57
Ащының бойы! Әне, Бөрікөл, Быламбай, Қарасор. Ана көрінген Мойылды. Ой,
шіркіндердің көзі жаудырап, самаладай болып жарасып тұрғанын-ай!
Анау сары адырдың иығынан түсіп, созылып келе жатқан қалың көшті қара!
Сүйіндіктің көші! Әлде бұл қай ауыл? Көші қалың, малы шоғыр не қылғанмен
көші бай ауыл ғой! Анау Ащының бойын өрлеп, сыпылдатып бара жатқан құс
салушылар-ау! Қаз, үйректі көк жендетің қырып жүр екен! Әне тастады. Түйді
дабылды. Жарқ етті. Алды білем. Атты қойды ғой. Не деген қыран! Балаларды
қара! Көштің артында қалып, тай, құнанмен жарысып келе жатқанын! Көк
құнан озды! Жоқ, құлалы да жетті, озады-ау енді, озады-ау! Айдасайшы, шірік
ит! Қап! Қарсы алдынан сиыршылар киліккенін көрдің бе? Жығылады-ау енді.
Жоқ, тоқтады. Әне бір сиыршы кейін қарай шапты. Арбасы қирап қалды-ау!
Сиыр ит сүйкенбей жүре ме? Бәрін бүлдіріп келе жатқан әне бір күйлеген
қызыл құнажын екен. Көп жылқы ана ауылдың шабындысына түскенін көрдің
бе? Байлардың осынысы жаман-ау! Жоқ, жер қорушылар да шапты.
(Ж.Аймауытов «Қартқожа»)
Достарыңызбен бөлісу: