24-жаттығу. Қ, х әріптері бар сөздердің жазылуын есте сақтаңыздар.
Қош (болыңыз), хош (иіс), хал-ахуал, қал (дақ), бақыт, хабар, рақмет,
ханталапай, рақат, барқыт, дарқан (дала), ақырет, халық, хазірет, қошемет,
дастарқан, тақсыр, хат, уақыт.
25-жаттығу. Төмендегі өлеңді мәнерлеп оқып, ойларыңызды білдіріңіздер.
Өң, дөң, жең, мең, сең, тең, көң, кең деген сөздердің ортақ фонемаларын тауып,
олармен сөйлем құрастырыңыздар.
Ңөң
(үзінді)
Бір басымда санасаң,
Өнер,
Білім
Тегіс бар.
Болмайтұғын Бас әріп
Қай жерімде кеміс бар?!
– Бола алмайсың Бас әріп,
Түспе текке азапқа.
«Ң» әрпінен басталар
Бір сөз жоқ қой қазақта.
Деді осында біреулер,
Дәлел айтып бұлжытпас.
(Дәлелді сөз – әлді сөз,
Әлді сөзге кір жұқпас).
– Солай, – десті қалғаны,
Оңай көніп, ойланбай.
«Көне сал», – деп, біреулер
Тамақ беріп қойғандай.
– «Ң» әрпінен басталар,
Сөз бар, – деді «Ң».
Көнбеді.
12
– Білмесеңдер айтайын,
Оның аты – «Ңөң», – деді.
Айсберг дегенді,
Арғы қазақ «ңөң» деген.
Көктемде көшетін
Өзен мұзын «Сең» деген.
Айтқан сөзім айғақты,
Керегі не мазақтың?!
Өмір бойы зерттедім,
Ана тілін қазақтың.
Зілдей ауыр зілдерді,
«Ңөң» дейді екен бұрындар.
Ал «сең» деген сөзінде
«Жеңіл» деген ұғым бар.
Өң,
Дөң,
Жең,
Мең,
Сең дейді.
Тең,
Таң,
Тоң,
Көң,
Кең дейді.
Ал енді Айсбергті
Бас алсаң да, «нөң», – дейді!
Ойда жоқта осылай,
«Ң» ашты бір жаңалық.
41 әріп бас шайқап,
Тұрып қалды қамалып.
«Ңөң» деген сөз қазақта
Жоқ десең де еркіңде.
Қарыз сұрап тұрғам жоқ,
Бар десең де еркіңде.
«Ңөң» деген сөз қазақта
Жоқ десең де еркіңде.
Бар десең де дәл содан
Бұзылмайды көркің де! (О.Әубәкіров)
26-жаттығу. Көп нүктенің орнына и, й әріптерінің тиістісін қойып,
жаттығуды көшіріңіздер.
...іс, ма...лық, т...ін, жанкү...ер, ...мек, қа...ық, ...не, жа...лау, к...ін, магни...,
13
с...рек, ме...ірім, т...ім, сценари..., ж...налыс, тарих..., қағ...да, ақ...қат, саяс...,
кред...т, ...дея, тақ...я, кү..., санатори..., ...од, жа..., жанқ...яр, ...емен, ж...ен, з...ян,
зе...неткер, зе...ін, қас...ет, қа...наға, ма...шабақ.
27-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен мамандығыңызға байланысты щ, ф,
в, х әріптері бар сөздерді теріп жазып, олардың емлесін есте сақтаңыздар.
28-жаттығу. Көп нүктенің орнына һ, х, ф, ц, ч, щ әріптерінің бірін қойып,
жаттығуды көшіріңіздер.
Олла...и, ан...азірет, аста...ари, а...лақ, ба...адүр, ба...ар, бұр...ан, гау...ар,
дәрга..., де...ибел, жау...ар, жа...ан, жи...аз, жи...ангер, илла...и, ил...ам,
импи...мент, кан...лер, кон...ерт, кра...мал, а...ы, қа...ар, қа...арман, қол...ат,
маз...аб, мәз...абы, ма...аббат, ма...ал, ма...шар, ма...та, мегагер..., ме...аник,
ме...нат, ми...ман, мұ...ит, па...ос, пери...раз, пла...карт, ке...е, про...ессор,
про...есс, ре...ерат, ру...аният, са...аба, тұ...ы, са...на, сая...ат, си...он, сұ...бат,
тари..., ша...ар, Ша...ризада.
29-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтыңыздар. Һ, х
әріптерімен келген сөздердің астын сызып, қай тілден енгенін табыңыздар.
Адам екі түрлі
Бір адам бар: өрік, мейіз ағашы сықылды,
Жемісінен дүние жүзі баһра алады.
Бір адам бар терек ағашы сықылды,
Отқа отын болғаннан басқаға жарамайды.
Бісімілла – сөздің басы, хақтың аты,
Молланың ақ қағазда қалар хаты.
Нақылият, қара сөзден өлең қылып,
Шығарған ақын Мәшһүр хиқаяты.
Жақсылық, қайыр, ихсан қылған ісі,
Адамның қымбат баһа сол жұмысы.
Табылмас көзге тотия, ем дәрідей,
Қолынан әр жақсылық келген кісі.
Қайырсыз болсаң бәхил, болдың терек,
Басқаға бір отыннан қылмас керек.
Жақсыдан жақсының да парқы бөлек,
Даналар біледі ойлап, ақыл зерек.
14
Құдайым пендесіне берген малды,
Жаратқан әртүрлі қып жүрген жанды.
Ғибадат, қанша қылған құлшылықтан,
Қайыр ғып берген артық жалғыз нанды. (М.Ж.Көпеев)
30-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен мамандығыңызға байланысты
жіңішкелік белгісіне аяқталған он сөз теріп, олармен сөйлем құрастырыңыздар.
31-жаттығу. Берілген сөздердің ортақ фонемаларын тауып, топтап
жазыңыздар. Үлгі: өрт, төрт, өр, көр, төр, өрік, мөр, сөре. Ортақ фонемалары
– өр.
Тегіс, қарғыбау, асық, сақ, тер, қар, берік, зақым, кереге, жар, кереует, нар,
ар, арқар, іскер, жарық, тас, ісек, сарын, мас, қасқыр, жер, нарық, ер, қақ,
қарқыл, тері, қарт, тарақан, астау, тарсыл, жақ, барқыт, тасаттық, бақ, тақсыр,
нас, тартыс, ақсүйек, тігіс, рас, ақсұңқар, ақша, ақыл, тақ, арыз, бақша, сері,
бақылау, масқара, жақша, бер, жақсылық, терлік, жақын, қақпан, тістеуіш, ас,
қақпақ, бас, қас, аққу, бар, жас, арқырау, лас, егіс, қаспақ, кісі, қасық, кісен,
масақ, ақын, маса, тасбақа, сарқыт, қару, астық, істік, асаба, серік, асқазан,
қарғыс, ерік, бақыт, баспана, жақұт, керуен, тар, бастық.
32-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен бль, брь, ль, льт, льст, ркс
әріптеріне аяқталған сөздердің мамандыққа қатыстысын теріп, олармен сөйлем
құрастырыңыздар.
33-жаттығу. Мәтін ішінде бұрыс жазылған сөздерді тауып, емле ережесі
бойынша түзетіп, жаттығуды көшіріңіздер.
І. Бір гүні Қаражігіт би Қазыбектің үйіне геліп қонады. Әңгімелесіб
отырғанда Қазыбек:
– Уа, жігіт, атадан жақсы ұл туса, елдің туы болады деп еді, атадан жаман ұл
туса, көштің соңы болады деп еді. Соның ғайсысы боласың? – дейді. Сонда
Қаражігіт:
– Ораздының гәрісі қартайғанда қазына болады деп еді, шиырлының нәрісі
қартайғанда қазба болады деп еді. Сіз өзіңіз соның ғайсысы боласыз? – депті.
– Иншалла, қазынамыз ғой, – дей беріпті сонда Ғазыбек.
– Иншалла, біз елдің туымыз, – депті Қаражігіт. (Шешендік шиырлары)
ІІ. Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да
тұрады. Адам атының сүйкүмдү болұуы да зор бақыт па деймін. Мәселен,
Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтұуға да
ықшам, естір ғұлаққа да жағымды. Әрі мағына жағынан да, қазақ тілінен сабақ
беретін Майқанова тәтейше айтқандай, бұлар – жоғары идейалы есімдер.
Мұндайлар өз атын кәдімгідей мақтаныш көрүп, біреумен таныса ғалса,
мәнерлеп, көтөрүңкү дауұспен айтады. Ал енді айтұуға да, естүуге де қолайсыз
есімдер бар. Өзгө түгүл өзүңө де ұнамайды-ақ. Әттең қолдаң гелсе, табанда
15
өзгөртүп, әдемі аттардың бірін ійемденіб алар едің. Бірақ, амалың нешік, сен
қызылшақа болұп, жөргөктө жатқанда, сондағы ақымақтығыңды пайдаланып,
әке-шешең немесе шілдеқанаға геліп, дұуұлдаб отұрған басқа біреу солай атаб
жіберген...
Менің атым – Қожа. Көрүб отұрсұңдар, пәлендей әйдіг ат емес.
Шынын айтсам, бұл о баста Қожа емес, Қожаберген екен. Түуу гүуәлігімнің
өзүндө солай деб жазылған. Бірақ дүнүйөдө не ғыйлы ғажайып құбұлұстар бола
беретін тәрізді, бертін келе «Қожабергеннің» құйрұғұ үзүлүп түсүп қалыпты.
Бұл ғұбұлұстұң дәл қай жылы, қай айда, қай гүнү болғанын таб басып ешкім де
айтыб бере алмайды.
Сонұмен, мен өзүм ес білгелі Қожамын. Аұуұл-аймақтың бәрі солай деб
атайды.
Біз бір гласта екі Ғожа бармыз. Сүттүбайдың үлкөн баласының аты да –
Қожа. Оқұушұлар екеумізді шатастырыб алмас үшүн өңүмүзгө ғарап, мені Қара
Ғожа, онұ Сары Ғожа деп атайды.
Әуел баста мен бұған да шамданып қалатын едім. Бірақ жүрө-бара құлағым
үйрөнүп, дағдыланып кеттім. «Қара қожа» дегендерге «әу» деп, жалт қарайтын
болдұм.
Жантас тәрізді ғылжақтар осұнұң өзүн де дұрұс айтпайды, әдейі бұзұп,
келемеждеп, «Қара Ғожа» деудің орнұна «Қара гөжө» дейді. Мен байқамай
ғалып «әу!» деймін. Бірақ бұл қылығы үшүн, бійшараның обалы нешік, тійісті
сыбағасын менен талай рет алды... (Б.Соқпақбаев)
Бірге жазылатын сөздер
Бірге жазылатын сөздер
Тұлғасы
өзгертіліп
барып
біріккен
сөздер
Еш, әр, кей,
бір, қай,
әлде
сөздерімен
біріккен
есімдік,
үстеу
сөздер
Терминдік
мәнге ие
болған
атаулар
Екі-үш
түбірден
құралған
аң-құс, жан-
жануар,
өсімдік т.б.
атаулар
Екінші
сыңары
аралық,
тану,
сымақ
деген
сөздер
Бірінші
сыңары фото,
электр, радио,
авто, авиа,
аэро, кино,
гидро, агро,
транс, инфра,
ультра, изо,
гипер, екінші
сыңары қазақ
сөздері
Екі-үш
сөзден
құралған
кісі
аттары
мен
география
лық
атаулар
Ұлы, қызы
сөздері
фамилияны
және әкесінің
атын
білдіретін
сөздермен
тіркескенде
биыл,
ашудас
ешкім,
біржолата
сөзжасам,
баспасөз,
алыпсатар
қараторғай,
сужапырақ
абайтану,
халықара
лық
аэрошана,
фотосурет
Досжан,
Екібастұз
Б.Момышұлы
34-жаттығу. Төмендегі сөздермен сөйлем құрастырып, ол сөздердің
емлесін есте сақтаңыздар.
Атсалысу, бойұру, тісқаққан, көкезу, ақниет, ақкөңіл, бас тарту, қырғи қабақ
болу, қол жалғап жіберу, алыпқашпа (сөз), жүрекжұтқан, жүрекжарды,
қағазбасты, кітапқұмар, қол ұшын беру.
16
35-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден бірге жазылған күрделі сөздерді
тауып, ережесін түсіндіріңіздер.
Күн батар алдында да балықшы жігіт сыртқа әлденеше рет шығып, жар
басынан теңіз жаққа көз салған-ды. (Ә.Н.) Балықтың келуі мен кетуі жайында
да ұзақ-ұзақ ойлап, әрқашанда уақыттың қалай өткенін білмей қалатын. (Ә.Н.)
Әлдеқандай алып күш шала жанған қамысты сыртқа қарай суыра тартып, пеш
көмейі желдеп гүрілдей жөнелді. (Ә.Н.) Бірнеше түйір нанды аузына тықпалап
еді, ат ақырын шайнамалай бастады. (Ш.А.) Адамдар арқасына бірдеңені
лақтырып салып, кеудесін қыса әлдебір қайысты жұлқа тартқан кезде жорға
тіпті ары-бері теңселіп те кетті. (Ш.А.) Тырп ете алмай құрсауда тұрған
жорғаны әлдекім іздеп жүргендей көрінді. (Ш.А.) Бірталай қалың көштерді
арттарына салып ап, тура Қарашоқының тоғайлы өзеніне кіріп, соны өрлеп
келеді. (М.Ә.) Өйткені ұзамай Сейдахмет қалаға барады, ақшаның көбі қалалы
жерде жұмсалады ғой. (Ш.А.) Былайғы күндері тап осы сәттері Ыстықкөлде ақ
кеме көрінетін. (Ш.А.) Абай Құлабестінің басын Көлқайнар жаққа бұра бере
қамшы басты. (М.Ә.) Шыңғыстың қара желі өзге уақыттың бәрінде жақсы
болғанмен дәл күздігүні жайсыз-ақ. (М.Ә.) Көпшілік осы қарбаласта болса,
Құнанбайдың Қарашоқыдағы ауылы, ас берген ауылдай, өз әлегімен өзі ұйқы-
тұйқы боп жатыр. (М.Ә.) Абай өз әкесінің өзге атқамінер атаулыдан мықты,
қайратты екенін сезеді. (М.Ә.)
36-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен өздеріңізге емлесі таныс емес бірге
жазылатын он-он бес сөз теріп, олармен сөйлем құрастырыңыздар.
37-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен о баста идиомалық, фразалық
тіркестер болғанымен, терминдік, атауыштық мәнге ие болып бірігіп кеткен он-
он бес сөз теріп жазыңыздар, емлесін есте сақтаңыздар.
38-жаттығу. Көркем шығармадан бірге жазылатын күрделі сөздерге мысал
теріп, кестені толтырыңыздар.
Бірге жазылатын сөздер
Мысалы
Тұлғасы өзгертіліп барып біріккен сөздер
Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздерімен біріккен есімдік, үстеу сөздер
Терминдік мәнге ие болған атаулар
Екі-үш түбірден құралған аң-құс, жан-жануар, өсімдік т.б. атаулар
Екінші сыңары аралық, тану, сымақ деген сөздер
Бірінші сыңары фото, радио, авто, авиа, кино, гидро, агро, инфра, гипер, екінші
сыңары қазақ сөздері
Екі-үш сөзден құралған кісі аттары мен географиялық атаулар
Ұлы, қызы сөздері фамилияны және әкесінің атын білдіретін сөздермен тіркескенде
39-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен бірінші сыңары теле, радио, авто,
аэро, агро, авиа, фото, кино, ультра, инфра, электр сөздерінен жасалған
біріккен сөздерді теріп, олармен сөйлем құрастырыңыздар.
17
40-жаттығу. Екі-үш түбірден біріккен он-он бес географиялық атау жазып,
олармен сөйлем құрастырыңыздар.
41-жаттығу. Төмендегі бірге жазылған балық, ойын, өсімдік атаулары мен
зоологиялық терминдерді өзара ажыратып, бағанға бөліп көшіріңіздер.
Сөздердің жазылуын есте сақтаңыздар.
Ағашшырмауық, алтыбақан, айгүл, айырқұйрық, барыпқаш, ақжапалақ,
жиырмабір, айғыржуа, айдаршөп, айбалық, алтынқабақ, айнакөз, ақбөкен,
қақпатас, аққаз, аққоян, айылжуа, ақбидай, ақжалбыз, ақжелек, қарабие,
ақкелін, ақтерек, арамсояу, бұраңбас, қызқуу, ақтиін, қазандоп, ақкөз, ақсерке,
қозыжарыс, алажертесер, ақтырна, ақшабақ, ақшағала, алабүйе, арқаржусан,
арпабас, ащытамыр, аюқурай, балауызағаш, балмұрын, батпақгүл, бөріаяқ,
доңызот, итжидек, орамалтастамақ, қолтұзақ, алақарға, өгізай, сартұқыш,
өгізтартыс, бұйраторғай.
42-жаттығу. Лингвистикалық түсіндірме сөздіктен мамандықтарыңызға
қатысты біріккен он-он бес термин теріп, ережесін жаттап алыңыздар.
43-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен тұлғасы өзгертіліп барып біріккен
сөздерге он бес мысал теріп, өзгеру себебін түсіндіріңіздер, олармен сөйлем
құрастырыңыздар.
44-жаттығу. Араластырыла берілген түбір сөздерден біріккен сөз
жасаңыздар.
Үлгі: а) біріккен: ақсақал, ...
ә) кіріккен: бұл + жыл – биыл, ...
Ақ, ішек, ала, толғақ, бұл, азық, аяқ, тас, омыртқа, зейнет, бел, баспа, қайсы,
кәсіп, он, қара, тас, ит, құлақ, көк, егеу, дидар, жөтел, құйрық, тоғыз, қос, құрт,
сегіз, бақа, көз, сүт, ас, мұрын, саңырау, қазан, тоқ, үш, ащы, тамақ, бау, мойын,
қашан, біреу, зат, жол, ой, бет, ашар, қыл, өнер, сорғыш, бұрыш, жусан,
қатынас, ақы, қоржын, шикі, қоректілер, сөз, айдар, еш, шөп, ара, қой, соқыр,
инфра, теке, сақал, қызыл, теле, шаң, жыл.
45-жаттығу. Біріккен сөздерді қатыстыра отыра, сұрақ-жауап түрінде
әңгімелесіңіздер.
46-жаттығу. Төмендегі мәтіннен тіл үндестігіне бағынбайтын сөздерді
тауып, себебін түсіндіріңіздер.
І. Біреудің қатыгез зұлым, біреудің мейірімді болатын себебі не екен?
(Ш.А.) Екі жас жігіт арғы жағаға шығысымен өгіз бен биені қоя берді де, жарды
жағалап бұғып отырып, төмендеп кетіп, бірталай жер ұзап барып, қыратқа
шықты. (М.Ә.) Әлі де терең ұйқы құшағында жатқан бейтаныс жолдастарға көзі
түсті. (С.Ш.) Бейуақытта бәрі де сұрғылт тартып түнеріп қалған. (С.Ш.)
Мүмкін, олар өзінің сәбидей пәк тазалығымен ағайын-туғанды алыс-жақын деп
18
алаламай, бәріне де мейірбан ана бола алған, ауыл анасы бола алған Бибігүлді
аяп тұнжырайтын болар, аяп жылайтын болар. (С.Ш.) Бұлар хазіреттің
қорасына кіріп, асау құнанды ат қораға байлағанда, хазірет өзі көріп, сыйлық
екенін іші біліп, үн қатпаған болатын. (М.Ә.) Бұндағы қонақтың көбі қаланың
татар саудагерлері, қазақ байлары және тап ортада жаңа мешіт имамы Хасен
молла көрінді. (М.Ә.) Әжесі кітап қадірін жақсы айтқанға Абай риза болып,
жаңағы сөзден соң күн сайын бір тамаша әңгіме айтатын болды. (М.Ә.)
ІІ. Осыдан бірер жыл бұрын бұл інісімен өзі де ойнап, асыр сап кететін
болса, биылдар беймаза көріп, шеттей беретін. (М.Ә.) Өмірінде әлі күнге қайын
сіңлісі мен өзге жігіттің арасына делдал боп көрмеген-ді. (М.Ә.) Әділбек,
Асылбектер – бұл өңірдің намыскер, мықты жігіттері. (М.Ә.) Жағада біраз
тұрып, халді аңғарды. (М.Ә.) Әдемі реңді, әлденеше түсті балапан қозылар,
лақтар күншуақта секіріп, дамылсыз маңырайды. (М.Ә.) Осындай жиында
үлкенді-кішілі рулардың атқамінер ақсақал-қарасақалы араласып жатты. (М.Ә.)
Ұлжан Алшынбайдікіне көп қазына әкелді. (М.Ә.) Діндар әкеге кітапшылап
сөйлесе, парыз, уажіп деген сияқтыны еске алуы мүмкін. (М.Ә.) Сондықтан
асты кім болса сол жасамайды, тек жуан, бай, құдіреті күштілер ғана жасайды.
(М.Ә.) Абай анасына сауап болсын деп құранды өзгеше ықыласпен, асықпай,
соншалық мүлгіп, мінажат қып оқиды. (М.Ә.)
Бөлек жазылатын сөздер
Бөлек жазылатын сөздер
Күрд
елі
а
та
ула
р
Күрделі сан,
сын есімдер
мен етістік
Есім,
еліктеуіш
сөздер мен
етістіктерд
ен құралған
сөздер
Еш, әр, кей,
бір,
қай,
әлде сөздері
тіркескен
зат есімдер
Тұрақты
тіркестер
Екі зат есім қатар айтылып, бір
ғана затты, құбылысты, ұғымды
атап, алдыңғысы соңғысының
тегін, неге, кімге арналғанын,
немен жұмыс істейтінін және өзге
заттардан
ажыратылатын
белгілерін білдірсе
Қа
за
қс
та
н
Ре
спуб
лик
ас
ы
он бір, көк
ала,
оқып
отыр
ән
салу,
жарқ етті
еш адам,
бір жұмыс
бас тарту,
қол ұшын
беру
ат қора, ағаш тарақ, ұл бала,
ортан жілік, бас сүйек
47-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден бөлек жазылған сөздерді тауып,
ережесін түсіндіріңіздер.
Бұдан бұрын еш уақытта Гүлсары қасқыр үнін естімеген, лезде тұла бойы
мұздап, үрей қармап қалды. (Ш.А) Абайдың ақмаңдайы кейде Құнанбай жүрісі
баяуласа, жол жорғасын салады да, сары жорға қатты тайпалып кетсе,
амалсыздан желе жөнеледі. (М.Ә.) Қаныштың Қазақ Ғылым академиясындағы
президенттік қасиеттерінің ең зоры – ол аса талантты және қажырлы, еңбекке
19
төзімді ұйымдастырушы. (М.Ә.) Ана тілін ұмытқан адам өз халқының
өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. (Ғ.Мүс.) Иесі анау үйдің бұрын болған,
кісі еді заманында бақыт қонған. (А.Б.) Бұл қарасөз Абайдың өз тұсындағы
күнделікті өмір шындығына қолма-қол қатынасып, жәрдем етсем деген талабын
көрсетеді. (М.Ә.) Мамырбайдың бәйбішесі маң-маң басып, киіз үйін қағып-
сілкіп, жинатқызып жүрген еді. (Ж.А.) Бұлар хазіреттің қорасына кіріп, асау
құнанды ат қораға байлағанда, хазірет өзі көріп, сыйлық екенін іші біліп, үн
қатпаған болатын. (М.Ә.)
48-жаттығу. Төмендегі сөздердің қалай жасалғандығына түсінік беріп,
олармен сөйлем құрастырыңыздар.
1. Еңбеккүн, шикізат, беторамал, зейнетақы, жолазық, тасжол, күретамыр,
қырықаяқ, ақбөкен, ақбидай, бізтұмсық, қойжусан, сөзтұлға.
2. Су жорға, мысық мұрт, ақ аю, ақ жауын, ат арба, ата қаз, бас бәйге, бел
омыртқа, жер үй, жеті тоғыз, қан тамыр.
49-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен өздеріңізге емлесі таныс емес бөлек
жазылатын он-он бес сөз теріп, олармен сөйлем құрастырыңыздар.
50-жаттығу. Көркем шығармадан бөлек жазылатын күрделі сөздерге мысал
теріп, кестені толтырыңыздар.
Бөлек жазылатын сөздер
Мысалы
Күрделі атаулар
Күрделі сан, сын есімдер мен етістік
Есім, еліктеуіш сөздер мен етістіктерден құралған сөздер
Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздері тіркескен зат есімдер
Тұрақты тіркестер
Екі зат есім қатар айтылып, бір ғана затты, құбылысты, ұғымды атап,
алдыңғысы соңғысының тегін, неге, кімге арналғанын, немен жұмыс істейтінін
және өзге заттардан ажыратылатын белгілерін білдірген сөздер
51-жаттығу. Төмендегі сөздерді бірге я бөлек жазылатынын анықтап,
бағанға бөліп жазыңыздар.
І. Көк(найза), сары(жілік), құм(бетеге), бет(орамал), қой(жусан), ақ(қайың),
ит(бүлдірген), сары(аяз), бал(қарағай), кіндік(бау), әлде(сиыр), ағаш(төсек),
қара(торғай), ақ(қоян), қара(бидай), мүйіз(жапырақ), әр(кім), күрке(тауық),
алып(сатар), қос(аяқ), кіндік(бала), қырық(аяқ), бір(жолата), үш(бұрыш),
кей(адам), бас(жүлде), бір(жұмыс), шаш(кептіргіш), шолақ(қол), еш(уақытта),
мүйіз(төсек).
ІІ. Бір(қыдыру), әр(қашан), жол(азық), кіндік(кесер), ағаш(күрек),
темір(жол), бас(сүйек), бір(талай), фото(үлкейткіш), бас(жіп), ағаш(балға),
шаш(бау), ағаш(ат), темір(қазық), ағаш(тілгіш), үш(аяқ), ақ(жауын), ақ(тілек),
темір(күрек), сары(жұлдыз), еш(қандай), үш(жақты), кіндік(шеше), шолақ(жең),
20
электр(қозғалтқыш), мүйіз(дәрі), шаш(тарақ), авто(реферат), үш(таған),
тіс(ағаш).
52-жаттығу. Жақша ішіндегі сөздерді бірге я бөлек жазылатынын анықтап,
жаттығуды көшіріңіздер, мақал-мәтелдерді жаттап алыңыздар.
(Әр)кімнің өз жері – Мысыр шаһары. (Әр)елдің заңы басқа, иттері қара
қасқа. Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала (еш)нәрсені ойламайды.
(Әр)нәрсе сынарында өзінен мықтыға жолығады. Ана сүтін ақтамағанды
(еш)кім мақтамайды. Болар елдің баласы, (он)бесінде «баспын» дер, болмас
елдің баласы, (отыз)бесте «жаспын» дер. Бір ауылда мың туысың болғанша,
(әр)ауылда бір туысың болсын. Тірлікте ілім үйрен көріп жүріп, (әр)жақсының
соңынан еріп жүріп. Тілге (әр)күн мейрам. (Әр)кімнің бір ойы бар, қорасында
мың қойы бар. Алпыс адам аттан жығылса, (әр)қайсысы өз ауырған жерін
сипайды. (Әр)нәрсе уақытымен қызықты. Аузы құлып сандықты, кілт ашпаса
тіл(ашар), түйін-түйін сырыңды түбінде келіп шын(ашар). Сөз(салысқан) дауға
ортақ, ат(салысқан) жауға ортақ. (Әр)кім өз ойынан хабар берер. (Әр)кімнің бір
аңдыған жауы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |