Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет22/107
Дата08.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#55756
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   107
Байланысты:
Пунктуациясы

 


25 
66-жаттығу. Көркем шығармадан шылау сөздердің жазылуына екі-үш 
мысал теріп, кестені толтырыңыздар.
Шылау сөздердің жазылуы 
Мысалы 
Бірге 
Бөлек 
Дефис арқылы 
67-жаттығу. 
Төмендегі 
шылауларды 
қатыстыра 
отыра 
сөйлем 
құрастырыңыздар. 
Қарай, туралы, түгіл, үшін, тарта, соң, бұрын, қатар, бірге, мен, бірақ, да, 
кейде, өйткені, әйтпесе, ма, ше, ғана, ау, мыс. 
68-жаттығу. Шылаулармен тұлғалас келетін қосымшаларға мысал келтіріп, 
өзара салыстырыңыздар. 
Үлгі:
Шылау түрі 
Шылаумен келген сөйлем
Қосымшамен келген сөйлем 
Да, де, та, те 
Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық. Тоқтығыңда 
жараспаған, 
аштығыңда қараспайды. 
Ды, ді, ты, ті 
Жолшыбай 
аптап 
ыстық 
еңсемізді 
көтертпей қойған-ды. 
Қызылбалақ оқыстан дүр-дүр 
сілкініп қалды. 
69-жаттығу. Жақша ішіндегі шылау мен қосымшаларды өзара ажыратып, 
мақал-мәтелдерді көшіріп жазыңыздар. 
І. Бейбіт ел(де) береке бар. Туған жердің ауасы(да) шипа. Басшысыз ел(де) 
береке болмас. Есің бар(да) елің тап, есер болмай, етек жап. Естімеген ел(де) 
көп. Қалыптан шықсаң(да), халықтан шықпа. Көзсіз күнелтсең(де), көпсіз 
күнелте алмайсың. Біз(де) кісі болармыз, атқа кісен салармыз. Дүние(де) тас 
қатты, тастан(да) бас қатты. Темір сырын от(та) танытады, адам сырын жоқ(та) 
танытады. Жақсының басына іс түссе, ашынар(да) ашылар. Жаманның басына 
іс түссе, бір тулар(да) басылар. Жаман(да) болса аман болсын. Көшкен жұрттың 
қадірі қонған(да) өтер, ер жігіттің қадірі өлген(де) өтер. Үй(де) оңбаған 
түз(де)(де) оңбайды. Жақсы(да) жаттық жоқ, жаман(да) жақындық жоқ.
ІІ. Тау(мен) тау кездеспейді, Адам(мен) адам кездеседі. Ел(мен) көгерген 
еленбес. Көшер(мен) елге жұрт жаман, кетер(мен) қызға үй жаман. Жаман(мен) 
егес, жақсы(мен) кеңес. Қожа(мен) молданы басындағысынан білерсің, бек(пен) 
төрені қасындағысынан білерсің. Аталы сөзге арсыз қайырар, ақ(пен) қараны 
шындық айырар. Хан ұйғарса, хан түйесін соймас(па)? Көл(де) жүрген қоңыр 
қаз шөл қадірін білер(ме), шөл(де) жүрген дуадақ көл қадірін білер(ме). Он екі 
мүшең сау болса, жарлымын де(ме), жаныңда жараң болмаса, зарлымын де(ме). 
Жаңбыр(мен) жер көгереді, алғыс(пен) ер көгереді. Сауысқан шоқыған(мен) тоқ 
болмайды.


26 
Одағай сөздер естілуінше (айтылуынша) жазылады. Сондықтан бір одағай 
екі-үш түрлі болып жазылуы мүмкін: ойпырай, ойпырой, ойпыр-о-ой, ойпырмай, 
ойпырмау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет