100
Үш бәйтерек
Сәкен Бейімбет Ілияс Үшеуінің де жөргегі ұлан-ғайыр бір даланың
топырағы Біреуі соның кіндік ортасында біреуі теріскей біреуі күнгей
шалғайында бір жылы туыпты Үшеуі де бір
жаздың майсасынан алғаш нәр
тартып бір қыстың ызғарынан алғаш қар басыпты
Үш бәйтерек Үшеуінің туысы қандай бір болса тұрысы қандай әр бөлек
Біреуі дәйім биікке талпынып алға ұмтылған өр халықтың асыл арманындай
асқақ біреуі талайды бастан кешіп тауқыметке төзіп өскен қауымның
сарқылмас сабырынан жаратылғандай сом мығым
Біреуі көпті көріп көпті
сүйген халықтың парасат-парқын сіңіргендей қуатты да нәрлі Үшеуі де ел
өміршеңдігінің түлегі Үшеуі де халқы мен заманының ауыздарынан түсе
қалғандай адал ұл (Ә.Кекілбаев)
204-жаттығу. Мәтіннің тиісті жеріне сызықша қойып, олардың қойылу
себебін түсіндіріңіздер. Үлкен адамдармен қалай
сәлемдесу керектігі жөнінде
өз ойларыңызды айтыңыздар.
Сәлемдесу – сөз басы
Адамдардың бір-біріне лебіз білдіруі сәлемнен басталады. Сәлемдесу
тұрмыстық қатынастағы сөз басы. Сәлем сөз анасы, сөздің қасиеті, сондықтан
оның мағынасына мән беру әдептіліктің, адамгершіліктің,
сөз мәдениетін
байыптаудың баспалдағы.
Кішінің үлкенге сәлем беруі үлкеннің құрмет көруі, жастың ізеттілік
білдіруі.
Сәлемдесу ағайын мен туысты,
дос-жаранды, іні мен ағаны, бала мен
дананы жарастыру ғана емес, ата салтын жалғастыру, алысты жақындату.
Адамның кейіп-кескінін тану, оның болмысын байқау, көңіл-күйін білу әрі
оған да өз ниетіңді ұқтыру. («Әдептілік қағидалары» кітабынан)
205-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерге сызықша қойып, көшіріңіздер.
Қойылу себебін түсіндіріңіздер.
1) Сабыр ақыл серігі. 2) Аргентинадағы Аконкагуа сөнген жанартауы Батыс
жарты шардағы ең биігі. 3) Ғашықтың тілі тілсіз тіл. 4)
Тропиктер Жердің
экватордар жер шары ортасының айналысымен көзге елестетілетін сызықтан
оңтүстікке немесе солтүстікке қарай жатқан өңірлері. 5) Ең үлкен төрт планета
Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун алып газ шарлар. 6) Үлкен Шатқал АҚШ,
Аризона штатындағы Колорадо өзені кесіп өткен жер бетіндегі орасан зор сай.
7) Диктатура дегеніміз бір адамның немесе адамдар тобының билікке толық ие
бола отырып, елді басқаруы. 8) Акулалардың сүйекті балықтардан
айырмашылығы қимыл-қозғалыс жасамай,
суда өзін-өзі ұстап тұруға
көмектесетін жүзу торсылдағының болмауы. 9) Дауылдар Үнді мұхитындағы
циклондар және Тынық мұхитындағы тайфундар деген атпен белгілі ең
қиратушы жойқын желдер.
Достарыңызбен бөлісу: