167-жаттығу. Мәтіннен бірыңғай мүшелерді тауып, астын сызыңыздар,
жазылу ережесін түсіндіріңіздер.
І. Ірімшік сүттен жасалады. Сүтті қайнатып, оған қымыз, айран, шұбат
сияқты ащы іріткі қосып ірітеді. Іріген сүттен ірімшік түзіліп, ол әбден
қызарғанда бабымен қайнатады да сүзіп алып, табаққа, дорбаға салып, кептіріп
алады. Әрине, қой сүтінен жасалған ірімшік өте дәмді болады. Ірімшік қыста
да, жазда да жақсы сақталады. (С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына»)
ІІ. Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт, ірімшік,
тәттілер өткізіп, «тышты», «тышты» деп ырым жасайды және оны тыштырма
деп атайды. «Тыштырманы» әйелдер ырымдап бөлісіп алып, бала-шағаларына
үлестіріп береді. (С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына»)
168-жаттығу. Қыстырма сөз, қаратпа сөз, бірыңғай және оңашаланған
мүшелері бар сөйлемдерді қатыстырып, шағын әңгіме жазыңыздар, тыныс
белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңіздер.
Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері
Екі я одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін, екі
предикаттық қатынастан тұратын сөйлемдерді құрмалас сөйлем дейміз.
Құрамындағы сөйлемдердің байланысуына қарай құрмалас сөйлем салалас
құрмалас, сабақтас құрмалас, аралас құрмалас сөйлем болып үшке бөлінеді.
Құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдердің арасына үтір, нүктелі
үтір, қос нүкте, сызықша қойылады.
80
Құрмалас сөйлемнің ішінде қойылатын тыныс белгілер
үтір
қос нүкте
нүктелі үтір
сызықша
үтір мен
сызықша
Қасынан тазы иттер
жүгіріп өтсе, балалар
шапқылап кетсе, семіз
сары ат кермені сүзе
жөнеліп,
ары-бері
бұлаңдап
елегізіп
қояды. (М.Ә.)
Дос
санын
соқты: желөкпе
жігіттер
тәуір
аттарды таңдап
әкеткен. (Ә.Н.)
Уақыт
тізгінді
қолға
берер
емес; сағымдай
бұлдырап ынтық
қып, шаршатып,
бір жеткізбей-ақ
қойды.
Тұманның
қалыңдығы
сонша – түк
те
көрінбейді.
Сөз бергенге
ерме, – бөз
бергенге ер.
(мақал)
169-жаттығу.
Құрмалас
сөйлемдердегі
үтірдің
қойылу
мәнін
түсіндіріңіздер.
Үй иесіне қойды ұстата салды да, құрғап қалған қырдың басына келіп,
әңгіме-дүкен құрды. (Т.К.) Ысқақ биік төсекке сүйеніп отыр да, оның кесір-
кердең нақсүйері қараторы Мәніке бәйбіше қос жастыққа шынтақтап шіренеді.
(М.Ә.) Қысқа ғана жауап бере қоюды шолақтау көреді де, ұзатып, мәнерлеп
айтуға тілі жетер емес... (Ғ.Мүс.) Қартқожа орнынан бір-екі рет ұмтылып еді,
қолына еш нәрсе түсіре алмады. (Ж.А.) Ел ішінде әлді-малды үйлердің
сандығында болмаса, көпшілік қолында ақша жүрмейді, кедей атаулыда ол
мүлде жоқ. (М.Ә.) Түс ауа бергенде, бұл ауылға да шапқылап алымшылар
жетті. (М.Ә.) Айнала соққан дауылды боран қалай қарай бораса, қойлар солай
қарай бұрыла салады. (Ғ.Мүс.) Үрейленген елдің үрке күткеніндей-ақ, өңкей үш
ат жеккен пәуескелер дөңнен құлап келеді. (Ғ.Мүс.) Бұл арада Жақаң азырақ
кідіріп, айнала жұртқа көзін салып еді, шоғырланған көп жағы қозғалысын,
наразылықтарын білдіріп отыр екен. (Ғ.Мүс.) Ел жайлауда, әкесі үйде жоқ.
(Ж.А.) Бес жігітті өзіне «агент» етіп алып, мойындарына салық салғанын айтып
еді, жиналғандардың шек сілесі қатып күлді де, мұндай «қанаушылықтың» өз
ойларына келмегеніне өкінді. (Т.К.)
Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын үтір
Да, де, та, те,
әрі
жалғаулықтары
арқылы
байланысса
Бірақ, дегенмен,
әйтседе,
сондықтан,
өйткені, себебі
жалғаулықтары
арқылы
байланысса
Қайталанып
келген әлде,
кейде, бірде,
біресе, не
жалғаулықтар
ы арқылы
байланысса
Жалғаулықсыз
ыңғайлас, себеп
мәнді салалас
құрмалас
арасына
Сабақтаса
құрмаласқан
жай
сөйлемдердің
араларына
Бірнеше күн ат
соғып
қалжыраған
Сәкеннің шай
ішуге ғана
мұршасы келді
де, асқа
қарамастан
ұйықтап қалды.
(Т.К.)
Ол қазаққа шын
пейілмен
қызмет етпекші
еді, бірақ көп
нәрсені қиял
қылушы еді.
(Ж.А.)
Біресе аузы
қимылдайды,
біресе қолы
қимылдайды.
(С.М.)
Оттың жалыны
әзір көрінбейді,
жаңа тұтанды.
(Ғ.М.)
Жиі қонған
қалың елдің
малы араласып,
иттері де сәт
сайын әуліге
үрісіп, көп
таласа береді.
(М.Ә.)
81
170-жаттығу. Көркем шығармалардан құрмалас сөйлемге байланысты
қойылатын үтірге үш мысалдан тауып, кестені толтырыңыздар.
Құрмалас сөйлемге байланысты қойылатын үтір
Мысалы
Да, де, та, те, әрі жалғаулықтары арқылы байланысса
Бірақ, дегенмен, әйтседе, сондықтан, өйткені, себебі жалғаулықтары
арқылы байланысса
Қайталанып келген әлде, кейде, бірде, біресе, не жалғаулықтары арқылы
байланысса
Жалғаулықсыз ыңғайлас, себеп мәнді салалас құрмалас арасына
Сабақтаса құрмаласқан жай сөйлемдердің араларына
171-жаттығу. Мәтіндегі салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық
түрлерін анықтап, тыныс белгілерін қойыңыздар.
Оспан үлкен қара өгіз секілді де Итемген үлкен өгіздің қасында мұрнын
шүйіріп қорқып тұрған көпей торпақ секілді. (Ғ.Мүс.) Көшеде жалғыз кетіп
бара жатыр еді артынан қазақтың көп балалары қуып жетті. (Ж.А.) Әлде жазғы
күннің тыныштық әсері ме әлде күйдің күштілігінен бе әйтеуір Мекежайдың
ойы мен бойын түгел қуаныш тербетті. (Ғ.Мүс.) Қалай Бәдіғұлдың жылқысын
бақтым солай көзім ашыла бастады. (Ж.А.) Ақбілек олардың бетіне тура қарай
алмады кіріп келгенде ғана немесе түрткенде ғана көзінің құйрығы түсті. (Ж.А.)
Қуандықтың Мұқышы деген жастау жігіттің арбасына мінген Сәкен оны-
мұныны сұрастырып көріп еді арба иесі айналып-үйіріліп өз жайын әңгімелей
береді. (Т.К.) Бағасын сұрап еді удай екен. (Т.К.) Тырнақ астынан кір іздегенге
сылтау табу қиын ба Сәкен тағы да айыпты болып шықты. (Т.К.) Кешеден бері
көргені көңілін көтерер еді Ысқақ сөзі сейілтіп жіберді. (Ғ.Мүс.) Тойдан
шыққан арыстандай үйден бұлқына шыға келген оған дүниені өрт қаптаған
сияқты болды жер де көк те өсімдік те ауыл да мал-жан да қып-қызыл боп
елестеді. (С.М.)
172-жаттығу. Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін қойып, ережесін
түсіндіріңіздер.
Бес-алты адым аттады ма жоқ па әлде шөптің әлде шүберектің
сыбдырындай судыр еткен бір дыбысты құлағы шалып қалды. (Ж.А.) Әйтсе де
осы молданы өз ауылы сыйлайтын қыстауға қонса бата оқыр болса мал өлсе
құрмалдық берсе бас пен жамбас молданың алдына тартылатын. (Ж.А.) Ет пен
қымыздың желігі ме әлде жайраң қаққан көңілдің көтеріңкілігі ме
«Затондағыларға ойын қойып берейік» деген ұсыныс айтылып қалды. (Т.К.)
Мұның Стамбулда оқығаны өтірік деп те лақап таратты бірақ ешқайсысы білім
таластыруға дәті бармай жолбарыстың алдындағы мысықтай «ишанбысыз
саумысыз» деп жылмаңдай береді. (Т.К.) Төлеген қазақшалығы ұстады ма
немесе бір күніме керегі болар деді ме жастардың қатарында бұл екеуін қонаққа
шақырған еді. (Ж.А.) Кіре қажытып келе ме әкелгендері базарлы болмады ма
Ақсары болысынан келген керейлердің қабағы қатыңқы. (Т.К.) Почта арқылы
да жіберуге болатын еді бірақ мына кісі тез жетеді ғой сонсын менің амандық-
82
саулығымды айтып, қазақ елін жақсы білетін жазушы Ф.Березовскийге жақын
жүргенімді ауызба-ауыз айтады ғой деген көңіл желігі аяқ астынан хат
жазғызған-ды. (Т.К.)
173-жаттығу. Берілген мақал-мәтелдердің екінші сыңарын тауып жазып,
оларды жаттап алыңыздар. Құрмалас сөйлемдердің мағыналық тобын анықтап,
тыныс белгілерінің қойылуын түсіндіріңіздер.
1) Туған жердей жер болмас, … . 2) Бірлігі жоқ ел тозар, … . 3) Жақсы қыз –
жағадағы құндыз, … . 4) Жасық адам жасына жетпей қартаяр, … . 5) Жаман
елдің жақсысы болғанша, … . 6) Атаның баласы болма, … . 7) Көпшіліктен
береке кетпес, … . 8) Иті семіз, малы арық – жер азғаны, … . 9) Ақылды адам
айтқызбай біледі, … . 10) Бай болатын жігіт айырбасшыл келеді, … . 11) Аққу –
құстың төресі, жалғыз жатып оттамас, … . 12) Орағың өткір болса, қарың
талмайды, … . 13) Болар бала жетісінде бас болар, … . 14) Арғымақ аттың
құйрығы – әрі жібек, әрі қыл, … . 15) Жақсымен жолдас болсаң, ісің бітер, … .
16) Жақсы жүрген жеріне кент салады, … . 17) Жақсының кегі жібек орамал
кепкенше, … . 18) Жаман сайға су түссе, өткел бермес кешуге, … . 19) Жаманға
ақыл үшін күлкі берер, … . 20) Сиыр сипағанды білмейді, … . 21) Жақсыға
ерсең, жетерсің мұратқа, … .
Қажетті сөздер: Отаның берік болса, жауың алмайды; жаманмен жолдас
болсаң, басың кетер; туған елдей ел болмас; бірлігі күшті ел озар; жаман кісіге
мал бітсе, сусын бермес ішуге; ынтымағы болмаса – ел азғаны; жақсы елдің
жаманы бол; адамның баласы бол; берекелі жерден мереке кетпес; жаман
сыйлағанды білмейді; ақ сұңқар қаққызбай іледі; асыл адам жасына жетпей
марқаяр; адам болатын жігіт ағайыншыл келеді; болмас бала қырқында жас
болар; қас жақсының белгісі, ғайбат сөзді қостамас; қас жақсының белгісі – әрі
мырза, әрі құл; жаманға ерсең, қаларсың ұятқа; жаманның кегі басы көрге
жеткенше; жақсы жігіт – көктегі жұлдыз; жалқауға жұмыс үшін ұйқы берер;
жаман жүрген жеріне өрт салады.
174-жаттығу. Сөйлемдердің тиісті жеріне үтірді қойып көшіріңіздер.
Қойылу себебін анықтап, ережесін еске түсіріңіздер.
Жылаулар да ызалы назалы күйгендер де көкірегі мен тілі қарғысқа толы
шарасыздар да қалмай ілеседі. (М.Ә.) Топқа таянған соң Нұрмағамбет би: –
Азаматтар жалпы амансыңдар ма? – деді. (Ж.А.) Бөкенші Жігітек Көтібақ
жайлауларында тіпті жалпы өсы өңірдің елінде кедей ауылдар мен жеке
жыртық лашық атаулыда бұл апаттан аман қалған жоқ еді. (М.Ә.) Кім біледі
қолына қару берсе орыс жұртына жау болып кетпесіне кімнің көзі жеткен?
(Ж.А.) Бұлардың арасында Базаралы Әбді Сержан Асқар мен Келден сияқты бір
топ жігерлі жандар болатын. (М.Ә.) Сөйтіп басыңқы сөзбен бірыңғай
синтаксистік қатынасқа түсіп бірыңғай мүше қызметін атқарады. (С.И.) Дәрмен
жанындағы пышағын жұлып алып сиырды жетелеген бас жіпті кесіп жіберді.
(М.Ә.) Сандыбай Оспанның зекуін естігісі келмеді: – Ойбай желбуазым-ай...
83
Бетіңнен жарылғасын, – деді де шығып кетті. (Ғ.Мүс.) Көрпе-жастық асжаулық
тегене тостаған самауырлар тасыған жас әйелдер еркектер қарбаласады. (М.Ә.)
Сөз жоқ жаңа сөз тудырудың әр тәсілінің сөз табына қатысы біркелкі болмауы
мүмкін әрқайсысының өз ерекшеліктері болып отырады. (С.И.)
Нүктелі үтір, оның қойылатын орындары
Нүктелі үтір, негізінен, құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің
аражігіне қойылатын тыныс белгі. Онда сөйлемнің құрылысы мен мағынасы
негізге алынады.
НҮКТЕЛІ ҮТІР
Қойылатын орындары
Баяндауыштары тұлғалас сөйлемдер бірін-
бірі толықтырып тұратын болса
Кісіге біліміне қарай болыстық қылады;
татымсызға қылған болыстық өзі адамды
бұзады. (Абай)
Баяндауыштары тұлғалас, мағыналары
теңдес,
санамаланған
сөйлемдер
жалпылауыш мәнді сөйлемнің мағынасын
ашып тұрса
Жаңағы әңгімеден соң Әсия реңі мүлде өзгеше:
жүзінен шуақ есіп, мойнынан ғаламат бір ауыр
жүк түскендей сергек, жеңілденгені сезіледі;
үлкен кісіге ғана тән биязылық, ұстамдылық та
мұнар шалған жанарынан аңдалады. (М.Сүнд.)
Мазмұны әуендес болып келетін бірыңғай
сөйлемдерден кейін
Ақыл менен білімнен
Әбден үміт үзіппін;
Айла менен амалды
Меруерттей тізіппін;
Жалмауыздай жалаңдап,
Ар, ұяттан күсіппін. (Абай)
Баяндауыштары
тұлғалас,
мағыналық
жағынан жақын, өзара теңдес келетін
құрмалас сөйлем құрамындағы жай
сөйлемдер арасына
Марқакөлдің суын ішіп, отын жеген сары қарын,
тұтам емшек жануардың бауырынан сүт
сорғалап, сүт емес-ау, құт сорғалап, көнек-көнек
лықылдайды; қара саба еміздіктеп, қою, салқын,
сары қымыз, бажылдаған дәрі қымыз шара-шара
шыпылдайды.
Рет-ретімен әріптер не цифрлар арқылы
санамаланып
айтылатын
сөйлем
не
сөздерден кейін
Сөздер тұлғасына қарай беске бөлінеді: 1) түбір
сөз; 2) туынды сөз; 3) қос сөз; 4) қосалқы сөз; 5)
қосымшалар. (А.Б.)
175-жаттығу. Сөйлемдердегі нүктелі үтірдің қойылу мәнін түсіндіріңіздер.
Аңшылық құру, бәйгеге ат апарып қосу; палуан апарып күрестіру; қаршыға,
лашын салғызу; жүйрік ат пен мықты жігіт сақтап, ұры түсіру; қасқыр соққызу;
ақын, әнші, күйшіні сақтап, өнерді қызықтау сияқтының барлығын да өзі де
көрді, бала-інілеріне де толық көрсетті. (М.Ә.) Қатар қонған екі ауыл, кейде үш
ауылдың үлкендері қонаққа шақырысып, ана жақта келелі кеңес құрып жатса,
мына жақта суға барған қатындар құдық басында шұрқырасып, ымы-жымы
ыңғайласып, ыдыс-аяқтар араласа бастар еді; жастар жағы бәрінен бұрын жол
тауып, күнде-күнде күн батқанын асыға күтер еді де, қалай қас қарайды, солай
84
ауыл сыртындағы жазғы таң сары белден ағарып атқанша ақсүйек ойнап,
алтыбақан теуіп, ән шырқап ұлы түрсіл салар еді; қыста қалың түскен қар
қайсы бір жылдары көктем шығар-шықпаста қауырт еріп, көл табанға жиналған
ағыл-тегіл мол суға қаз, үйрек жаз бойы қанаты сылдырлап ұшып-қонып қиқу
сап жатыр еді. (Ә.Н.) Аят оқығанда күйеу Мағзұмның мақамына да салып алды;
құран оқығанда шарта жүгініп, көзін жұмып, сызылып отыруды да білді. (Ж.А.)
Қазақ тілінде салалас құрмалас сөйлемдердің қалыптасқан мынадай түрлері
бар: 1) ыңғайлас (мезгілдес) салалас; 2) қарсылықты салалас; 3) себеп-салдар
салалас; 4) талғамалы салалас.
176-жаттығу.
Көркем шығармалардан нүктелі үтірдің жоғарыда
көрсетілген ережелеріне байланысты екі мысалдан тауып жазыңыздар.
177-жаттығу. Сөйлемдердің қажетті тыныс белгілерін қойып, көшіріп
жазыңыздар. Қойылу себебін анықтап, ережесін еске түсіріңіздер.
Дауыс жер астынан шыққандай селк етіп зәресі зәндемге кетті жығылып
барып оңалды. (Ж.А.) Ұзын сапты ақ балтасын жарқылдатып құлаштай соғып
құлатылған қарағайларды бұтарлайды да жатады үнемі сөзбен де ісі жоқ әкем
сияқты үндемейтін бір пенде. (С.Ш.) Төңкерістің арғы жағында қазақтың
қанішер хандары батырлары парақор болыс би ауылнай ақсақалдары еңбек
жегіш байлары төңкерістің тап соғысының кезіндегі оқиғалар алашорда
осылардан да жазылғандар аз. (С.М.) Ін үстіне мүйіз тұяқтар тасырлап дүбірлеп
келді айқай-дабыр молайды. (М.Ә.) Күнікей күліп отырып томсарып қалады
томсарып отырып күліп жібереді біресе апасымен шартпа-шұрт келіп қалды
біресе жайдарымсып апасының мойнынан құшақтайды бір сағаттың ішінде
күзгі күндей қырық құбылады. (Ж.А.) Өздерінің сиырларын суарам ғой деп
барып еді Қартқожаның ол ойы болмады ауылдың сиыры қаптап кетті. (Ж.А.)
Бақпен асқан патшадан мимен асқан қара артық Сақалын сатқан кәріден еңбегін
сатқан бала артық. Айдын сөзінің қазіргі тіліміздегі негізгі мағыналары 1 айбын
күш-қуат 2 көлдің тұнық судың жарқыраған беті. Сегіз жарымда атыма мініп
генералға бардым генералдың да адъютанттың да қазір қолдары тимей жатқан
шығар деп көшеге тоқтадым да атымды дуалға байлап генерал атына мініп
шыққан кезде артынан қуып жетермін деген оймен үйдің іргесіндегі қалама
отырғышқа барып отырдым.
Жақша, оның қойылатын орындары
Мағынаға негізделіп қойылатын тыныс белгілердің бірі – жақша. Жақша
ішіндегі және сыртындағы сөздер өзара грамматикалық байланысқа түспейді.
Жақшаға алынатын сөздер сөйлем ішіндегі бір ойды не жеке бір сөзді
түсіндіреді, автордың белгілі бір нәрсе жайында көзқарасын білдіреді.
85
ЖАҚША
Қойылатын орындары
Сөйлемдегі
белгілі бір сөздің
мағынасын,
негізгі
ойды
айқындап,
қосымша түсінік
беру
үшін
қолданылатын
қыстырма мәнді
сөздер
Үзінді, мысал,
нақыл сөздің
шығу дерегін,
кімнен
алынғанын
көрсететін
түсініктер
Драмалық
шығармалардағы
ремаркалар
(автор
түсіндірмелері)
Мәтіндегі
кей
сөздің
мәні
екіұшты, күмәнді
болып келсе, сол
сөзден
кейін
қойылатын сұрау,
леп белгісі
Белгілі сөздерді
түсіндіруде
оның
аудармасы,
синонимі,
екінші
бір
тілдегі
баламасы
Таңбалар
жеке
ұғымдардың
(тілдік жағынан
қарағанда
жеке
сөздердің, тіркес-
оралымдардың)
шартты белгілері
ғана. (С.И.)
Қазақ тілі –
әрі бай, әрі
көркем
тіл.
(М.Әуезов)
Ынтықбай.
Шәрбан,
ағам
арбасын жекті
ме екен? Тысқа
шығып
келші.
(Кетеді.) (Ж.А.)
–
Әдебиетті,
–
дейді марксшілдер,
–
тіл
сияқты
қоғамдағы барлық
тап
бірге
жасамайды (?), әр
тап белгілі тарихи
жағдайға сай өз
әдебиетін
туғызады. (З.Қ.)
Өзі бір бөлімнің
бөлімшесінде
(подотделение)
орынбасарлық
қызметін
атқарушы
еді.
(Ж.А.)
178-жаттығу. Сөйлемдердің тиісті жеріне жақшаны қойып, көшіріңіздер.
Қойылу себебін анықтап, ережесін еске түсіріңіздер.
І. Ұлық алдына барған сайын өзі әрқашан ойындағы сөзін айта алмай ал
тілмаш арқылы сөйлескенде де бір түрлі айызы қанбай, шала құмар боп,
булығып шығатын-ды. Ә.Н. Әне, олар Гүлсарыны ұстағанын, басына қалай
басқа жүген кигізгенін өзінің жүгенін Танабай өліп кетсе де бермес көрді. Ш.А.
Қанапия күрсініп. Заман осылай болды, сәулем! Тым-тырыс. Тым болмаса,
Ынтықбай да қалмады. Шәрбану Қанапияның қолтығына кіріп, көзін сүртеді.
Сонда да үмітсіз шайтан деген ғой, ақырының қайырын тілейік. Ж.А.
Скульптура кескін өнерінде өнерпаз Дитрихтың жасаған бейнесі бойынша
Ташкент қаласында Науаиге зор ескерткіш қойылғалы отыр. М.Ә. Жанр қазіргі
әдеби практикада әрі әдебиеттің тегін эпос, лирика, драма, әрі әдеби
шығарманың түрлерін әңгіме, роман, баллада, поэма т.б. белгілейтін термин
ретінде екіұдайы мағынада қолданып жүр. Ә.Н. Мектептегі баладан басқа
мектеп программасынан тысқары жолмен қара халықты оқыту, қырға шығатын
мұғалімдердің қыр халқымен жақындасып, қалаған игілік жұмыстарын жұрт
құлағына тез сіңіруіне үлкен себеп болатын нәрсе – қара халықты оқыту үшін
мұғалімдердің жоғарғы курстағы оқитын сабақтары: 1 Халыққа қысқаша
лекция, сөйлеудің жөні, жақсы кітаптар, газет-журналдар оқып, түсіндірудің
жөні. 2 Ел арасында кітапхана ашудың жөні. 3 Театр жасаудың жөні һәм
басқалар болу керек. М.Ә.
86
ІІ.
Ол окказионалдық әдеттен тыс, сол контекстегі ауыс мағына, көп
мағыналық, метафора, метонимия, синекдоха, эпитет, теңеу, салыстыру,
гипербола сияқты түрлі көркемдік тәсілдер арқылы беріледі. (С.И.) Қара шұға
шалбары да ескінің жұрнағы ғой, қоңыр пенжегі де әлі сыны кете қойған жоқ,
қайырма жаға тақталы көйлегіне қара шұбар галстук те тағып қойыпты. (Ж.А.)
Әрі өз басының, әрі досының пайдасы бірдей табылған соң адам шын дос боп
жүреді әлде «шын ұлтшыл», «шын әлеуметшілдер» де сондай ма екен? (Ж.А.).
ХҮ-ХҮІ ғасырлар – қазақ ру-тайпаларының өз алдына халық народность болып
құрала бастаған дәуірлері. (Р.С.) – Жә, біздің ауылдың кісілері! Ахкем үйінде
қонақ болдың, ішер асыңды іштің Ахкем деп ол қайнағасы Тәкежанды айтатын.
Енді қайтыңдар. Малдарыңа, шаруаңа жөнел, түге! – деді. (М.Ә.) Қазақ
әдебиетінің сын мәселесінде біреуді «оңшыл» деп Садуақасов, Мұстанбаев т.б.,
біреуді «солшыл» деп Сәкен, Бәйділдин, мен т.б., енді біреулерді «байшылдар»
деп Мұхтар, Мағжан т.б. айыптайтын. (С.М.) Осылай жүрген Жанпейіс бір
сәтте орыстың сұлу қызына Жанпейістің өзі де сымбатты, бірсыдырғы кескінді
жігіт еді ғашық болады. (С.М.) Газеттің шығарушысы выпускающий боп негізі
шалақазақ Кәрім Балтабаев дейтін жолдас қызмет атқарады. (С.М.) Бірақ іштей
қара жылан Қарагөз бұл сезіміне осындай ат қойған өмірінде бұл күнге шейін
болмаған асаулықпен жүз толғанып иіріледі... (М.Ә.) Сенен «мынандайын»
шынашағын шошайтып аяған құдайды да тәйірі алсын! (Ж.А.)
179-жаттығу. Көркем шығармалардан үш мысалдан тауып, кестені талапқа
сай толтырыңыздар.
Сөйлемдегі
белгілі
бір
сөздің
мағынасын, негізгі ойды айқындап,
қосымша
түсінік
беру
үшін
қолданылатын қыстырма мәнді сөздер
Үзінді, мысал, нақыл
сөздің шығу дерегін,
кімнен
алынғанын
көрсететін түсінік
Драмалық
шығармаларындағы
автор түсіндірмелері
180-жаттығу. Сөйлемдердегі жақшаның қойылу себебін дәлелдеп
түсіндіріңіздер.
Ертедегі герман тайпалары ірі-ірі 5 топқа бөлінген: 1) гиллевиондар
Скандинавияның оңтүстігінен Дат аралдарын мекендеген; 2) ингвеондар
ютландияның оңтүстігінен бастап Эльба бойын, Солтүстік теңіз жағалауын
жайлаған; 3) иствеондар Везер мен Рейн аралығын қоныстаған; 4) эрминондар
Эльба бассейні мен жоғарғы Дунай аралығында болған; 5) шығыс герман
тайпалар тобы төменгі Одер мен Висла өзені сағаларында өмір сүрген. (Ә.Х.)
Тағы да осы көркем шығармалар арқылы жаргон деп танылып жүрген құлап
қалу (экзаменде екі алу – студенттер арасында), телик (телевизор), жатақ
(жатақхана), ақмағамбет (арақ), аққайнар (шампан) сияқтылар әдеби тілдің
игілігіне айналып бара жатқан жоқ па?! (С.И.) Осыны Көпбаев Әбдіраш былай
аударады: «Көрсетті бойына өлшеу! Бұл тіпті корольдердің де сыбағасына
сирек тиетін нәрсе (бәрінен бұрын тігіншілердің қолы тез жетеді) құдайшылық
жеріне (?!) жанасу – иығы, мойыны, қыпша белі, қыз балтыры». (Ә.Н.) Демек,
87
сөз құрайтын ең кіші тілдік бөлшек (единица) дыбыстар екен. (С.И.) Қалай
болғанда да аудармашы қазақ сөзін қатты талғамға сап, саралап, екшеп
жатпастан қолына бұрын ілінгенін ала салған салақтығынан (иә, тек
салақтығынан, әйтпесе олақтығы деуге аузымыз бармайды) келесі үзінділерден
әсіресе анық көреміз. (Ә.Н.) Ораз (мылтығын Қорабайға беріп). Мынаның көзін
жытыр! Мен бандыға кеттім. (Жөнеледі.) (Ж.А.)
Достарыңызбен бөлісу: |