Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет46/107
Дата08.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#55756
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   107
Байланысты:
Пунктуациясы

 
122-жаттығу. Төмендегі сөйлемдердегі көп нүктенің қойылу себебін 
түсіндіріңіздер. 
Қайырып берген зеренді де алмай, ұршық ұстаған қолы тізесіне түсіп 
отырып қалды ... (Ә.Н.) Тек бірақ рет Шораға деген сеніміне шек келтірді, бірақ 
оған көбінесе Танабай өзі кінәлі еді... (Ш.А.) Құлыным, Қайырлым... қайда 
жоғалып кеттің ... – деп, әлсіз ғана шыққан дауыс естіледі. (Ғ.М.) Гүлсары 
сонда таныс соқпақ жолға түсіп, сонау өзен сыртындағы жайлауға тартып бара 
жатады... (Ш.А.) Бағзы бір замандарда барымтаны осылай алып қашып, жаралы 
батырларды жау қолына түсірмей қауіп-қатерден осылайша қаумалап алып 
шыққан болар-ау... (Ш.А.) Күн райы қысып кетпесе, бірдеңе етіп лаждап 
шығармыз, қайтеміз... (Ш.А.) Ойша санай бастады. «Шет тілін біледі, машина 
жүргізе біледі... біледі... Би?.. Әрине, биді өте жақсы билеуге тиіс». (С.Ш.) 
Аянғаны болған жоқ, қолынан келгенін жасады бәрі де... (С.Ш.) 
123-жаттығу. Көп нүктенің сұралған әр түріне екі мысалдан теріп, кестені 
толтырыңыздар. 
Көп нүктенің қойылуы 
Мысалы
Алынған дәйексөздің арасынан сөйлем не сөздер қалдырылған жағдайда 
Жазушы айтып келе жатқан оқиғаның жалғасын созбай тоқтатқан жағдайда 
Айтып келе жатқан ойға кенет, тосын, күтпеген не алшақ жатқан нәрсе 
қосылып кеткенде 
Сөйлеушінің белгілі бір себептермен (ентігу, тұтығу, асып-сасу т.б.) 
сөздерін, ойын бөліп айтқанда 
124-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, көп нүктенің қойылу себебін 
түсіндіріңіздер. 
Жолда 
(үзінді) 
... Ауылда жүргенде қысы-жазы дөң басында өтетін кеш, қазір тағы да бір 
өзгеше боп серпілтіп, өз қуатын айрықша білдіріп, Абайға қатты әсер етеді... 
Өзі салмаса да, Абай қаршыға салған үлкендердің қасына өткен жазда көп 
еріп еді. Сонда ымырт жабыла бергенде, апақ-сапақта, кеш қараңғылығы 
қоюланған сайын, көк қаршыға, өрттей қаршыға, секунд санап жалындай 
шалқып, жайнай беруші еді... Абай өз ойын, өз көңілінің күйін мына кеште дәл 


59 
сол шабыттағы беті қайтпас қаршығадай сезді. Бүгін бір түрлі сергектік
сезімділік бар... 
Өзге күндерден дәл бүгінгі күннің уақиғалары әлдеқайда бөлек. Күндізгі 
әкелер, әлгі Шөже, жаңағы Бөжейлер... Бір Қарқаралы қаласының алақандай 
аясының ішінде болғанмен, осы адамдар арасы соншалық кереғар. Тіпті 
дүниенің төрт бұрышындай алшақ жатыр. Бір жерде күш, бір жерде өнер, бір 
жерде мінез... Аралары және бітімсіз боп, әр салада жатқаны несі!.. Бәрі бір 
орынға жиылып, ынтымақпен бір арадан табылса не етер еді?.. 
Бұл ой Абайға ең алғаш келген ой еді де... және тіпті өз ойы сияқты көрінді. 
Анығында: «ақыл, қайрат...», «ақыл мен бақыт, байлық» дегендердің өзара 
дауы, таласы деген «парсы, түрік» тіліндегі кітаптардан былтырлар бір оқыған 
нақыл әңгімесі бар-ды. (М.Әуезов «Абай жолы») 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет