46
ІІ БӨЛІМ
ПУНКТУАЦИЯ
Тыныс белгілері туралы жалпы түсінік
Тыныс белгілері – адамның ойын дәл, нақты, түсінікті, тиянақты етіп
жеткізетін, жазу тіліне қызмет ететін шартты белгі. Тыныс белгілері туралы
ілім пунктуация деп аталады. Ол латын тілінің «punctum» – «нүкте» деген
сөзінен алынған.
Қазақ тілінде төмендегідей тыныс белгілерінің түрлері қолданылады.
ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ
Нүкте
Сұрау
белгісі
Леп
белгісі
Көп
нүкте
Үтір
Нүктелі
үтір
Жақша
Қос
нүкте
Тырнақ
ша
Сызықша
Тыныс белгілері қойылатын орындарына қарай екіге бөлінеді:
1)
Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері: нүкте, сұрау белгісі, леп
белгісі, көп нүкте.
2)
Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілері: үтір, нүктелі үтір, жақша, қос
нүкте, тырнақша, сызықша.
СӨЙЛЕМ СОҢЫНА ҚОЙЫЛАТЫН
ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ
Нүкте
Сұрау белгісі
Леп белгісі
Көп нүкте
Кешкі
ауа
буалдырланып,
ала-бөле теңіз
жақ
түксиіп
тұрды. (Ә.Н.)
Сондай бір әлсіз үміт
ана
көңілін
алдарқатып, өң мен
түстің арасындай есірік
халде жүр ме? (Ә.Н.)
Былайғы кезде де
ажал
шеңгелі
адам жағасын бір
сәт босатпапты-
ау! (Ә.Н.)
Кезегі келгенде күн басына да
бір зауал төніп, қара кебінге
оранып, бар әлем тіл тартпай,
түн құшағына кіріп бара
жатады ... (Ә.Н.)
99-жаттығу. Сұралған тыныс белгілеріне сәйкес өзіндік мысалдарыңызды
келтіріп, кестені толтырыңыздар.
Әр
бірыңғай
мүшеден кейін
сұрау белгісінің
қойылуы
Екпінсіз
бұйрық
мәнді
сөйлем
Аяқталмаған
ойдан
кейін
көп нүктенің
қойылуы
Ұранды
сөйлем
Аяқталмаған ойдың бірінші бөлігі
сұрау мағыналы болғандықтан, сұрау
белгісі мен көп нүктенің қабаттасып
келуі
100-жаттығу. Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аударып, қандай
мәнде айтылып тұрғанын анықтаңыздар.
Үсік шалған қара қошқыл бетінің ұшына жас түйірлері қатып, мұз
бұршақтай бозарып тұр. (Ә.Н.) Қазандықтың астына қалаған сары қи маздап
жанып, үй іші жылына бастады. (Ә.Н.) Жасағанберген шоққа беті қызып,
47
маужырай бастады. (Ә.Н.) Биыл балық бағыты қалай, тереңге неге кетті,
тайызға қашан соғады? (Ә.Н.) Апырай, неткен кәусар, неткен желікті саумал
сүт еді сол! (Ш.А) Оһ, шіркін, неткен тәтті су десеңші, осы судан ішкізген
адамға құл болуға Гүлсары дән риза! (Ш.А.) Ал соғыс жылдарының ішінде
тұрғын үйлердің тұрпаты қандай болады десеші? (Ш.А.) Жан-жақтан соншама
қонақ жиналған астардың тірлігі аз бола ма? (Ш.А.) Мүмкін, Қаратай бұл жолы
да мәжілістерде әбден құлақ үйренген сөздерді естіп, одан келер-кетері шамалы
деп, ескі әдетінше аулына тарта бермек пе? (Ш.А.) Шіркін, конкурсқа қатысқан
соң, бәйге алып шығу деген қандай жақсы! (С.Ш.) Кеше Құнанбай, Бөжейдің
араздығын, жаманатын есітіп келген нағашы жұрт, енді артын күтіскенді көрсе,
көрсін! (М.Ә.) Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, шет жайлап, кітап қарап
сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе,
кім білсін? (Ж.А.)
101-жаттығу.
Мақал-мәтелдердің тиісті тыныс белгілерін қойып,
жаттығуды көшіріңіздер.
1) Ақ қалпақты көрінсе атакем менің демес пе Ақ жаулықты көрінсе енекем
менің демес пе 2) Білімдіге дүние жарық білімсіздің күні кәріп 3) Көтерем
түйеден безбе салтанатың емес пе Тебеген деп биеден безбе қос қанатың емес
пе 4) Еріншектің ертеңі таусылмас 5) Еңбек қылсаң ерінбей тояды қарның
тіленбей 6) Жаманмен жолдас болсаң кесірі жұғар жақсымен жолдас болсаң
несібі жұғар 7) Тарта жесе тай қалар қоя жесе қой қалар қоймай жесе не қалар
8) Білімсіздің сөзі білектей білімдінің сөзі жібектей 9) Тазалық денсаулық
негізі, денсаулық байлық негізі 10) Қарның ашса қазан ас ет болмаса сазан ас
сазан тамақ емес пе сазанды жұрт жемес пе 11) Өнер ағып жатқан бұлақ Білім
жанып жатқан шырақ 12) Қарап жатқан жыланның құйрығын неге басасың
Шағайын деп шапшыса неге шошып қашасың
102-жаттығу.
Мәтінді мәнерлеп оқып, хабарлы, сұраулы, лепті
сөйлемдердің тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріңіздер.
Орман Не деген сөз десеңізші бұл Оған тірелмейтін тіршілік бар ма адам
баласында
Ең алдымен, орман ішінің ауасын айтсаңызшы Оған жақындай бергенде-ақ
шөптің, шатырдың, жапырақтың, топырақтың, ағаштың, гүлдің, бір сөзбен
айтқанда, бүкіл табиғаттың хош иісі мұрынды жарады Неше түрлі нәрлі
жемістің қосындысынан жасалған керемет сусын іспеттес ауаны қайта-қайта
жұтумен боласыз
Орман дегеніңіз отар-отар мал іспеттес екен ғой өзі Сол отарлардан жыл
сайын мал бөлініп, халықтың азық-түлігіне, керегіне жөнелтіліп жатпай ма Сол
сияқты жыл сайын орманнан да ағаш кесіліп, халық қажетіне, мұқтажына
жіберіледі
Алтайдың елгезек өзендері: Бұқтырма, Күршім, Нарын, Үлбе, Уба облыстық
ағаш таситын арбасы есепті Олар тауда құрылыс ағаштарына арқаларын тосып
48
дайын тұрады Содан соң жұп-жұмыр бөренелер поезға тиеледі Қаз дауысты
тепловоздар оларды республиканың түпкір-түпкіріне тасиды
103-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып, өз көзқарастарыңызды білдіріңіздер.
Сөйлем соңында қойылған тыныс белгілерінің ережесін түсіндіріңіздер.
Сәлем...
Жаздың жайма-шуақ күні. Балтабек ағай баласы Батаймен кең көшенің
кестедей айшықты гүлзарының қасынан өтіп бара жатып, бірге өскен
құрдасымен кездесіп қалды:
– Ассалаумағалейкүм! – деп, ол Өтеннің қолын алды.
– Сәлем! – деп Батай күлімдеп иек қақты.
Былай шыға бере Балтабектің реңі бұзылып, қабағы түйіліп, көзін
жыпылықтата берді. Баласына адырая қарап ашуын төкті.
– Балам, мимырт болма!..
– Неге «мимырт» боламын, Жәке!
– Өтекеңмен жөндеп амандаспайсың ба? Иек қағып, танау көтере салатын
құрдасың емес ол.
– Сәлем! – дедім. Сәлемімді қабылдап, күлмең қағып, күле сөйлеп еді ғой...
– Балам, ондай үлкен кісіге «сәлем» деп иек қаға салмай, адамша амандасу
қажет. Амандасу – адамның амандығына қуанып, ақ ниет білдіру. Сәлем
бергенде де инабаттылық пен әдептілік, сыпайылық пен сыйласым керек. Қария
кісілермен «ассалаумағалейкүм» деп амандасады.
– Сөзіңіздің төркініне түсіндім, Жәке. («Халық тағылымы» кітабынан)
104-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып, сөйлем соңына тиісті тыныс
белгілерін қойып, көшіріңіздер.
Адам атын ардақта
Әскербек әкесімен әзілдей сөйлесіп, күлімдеп жүреді Әкесі Әлмен
баласының көңілді жүргеніне мәз болады Бірақ бүгін көңіл деген нәзік нәрсені
күте білмей Әскербек әкесін ренжітіп алды Оқиға ойда жоқта сөзбен шиеленісті
Мектептен жақсы баға алып, жайраңдап келген Әскербек әкесіне:
– Әлмен Әлменович, әдебиет сабағынан бес алғанымды хабарлаймын – деді
Әншейінде танадай қара көздерін күлімдетіп, баласына елжірей қарайтын,
бұл жолы қалың қасты қабағын қарс жауып алды
– Балам, бойың менен биік бола бастағанға, ойың да биік бола ма десем
– Құлдық ұрып, құлшылық етуге әзірмін, көке Не кінәм бар
– Әдептілік әкені құрметтеуден басталады
– Құрақ ұшып, құрмет көрсетіп тұрған жоқпын ба
– Мені «көке» деуші едің, енді тең құрбыңдай тергейтін болыпсың «Ұрыс
«сен» деген сөзден шығады» дейді халық
– Аты-жөніңізді толық айту да айып па
49
– Қазақ атам ұрпағын әрбір адамды құрметтей білуге үйретеді Ал адамды
құрметтеу үшін атын ардақтап, дәрежесін көтеріп, жасы мен туыстық қатысына
қарай ата, әже, апа, шеше, көке, тәте, жәке, аға, ағатайым, нағашы, жиен, бөле
деу керек
– Көке, кешіріңіз, шынында да, сый-құрмет көрсету осындай ұсақ-түйектен
басталады деп ойлаған жоқ едім
– Бұл рәсім ұсақ-түйек емес, ат тергеу – адамгершіліктің белгісі
– Ат тергеу келіндердің ғана міндеті емес пе
– Адамды өз атымен атамай, тіпті болмаса атының соңына сыпайылап «еке»
деген жұрнақты қосып айту – үлкен дәстүр «Көкем», «Апам», «Ағатайым»,
«Атам» деген сөзді қосып айту – сыпайылық Ол – халықтық дәстүр, мән қояр
мәдениет белгісі («Халық тағылымы» кітабынан)
Нүкте, оның қойылатын жерлері
Нүкте екі түрлі қызмет атқарады: 1) белгілі бір ойдың аяқталуына
байланысты қойылады; 2) драмалық шығармаларда кейіпкер атынан кейін,
қысқартылып алынған адам есімдері, кіші әріппен жазылған қысқартулардан
кейін т.б.
Нүктенің қойылатын орындары
Мысалы
Хабарлы сөйлемнен кейін
Ол торға салған бір асымдай тоң балықты
босағаға тастай салды. (Ә.Н.)
Жай, лепсіз айтылған бұйрық, тілек мәнді
сөйлемдерден кейін
Жақсы аттың жалын сақтағанша, Жақсы
жігіттің арын сақта. (Мақал)
Цифр не әріптер арқылы санамаланып
айтылған сөйлемдерден кейін
Дүниядағы жұрттың тілі негізінде үшке
бөлінеді: 1) Түбіршік тіл. 2) Жалғамалы тіл. 3)
Қопармалы тіл. (А.Б.)
Санамалы нөмірді белгілейтін айшықсыз
қолданылған цифр не әріптен кейін
Сөйлемдердің құрмаласуы екі түрлі: 1. Сыйыса
құрмаласу. 2. Қиыса құрмаласу. (А.Б.)
Драмалық шығармалардағы әр кейіпкердің
атынан кейін
Ұмсынай. Мейлілерің, қарақтарым, мен не
қылайын, тек іші құтты болсын. (Ж.А.)
Кейіпкердің сөзіне қатысы жоқ, автордың
түсінігі ретінде айтылған ремаркадан кейін
Ораз. Омыраулама! (Мылтығын оқтанып.)
Қалай аласың? (Ж.А.)
Бас әріптерінен не басқы буынынан
қысқартылып алынған адам, кітап, газет,
журнал, шығарма аттарынан кейін
Қазақ әдеби тілінің тарихы, басталу кезеңі,
қалыптасу дәуірлері туралы Ғ.Мұсабаевтың да
пікірлері бар. (С.И.)
Тағысын тағы, тағы сондайлар, тағы
басқа деген сөздер қысқартылып алынғанда
Бұл кезеңнің әдеби тілін байқататын тілдік
материалдар
Махамбет,
Шөже,
Дулат,
Шортанбай, Шернияз, Жанақ т.б. ақындардың
шығармалары болып табылады. (С.И.)
Жақшаның алдындағы сөйлем аяқталып,
тыныс белгілерінің бірі қойылса, қыстырма
сөйлемнен кейін жақшаның ішінен нүкте
қойылады
– Жоқ, көк тиыным жоқ, ағай, – деп бала шын
пейілімен жыртық қалтасын айналдырып
көрсетті. (Екінші қалтасын тігіп тастаған екен.)
(Ш.А.)
50
105-жаттығу. Сөйлемдердегі нүктенің қойылуына назар аударып, себебін
түсіндіріңіздер.
Қазақ ертегілерін шартты түрде мынадай топтарға бөлеміз: а) Қиял-ғажайып
ертегілер. ә) Хайуанат жайындағы ертегілер. б) Салт ертегілер. в) Балаларға
арналған ертегілер. г) Аңыз ертегілер, күй аңызы. (М.Ә.) Күннің бұлыңғырынан
ба, жоқ ымырт таяу ма, әйтеуір, айнала боран болғанмен, болжап болмастай
қою сұр мұнар қоршауында тұр. (М.Ә.) Тобықты ішінде Құнанбай айтты деген
сөздердің ішінде, «философ» айтарлық ақиқат сөздердің мына сияқтысы бар: 1.
Құл мен қожа майданда теңеледі, жас пен кәрі білімде теңеледі, бай мен кедей
жомарттықта теңеледі. 2. Адамның қай мінезі өнері болса, сол мінезі айыбы
болады. 3. Кісі айыбын айтпақтан оңай жоқ, өз айыбыңды өзің айтқаннан ауыр
жоқ. (М.Ә.) Қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдері Н.Сауранбаев, С.Аманжолов,
Ғ.Мұсабаев, М.Балақаев, Р.Сыздықова, Б.Әбілқасымов және басқалары өз
еңбектерінде қазақ әдеби тілінің тарихи бастауы, қалыптасу жолдары мен
кезеңдері сияқты мәселелер жөнінде пікірлерін білдірген. (С.И.) Ақшаға сатып
байығандары да аз емес. («Ей, балам, ақша жүрген жерде әділетке, адалдыққа
орын жоқ», – деп бұрынғылар бекер айтпаған.) (Ш.А.)
Артқан түйеңнен
сиынған иең күшті болсын. (Мақал) Арсақай. Тұз бермек түгіл, у берсең де
берші, жарқыным! (Домбыраның құлағына, тиегіне түкіріп, шерте бастайды.)
(Ж.А.)
106-жаттығу.
Сұраулы,
лепті
сөйлемдерді
хабарлы
сөйлемге
айналдырыңыздар.
Сонда ана Сегізбаевтар мен Қашқатаевтардың айтқаны дұрыс емес екенін
Шора шынында сезбей ме? (Ш.А.) Адам баласына бір-ақ рет берілетін өмірді
қалай ғана дәті барып қия алады? (Ш.А.) Әлгі ғаріп қайғы-мұңын кімге барып
шағарын білмей, шыр айналып, шырқырап жүр, селт етіп, оның зарын сезеді
деген жан болсашы! (Ш.А.) Үш бұзаулы сиыр, кер құнажын, екі тайыншадан
басқа, шауқар мен көк байталдан басқа мал бар ма? (Ж.А.) Жүністен жаңа хат
танып, үшкөлге барам деп жүргенде, мұндай күйге ұшырадым-ау! (Ж.А.)
Туғалы ұзап шықпаған, бауырмал әженің бауырында еркелеп өскен, үлбіреген
балапан жүректі Қартқожа қайтіп сүймесін? (Ж.А.) Туған жердің қадірін туғалы
түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін? (Ж.А.) – Ғылым атынан тағлым
айтады десе, топастыққа топастық, жауыздыққа жамандық қоса түскені несі?! –
деді. (М.Ә.) – Әттең, шіркін бала шақ! – деген Базаралының өз бетімен айтқан
арманды тынысы дәл Абайдың ішімен сырласудан туғандай. (М.Ә.) – Е, ондағы
ұстазын білмейсің бе? Үлгі алатын Қалдыбай ғой! – деп, Кәкітай тың адамның
атын атағанда, көпшілік сол адамның бәріне мәлім күлкі мінезін еске алды.
(М.Ә.) – Сол қаланың бар көшесінде өткен балалық шағың да түспей ме есіңе?
– деді ол шешесіне. (Ғ.Мүс.) Оның үстіне орталықта үйлері бар, бала-шаға,
кәрі-құртаңдары бар емес пе? (Ғ.Мүс.)
107-жаттығу. Төмендегі сөйлемдердің тиісті жеріне нүкте қойып,
жаттығуды көшіріңіздер. Нүктенің қойылу себебін түсіндіріңіздер.
51
Тобықты ортасында Құнанбай айтты деген сөздердің ішінде едәуір ойшыл
адам айтарлық терең сөздердің мына сияқтысы бар: 1 Адамның қай мінезі өнері
болса, сол мінезі айыбы болады 2 Кісі айыбын айтпақтан оңай жоқ, өз
айыбыңды өзің айтқаннан ауыр жоқ 3 Өткен істен оңай жоқ 4 Арымнан жаным
садаға, жанымнан малым садаға деген сияқты (М.Ә.) Күні-түні осылай мақтау-
мадақтаудың өзара шайқасы өтіп жатты («Ей, балам, жыршылар сөз қуып,
бірімен бірі жарыса бастаса, жырдың да, сөздің де құны қашады Ақырында
олар жыршыдан жырдың жауына айналады») (Ш.А.) Бәйділда (жігіттерге
қарамайды, екі көзі Рәбиғаны ішіп-жеп барады) Ертеден қара кешке... ертеден
қара кешке... есің шығып... есің шығып... (Жолында жатқан домбыраны есікке
қарай лақтырады) Домбыра, ойын-сауық... Қыз ойнақ... Жынның ойнағы...
(Жігіттер жөнеледі) (Ж.А.) Көзің ауырса, қолыңды тый, Ішің ауырса, аузыңды
тый (Мақал) Мүсілім Құдай жеткізсе, осы сайлауда болыс болғанымды
көрерсің (Ж.А.)
108-жаттығу. Драмалық шығарманың тиісті тыныс белгілерін қойып,
ережесін түсіндіріңіздер.
Ұмсынай Қанапияға алақанын көлеңкелеп сығалап қарап Қарағым-ау
Қанашпысың
Қанапия Иә шеше Жүріп бара жатыр едім Қош айтысайын деп келдім
Ұмсынай Ынтықбайды біз де жаңа жөнелтіп Шәрбанжан екеуіміз жылап-
жылап жаңа басылып отыр ек
Қанапия Тірі кетіп бара жатқан кісіге жылай ма екен Аман болсақ бір
күнгідей де болмайды
Ұмсынай Оның рас қой қарағым Сен бұрын түзге үйреніп қалдың ғой Біздің
жалғызды айтсайшы Әжең байғұстың да құр сүлдері қалған шығар
Қанапия Қайтсін құдайдың салғанына көнеді де Жолдастар ұзап кеткен
шығар мен жүрейін дәм ауыз тигізіңіз шеше
Ұмсынай Тигізейін қарағым Наннан үлкен дәм жоқ деуші еді бауырсақ
берейін қарағым Тәрелкеге бауырсақ салып орамал жайып алдына қояды
Қанапия бір бауырсақты аузына салып Шәрбану сен де ал
Ұмсынай Қарағым Қанашпен бірге сен де же Бір дастарқаннан дәм татқанша
әлдене заман Шәрбану бір бауырсақ алады Мен алайын Алып жейді
Қанапия дастарқанды қайырып Абиыр бер Аман сақта Аллакпар де Бата
қылады
Ұмсынай Ей жасаған-ай сақтай гөр
Қанапия түрегелді өзгелері де тұрады Қош енді шеше Ұмсынайдың қолын
ұстайды
Ұмсынай жыламсырап бетінен сүйіп Қош қарағым қош Шәрбану құрбыңды
аттандыр қарағым Қанапия Шәрбану шығады (Ж.Аймауытов «Қанапия мен
Шәрбану»)
52
109-жаттығу. Драмалық шығарманың тыныс белгілеріне назар аударып,
жұптаса оқып шығыңыздар. Қазақша киім үлгісі түрлерінің өзіндік
ерекшеліктерін айтыңыздар.
Айсұлу (ауыз үйден келіп, айнаға барып, шашын, кимешегін түзетіп). Бәтіш-
әй! Әй, Бәтіш!
Батима (төр үйден). Немене?
Айсұлу. Менің киімдерімді алып берші, қажының тойына шақырып кетті
ғой, барып келейін.
Батима. Киімің абдырада, төрдегі үйге барып кисеңші.
Айсұлу. Мен келгенше үйден шықпа. Біреу бірдеңені алып кетер, жалғыз
отыруға қорықсаң, Биғашты шақыртып ал. Екеуің ойнап отыра тұр, мен де көп
болмаспын.
Батима. Апа-ау! Биғаш жасыл сәтеннен бір көйлек тіккізіпті, көрдің бе?
Айсұлу. Қазақша мекен? Ноғайша мекен?
Батима. Ноғайшадағы, осы күнде қазақшаны кім киюші еді?
Айсұлу. Кім тігіпті?
Батима. Мәдескеге тіккізіпті, бойға бір түрлі қонады.
Айсұлу. Мәдеске тіккен соң, жаман бола ма?
Батима (белін қысып). Белі денеге жабысып тұрады, етегі былайлау кең
келген. (Омырауын көрсетіп.) Мынадан былай тағып тастаған, үлкен жасыл
түйме, етегі келтелеу бір түрлі жарасады!
Айсұлу. Тәйірі, орыстікіндей сылаңдаған бірдеңе де.
Батима. Апау, осы ноғайлардың өзі орысша киіп жүрген жоқ па? Жаңа моды
сол емес пе?
Айсұлу. Етекті қымтауға келмеген соң не киім сәндігі бар?
Батима. Ие, бәрібір, көк паплиннен сондай бір көйлек тіктіріп аламын.
Айсұлу. Қоя тұр енді не болса соған әуес болмай. (Ж.Аймауытов «Сылаң қыз»)
110-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып шығып, нүктенің қойылуына назар
аударыңыздар. Қалай сәлемдесу керектігіне мән беріп, оны есте сақтаңыздар.
Сәлемдесу әдебі
Әркім сәлемдесу міндетін ғана емес, сонымен қатар сәлемдесу әдебін білуі
және өзінің қас-қабақ, бет-жүз, дауыс құбылысын қадағалап, алдындағы адамға
жақсы әсер қалдыруға талпынуы тиіс.
1. Сәлемдесудің әдеп тұрғысынан алғандағы ең басты шарты – жылы лебіз.
2. Қабағын түнертіп, жүзін суытып немесе сүйкімсіз тыржиып, естілер-
естілмес сәлем беріп, міндетімнен құтылдым деу – ізеттілік емес, керісінше,
кісінің көңіліне қаяу түсіретін қылыққа жатады.
3. Сәлемді селқос қабылдау, қолының ұшын ғана беріп кекірею,
жақтырмаған кейіп таныту – инабатсыздық, тәкаппарлық, парасатсыздық,
көргенсіздік белгісі. («Әдептілік қағидалары» кітабынан)
53
Сұрау белгісі, оның қойылатын орындары
Сұрау белгісі, негізінен, сұраулы сөйлемнің соңына қойылатын таңба болып
табылады. Сұраулы сөйлем деп жауап алу мақсатында жүзеге асатын сөйлемді
айтады. Сұраулы сөйлем екі түрлі жолмен жасалады:
1)
грамматикалық белгілер арқылы; 2) интонация арқылы.
СҰРАУ БЕЛГІСІ
Қойылатын орындары
Сұраулы
сөйлемдерден
кейін
Бірыңғай жеке сөздер не
сөз
тіркестері
сұрау
интонациясымен
айтылғанда
Жауап
қайтаруды
тілейтін,
таза
сұраулық мәні бар,
амандасқанда
айтылатын
толық
сөйлемдерден кейін
Сөйлемдегі
бір
сөздің мәні екіұшты
болып,
күмән
тудырғанда
жақшаға алынады
Бала бұл жағын
білмейтін,
шынында балаға
мұндайды біліп
керегі не? (Ш.А.)
Шауып ала ма? Сотқа бере
ме? Өлтіріп жібере ме?
Өртеп жібере ме? Қалайда
не бірін, не бәрін істеуге
елдің беті түзелді. (Ж.А.)
– Е, Жаңбырбай, мал-
жан аман ба? – деп
Жылтыр
ұшып
түрегеліп, шұрқырай
кетті. (Ж.А.)
Тарта берер алдыға,
ұмтыла
берем
балаша (?)
111-жаттығу.
Төмендегі хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге
айналдырыңыздар.
Танабай осыны айтып, уақыт шіркін мына жорғаның шабысындай болып
көзді ашып жұмғанша өте шыққанына өкінді. (Ш.А.) Жаз айының жадыраңқы
күнінде Танабай сайда пішен шауып жатқан. (Ш.А.) Сол сапарда көз ұшынан ол
шауып бара жатқан жорғаның шаңын байқап қалып еді. (Ш.А.) Көз үйреніп,
ішіндегі адамдарын анық түстегеннен кейін бұл үйде қорқарлық дәнеме жоқ.
(Ғ.Мүс.) Ақ күртіктің үстімен келе жатқанда әуелі Қалишаның үйін көрмейсің,
үйдің төбесінде жатқан пештің мойнын жабатын күл дорбаны көресің. (Ғ.Мүс.)
Оспанның бір тума қарындасы тәрізді, өзіне ұқсас, өзімен тұтас қара бәйбішесі
бар. (Ғ.Мүс.) Қимылдаған адам айып тартатындай ешкім тырс етіп дыбыс
шығармады. (Ғ.Мүс.) Жеті қараңғы түнде ауылдың ту сыртында Итемген мен
Оспан отыр. (Ғ.Мүс.) Жүністі бір жарлауыттың астына тастап, Қартқожа
бүкшеңдеп, буыны сыртылдап, Шамкештің іргесіне келді. (Ж.А.) Елге
келгеннен бері қарай Мағаш пен Кәкітайлардан Әбіш көп нәрселер естіп
қалған-ды. (М.Ә.)
112-жаттығу. Мәтіндегі сөйлемдердің тыныс белгілеріне назар аударып,
сұраулы сөйлемдердің қалай жасалып тұрғанын талдап көрсетіңіздер.
Уәде беру оңай болғанмен, сонау таудың ұшар басындағы құшақ жетпес
қарағайды қырқып, төменге жеткізу оңай ма? (Ш.А.) Осының барлығы
Оразқұлдың хайуандығынан, ақыр беретін дүниесі болған соң, тым болмаса бір
ай бұрын кесіп, шамалы дегдітпей ме? (Ш.А.) Жаман айтпай, жақсы жоқ, ертең
өзі көз жұмса, жанашыр маңында ешкім қалмаса, бұл бейбақтың халі не
54
болмақ? (Ш.А.) Мына жұмысқа араласуға Оразқұл рұқсат бере ме, жоқ па?
(Ш.А.) Туған қызым, мен саған бақытты өмір тілемейді деймісің? (Ш.А.) Туған
жердің артығын, жазатайым іс етіп, күштілерге күш етіп, еріксіз елден
айырылған, шеттен дәмі бұйырған, жаттан сыйлау көрмеген ер білмесе, кім
білсін? (Ж.А.)
Достарыңызбен бөлісу: |