Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет31/107
Дата08.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#55756
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   107
Байланысты:
Пунктуациясы

 
93-жаттығу. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінің жазылуы мен 
айтылуындағы айырмашылықтарды түсіндіріңіздер. 
Көзқарас, түкірік, әркім, көркем, ақ ала, он қап, ақ ешкі, өнеркәсіп, 
Кеңесбаев, күрек, көбелек, ала кел, сарыкүйік, омыртқа, құс жолы, қара қағаз, 
әрқашан, сиыр қора, Есжан, сәнқой, бес жыл, жұмысшы, ақ аю, қара өлең, 
қоңырқаз, қоңырау, сары аяз. 
94-жаттығу. Естілуінше жазылған өсімдік атауларын орфография заңы 
бойынша жазып, себебін түсіндіріңіздер. 
Айғабақ, бійеғарын, сұуғабақ, қойамбеде, айылғыйақ, байалыш, қышшөп, 
доңұссырт, айагөз, ешкіғұйрұқ, жамаңғұлақ, жөтөлшәй, запраңгүл, ійреккүл, 
ағжұусан, ійтшұуа, ағжүзгөн, кійігот, бұуұлдұқ, көгнәр, айұуот, қарот, 
божжұусан, ағжүгөрү, ырайхаңгүл, ақпас, сабыңгөк, ағмыйа, саңрауғұлақ, 
айрауұқ, ташшарған, балбырауұн, ақпійдай, түйнөгөлөң, айылжұуа, қарөлөң, 
балғұурай, ійтмұрұн, сұупыйаз, шәйжапрақ, ійтшеміс, інжүугүл. 
 
95-жаттығу. Айтылуы мен жазылуы бірдей зоологиялық терминдерді бір 
бағанға, айтылуы мен жазылуы бөлек зоологиялық терминдерді екінші бағанға 
топтап жазыңыздар. 
Ақбөкен, ақбалық, ақүрпек, алагүлік, алақұрт, аламан, арабалық, атсілеусін, 


35 
балара, батбат, берікбас, бунақдене, бұзаубалық, бұраубас, бұршаққоңыз, 
есекара, жайра, жарғаққанаттылар, заузақұрт, киізқұрт, көкшыбын, күнбалық, 
кірпікшешен, кіс, қаракүзен, қарақал, қарақұлақ, қозыбас, құмқұрт, құршаян, 
мәлін, пайызторғай, сазқұндыз, семсербалық, сымыр, түзат, шіл. 
96-жаттығу. Төмендегі мәтінді орфоэпия заңдылығына сәйкестендіріп 
жазыңыздар. Өзгеріске түскен сөздердің себебін түсіндіріңіздер. 
...Кәрі аңшы Ақшегірдің томағасын тартып, үндемей тасқа шүйіліп отыр еді. 
Бір мезгілде алыстағы қағушының айғайы естілді. Ақшегір елең етіп, барлық 
үлкен денесі екі ғана отты шегір көз болғандай болып, қызыл тасқа шаншылып, 
қадалып қалды. Артынан аз уақытта аңшының қолынан атып жөнелді. Сол 
кезде қызыл тастың аңшыларға қараған қарсы беттегі бір жарықтан түлкі етекке 
қарай шұбатыла берді. Ақшегір аңшылардан бұрын қабат тастың арасынан 
қылп еткен жонын көрген екен. Денесі ыстық оттай қайнаған шыдамсыз қыран 
жай отындай жарқ етіп, аспанға шықты. Етекке түсе алмай асығып, қарбаласып 
қалған түлкі ежелгі кекті жауын кең жерге шығып тоса алмай, қызыл тастың 
қия бетінде құйрығын шаншып, керіп тұрып қалды. Майданға шығып, 
қызықтырып тұрған жерін көрген қыран айналып, аспандап көтеріле берді. 
Аспандаған сайын жынын шақырған қара бақсының қабағындай төңкеріліп, 
қайта-қайта түйіліп, көтеріліп, күші мен ызасын жиып жүрді. Аяғында жерге 
қарсы қасқарып, төсін төсеп, бір екпіндеп көтеріліп алып, бетін бұра сала 
түлкіге қарай шаншыла жөнелді. (М.Әуезов «Бүркіт аңшылығының суреттері») 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет