Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет38/107
Дата08.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#55756
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   107
Байланысты:
Пунктуациясы

105-жаттығу. Сөйлемдердегі нүктенің қойылуына назар аударып, себебін 
түсіндіріңіздер. 
Қазақ ертегілерін шартты түрде мынадай топтарға бөлеміз: а) Қиял-ғажайып 
ертегілер. ә) Хайуанат жайындағы ертегілер. б) Салт ертегілер. в) Балаларға 
арналған ертегілер. г) Аңыз ертегілер, күй аңызы. (М.Ә.) Күннің бұлыңғырынан 
ба, жоқ ымырт таяу ма, әйтеуір, айнала боран болғанмен, болжап болмастай 
қою сұр мұнар қоршауында тұр. (М.Ә.) Тобықты ішінде Құнанбай айтты деген 
сөздердің ішінде, «философ» айтарлық ақиқат сөздердің мына сияқтысы бар: 1. 
Құл мен қожа майданда теңеледі, жас пен кәрі білімде теңеледі, бай мен кедей 
жомарттықта теңеледі. 2. Адамның қай мінезі өнері болса, сол мінезі айыбы 
болады. 3. Кісі айыбын айтпақтан оңай жоқ, өз айыбыңды өзің айтқаннан ауыр 
жоқ. (М.Ә.) Қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдері Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, 
Ғ.Мұсабаев, М.Балақаев, Р.Сыздықова, Б.Әбілқасымов және басқалары өз 
еңбектерінде қазақ әдеби тілінің тарихи бастауы, қалыптасу жолдары мен 
кезеңдері сияқты мәселелер жөнінде пікірлерін білдірген. (С.И.) Ақшаға сатып 
байығандары да аз емес. («Ей, балам, ақша жүрген жерде әділетке, адалдыққа 
орын жоқ», – деп бұрынғылар бекер айтпаған.) (Ш.А.)
Артқан түйеңнен 
сиынған иең күшті болсын. (Мақал) Арсақай. Тұз бермек түгіл, у берсең де 
берші, жарқыным! (Домбыраның құлағына, тиегіне түкіріп, шерте бастайды.) 
(Ж.А.) 
106-жаттығу. 
Сұраулы, 
лепті 
сөйлемдерді 
хабарлы 
сөйлемге 
айналдырыңыздар. 
Сонда ана Сегізбаевтар мен Қашқатаевтардың айтқаны дұрыс емес екенін 
Шора шынында сезбей ме? (Ш.А.) Адам баласына бір-ақ рет берілетін өмірді 
қалай ғана дәті барып қия алады? (Ш.А.) Әлгі ғаріп қайғы-мұңын кімге барып 
шағарын білмей, шыр айналып, шырқырап жүр, селт етіп, оның зарын сезеді 
деген жан болсашы! (Ш.А.) Үш бұзаулы сиыр, кер құнажын, екі тайыншадан 
басқа, шауқар мен көк байталдан басқа мал бар ма? (Ж.А.) Жүністен жаңа хат 
танып, үшкөлге барам деп жүргенде, мұндай күйге ұшырадым-ау! (Ж.А.) 
Туғалы ұзап шықпаған, бауырмал әженің бауырында еркелеп өскен, үлбіреген 
балапан жүректі Қартқожа қайтіп сүймесін? (Ж.А.) Туған жердің қадірін туғалы 
түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін? (Ж.А.) – Ғылым атынан тағлым 
айтады десе, топастыққа топастық, жауыздыққа жамандық қоса түскені несі?! – 
деді. (М.Ә.) – Әттең, шіркін бала шақ! – деген Базаралының өз бетімен айтқан 
арманды тынысы дәл Абайдың ішімен сырласудан туғандай. (М.Ә.) – Е, ондағы 
ұстазын білмейсің бе? Үлгі алатын Қалдыбай ғой! – деп, Кәкітай тың адамның 
атын атағанда, көпшілік сол адамның бәріне мәлім күлкі мінезін еске алды. 
(М.Ә.) – Сол қаланың бар көшесінде өткен балалық шағың да түспей ме есіңе? 
– деді ол шешесіне. (Ғ.Мүс.) Оның үстіне орталықта үйлері бар, бала-шаға
кәрі-құртаңдары бар емес пе? (Ғ.Мүс.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет