Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет10/15
Дата08.01.2017
өлшемі1,06 Mb.
#1448
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

181-жаттығу. Мәтінді рөлдерге бөліп оқыңыздар. Драмалық шығармаларда 
қойылатын тыныс белгілеріне назар аударып, есте сақтаңыздар. 
Молда  (орнына  отырып).  Балаларың  оқу  бақпайды,  ойын  бағады  деп  бай 
ұрысып жатыр. Ұятсыз, доңыздар, неге ойнайсыңдар? Жұмалықтарың қайда? 
Нөкеш. Мінекей, молдеке! (Он тиын береді.) 
Тілеу. Мінекей, молдеке! (Бес тиын береді.) 
Жеке. Бір аяқ бауырсақ әкелдім. 
Еске. Бір аяқ құрт әкелдім. 
Нұрым. Апамнан жұмалыққа ақша сұрап едім, өзімді ұрды. 
Әліш. Мінекей, молдеке! (Бір тиын береді.) 
Бекен  (қалтасын  сипалап  отырып,  молда  қараған  кезде  жылап  жібереді). 
Жұмалығымды жоғалтып алыппын. 
Молда.  Ақшаны  жоғалтып,  атаңның  басын  бағып  отырсың  ба?  Е,  Нұрым! 
Сабағыңды  тыңдат.  (Нұрым  өңі  қашып,  молданың  алдына  келіп  шарт  жүгініп 
отырады.) Оқы! 
Нұрым. Әліпсана ламга сәкін ал, қысынқа мөмге сәкін алқам тұрлу алқамду. 
Лам асылы латады. 
Молда.  Атаң  басы  латады.  (Шыбықпен  тартып  жібереді.)  Лам  тады  ла  деп 
оқы! 
Нұрым (жыламсырап). Лам тады ла. (Үш рет айтады.)  
Молда.  Лам  тады  лада  әкеңнің  көз  құны  қалды  ма?  (Тағы  да  тартып 
жібереді.)  ...Сенің  арқаңда  тарсылдаған  не?  Тез  шешін!  (Нұрым  жыламсырап 
шешінеді,  арқасынан  қабық  түседі.)  Сен  мені  алдайын  деген  екенсің...  Еске! 
Арқала доңызды. (Еске арқалап тұрады, молда ұрады.) ...Үш жыл оқып, әлі еже 
білмейсің,  миғұла!  Бекен,  сабағыңды  тыңдат.  (Бекен  қорқып,  орнынан  әрең 
тұрады.) Сүйретілмей, доңыз, тез кел! 
Бекен. Молдеке, аяғым ауырып жүр. 
Молда.  Ауырмақ  түгіл,  түсіп  қалсын,  шапшаң!  (Бекен  шарт  жүгініп 
отырады.) Оқы. 
Бекен. Әбзет, ауаз. 
Молда.  Тіліңді  шығар  (Қалтасынан  орамалын  алады,  Бекен  жылай 
бастайды.) 
Бекен. Тілім ауырып жүр. 
Молда (бақырып). Неғылған ауру? Шығар деген соң, шығар! (Еріксіз аузын 
ашып, орамалмен Бекеннің тілін созғылайды. Бекен шыңғырып жылайды.) Неге 
оқымайсыңдар?  (Жекені  тартып  жібереді.)  Бекен  мен  Әліш  байдың  үйінің 

 
88 
бұзауларын  айдап  келіңдер.  (Екеуі  кетеді.)  Сендер  түні  бойы  ақсүйек 
ойнайсыңдар, кешке шейін босамайсыңдар! 
Нөкеш (орнынан тұрып, есік алдына барады). Молдеке! 
Молда.  Рұқсат  (Дұғалық  оқып,  тасбық  тартуға  айналады.  Аттың  дүбірі 
естіледі.) 
Дауыс. Көпірбайдікі дастарқанға аят оқып берсін дейді. (Молда жалма-жан 
киініп жөнеледі.) (Қ.Кемеңгерұлы «Ескі оқу») 
 
182-жаттығу. Мәтінді оқып, аң-құс атауларын есте сақтаңыздар. Түсіндірме 
сөздігін негізге ала отырып, басқа да аң-құстардың балалары қалай аталатынын 
теріп жазыңыздар. 
 
Аң-құс балалары қалай аталған? 
Халқымыз  табиғаттағы  аңдардың  баласын  жалпы  күшік  десе,  құстардың 
баласын балапан деген жалпы атпен атады. Алайда табиғатпен етене өскен ата-
бабаларымыз  аң-құс  балаларын  жеке-дара  атауға,  олардың  әр  кезеңдегі  мінез-
құлқын  дөп  басып,  әрқайсысына  жеке  атау  беруде  алдына  жан  салмаған. 
Мысалы,  мысық  пен  түлкі  балаларының  атауына  көз  салайық.  Мысықтың 
баласын  соқыр,  мәулен  және  безек  деп  атайды.  Алғаш  туған  кездегі  көзі 
ашылмай  жатқан  мысық  баласының  соқыр,  бұйығып  жата  беретін  шағында 
мәулен  және  ойынға  тоймай,  бөлмені  кезіп,  кім-көрінгенге  ұрынып  жүретін 
есейген  кезінде  оның  безек  аталуы  қандай  ұнамды!  Әлі  толық  қалыптаса 
қоймай, бойы да, тұрқы да қораш көрінетін кезеңде түлкі күшігі  мыршық деп, 
жетілгенмен  еркін  ойнақтай  алмайтын  кезеңі  жәутік  аталуы,  ал  аяғы 
сидаланып, денесі пошымданған кезде ін ішіне еніп алып, өзіңді мазақтағандай 
қылық көрсететін, көзі жаутаң-жаутаң ететін шағы жаутаң атануына үйлесіп-
ақ тұр. 
Өз-өзіне әлі келе қоймаған шағында іннен шықпайтын сілеусін күшігі інсін 
аталады.  Жас  кезінде  денесін  теңбіл  басатындықтан,  арыстанның  күшігі 
теңбілше  делінсе,  қорбаңдап  жүретін  аю  күшігінің  қонжық  аталуына  несіне 
таңданамыз?  Жолбарыс  күшігінің  шөнжік,  сарымақ  атануының  да  жөні  бар. 
Жас күшік әлсін-әлсін кіші дәрет сындыруға әуес келеді. 
Борсық  баласы  –  әзборақ,  барыстың  күшігі  –  алан,  қасқырдың  күшігі  – 
бөлтірік,  ал  марал  мен  бұғының  төлі  –  қодыға,  арқар  және  муфлон  төлі  – 
қозыға, құлан, домбай, есек төлі – қодық аталғаны жұртқа мәлім. 
Аққудың  балапаны  –  көгілдір,  тауықтың  балапаны  –  шөже  аталған.  Бұдан 
басқа  да  бізге  беймәлім  атаулардың  болуы  ғажап  емес.  Сондықтан 
халқымыздың  қазынасына  сақ  болып,  тіліміздің  байлығын  арттыра  берейік, 
ағайын! (Қ.Қайым) 
 
Қос нүкте, оның қойылатын орындары   
 
Қос  нүкте  –  сөйлемнің  синтаксистік  ерекшеліктері  мен  мағынасына 
байланысты қойылатын тыныс белгі.  

 
89 
ҚОС НҮКТЕ 
 
Қойылатын орындары 
Бірыңғай  мүшелердің  алдынан  келген 
жалпылауыш  не  жалпылауыш  мәнді 
сөзден кейін 
Осындай  сырт  ажарында  дағдылы  тірлік  белгісі 
жоқ, суық қабақ жабырқау ауылға үш салт атты 
келді. Бұлар: Абай, Ербол, Дәрмен. (М.Ә.) 
Жалғаулықсыз 
салаласқан 
жай 
сөйлемдердің  алдыңғысының  мағынасы 
соңғы жай сөйлемдер арқылы айқындалса 
Өзге қостар да тұрса керек: далада шүлдірлескен 
сөздер молайып, жақындай
 
бастады. (Ж.А.) 
Төл  сөздің  алдынан  келген  автор  сөзінен 
кейін  
Ақбала бір кітапты қолына ұстап тұрып:  
– Ей, мынада Каутский де бар ғой, – деді. (Ж.А.) 
Әрі  қарай  санамалап  кететін  бірыңғай 
сөздердің,  сөйлемдердің  алдынан  келетін 
жалпылауыш мәнді сөйлемнен кейін 
Тәуелді қалыпта екі рет бар: 1) Анайылық рет. 2) 
Сыпайылық рет. (А.Б.) 
Бірыңғай  мүшелерден  бұрын  келген 
мысалы,  атап  айтқанда  деген  қыстырма 
сөздерден кейін 
Шартты  рай  дейміз  –  істің  істелуіне  шарт 
көрсететін  сөздің  түрін.  Мәселен:  Берсең  – 
аларсың, ексең – орарсың. (А.Б.) 
 
183-жаттығу. Сөйлемдердегі қос нүктенің қойылу мәнін түсіндіріңіздер. 
Бұған  жалғыз-ақ  құрал  бар:  ол  –  жаңа  жоспар  жасау.  (С.М.)  Күллі  адам 
баласын  қор  қылатын  үш  нәрсе  бар:  бірі  –  надандық,  екіншісі  –  еріншектік, 
үшіншісі  –  зұлымдық.  (А.Қ.)  Бір  ғана  өзгеріс:  осыдан  он  шақты  күн  бұрын 
Елтай Кәрімовичтің қызметі жоғарылап, осындағы трестердің біріне бастық боп 
кеткен.  (Қ.Жұм.)  Одан  кейін  менің  білгенім:  оянып  кетсем,  үйдің  іші  ала 
көлеңке. (С.М.) Кино көргелі жиналғандар ала-құла: бірі астына шелек қойып, 
енді  бірі  машинаның  ескі  баллонының  үстінде  отыр.  (М.Сүнд.)  Жалғыз  ғана 
емексіген  келісім  сөздері:  Күнту  қалаға  барады  да,  өзі  тіленіп  болыстықтан 
түседі.  (М.Ә.)  Пәуеске  айқын  көрінгесін-ақ  ауылдан  көріп  тұрғандар  таласа 
бастады:  біреуі  Қажының  үйінің  күйеуі  деді,  бірі  Түбектегі  құдасы  деді. 
(Ғ.Мүс.)  Енді  байқады:  қала  сыртынан  ат  қарғып  өте  алмайтын  қыл  аяғы 
құрдым ор қазылыпты, ордың сырты жалпақ даланың етегін кеміріп жеп, ішкі 
ернеуі білезіктей безер қорғанға сұғынып жатыр. 
 
184-жаттығу. Сөйлемдердің қажетті тыныс белгілерін қойып, көшіріңіздер. 
Қос нүктенің қойылу себебін анықтап, ережемен дәлелдеңіздер. 
І.  1)  Қастасқан  жауының  бәрін  құртты  Еламан  Рай  әскерде.  2)  Азамат  та 
жұмысқа  шын  беріліп  кетті  кеңсе  жұмысын  бақайшағына  шейін  талдап 
танысты  сезген  кемшіліктерін  бірігіп  отырып  түзеді  кеңседе  бітіре  алмаған 
жұмысын  пәтеріне  әкелетін  болды.  3)  Жөн  білетін  көңілі  даңғыл  көкірегі  ояу 
жан екенін осы бір бет алысында байқатып өтті бөгетсіз суыт жөнелді артына 
қайтып қараған жоқ. 4) Аман екеуі қатты ойнайды кейде бірін-бірі қалжыңмен 
қағытады кейде қол көтеруге дейін барады. 5) Төсек орындары киім-кешектері 
тағы  басқа  тұрмыстары  жұпыны  уақытында  жуылмайды  тамақтары  дәмсіз.  6) 
Қарапайым адамдардың ғажап бір нәзік жері бар қалжыңдары өрескел мінездері 
қатал болып келеді. 7) Асқар таудай саялы  арыстандай айбынды көрінген ата-
анасы  бай  ауылында  байғұс  екен  бай  ұрады  бай  ұрсады  бұйырады  қорлайды 

 
90 
бәріне  жақ  ашуға  дәрмені  жоқ.  8)  Сол  үйлердің  қонақасысы  қысырдың  семіз 
тайынан  құнан  қой  ту  қойларынан  үйіткен  марқадан  басталады.  9)  Биыл  жұт 
болады  деп  күн  бұрын  есепшілер  де  айтқан  шөптің  шығысы  жаман  серейген-
серейген  еркек  шөп  бұйдай  бас  көде  боз  қаптап  кетті.  10)  Кәленнің  болжамы 
дәл шықты түн ортасы ауа жеткен ақ әскер қоңыр жалға көтерілгесін ат басын 
ірікті. 11) Байлықтың ұлы өрісіне жеткен кең қолтық мол қолды аңқау ел Албан 
Бұғы.  12)  Қыз  бұл  сөздің  артындағы  бар  мағынаны  ұғып  намыстанып 
күйгендей болып Неге Не себепті деді.  
 
ІІ. Абай осы күндері байқады әкесінің сақал шашындағы ақ көбейіп бетінің 
ажымдары да молая түскен екен. (М.Ә.) Солардың басы екі атшабар Қамысбай 
мен Жұмағұл. (М.Ә.) Судыр Ахметтің иті қырын жүгіре бастады сауып отырған 
сүті бұлақтай қараша іңген жаман шөп жеп арам өлді. (Ә.Н.) Сыр сынында үш 
шырай  бар  1  Жай  шырай  2  Талғаулы  шырай  3  Таңдаулы  шырай.  (А.Б.) 
Ауылдың төріндегі өңкей ақ ордалар Шынтемір тұқымынікі бірі үлкен үйі бірі 
отауы  бірі  үлкен  отау  болса  бірі  жас  отауы.  (Ғ.Мүс.)  Кісі  көп  емес  Құнанбай 
мен  Майбасар  Жұмабайдан  басқа  осы  өңірдегі  Тобықтының  белгілі  үлкендері 
Байсал  Бөжей  Қаратай  Сүйіндік  екен.  (М.Ә.)  Жазылмауында  есеп  бар  еді 
қызылдар  құлап  қалса  кім  біледі  одан  да  байқай  тұрайын  деп  ойлаушы  еді. 
(Ж.А.)  Дәрігердің  қарауы  күшті  болғаны  ғой  он  бес  күн  дегенде  қолы  икемге 
келіп жарасы бүріліп біте бастады. (Ж.А.) Біз елге сенуліміз қазақ елі ел болам 
десе  оқығандарының  артынан  ерер  деп  ойлаймыз.  (Ғ.Мүс.)  Ауыл  қызы  ауыл 
қызынша ойланды кездескенде көзін алмайтын құрбыларын еске алды. (Ғ.Мүс.) 
Енді  бірінің  киімі  орысшалау  басында  шләпә  үстінде  полте  аяғында  қисық 
табан.  (Ж.А.)  Біржан  көпке  дейін  оның  қасына  бармады  таныс 
жұмыскерлерімен ғана отырған төре мен барсам жекіп қуып жібере ме деп бой 
тартты... (Ғ.Мүс.)  
 
185-жаттығу. 
Себеп-салдар  және  түсіндірмелі  салалас  құрмалас 
сөйлемдерді  екі  бағанға  бөліп  жазып,  тиісті  жеріне  қос  нүкте  қойып 
көшіріңіздер.  
1) Жаз айларында ондай шұбарлы жердің масасы мен сонасы қалың болады 
мұндай  шыбыны  көп  шөл  даланы  ешбір  ауыл  жайламайды.  2)  Кейін  қайта 
алмаймыз  өткел  тосатын  уақыт  жоқ.  3)  Байжанның  оны  бірінші  рет  көруі  еді 
бойы  төртбақтау  толықша  сарғылт  өңділеу  қырықты  алқымдап  қалған  жігіт 
екен. 4) Үй иесін Бүркітбай білетін еді орта жаста тоқ дәулетті қонақ түскіш бір 
момын  адам.  5)  Оған  әлі  күнге  шейін  балаша  еркелейді  мойнына  асылады 
арқала  деп  сүйрелейді  бетінен  сүйеді.  6)  Үй  толған  адам  кемпір  шал  қыз-
қырқын  қалмастан  жиналған  иін  тіресіп  отыр.  7)  Өзгеңнен  гөрі  менің  жаным 
қаттырақ  ауырар  еді  бұл  егін  дәнін  қолымнан  мен  септім  ғой.  8)  Үйірме 
мүшелері үшін мынадай бір тәртіп белгіленген еді әр оқушы өзі қалаған салада 
жұмыс  жүргізуі  керек  өсімдік  дүниесінен  тәжірибе  жасайды  қандай  нәтижеге 
жеткенін  үйірме  мүшелері  алдына  баяндайды  қорытады.  9)  Шынын  айтқанда 

 
91 
оны екі нәрсе қинайды бірі әкесі екіншісі отряд жиыны. 10) Жаны шығып кете 
жаздады оның қолына түскен ыдыс сау қайтқан емес. 
 
186-жаттығу.  Сөйлемдердің  тиісті  жеріне  қос  нүкте  қойып,  көшіріңіздер. 
Қойылу себебін анықтап, ережесін еске түсіріңіздер. 
Сол  болашақ  жайнаң  қағып  көз  алдында  тұрды  қайғысыз  өмір  бала-шаға 
қамы шаруашылықтың көп күйбеңі үй тұрғызып баспана салу не керек тіршілік 
ету керек. (Ш.А.) Колхоз кассасында ақша атаулы болмайды өткізілген астық та 
сүт те ет те шығынның есебіне кетеді. (Ш.А.) Бірақ алда әлі екі қара қатарласып 
жанұшырып  барады  бірі  қара  көк  бірі  жирен.  (Ш.А.)  Шылбыр  ауланың 
төбесіндегі  бел  ағашқа  байланғандықтан  жата  алмайды  басы  төмен  салбырай 
берсе-ақ  ауыздық  езуін  жыртып  кете  жаздайды.  (Ш.А.)  Қазір  қорыққан  жоқ 
оттың  жылуы  мен  түтініне  сүйсініп  жатыр.  (Ш.А.)  Ара-арасында  әркімнің 
басынан  қилы-қилы  жағдайлар  өтіп  жатар  біреу  ғашық  болады  біреулер 
ажырасады  біреу  өмірге  келеді  біреу  дүниеден  өтеді.  (Ш.А.)  Жалғыз  ғана 
қолайсыздық  бар  Нұрыштың  үйі  де  біз  де  қалың  жабылған  қоста  тұрамыз. 
(С.Ш.)  Кейитінім  бұрынғыдай  адуын  сөйлеп  бетін  қайтарып  тастамайды. 
(С.Ш.)  Бірақ  ақшасын  төлейін  деп  сатушыны  іздесе  бір  қиындықтың  үстінен 
шықты  мұның  бәрі  үлгі  екен.  (С.Ш.)  Іштен  қоштамаған  уақытта  Байсал 
Бөйжейдің бір тәсілі міндет мысалды Құнанбайдың өзіне бастатып артын өзіне 
тастап  кететін  әдеті  бар-ды.  (М.Ә.)  Әлгі  ирония  бұл  арада  сатиралық  образ 
жасаудың  тағы  бір  тәсіліне  сарказмге  ұласты  сыналған  объект  тәлкек  етіліп 
қана  қойған  жоқ  енді  оның  дәрменсіз  бейшаралығы  кіріптар  күйкілігі  кісі 
күлгендей  құр  кеуделігі  әшкереленді.  (З.Қ.)  Бұлар  малына  індет  келген 
ауылдың  иттері  сияқты  жоны  шығып  құйрығын  сыртқа  салып  көзі  қызарып 
құтырғандай қанталап қауып түсетін сияқты түр көрсетеді. (М.Ә.)  
 
187-жаттығу.  Көркем  шығармалардан  үш  мысал  тауып,  берілген  ережеге 
сай кестені толтырыңыздар. 
 
Жалпылауыш 
сөздерден 
кейін, 
бірыңғай  мүшелердің 
алдынан қойылған қос 
нүкте 
Бірінші  жай  сөйлемнің  мазмұны 
екіншісінде  анықталып,  ашылып 
берілген  түсіндірмелі  салалас 
аралығындағы қос нүкте 
Жалғаулықсыз  себеп-салдар 
мәнді 
сөйлемнен 
кейін 
қойылатын қос нүкте 
 
 
 
 
188-жаттығу.  Ақындардың  өлеңдерінде  қос  нүкте  қойылатын  шумақтарды 
көшіріп, себебін дәлелдеңіздер.  
 
Үлгі: 
Ақылымды тыңда, мейлің тыңдама, 
Тілегім бар бір ғана: 
Шығып ал да арманыңның шыңына, 
Сосын, мейлі, ұшып өл де, сырғана. 

 
92 
 
Болса ақылың біл мынаны: жалғанда 
Жолай көрме арманы жоқ жандарға?! (М.М.) 
 
Тырнақша, оның қойылатын орындары 
 
Тырнақша  кідіріске,  интонацияға  немесе  сөйлемнің  құрылысына 
байланысты  емес,  мағынаға  негізделіп  қойылатын  тыныс  белгі  болып 
табылады.  
 
ТЫРНАҚША 
 
Қойылатын орындары 
Сөйлем  ішінде  келген  мақал-
мәтелдер, афоризмдер 
Жүсіп  біздің  ауылдағы  сондай  «айдағаны  төрт  ешкі, 
ысқырғаны жер жаратын» кішкене «диктатор» еді. (С.Ш.) 
Дәйексөз, төл сөздер 
–  «Сұлу  –  сұлу  емес,  сүйген  –  сұлу»  депті  ғой.  Әркім  өз 
сүйгенін  мақтайды  да,  –  деп  қойды  жантайып  жатқан  бір 
жігіт. (Ж.А.) 
Объект  етіп  алынған  жеке 
сөйлемдер,  сөздер  не  сөз 
тізбектері, әріптер, буындар 
Қазіргі  қазақ  тілінде егер-дің  «г»  дыбысы  түсіп  қалғанда, 
сөз еер болу орнына ер болып ықшамдалған. (Ә.Х.) 
Кекету,  ажуалау  және  кері 
мағынада 
қолдану 
үшін 
айтылған сөз 
Жас  күнінде  әйгілі  Садақ  ақынмен  айтысып  «Бала  ақын» 
деген  ат  алып,  сол  Садақты  өлең,  сөзде  мүдірткен  осы 
Қадырбай болатын. (М.Ә.) 
Зауыт, 
фабрика, 
комбинат, 
машина  маркасы,  ұшақ  т.б. 
қойылған аттар 
Жұмысқа  берілгендігі  сонша  анадай  жерге  «газик»  келіп 
тоқтап,  ішінен  екі адам  шыққанын  да байқамай  қалыпты. 
(Ш.А.) 
Газет,  журнал,  кітап,  шығарма, 
кино т.б. аттары 
Осы  түнде  ас  піскенге  шейін  Барлас  «Қобыланды  батыр» 
жырын жырлады. (М.Ә.) 
Кейбір ойын, әдет-салт аттары 
«Орамал  тастау»,  «Хан  жақсы  ма»,  «Мыршым»,  «Белбеу 
соқ»,  «Ләппай  тутәлә»  сияқты  күлдіргі  ойындар  да  тегіс 
ойналды. (М.Ә.) 
 
189-жаттығу. Оқып шығып, тырнақшаның қойылу себебін түсіндіріңіздер. 
Өзінің айтулы ару қыздарының атын «Ақмарал» деп қоятын болды... (Ш.А.) 
Оның ата-тегін де бар Тобықты, бар Қарқаралы «Қаракөк» деп атайды. (М.Ә.) –
... Бірі дарақы мақтаншақ, бірі ұрда-жық, даңғой атанғанда, осындай көп жиын 
үстінде  масайып,  оспадарлық  қылам  деп,  сондай  атақ  алатын!  –  деді.
 
Соңғы 
айтқан «мылжың», «мақтаншақ», «даңғой» дегендері осы арада шынымен төрт 
көзі  түгел  отыр  еді.  (М.Ә.)  Абай  жалғыз  өзі  төрт  ауыз  өлеңді  сыры  терең 
«Аққайың»  әнімен  айтып  барды  да,  баяу  ғана  тоқтады.  (М.Ә.)  Көп  басты 
адамынан  айрылған  Жігітек  талай  заманға  шейін  «көзге  қамшы  тигендей» 
болып  қалады.  (М.Ә.)  «Еңбек  етсең  ерінбей,  Тояды  қарның  тіленбей»  деген 
Абай сөзі мен көргендерін бір түйіп, Ізбасар Әлжанға жетті. (Ғ.М.) Бір терменің 
ішінде Барлас: 
Аға сұлтан ұлық бар, 
Елге мәлім қылықтар, 

 
93 
«Өл» дегенде өлмесең, 
«Жүр» дегенде жүрмесең, 
Малы құрым құрықтар, 
Кісен салып құлыптар! – деп бір кетті. (М.Ә.) 
 
190-жаттығу. Сөйлемдердің тиісті жеріне тырнақшаны қойып көшіріңіздер. 
Қойылу себебін анықтап, ережесін еске түсіріңіздер. 
І. Өзен жағасына өскен бұта шөптерге де Сүйкімді, Қорқақ, Батыр, Ашушаң 
деп неше түрлі аттар қоятын. (Ш.А.) Алтыбақан қасындағы ән мен ойын тағы 
біразға созылып барған соң, Ербол тың ойын бастады. Онысы – ақсүйек, содан 
кейін  серек  құлақ  еді.  (М.Ә.)  Ал  жаңағы  мықыр  мойын  сияқты  жаңашылдар 
соның байыбына барып, мынасы дұрыс, мынасы бұрыс деп саралап жатпайды. 
(С.Ш.) Мен сөйтіп бір Волгаға отырдым да, айналып жүретін жаңа тас жолды 
тастап, бұрын бала шағымда талай рет шиырлап өзім жүрген ескі жолмен төте 
тарттым...  (С.Ш.)  Бұрын  мұндай  жиын  ортасында  дос  деген  атпен  Байсал, 
Қаратай,  Бөжей,  Сүйіндік,  Түсіп  сияқты  кісілер  отырушы  еді.  (М.Ә.)  Абай, 
Шолпан, Таң, Сана журналдарында Абай мұрасын зерттеу туралы мақалаларын 
жазып,  ақын  өлеңдері  мен  қара  сөздерін  баспасөзде  жариялап,  насихаттау 
әрекетінде жүрген Мұхтар 1924 жылы өткізілетін Абайдың жиырма жылдығын 
атап  өту  қарсаңында  келелі-келелі  міндеттерді  алға  қойды.  (М.Ә.)  Абайдың 
Қараңғы  түнде  тау  қалғып,  Біржанның  Жамбас  сипары  мен  Жонып  алдысы, 
Жаяу  Мұсаның  Ақ  сисасы,  Тәтімбеттің  Сылқылдағы,  Мәдидің  Қарқаралысы 
мен  Естайдың  Хорланы,  Ақанның  Сырымбеті  мен  Құлагері  бірінен  соң  бірі 
бәйгеден келіп жатыр. Қол шапалақтап қоштауды білмейтіндер әй бәрекелдіге 
басуда. (Т.К.) 
 
ІІ.  Бұл  уақыттарда  скрипкада  орыстың  әсем  сырлы,  сұлу  сезімді  Лесная 
сказка,  Над  волнами  сияқты  вальстері  сызылған.  (М.Ә.)  Әлмағамбет  Тәңірі 
қосқан жар едің сен деген өлеңі менен Татьяна назын толқытып жөнелді. (М.Ә.) 
Жылан  торғайды  арбап  жейді  дегенді  Ақбілек  бала  кезінде  естіген.  (Ж.А.) 
Академик  И.П.Павлов  адамзаттың  тілін  екінші  сигналдық  жүйе  деп  атаған. 
(Ә.Х.)  Мақсұт  жайын  кемпірмен  ғана  сөйлеседі.  Оған  да  жақсы  бала  болып 
көріне бастады. (М.Ә.) Завод 1928 жылдың 7 ноябрі күні Қазақстан деген атпен 
ашылады.  (С.М.)  Дау  үстінде,  ойда  жоқтан  тіліне  оралса  да,  Бөрінің  артынан 
бөлтірік ақылды болғандықтан ермейді деген сөз мұның өзіне қазір бір өзгеше 
мәні  бар,  өрісті  ойдай  көрінді.  (М.Ә.)  Ағайын  ес  жиярлық  мезгіл  бермей,  ара 
түсердің  бәріне  білдірмей,  бір-ақ  күннің  ішінде  осыны  етіпті  де,  баяғысынша 
түк  болмағандай,  ақсарбасын,  көкқасқасын  айтып,  ру  басшыларын  жиып, 
қонақасысын  көпіртіп  жүре  беріпті...  (М.Ә.)  Жалпақ  ел,  бар  ауылдар  осы 
жайлауға  көшу  сапарында  балалардың  ауыл-ауыл,  күрке-күрке  деген  ойынын 
ойнап  жүрген  сияқтанады.  (М.Ә.)  Жуан  ауылдың  сотқар  малайы,  өзі  ожар, 
доғал жас, тегінде, Оспан шаш ал десе, бас алғандай іс ететін. (М.Ә.)  
 

 
94 
191-жаттығу.  Көркем  шығармалардан  тыршақшаның  әр  түріне  бес 
мысалдан теріп, кестені толтырыңыздар. 
Тырнақша қойылатын орындар 
Мысалы 
Сөйлем ішінде келген мақал-мәтелдер  
 
Объект  етіп  алынған  жеке  сөйлемдер,  сөздер  не  сөз  тізбектері,  әріптер, 
буындар  
 
Кекету, ажуалау және кері мағынада қолдану үшін айтылған сөздер 
 
Зауыт,  фабрика,  комбинат,  машина  маркасы,  ұшақ,  газет,  журнал,  кітап, 
шығарма, кино т.б. аттары 
 
 
192-жаттығу.  Өлең  ішінде  қойылатын  тырнақшаларға  мысал  келтіріп, 
қойылу себебін түсіндіріңіздер.  
Үлгі: 
Біржола күй кеткені қызға батты, 
Енді оған естілер ме күйлер тәтті? 
«Таратып тоқсан күйді жібердің», – деп 
Бір жақтан керең бір ой күңкіл қақты. (І.Ж.) 
 
Сызықша, оның қойылатын орындары 
 
Сызықша  –  мағынаға,  интонацияға,  сөйлемнің  синтаксистік  ерекшелігіне 
байланысты қойылатын тыныс белгі.  
 
СЫЗЫҚША 
 
Қойылатын орындары 
Бастауыш  та, 
баяндауыш  та 
бір 
сөз 
табынан болса  
Жалпылауыш 
сөздің алдынан 
Оңашаланған 
айқындауыштың 
екі жағынан 
Салалас 
құрмалас 
сөйлемдер
де  
Төл 
сөз 
бен  автор 
сөзі, 
диалогте  
Сөйлемді 
ықшамдап 
қолдануға 
байланысты 
Абайдың  көзін 
оған 
көп 
тартатын 
бір 
нәрсе  –  мұның 
бітікшелеу, 
кішкене  келген 
көздері. (М.Ә.) 
Ортасында: 
Құнанбай, 
Бөжей,  Байсал, 
Қаратай, 
Сүйіндік. 
Майбасар 
– 
бәрі бар. (М.Ә.) 
Үшіншісі  –  бұл 
ауылдың  кенжесі, 
осы  үлкен  үйдің 
иесі,  жас,  толық, 
орта 
бойлы, 
ақшыл  қызғылт, 
сұлу жүзді жігіт  – 
Мұсабай. (М.Ә.) 
Бардым, 
– 
жолыға 
алмадым. 
Айтудай-ақ 
айттым,  – 
көнбеді. 
–  Әй,  осы 
мынаның 
өнері  жоқ 
па екен, ән 
салғаны 
әжептеуір 
ғой,  –  деді 
Арын. 
(Т.К.) 
Жақсы 
тәжірибе  – 
көпке 
ортақ. 
(мақал) 
 
193-жаттығу.  Сызықшаның  қойылуына  назар  аударып,  қандай  ережеге 
негізделгенін дәлелдеңіздер. 
Ана дүниеден иман тілеген, өлімге бас байлаған үмітсіз аурудай ендігі тілек 
–  жол  амандығы,  денсаулығы.  (Ж.А.)  Бірінің  дәлелі  –  қойдың  қай  қосқа 
сойылуы,  екіншінің  дәлелі  –  қойдың  кімнен  алынғандығы.  (Ж.А.)  Алыстан 
әлдекімдердің күбірлеген дауыстарының жаңғырығы естілген сияқтанды, – қай 
жақтан  естілгенін  шамалай  алмаймын.  (С.М.)  Талап  –  пендеден,  көмек  – 

 
95 
Алладан.  (Мақал)  Солардың  үлкені  төрге  жуық  отырған,  мынау  ерекше  кесек 
денелі  –  Жақып.  Екіншісі  –  толық,  биік  келген,  үлкен  ақсұр  жүзді,  қара  қас, 
қара  сақалды,  үлкен  қара  көзді  –  Мұса.  (М.Ә.)  Бұл  уақыттарда  ол  абақтыдан 
шығып келгендіктен, аға-іні, шеше-жеңге, жанкүйер-жақын – барлығына ыстық 
болған. (М.Ә.) Бұрыннан қайындап жүрген күйеуі – Көкше Қаратайдың туысы, 
Алатай баласы Дүтбай. (М.Ә.) Ер – елінде, гүл – жерінде. (Мақал) Сәуір – бұл 
айдың  арапша  аты.  (М.Ә.)  Абайдың  мінгені  –  ақ  жал,  сары  жорға  ат.  (М.Ә.) 
Жақсының  жаны  –  бүтін,  Жаманның  жаны  –  түтін.  (Мақал)  Тапсырманы 
орындау  –  міндет,  міндетті  тындыра  орындаса,  қонымды  еңбеккүн  жазылады. 
(Ғ.М.)  Керуен  көшетін  сауда  жолдары,  ұлы  базарлар,  атақты  қалалар,  су 
жолдары – барлығы да бүгін айрықша керек болатын. (Ғ.М.) – Әй, Сейфуллин, 
сөзіңде  тұрдың.  Жүр  өзім  кіргізіп  жіберейін,  әйтпесе  тағы  да  үстіңнен  рапорт 
түсер, – деп біраз жер шығып кеткен ұстаз кері оралды. (Т.К.) 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет