Пунктуациясы


Тыныс белгілерін қайталау



Pdf көрінісі
бет13/15
Дата08.01.2017
өлшемі1,06 Mb.
#1448
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Тыныс белгілерін қайталау 
 
225-жаттығу. Ж.Баласағұнның даналық сөзіндерін оқып, есте сақтаңыздар. 
Тиісті тыныс белгілерін қойып, жаттығуды көшіріңіздер. 
1)  Тіл  арыстан  есік  баққан  ашулы  Сақ  болмасаң  жұтар  ерім  басыңды  2) 
Қалар мұра сөз кісіден кісіге Сөзді мұра тұтсаң пайда ісіңе 3) Кісі көңілі түпсіз 
теңіз ойласаң Білім інжу түбінде анық қойма сан 4) Кісі мәңгі болмас мәңгі ат 
ары  Мәңгі  қалар  оның  жақсы  атағы  5)  Тірі  өледі  жер  төсеніш  жастығың  Аты 
өлмейді өлсе де өзі жақсының 6) Жамандық от от күйдіріп өтеді Жолын бөгер 
күш жоқ күл қып кетеді 7) Ақыл көркі тіл тілдің көркі сөз Кісі көркі жүз жүздің 
көркі көз 8) Ақыл шырақ қара түнді ашатын Білім жарық нұрын саған шашатын 
9)  Білім  байлық  азаймас  һәм  жоғалмас  Еш  қарақшы  ұрыға  да  тоналмас  10) 
Біліктіге білім күллі тон асы Білімсіздің қылығы сұм жолдасы 11) Құттың құты 
ердің ізгі есімі Ізгі аты мәңгілік құт есігі 12) Ұстамды боп һәм көзіңе қарағын 
Ұстамды  әзіз  алар  күллі  аларын  Үш  нәрседен  жүр  алыс  сақ  байқағын  Бірі 
қыңыр  қисық  болма  айтарым  Бірі  жалған  сұғанақтық  үшінші  Үшеуінің  түбі 
қорлық түсінші Кісі сөгіп ұсақ сөзге берілме Дұрыс сөйле теріс-қағыс керілме 
Өзіңді адал ұста адалдық киелі Бектер адал адалдықты сүйеді 13) Жаһан заңы 

 
112 
құрмет тұту үлкенге Үлкен келсе тік тұрып күт іркілме Ұлыға кішік құрметі бек 
жарасар  Кішіге  ұлық  құрметтесіп  санасар  14)  Жібек  мінез  қыз-келіншек 
шырыны Біле білсең әйел көркі қылығы 
 
226-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, тыныс белгілерін тауып қойыңыздар.  
Өлсе өлер табиғат адам өлмес 
Ол бірақ қайтып келіп ойнап-күлмес 
Мені мен менікінің айрылғанын 
Өлді деп ат қойыпты өңкей білмес 
 
Көп адам дүниеге бой алдырған 
Бой алдырып аяғын көп шалдырған 
Өлді деуге сия ма ойлаңдаршы 
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған 
 
Кім жүрер тіршілікте көңіл бермей 
Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей 
Міні қайда екенін біле алмассың 
Терең ойдың телміріп соңына ермей 
 
Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас 
Екеуі тап бірдей орныға алмас 
Дүниеге ынтық, махшарға амалсыздың  
Иманын түгел деуге аузым бармас (Абай) 
 
227-жаттығу.  Мәтінді  оқып,  сөздердің  білдіретін  мағынасын  есте 
сақтаңыздар. Тиісті тыныс белгілерін қойып, жаттығуды көшіріп жазыңыздар. 
 
Мәулен – ұрғашы мысық 
Күнделікті өзіміз пайдаланып жүрген кейде әредік қана естілетін сөздердің 
де  түптегін  яғни  мән-мазмұнын  біле  бермейміз  Айталық  мәулен  алан  абдан 
мәлике  әңгі  әздек  жусақ  марғау  шағал  мамыр  ызақор  сынды  сөздердің  мәнін 
біреу білсе біреу білмейді 
Осындағы мәулен мәлике абдал дегендер адамдардың есімі ретінде кездеседі 
Ызақор  мамыр  марғау  сөздерін  жиі  қолданамыз  Алан  әңгі  әздек  жусақ 
сөздерінің көне екені көрініп тұрғандай Дегенмен тегіне үңілсек мұның бәрі біз 
бен сіз жақсы білетін жан-жануарлардың есімі 
Сөзімізді  анықтай  түссек  мәулен  ұрғашы  мысық  алан  барыстың  күшігі 
абдан арыстанның баласы  мәлике ұрғашы жылан  әңгі  есектің  еркегі  әздек жас 
еркек  есек  жусақ  1  жасар  тау  ешкісі  яғни  туша  марғау  мысықтың  есейген 
баласы  шағал  қорқау  қасқыр  мамыр  әлі  ұшпаған  отқа  семірген  балапан  қаз 
ызақор арыстанның еркегі (Д.Қожаберген) 
228-жаттығу.  Төмендегі  салалас  құрмалас  сөйлемдердің  тыныс  белгілерін 
қойып, көшіріп жазыңыздар. Салаластың қай түріне жататынын анықтаңыздар. 

 
113 
Оңтүстіктен  ыстық  жақтан  келгені  бірден  байқалады  жүзін  күн  қақтап 
тотығып кеткен. Сүйрік саусағымен іліп тастағысы келіп еді күннің ерке нұры 
кеткісі  келмеді  оның  томпиған  бетіне  шығып  алды.  Бірде  сөнеді  бірде  жануға 
бет  алып  шоқтанған  темекінің  ақшуланған  түтіні  үзіле  дөңгеленеді  бірде  ол 
қоюлана  бұрқырайды.  Бұл  ой  Абайға  ең  алғаш  келген  ой  еді  және  өз  ойы 
сияқты көрінді. Әзіл де жарасты мінез де үйлескендей болды. Бұл Абайдың да 
ойы еді бірақ ол іштегі рахат күйін бұл арада сөзбен айтып жеткізе алар емес. 
Сапардың сүйетін екі нәрсесі бар-ды біріншісі көгершін ұшыру да екіншісі көл 
бетінде  қайықпен  жүзу  болатын.  Әлдекім  хабарлап  қойған  болуы  керек  қыз-
бозбала дүркірей қашып шықты. Перизат сұрап үлгере алмады өйткені машина 
гүр  етті  де  сырғи  жөнелді.  Тұңғиық  қара  теңізге  қара  дауыл  соқты  сондықтан 
теңіз шайқалып күңіренді. Маған жолға жеткендей қаржы жіберсін болмаса мен 
бара алмаймын. Әлде шайға құмартқан ба әлде Мария апайдың сөзі жылы тиді 
ме ана стаканды қолына алды. Біресе терезеден қараңғы түнге қадала қарайды 
біресе стол үстіндегі жаюлы жатқан картаға үңіледі.  
 
229-жаттығу. Төмендегі сабақтас құрмалас сөйлемдердің  тыныс белгілерін 
қойып,  көшіріп  жазыңыздар.  Сабақтастың  қай  түріне  жататынын 
анықтаңыздар. 
1)  Дәл  сол  кезде  есік  сарт  етіп  ашылып  Наргүл  кіріп  келді.  2)  Көңілденіп 
істесе жұмыс өнімді болмақ. 3) Күн ашық болғанмен шытқыл аяз екен. 4) Дос 
қолындағы  етікті  қайта  сілтей  бергенде  Ақкемпір  ақырып  тыйып  тастады.  5) 
Оған  көңіліңді  аудара  бергенше  көзің  қыдырып  жүріп  тағы  бірдемені  тауып 
алады.  6)  Мұғалім  келісімен  Қарашолақ  азаматтары  жиналып  кеңес  құрды.  7) 
Әттең  бір  атым  насыбай  деп  отырғанда  бір  шақша  алдына  келіп  топ  етті.  8) 
Мағаштар  жауыз  зорлықтың  бар  көлемін  ашқалы  Абай  қатты  қиналып 
тыныштық ала алмады. 9) Аңшы осы жерге жақындай бергенде бұғы үш аяқтап 
өрге  қарай  ата  жөнелді.  10)  Халық  өз  бақыты  үшін  күресетінін  өзі  білсе  оған 
ешбір  жау  төтеп  бере  алмайды.  11)  Күздің  санаулы  күндерінің  бірі  бола  тұра 
ауа райы жақсы еді. 12) Балалық мінезі әлі қалмағанмен өзін үлкен адамдарша 
ұстағысы  келеді.  13)  Залда  жүрген  адамдардың  бәрі  қолтықтасып  жүрген  соң 
сұр  жігіттің  бұл  қолтықтасуы  Раушанға  манағыдай  ерсі  көрсетеді.  14)  Аспан 
ақтарылып жерге түскендей бес минуттың ішінде жер беті көл болып кетті. 15) 
Ұзын  кірпіктері  қыбыр-қыбыр  етіп  Манар  әлдене  бір  шуылдаған  дыбыстарды 
естіп жатты. 16) Бүгін бірер керек кітабын алып шықпақ болып өзі жалғыз кіріп 
еді. 
 
230-жаттығу.  Құрмалас  сөйлемнің  тиісті  тыныс  белгілерін  қойып,  көшіріп 
жазыңыздар. Қойылу себебін ережемен дәлелдеңіздер.  
Есенейге екі нәрсе өтпейді оқ өтпейді сөз өтпейді. (Ғ.Мүс.) Той жабдығына 
арналған  бүкіл  салтанатты  мәзір  осында  әйдік  тай  қазандарда  палау  басылып 
бірнеше жерден қазылған жерошақтарда терісін тұтас сыпырған қой-ешкі қара 
малдардың  еттері  қақталып  жатыр.  (Р.Тоқт.)  Қазірде  де  ала  көлеңкеде  кәрі 
әжесі байқап отыр ән тоқтай қалса кішкентай қыз қарақаттай қап-қара көздерін 

 
114 
ашып  алады.  (М.Ә.)  Цин  сарайы  тағы  да  екіге  жарылды  Маншың  әкімдерінің 
бір бөлігі көтерілісшілерді жақтаса екінші бір тобы шетелдіктермен қатынасын 
үзгісі  келмеді.  (Қ.Жұм.)  Оның  тез  үйреніп  кеткені  сондай  үйге  кірсем  бірге 
кіреді  далаға  шықсам  ол  да  шығады  бір  жаққа  барам  десем  бірге  барам  дейді 
тегі  екі  елі  ажырамайтын  емес.  (Б.Н.) Азғантай  оқымыстылар  ала  бірі  Советті 
қолдаса  бірі  байды  қолдайды.  (Ғ.М.)  Қосар  түрде  сөйлегенде  жай  етістіктер 
мағына  беруші  болып  алда  жүреді  көмекші  етістіктер  өзгеруші  болып  сонда 
жүреді. (А.Б.)  
 
231-жаттығу.  Өлеңді  мәнерлеп  оқып,  тыныс  белгілерінің  қойылу  себебін 
анықтаңыздар. 
Ей, балалар, балалар! 
Бірің – шекер, бірің – бал 
Бірің – қайың, бірің – тал. 
Жас кезіңде ойнап қал, 
Ойнап жүріп, ойлап та ал, 
Ой түбінде жатар бал! 
Илеуінде қайнаған, 
Жазды еңбекпен жайлаған. 
Ұзақтан дән тасыған, 
Досына жаны ашыған, 
Құмырсқаға көзің сал! 
Жұмысын көр! Тәлім ал! 
Гүл-гүлден шымшып бал жиған, 
Жесін деп сендер ол жиған. 
Қанатын желге сындырған... 
Сонда да жұмыс тындырған 
Бал араға көзің сал! 
Жұмысын көр! Тәлім ал! 
Кітаптың беті гүл-лала. 
Оқыған бала – бал! (Ө.Тұрманжанов) 
 
232-жаттығу. Үзіндіні оқып, тиісті тыныс белгілерін қойып шығыңыздар. 
 
Үй іші 
(Үзінді) 
Жұман  аз  нашар  атаның  тұқымы  Жұман  дегенім  әлгі  Қартқожаның  әкесі 
Жұман  момын  адам  кісіден  тіленбейді  кісіге  жағынбайды  бес  уақыт  намазын 
оқып А құдай бергеніңе шүкір деп барға қанағат жоққа сабыр ететін бір бейуаз 
Жазы-қысы  төртті-бесті  қарасын  өзі  айналдырып  қаласына  да  өзі  шығады 
қорасының жыртық-тесігін өзі бүтіндейді Ол сұғанақтық етіп біреудің дүниесін 
пайда қылған жан емес ел екі ұдай партия болғанда да байлардан ат мініп ақша 
алған жан  емес Ауыл-аймағы қай жаққа кетсе Жұман да солармен бірге Үзіп-
жұлып шығатын артық білімі де  жоқ  әйткенмен бір қазақтан ақылсыз да емес 

 
115 
желікпен бұзықтықпен ісі жоқ Ол бұзылған адамдарға сенеді жабықса тарықса 
құдай жеткізер деп жұбаныш қылады Қысқасы ол тірі пендеге зәбірі жоқ құдай 
деген  қоңыр  адам  Оның  алданышы  азбыншы  ораза  ашары  оның  қуаты 
қуанышы  үш-төрт  қарғасы  үшеуі  еркек  бірі  әйел  бала  Жасынан  қалың  беріп 
жыл  сайын  аз-аздан  малынан  құтылып  тұңғышының  аяғын  шырмады  Қызын 
аман-есенінде  құтты  жеріне  қондырды  Қартқожа  болса  сабақ  оқып  жүр 
Кенжеқара әлі бесікте 
Қартқожаның шешесі де бір түрлі момын біртоға жан Күйбеңдеп шаруасын 
істеп  балаларының  үсті-басын  бүтіндеп  анаған  да  мынаған  да  Қарағым 
шырағым дегеннен басқа бар дәмін кісіге бергеннен басқа бөтен мінезі жоқ Кей 
қатын  аузы  сүйреңдеп  өсек  айтады  енді  біреулер  ауылды  басына  көтеріп 
шаңқылдап  баласын  байын  қарғап  жатады  Ондайдың  бірімен  ісі  бола  ма  екен 
Жо-жо-жоқ Қайта ондайды естігенде Беу осы байғұстың тілінің жаманы-ай деп 
тыжырынып жаратпайтын еді (Ж.Аймауытов «Қартқожа»)  
 
233-жаттығу.  Тыныс  белгілерінің  қойылуы  мен  қандай  қызмет  атқарып 
тұрғанын талдап айтып беріңіздер. 
Қазақ тілі бай, таза, іргелі жұрт тілі деп бәріміз де айтамыз. Бірақ құр бай, 
таза деумен ғана тіліміз өздігінен сақталып, әдебиетіміз өрбіп кете ала ма? Қай 
жұрттың тілі болса да түу басында біздікі секілді таза да, бай болған. Бірақ олар 
көрші  жұрттардың  сөздері  қосыла-қосыла,  жүре  бұзылған.  Біздің  қазақ  тілі 
бұрын  ылғалсыз  таза  болса  да  бұл  кезде  басқа  жұрттармен  араласа  бастадық, 
басқа жұрттардың оқуын оқыдық. 
Бір  жағы  Бұхар,  бір  жағы  Мекке,  Медине,  Стамбұлдарда  оқып 
қайтқандарымыз  да  бар.  Бұлардың  сөйлеген  сөзінде,  жазған  хатында  шет 
жұрттардың тілі аңқып тұр. Бұлар елге келіп жас балаларды оқытады. Сөйтіп, 
шет  тілдер  елдегі  жас  балаларға  жұғады.  Жас  балалар  –  келешектегі  бір  буын 
халық. Бұрынғы қазақ арасына тарап жүрген қисса-хикаялардың бәрі ноғайша, 
арабша  аралас  тілмен  жазылған.  Орысша  оқығандарымыздың  көбі  екі  сөздің 
біріне  орысша  қатынастыруды  үйреніс  қылып  алған.  Осыдан  топшылауға 
болады,  таза  деген  қазақ  тілі  де  күн  бұрын  сақталуына  қас  қылмасақ  –  бірте-
бірте  бұзылып  кететіні.  Қазақ  тілінің  мұндай  жолмен  бұзылып  кетуін  көбіміз 
сезбей де қаламыз. (М.Дулатұлы) 
 
234-жаттығу.  Өлеңді  дауыс  ырғағын  құбылта,  мәнерлеп  оқып,  тыныс 
белгілерінің ролін түсіндіріңіздер. Тазалық жөнінде өз ойларыңызды ары қарай 
өрбітіңіздер. 
 

 
116 
Міне, сонда тазалық!
Қандай болар тазалық,  
Енді соны жазалық. 
Киім таза болғанмен, 
Жүректе болмай арамдық, 
Қоғамға қол сұқпаса – 
Міне, сонда тазалық! 
Шын тазалық – жүректе, 
Шын сұлулық – еңбекте. 
Көптің малын ұрлама. 
Ынтымақты болсаңдар, 
Сырттан жау кеп алар ма! 
Досыңа да адал бол, 
Сезімін сатып пұлдама – 
Міне, сонда тазалық! 
Ескі әдетті тастаңдар, 
Жаңа жолға бастаңдар – 
Міне, сонда тазалық! 
Қоғам мүлкін қорғаңдар, 
Сенімді бол бар жанға. 
Адал болса жүрегің –  
Жұрт ілеспей қалар ма! 
Жауыңа да әділ бол – 
Міне,  сонда  тазалық.  (К.Әзірбаев)
 
235-жаттығу. Мәтінді оқып, тыныс белгілерін қойыңыздар. 
 
Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім 
Ноғайлының ханы Әз Жәнібек халықты жиып 
Үш  арсыз  үш  ғайып  үш  жетім  болады  соны  кім  табады  депті  Жиылған 
халық көп дағдарып 
Үш  арсыз  ұйқы  арсыз  күлкі  арсыз  тамақ  арсыз  Үш  ғайып  қонақ  ғайып 
несібе  ғайып  ажал  ғайып  деп  шешіпті  Бірақ  үш  жетімді  ешкім  таба  алмапты 
Сонда Әз Жәнібек хан 
Елде келмеген кім қалды деп сұрапты 
Келмеген  Қарабас  шешен  қалды  депті  халық  Әз  Жәнібек  Қарабасты 
шақыртып алып әлгі сөздің шешуін сұрапты Сонда Қарабас 
Жетім үшеу емес бесеу еді ғой 
Оты жоқ жер жетім 
Басшысы жоқ ел жетім 
Елінен ауған ер жетім 
Тыңдаушысыз сөз жетім 
Жоқтаушысыз қыз жетім дейді Сонда Әз Жәнібек 
Сенің  атыңды  қоюшы  адам  ақылсыз  екен  Қарабас  дегенше  Алтынбас  десе 
болмай ма деген екен (Шешендік сөздер) 
 
236-жаттығу.  «Тыныс  белгілері  –  шығарма  ажары»  тақырыбына  ойтолғау 
жазыңыздар. 
 
237-жаттығу. Өлеңдегі тыныс белгілерінің қойылу мәнін түсіндіріңіздер. 
 
Бір адамға 
Бір үйде жиюлы екен қазына мал, 
Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал: 
«Бұрынғы атамызға сыйға берген, 

 
117 
Біздерде мынадай бар, мынадай бар?..» 
 
Ол рас, аталарың шенге алыпты, 
Арзан қып, қымбат емес, кемге алыпты. 
Апыр-ай, қалай бұлдаған сатқандарын, 
Оқа, түйме, сылдырлақ теңге алыпты! 
 
Суреттер және көрдім жүзі жарқын,  
Ойладым: «Оңдырған-ау, баққан халқын», 
Соншама құны толық бұлды түйме, 
Артында қалдырмас па жақсы даңқын? 
 
Дедім мен: «Құтты болсын шекпеніңіз, 
Артқыға қандай егін еккеніңіз? 
Жусақ та денемізден кетер емес, 
Сондағы тұқым шашып сепкеніңіз». 
 
Көргенде күміс кесе, алтын аяқ, 
Бір сөзді тамағыма қойдым таяп: 
«Қай момынның малы бар бұл аяқта?» 
Демейінше болмады, қарап жай-ақ! 
 
Отырдым, көрсем жекіп тастар ма деп, 
Шал айтты: «Көріңіздер, жасқанба», – деп, 
Кесені қолыма алып қарай бердім: 
Ішінде нақақ көзден жас бар ма деп. (С.Торайғыров) 
 
238-жаттығу.  Қате  қойылған  тыныс  белгілерін  тауып,  тиісті  орнына 
қойыңыздар. 
Сараңдық пен жинақтылық 
Бірнеше тәуір кісілер, бір жетім-жесір қалған үй үшін жылу жиямыз деп әр 
үйге  қыдырып  барып  жүріп  бір  байдың  үйіне  келсе  бай  жұмыскеріне:  «бір 
кішкентай жіпті жаңбырда, ұмытып далада қалдырыпсың», – деп қатты ұрысып 
тұр екен. Ұрысып тұрып айтады 
«Сен білмейсің ол кішкентай ғана жіп те болса, малға сатып алынған нәрсе: 
малдың табылуы оңай емес» – деп. 
Мұны  естіп;  көріп;  әлгі  жолаушылар  өзді-өзі  сөйлесті  –  Бір  жаман  жіпті 
далада ұмытып қалдырдың, – деп сонша кейіп тұрған адам бізге еш нәрсе бере 
қоймас, аузымызды ауыртпай, келген ізімізбен қайталық. Ішінде біреуі айтты: 
«Неміз кетіп барады, келген соң бұған да айтып кетелік». 
Бұл  сөзбен  байға  келіп,  сәлем  берді.  Бай  бұларды  әдеппен  үйіне  кіргізді. 
Сонан  соң,  келгендердің  жұмысын  естіп,  сол  жердің  өзінде  бөтендерге 
қарағанда  екі  есе  ақша  шығарып  берді  және  мұнан  басқа  төрт-бес  қап  астық 

 
118 
беремін  деп  уәде  етті.  Мұнысын  көріп  жолаушылар  таңданып  отырды  да, 
өздерінің далада байды сараңға қойғандарын айтысты. Сонда бай айтты: 
«Аз  нәрсені  азсынбай,  қадірін  біліп  жинағаннан  осындай  кем-кетікке 
жәрдем беруге қолым жетісті; жинақтылық: сараңдыққа қосылмайды?»  – деді. 
(Ы.Алтынсарин) 
 
239-жаттығу. Тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңіздер. 
Жастарымыз  отаншыл  болсын.  Отаншылдық  –  әр  адамға  керекті  ең  ұлы 
қасиет. Ал отаншылдық өз үйіңнен басталады. Кімде-кім ата-анасын ардақтаса, 
сол  ата-анадан  бірге  туған  бауырларымен  тату  болса,  өзінің  өскен  ауыл, 
қаласын, туған ұлтын сыйлап, қадірлесе, сол адам отаншыл болады. Өйткені өз 
әке-шешесін  ардақтамаған,  өзгенің  ата-анасын  құрметтемейді.  Үйде  бауырмал 
болмаған, түзде интернационалист болмайды. Өз ауылының тасын сыйламаған, 
өзге  ауылдың  тауын  қадірлемейді.  Өз  ұлтын  жақсы  көрмеген,  өзге  ұлттарды 
ұнатпайды. Мұны ұлтшылдықпен шатастырмау керек. Екеуі аспан мен жердей 
екенін жастар ажырата білуі шарт. 
Намыс  –  азаматтың  алтын  туы.  Әке-шешесін  сыйлаған  балада  ғана  намыс 
болады. Оларды ұялтпайын, сүйегіне таңба түсірмейін, өлсем өлейін, бірақ ата-
анамды, ағайын-жұртымды жерге қаратпайын дейді. Ер жігіттің елі – ата-анасы, 
Отаны – өз үйі. 
Патриотизм – «Отаным сені сүйемін. Сен үшін құрбан болуға әзірмін» деп 
құрғақ  сөзді  гүмпілдете  беру  емес.  Ол  –  формализм.  Елді,  жерді,  Отанды 
сүйетіндігіңді сөзбен емес, іспен дәлелде. Ата-анасын сыйлаған шәкірт, студент 
сабағын  да  жақсы  оқиды,  тәртібін  де  дұрыс  ұстайды,  шаруакер,  адал,  әділ 
болып өседі. (Ә.Нұршайықов) 
 
240-жаттығу.  М.Мақатаев  өлеңін  мәнерлеп  оқып,  тыныс  белгілерінің 
қойылу  мәнін  түсіндіріңіздер.  Егер  сіздер  осы  өлеңді  қабылдаудағы  өз 
тебіреністеріңізді  жеткізгілеріңіз  келсе,  онда  қандай  тыныс  белгілерін  қосқан 
болар едіңіздер? Ойларыңызды дәлелдеңіздер. 
 
Музаға 
Отырғанын қарашы күйім келмей, 
Қайда кеттің? 
О, Муза! Құйын желдей. 
Аузымды ашсам, өкпемнен жел үреді, 
Қаңыраған иесіз диірмендей. 
Мұздатады жанымды бұйым көрмей. 
 
Жел үреді желпініп, көрік-кеудем, 
Күйім келмей отырмын неліктен мен?! 
О, Муза! 
Қайдасың сен желік берген? 
Жалын мен отқа ғана ерік берген 

 
119 
Серігім, қайдасың сен сеніп келген?  
 
Дәптер жатыр парағы аударылмай, 
Аударылмай шынымен қалғаны ма-ай! 
Ойлар жатыр еңсемді бір көтертпей, 
Тонна-тонна қорғасын салмағындай. 
О, Муза! 
Әуреге салғаның-ай! 
 
Күтемін сенен үміт, сенен жігер, 
Қисаң маған, биік пен тереңді бер! 
О, Муза!  
Маған алыс сөреңді бер! 
Ғайыптан кел де, мені демеп жібер. (М.Мақатаев) 
 
241-жаттығу.  Мәтінді  көшіріп  жазып,  сөйлем  ішіндегі  тыныс  белгілерінің 
қойылу мәнін түсіндіріңіздер. 
 
Байұлы 
Байұлы жеті жасар күнінде ел көшіп, көп балалар: біреу тайына, біреу атына 
мінгенде,  бір  бала  жыламсырап  қарап  тұрып  қалады.  Мұны  көріп,  Байұлы 
қасына барып: 
– Сен неге атыңа мінбейсің? – деді. 
Бала қамығып: 
– Атым жоқ, көшкенде әжеммен түйеге мінуші едім, – деді. 
Сонда Байұлы аттан түсіп, жаяу әкесіне барып: 
–  Мен  атқа  мінгенде,  ер-тоқымымен  маған  бір  жорға  тай  атап  едіңіз,  сол 
тайымды біреуге берсем, сіз ұрыспайсыз ба? – деді. 
Әкесі: 
– Кімге бересің? – деді. 
Бала  қысылыңқырап  тұрып,  жаяу  жылап  тұрған  жарлының  баласын 
көрсетті. 
Бұған әкесі де түсініп, бетінен сүйіп: 
– Тайыңды кімге берсең де ерік өзіңде, – деді. 
Сонан  соң  Байұлы  қуанып,  тайды  ерттетіп,  манағы  балаға  әкеп  беріп, 
қасына ертіп алды да, шауып кеп, көп балаға қосылды. 
Сол  уақытта  бір  ақсақал  жақсы  кісі  қонақ  болып  жатыр  екен;  Байұлының 
әлгі мырзалығын көріп, разы болып, сыртынан бата берді: 
– Ей, құдайым, бұл балаға ұзақ жас бер, мал мен бас бер, – деп. 
Сол кісінің батасы қабыл болып, ақырында Байұлынан он екі ұл туып, бәрі 
де асқан бай, руға бас болды. Он екі ата Байұлы деген ру сонан болды деседі. 
(Ы.Алтынсарин) 
 

 
120 
242-жаттығу.  Мәтіннің  тиісті  тыныс  белгілерін  қойып,  ережесін 
түсіндіріңіздер.  
 
Сөздің атасы мен анасы 
Қаздауысты  Қазыбектің  атағы  шығып  тұрған  кезде  аулына  бір  саудагер 
келіпті Түстеніп болған соң Қазыбекке 
Сізден  бір  сөз  сұрайын  деп  едім  депті  Бір  керуен  едік  өзара  дауластық  та 
ойластық та бірақ шешуін таба алмай қойдық Сөздің атасы кім анасы кім 
Қазыбек ойланып қалады 
Япырай  өзбектің  саудагері  ғана  білмейді  екен  десек  қазақтың  Қазыбегі  де 
білмейді  екен  ғой  биыл  таппасаңыз  ендігі  жылы  табарсыз  деп  саудагер  үйден 
шығып кетеді 
Қазыбек орнынан ұшып тұрып іле-шала тысқа шықса саудагер асығыс атқа 
мініп қалған екен 
Япырай  саудагердің  ісі  сарт-сұрт  деген  рас  екен  ғой  Артыңа  қарамай 
аттанғаның  не  Әлгі  сөздің  шешуін  іздеп  ендігі  жылы  тағы  келіп  саудаңнан 
қаларсың  артыңа  қарамайтын  болып  кет  Сөздің  атасы  бірлік  анасы  шындық 
Жолың болсын жүрген жеріңе айта жүр депті Қазыбек (Шешендік сөздер) 
 
243-жаттығу.  Мәтіндердің  қате  қойылған  тыныс  белгілерін  тауып,  тиісті 
орнына қойыңыздар. 
І. Адамгершілік дегеніміз: дүниедегі ең асыл қасиет. Адам жанының рухани 
тазалығы, оның қоғамдағы, жеке адамдар арасындағы игі істер, бауырмалдық, 
туысқандық, жанашырлық, сыпайылық, әдептілік, сый-құрметтіліктің – бәрі де 
–  адамгершіліктің  ұшқыны.  Адамдарды  қызметіне,  жағдайына,  киіміне,  сырт 
көрінісіне  қарап  бағалау  дұрыс  емес.  Қызмет  те,  орта  да,  киім  де  уақытқа 
байланысты өзгеретін нәрсе, өзгермейтін тек жан сұлулығы да; сонымен бірге, 
жүрек  жылуы  болуға  тиіс.  Адамның  адамгершілік  қасиеті  әрқашан  биіктен 
ізеттілікпен  көрінуі  парыз.  Ел  басына  күн  туған  қатерлі  жылдары  –  жанын 
шүберекке  түйіп;  Отанын,  туған  жерін,  болашағын  қорғаған  абзал  әке-
аталарды, еңбек ардагерлерін, үлкендерді сыйлау, құрметтеу, кішіге қамқоршы 
болу  (жастардың  абыройлы  борышы).  Адамгершілік  қасиетімізге  кір 
келтірмейік.  
 
ІІ. Тымақ: ерлердің қысқы бас киімі. Оны – аңның, малдың терісінен тігеді. 
Осыған орай  ол:  түлкі тымақ, елтірі тымақ, сеңсең тымақ, пұшақ тымақ,  – 
деп  атала  береді.  Бұрын  қазақ  елі  қай  жүздің,  қай  рудың  адамы  екенін  осы 
тымағына  қарап  та  тани  берген.  Яғни,  «Арғын  тымағы»,  «Жалайыр»  мен 
«Найман  тымағы»  немесе  «Торғай  тымағы»,  «Семей  тымағы»  деген  үлгілері 
болған. 
Тымақ: биік төбелі, маңдайы,  екі құлағы бар, желке, жотаны жауып артқы 
етектен тұратын жылы бас киім. Сыртын берік және жақсы, қымбат маталармен 
тыстайды.  Екі  құлағына  ызбалы бау  тағады.  Етегін  төбеге  қайырып  қою  үшін 
тымақтың  артқы  жағына  тобылғыдан  немесе  арша  сияқты  берік  ағаштан  тиек 

 
121 
жасап қадайды. Оны «құрысқақ» дейді. Ескілік киімі деген өлеңінде данышпан 
Абай былай деп жазған: 
– Күләпара бастырған, пұшпақ тымақ, 
Ішкі бауын өткізген тесік құлақ. 
Тобылғыдан кесіп ап, жіппен қадап,  
Артын белге қыстырған бар құрысқақ. 
Тымақ:  қасиетті  бас  киім.  Оны  айырбастауға  болмайды:  аяқ  тигізбейді. 
Жақсы кісілердің тымағы атадан балаға мұра есебінде қалып отырған. Бұрынғы 
қазақтар  шала  туған  баланы  неше  күні  кем  болса;  сонша  күн  тымаққа  салып; 
кереге  басына  іліп  қоятын  болған.  Бұл  да  –  тымақтың  қадірі  мен  қасиетін 
бейнелейтін  көріністердің  бірі  деп  түсіну  керек.  (С.Кенжеахметұлы  «Жеті 
қазына»). 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет