөуүштөрмен  бекітеді.  Сәукөлөнүң  ең  сыртынан  шашақты,  әшекейлі  жібек 
матамен төгүлтүп жауұп қойады. Ол көйлөктүң етегі сыйақты жерге сүйрөтүліп 
жүрөдү.  Сәукөлөгө  ұзұң  ғұлақ  пау  тағады.  Онұ  шетін  шыр  айналдыра  зер  не 
жібег жіппен шалып көмкөрөдү, түбүнө сәнді түйрөуүш түйрөлөдү. 
Қазіргі  гезде  де  кейбір  жерлерде  қалыңдықтың  басына  сәукөлө  гійгізіп,  ағ 
желег жабатындар да гездеседі. («Шаңырақ» үй-тұрмыс энциклопедиясынан) 
 

 
36 
98-жаттығу.  Төмендегі  мақал-мәтелдерді  қолданып,  мамандықтарыңыз 
туралы  сұрақ-жауап  түрінде  әңгімелесіңіздер.  Мақал-мәтелдерді  жаттап 
алыңыздар. 
Асыл  міндет  –  адалдық,  асыл  қасиет  –  адамдық.  Ақылды  ұл  білім  іздер, 
ақылсыз  ұл  шылым  іздер.  Ары  жоқ  жігіттен,  намысы  бар  қыз  артық.  Оқусыз 
білім  жоқ,  білімсіз  күнің  жоқ.  Білімдіге  дүние  жарық,  білімсіздің  күні  кәріп. 
Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер, залыммен жақын болсаң, басың кетер. 
Ұстазы  жақсының  ұстамы  жақсы.  Оқи  берсең,  көзің  ашылады,  отыра  берсең, 
жалқаулық басынады. Өнер алды – қызыл тіл. Өнер – таусылмас азық, жұтамас 
байлық.  Аузына  келгенін  сөйлеу  –  ақымақтың  ісі,  алдына  келгенін  жеу  – 
айуанның  ісі.  Аузы  құлып  сандықты  кілт  ашпаса,  тіл  ашар,  түйін-түйін 
сырыңды түбінде келіп шын ашар. Жақсылардың үлгісі жанып тұрған шамдай, 
шешендердің сөздері ағып тұрған балдай.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
37 
Орфография бөлімі бойынша тест тапсырмалары 
 
1. Қай дыбысқа қазақ тілінде сөз аяқталмайды? 
A) с 
B) к 
C) ғ 
D) қ 
E) й  
2. Тек жуан сөздерде кездесетін дауыссыз дыбыс 
A) қ, ғ 
B) т, д 
C) с, з 
D) ж, ш 
E) п, б  
3. Сөздің соңында келмейтін әріп 
A) ы 
B) о 
C) і 
D) е 
E) а 
4. Әріп пен дыбыс сандарында айырмашылық бар сөз 
A) жау 
B) тоқ 
C) асау 
D) рас 
E) өте  
5. Әріп пен дыбыс сандарында айырмашылық бар сөз 
A) су 
B) жау 
C) жауын 
D) тау 
E) қауын 
6. Тасымалданбайтын сөз 
A) қиын 
B) киін 
C) қант 
D) суық 
E) жоғарыдағы барлық сөз тасымалданбайды 
7. Тасымал мен буын түрі сай келмейтін сөз 
A) білім 
B) азалы 
C) ант 
D) буын 
E) парасат 

 
38 
8. Бірге жазылатын сөз  
А) кемі екі түбірден біріккен 
В) кемі екі түбірден қосарланған 
С) кемі екі түбірден тіркескен 
Д) осы айтылғандар 
Е) барлық сөздер 
9. Одағай сөздердің жазылуы 
A) қысқарып 
B) тек дефис (-) арқылы 
C) бірігіп 
D) естілуінше 
E) тіркесіп 
10. Емле ережесіне сай сөз 
A) сүтана 
B) сүткенже 
C) сүт ақы 
D) сүттіс 
E) сүт жапырақ 
11. Сөздің дұрыс жазылуын тексеретін тіл білімінің саласы 
A) фонетика 
B) орфография 
C) орфоэпия 
D) графика 
E) физика 
12. Айтылуы мен жазылуы бірдей сөз 
A) домбыра 
B) кітап 
C) терезе 
D) күрес 
E) жүгір 
13. Дұрыс жазылған сөз 
A) сепкіл 
B) қапқан 
C) өрекпі 
D) түлкү 
E) дұрыс жауабы жоқ 
14. Орфографиялық нормаға сай жазылған сөз 
A) Исмаил бей 
B) Исмаил-Бей 
C) Исмаил-бей 
D) Исмаил Бей 
E) дұрыс жауабы жоқ 
15. Емле ережесіне сай сөз 
A) кіндіката 

 
39 
B) кіндікбала 
C) кіндікбау 
D) кіндікшеше 
E) кіндіккесу 
16. Емле ережесіне сай сөз 
A) құнан бәйге 
B) құнанжарыс 
C) құнанқой 
D) құнанқымыз 
E) құнанөгіз 
17. Емле ережесіне сай сөз 
A) май жидек 
B) майдәрі 
C) майтопырақ 
D) майбалшық 
E) май кене 
18. Бөлек жазылатын сөз 
A) ақ (бидай) 
B) ақ (сиса) 
C) ақ (ауыз)  
D) ақ (көңіл) 
E) ақ (қурай) 
19. Бөлек жазылатын сөз 
A) ақ (сақал) 
B) ақ (селеу) 
C) ақ (сұңқар) 
D) ақ (жауын) 
E) ақ (қайнар) 
20. Бөлек жазылатын сөз 
A) сары (жайлау) 
B) сары (жылан) 
C) сары (аяз) 
D) сары (су) 
E) сары (шұнақ) 
21. Бірге жазылатын сөз 
A) сары (аяз) 
B) сары (май) 
C) сары (жілік) 
D) сары (бел) 
E) сары (алтын) 
22. Бірге жазылатын сөз 
A) ала (қоржын) 
B) ала (дүбір) 
C) ала (жылан) 

 
40 
D) ала (таң) 
E) ала (бұта) 
23. Бірге жазылатын сөз 
A) (ала) бота 
B) (ала) жаздай 
C) (ала) орамал 
D) (ала) көйлек 
E) (ала) көңіл 
24. Орфография бойынша жазылған сөз 
A) ухиледі 
B) ухіледі 
C) уһледі 
D) ухыледі 
E) уһіледі 
25.  Дауысты  «-ы/-і»  дыбысынан  басталатын  қосымша  жалғанғанда  түбірі 
өзгермейтін сөз 
A) халық 
B) бұрым 
C) орын 
D) мұрын 
E) осы айтылғандар 
26. Морфологиялық принцип дегеніміз – 
А) сөздердің айтылуынша жазылуы 
В)  сөздердің түбір тұлғасы  сақталып жазылуы 
С)  сөздердің түбірі өзгеріске түсіп жазылуы 
Д) осы айтылғандар 
Е) дұрыс жауабы жоқ 
27. Жарғабақ сөзінің жазылу принципі 
A) фонетикалық 
B) фонематикалық 
C) морфологиялық 
D) тарихи-дәстүрлі 
E) фонематика-морфологиялық 
28. Фонетикалық принцип бойынша жазылған сөз 
А) қолғап 
В) көрсеқызар 
С) қосшы 
Д) түнгі 
Е) дұрыс жауабы жоқ 
29. Морфологиялық принцип бойынша жазылған сөз 
A) бүгін 
B) хат 
C) жұмысшы 
D) қарлығаш 

 
41 
E) қолғап 
30. Белбеу (бел бау) сөзі қандай принцип бойынша жазылған? 
A) фонетикалық 
B) фонематикалық 
C) морфологиялық 
D) тарихи-дәстүрлі 
E) фонематика-морфологиялық 
31. Қазақ тілінде емле ережесін сақтап жазуда басшылыққа алынатын принцип 
A) фонетикалық және морфологиялық 
B) фонематикалық және фонетикалық 
C) морфологиялық және тарихи-дәстүрлі 
D) тарихи-дәстүрлі 
E) фонематика-морфологиялық 
32. Емле ережесін сақтап жазуда алты принципті көрсеткен ғалым 
A) Ш.Бектұров 
B) С.Мырзабеков 
C) Р.Сыздық 
D) К.Аханов 
E) Н.Оралбай 
33. Дефис (-) арқылы жазылатын шылау 
A) -ай/-ау 
B) -қана/-ғана 
C) -тен 
D) -ма/-ме 
E) -түгіл  
34. Дефис қойылатын жер 
A) қосалқы мүшелі күрделі атаулар 
B) күрделі сан есімдер 
C) біріккен сөздер 
D) оңашаланған айқындауыш 
E) дұрыс жауабы жоқ 
35. Дефис арқылы жазылатын сөз 
A) 200 пайыз 
B) 80 метр 
C) 9 сынып 
D) 2011 жыл 
E) 16 ақпан 
36.  Түркі,  парсы  т.б.  халықтар  есімдерінің  соңында  келетін  паша,  бей,  заде, 
оғлы сияқты тұлғалардың жазылуы 
A) дефис арқылы 
B) бөлек 
C) бірге 
D) қос нүкте арқылы 
E) кірігіп кетеді 

 
42 
37. Дефис арқылы жазылатын демеулік шылаулар 
A) сұраулық демеуліктер 
B) күшейткіш демеуліктер 
C) болымсыздық демеуліктер 
D) жалғаулықтар 
E) септеуліктер 
38.  –ев  (-ева)  қосымшасы  сөздің  соңғы  буыны  қандай  дыбысқа  аяқталғанда 
жалғанады? 
A) ч, ц дауыссыз дыбыстарына 
B) дауысты дыбыстарға  
C) и, у дифтонг дыбыстарына 
D) й, ш дауыссыздарына 
E) дұрыс жауабы жоқ 
39.  -ин  (-ина)  қосымшасы  сөздің  соңғы  буыны  қандай  дыбысқа  аяқталғанда 
жалғанады? 
A) дауыссыз дыбыстарға 
B) дауысты дыбыстарға 
C) и, у дифтонг дыбыстарына 
D) й, ш дауыссыздарына 
E) дұрыс жауабы жоқ 
40.  -ов  (-ова)  қосымшасы  сөздің  соңғы  буыны  қандай  дыбысқа  аяқталғанда 
жалғанады? 
A) дауыссыз дыбыстарға 
B) дауысты дыбыстарға 
C) и, у дифтонг дыбыстарына 
D) й, ш дауыссыздарына 
E) дұрыс жауабы жоқ 
41.  Соңғы  буынында  ю,  э,  ё  дауысты  дыбыстар  келетін  орыс  тілінен  енген 
сөздерге қазақ тілі қосымшалары қалай жалғанады? 
A) жуан 
B) ережені сақтамай 
C) жіңішке 
D) еріндік 
E) буын үндестігі бойынша 
42.  Орыс  тілінен  енген  сөздердің  соңғы  буынында  я  әрпі  болса,  оған  қандай 
қосымша жалғанады? 
A) жуан 
B) ережені сақтамай 
C) жіңішке 
D) еріндік 
E) буын үндестігі бойынша 
43.  Кірме  сөздер  ог,  уг  дыбыстарына  аяқталса,  оған  қандай  қосымша 
жалғанады?  
A) жуан 

 
43 
B) ережеге бағынбай 
C) жіңішке 
D) еріндік 
E) буын үндестігі бойынша 
44. Кірме сөздер рк, рг, ск, кт, кс, нк, нг, лк, нкт дыбыстар тізбегіне аяқталғанда 
қазақ тілі қосымшалары қалай жалғанады? 
A) жуан 
B) ережеге бағынбай 
C) жіңішке 
D) еріндік 
E) буын үндестігі бойынша 
45.  Кль,  брь,  бль  дыбыстар  тізбегі  мен  жіңішкелік  белгісіне  аяқталатын  бір 
буынды сөздерге жалғанатын қазақ тілі қосымшалары 
A) жуан 
B) ережеге бағынбай 
C) жіңішке 
D) еріндік 
E) буын үндестігі бойынша 
46. Қосымша жіңішке түрде жалғанатын сөз 
A) факт 
B) клуб 
C) кітап 
D) дәріхана 
E) дұрыс жауабы жоқ 
47. Қосымшасы бұрыс жалғанған сөз 
A) фестивалі 
B) фестивальдан 
C) лагерьға 
D) банкі 
E) дұрыс жауабы жоқ 
48. Үндестік заңына бағынбай жалғанатын қосымша 
A) -лық, -ді 
B) -тал, -маш 
C) -дар, -шы 
D) -қ, -лау 
E) -лы, -бен 
49. Орфографиялық ережеге сай жалғанған жалғау 
A) банкке 
B) банктан 
C) банкка 
D) банктың 
E) банкіге  
50. 2007 жылы жарық көрген орфографиялық сөздіктің жауапты редакторы 
A) Р.Сыздық 

 
44 
B) Н.Уәли  
C) Ә.Жүнісбек 
D) М.Жүсіпұлы 
E) С.Мырзабеков 
51. «Емле және тыныс белгісі» атты еңбектің авторы 
A) Р.Сыздық 
B) Н.Уәли 
C) Ә.Жүнісбек 
D) М.Жүсіпұлы 
E) С.Мырзабеков 
52. «Жаңа әрiп пен жаңа емле және дыбыстарымыздың жiктерi» атты кiтаптың 
авторы 
A) Е.Омаров 
B) Қ.Басымұлы 
C) Ғ.Бегалиев 
D) Т.Шонанов 
E) Н.Сауранбаев 
53. Шылауы бірге жазылған сөз 
A) тыңдағасын 
B) айтасың(ба) 
C) оқыған(ды) 
D) ермек(үшін) 
E) дұрыс жауабы жоқ 
54. Кей кезде түбір сөзбен бірігіп жазылатын шылау 
A) ма, ме, ба, бе, па, пе 
B) түгіл, тұрсын, тұрмақ 
C) ақ, ау, ай 
D) мен, бен, пен 
E) ды, ді, ты, ті 
55. Кей кезде түбір сөзбен бірігіп жазылатын шылау 
A) туралы, сияқты 
B) үшін, секілді 
C) да, де, та, те  
D) мыс, міс 
E) дұрыс жауабы жоқ 
56. Соң шылауы кездесетін сөз 
A) келіпсің 
B) келдің бе 
C) келемісің 
D) келесің 
E) келгесін 
57. Барлық сөзі бас әріппен жазылатын сөз 
A) Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 
B) Сыртқы Істер Министрлігі 

 
45 
C) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты 
D) Ұлттық Банк Қоры 
E) Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институты 
58. Барлық сөзі бас әріппен жазылатын сөз 
A) Сыртқы Істер Министрлігі 
B) Қазақстан Халық Қаһарманы 
C) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты 
D) Наурыз Мейрамы 
E) дұрыс жауабы жоқ 
59. Барлық сөзі бас әріппен жазылатын сөз 
A) Алматы Қаласы 
B) Ішкі Істер Министрлігі 
C) Ғылым Академиясы 
D) Президент Әкімшілігі 
E) дұрыс жауабы жоқ 
60. «Орфография» сөзі қай тілден енген? 
A) латын 
B) араб 
C) орыс 
D) грек 
E) дұрыс жауабы жоқ 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет