Сұрау белгісі, оның қойылатын орындары Сұрау белгісі, негізінен, сұраулы сөйлемнің соңына қойылатын таңба болып
табылады. Сұраулы сөйлем деп жауап алу мақсатында жүзеге асатын сөйлемді
айтады. Сұраулы сөйлем екі түрлі жолмен жасалады:
1) грамматикалық белгілер арқылы; 2) интонация арқылы.
СҰРАУ БЕЛГІСІ Қойылатын орындары
Сұраулы
сөйлемдерден
кейін
Бірыңғай жеке сөздер не
сөз
тіркестері
сұрау
интонациясымен
айтылғанда
Жауап
қайтаруды
тілейтін,
таза
сұраулық мәні бар,
амандасқанда
айтылатын
толық
сөйлемдерден кейін
Сөйлемдегі
бір
сөздің мәні екіұшты
болып,
күмән
тудырғанда
жақшаға алынады
Бала бұл жағын
білмейтін,
шынында балаға
мұндайды біліп
керегі не? (Ш.А.)
Шауып ала ма? Сотқа бере
ме? Өлтіріп жібере ме?
Өртеп жібере ме? Қалайда
не бірін, не бәрін істеуге
елдің беті түзелді. (Ж.А.)
– Е, Жаңбырбай, мал-
жан аман ба? – деп
Жылтыр
ұшып
түрегеліп, шұрқырай
кетті. (Ж.А.)
Тарта берер алдыға,
ұмтыла
берем
балаша (?)
111-жаттығу. Төмендегі хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге
айналдырыңыздар.
Танабай осыны айтып, уақыт шіркін мына жорғаның шабысындай болып
көзді ашып жұмғанша өте шыққанына өкінді. (Ш.А.) Жаз айының жадыраңқы
күнінде Танабай сайда пішен шауып жатқан. (Ш.А.) Сол сапарда көз ұшынан ол
шауып бара жатқан жорғаның шаңын байқап қалып еді. (Ш.А.) Көз үйреніп,
ішіндегі адамдарын анық түстегеннен кейін бұл үйде қорқарлық дәнеме жоқ.
(Ғ.Мүс.) Ақ күртіктің үстімен келе жатқанда әуелі Қалишаның үйін көрмейсің,
үйдің төбесінде жатқан пештің мойнын жабатын күл дорбаны көресің. (Ғ.Мүс.)
Оспанның бір тума қарындасы тәрізді, өзіне ұқсас, өзімен тұтас қара бәйбішесі
бар. (Ғ.Мүс.) Қимылдаған адам айып тартатындай ешкім тырс етіп дыбыс
шығармады. (Ғ.Мүс.) Жеті қараңғы түнде ауылдың ту сыртында Итемген мен
Оспан отыр. (Ғ.Мүс.) Жүністі бір жарлауыттың астына тастап, Қартқожа
бүкшеңдеп, буыны сыртылдап, Шамкештің іргесіне келді. (Ж.А.) Елге
келгеннен бері қарай Мағаш пен Кәкітайлардан Әбіш көп нәрселер естіп
қалған-ды. (М.Ә.)